Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі № 1133 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына Өтембаев Ержан Әбілқайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі