Банкрот деп танылып, таратылатын
ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен
сатудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251;
05.12.98 ж. № 1244; 24.06.04 ж. № 695 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 326 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібі бекітілсiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 11 тамыздағы
№ 759 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн
(активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың
тәртібі
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара)
Осы Тәртiп қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзiрлендi және сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ сатудың шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Осы Тәртiп мүлiктiң мынадай түрлерiн:
1) заңнамаға сәйкес айналымнан алынған мүлiктi;
2) меншiк құқығында борышкерге тиесiлi емес, оның iшiнде сенiмдi басқарудағы немесе сақтаудағы мүлiкте;
3) заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының және ауыл шаруашылығы ұйымдарының мүлкін сатуға қолданылмайды.
Шектеулi айналым қабiлетi бар заттарды айналымның белгілi бiр қатысушысы сатуы мүмкiн.
2. Ұйым мүлкiнiң құрамына үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды, мүкәммалды, шикiзатты, өнiмдердi және ұйымның басқа да активтерiн қоса алғанда, негiзгi қаражат (қорлар) кiредi.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 3-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Осы тәртiпте сөздер мен тiркестердiң мынадай мағыналары болады:
таратылатын ұйым - заңнамада белгiленген тәртiппен банкрот деп танылуына байланысты тарату процесiндегі ұйым;
уәкiлетті орган - оған берiлген өкілеттiктер шегiнде банкроттық рәсiмдердiң (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) жүргiзiлуiн бақылауды, сондай-ақ соттан тыс рәсiммен дәрменсiз борышкердi таратуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын мемлекеттік орган;
сатушы - конкурстық басқарушы;
лот бойынша сауда-саттыққа қатысушы - жарияланған лоттың ағымдағы бағасына нөмiрдi көрсету арқылы келiскен қатысушы;
сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы баға күнi бұрын жарияланған қадаммен ең жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттықтың әдiсi;
сауда-саттықтың голландтық әдiсi - бастапқы баға күнi бұрын жарияланған қадаммен қатысушылардың бiрi жарияланған баға бойынша лотты сатып алуға келiсетiн сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттық әдiсi;
лот - сату үшiн бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлiнген аукционға қойылған мүлiк;
лоттың ең төменгi бағасы - лот одан төмен сатылмайтын баға;
лоттың бастапқы бағасы - әрбiр лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
сату бағасы - лоттың сауда-саттықтың нәтижесiнде белгiленген түпкiлiктi бағасы;
жеңiмпаз - сауда-саттықта лот үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы;
сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан жеңiмпаз;
объект - технологиялық процеске қатысушы өндiрiстiк бөлiмшенiң мүлкiнен бөлiнген, бiрыңғай лотпен сауда-саттыққа қойылған мүлiктiк кешен ретіндегі ұйымның мүлкi; өзге де мүлiк.
аукционшы - сатушы сауда-саттықтарды жүргiзу үшiн белгiлеген және сауда-саттықтардың нәтижелерiне мүдделi емес заңды немесе жеке адам.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды
4. Өндiрiстiң тоқтаусыз циклi бар, сондай-ақ экономика үшiн стратегиялық маңызы бар тарататын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату алдында дайындау және сату кезiнде Үкiметтiң жекелеген шешiмiмен мүлiктi (активтердi) сатудың айрықша шарттары мен сатып алушыларға қосымша талаптар;
1) сатып алынған объектiде қызметтiң басталуын қамтамасыз ету;
2) технологиялық процестiң кiдiрiссiз жұмысын қаржыландырудың көздерiн айқындау;
2-1) уәкiлеттi органның таратылатын ұйымның мүлкiн сатудың жоспарын бекітуi;
3) табиғат қорғау шараларын жүргiзу;
4) тұтынушылармен жасалған келісім-шарттар бойынша электрмен жабдықтаудың кiдiрiссiздiгiн қамтамасыз ету;
5) мәмiлелер жасауға (қайта сатуға, кепiлге, басқаруға беруге және т.б.) шектеу және/немесе объектiге қатысты уақыттың белгiлi бiр кезеңi iшiнде белгiлi бiр қызметке тыйым салу;
6) сауда-саттықтағы бастапқы бағаға талап;
7) өзге де шарттар мен талаптар белгiленуi мүмкiн.
2. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын
ала дайындауды жүргiзудiң тәртібі
5. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау жөніндегі шаралар:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) түгендеудi және бағалауды;
2) нәтижесi бойынша сату объектiлерi айқындалатын таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) қайта құрылымдау (бөлiктеу, топтастыру) жөнiнде ұсыныс әзiрлеудi;
3) ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде ұсыныс әзiрлеудi;
4) таратылатын ұйымның сатылатын мүлкiн (активтерiн) жарнамалау жөніндегі шараларды ұйымдастыруды;
5) сату жоспарын дайындауды және бекітудi;
6) таратылатын мамандандырылған ұйымдармен, оның iшiнде қаржы агенттерiмен шарттар жасасуды қамтиды.
6. Конкурстық басқарушы таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) түгендеудi және бағалауды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 7-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
7. Конкурстық басқарушы мүлiктi (активтердi) бағалауды жүргiзу үшiн қызмет көрсетулерiне ақы төлеу банкроттың мүлкi есебiнен жүзеге асырылатын бағалаушыны тартуға құқылы.
8. Конкурстық басқарушы уәкiлеттi органмен бiрлесiп активтердi алдын ала iрiктеудiң деректерiн ескере отырып салалық тиесiлiлiгiне, географиялық орналасқан жерiне, технологиялық мүмкiндiгiне және өзге де өлшемдерге сәйкес таратылатын ұйымның активтерiн сатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 9-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
9. Конкурстық басқарушы мүлiктi (активтердi) қайта құрылымдау (топтау, бөлiктеу) және сату жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу үшiн уәкiлеттi органмен бiрлесiп тәуелсiз консалтингтiк, ұйымды тартуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251 қаулысымен 10-тармақ өзгерді
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10. Осы Тәртiптiң 9-тармағында көрсетiлген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып жасалған және уәкiлеттi органмен келісілген сату жоспарын конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiне бекітуге ұсынады.
11. Конкурстық басқарушы белгiлi бiр объектiлерге уәкiлеттi сатып алушыларды (инвесторларды) тарту жөніндегі егжей-тегжейлi маркетингтiк жоспарды әлеуеттi сатып алушылардың арасында мүмкiн болатын бөлу үшiн объектiге арналған қысқа ақпараттық меморандумды әзiрлеу үшiн, уәкiлеттi органмен бiрлесiп, кредиторлар комитетiмен келісім бойынша екiншi деңгейдегi банктер мен инвестициялық компаниялардың қатарынан қаржы агенттерiн тартуға құқылы.
12. Қаржы агенттерiнiң қызметтерiне ақы төлеу конкурстық басқарушы мен қаржы агенттiгiнiң арасындағы келісімге сәйкес кредиторлар комитетi белгiлейтiн тәртiппен конкурстық массадан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251; 24.06.04 ж. № 695 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгерді
13. Конкурстық басқарушы:
1) таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатудың жоспарын әзiрлейдi және уәкiлеттi органмен келісілген кредиторлар комитетiне бекітуге ұсынады;
1-1) конкурстық iс жүргізудiң бiрiншi кезектегi әкiмшiлiк шығыстарының сметасы шегiнде қалдық құнынан төмен емес баға бойынша өндiрiстiк циклға кiрмейтiн мүлiктi сату жөніндегі ұсыныстарды сату жоспарын бекiткенге дейiн кредиторлар комитетiмен және уәкiлеттi органмен келiседi;
2) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3) әлеуеттi сатып алушылардың ең көп санын тарту үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында объектiнi сатуға ұсынылатын жарнама жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) мүлiктi (активтердi) сату жөніндегі сауда-саттықтар өткізудi ұйымдастырады;
5) сауда-саттықтардың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасады;
6) шарттық негiзде қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу үшiн екiншi деңгейдегi банктер мен инвестициялық компаниялардың қатарынан қаржы агенттерiн тартады.
14. Сатушы шарттық негiзде сауда-саттықтарды ұйымдастыру үшiн кез келген заңды немесе жеке тұлғаны тартуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251; 24.06.04 ж. № 695 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 15-тармақ өзгерді
15. Бекітуге ұсынылатын сату жоспары сату объектiсi, төлеудi кейiнге қалдырып сатудың мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды, сондай-ақ объектiнiң бастапқы (және сауда-саттықтың голландиялық әдiсi кезiнде ең төменгi) бағасы туралы мәлiметтi қамтуы тиiс.
Ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сату кезіндегі бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының отыз процентiнен кем болмайды және объектінi сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап он банктiк күн iшiнде енгiзiледi, ал кейiнге қалдыру кезеңi үш айдан аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16. Бастапқы баға сату жоспарында бекітіледi. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде таратылатын ұйымның барлық мүлкiнiң (активтерінің) алғашқы бастапқы бағасы барлық кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен болмауы тиiс. Голландтық әдіс кезiнде бастапқы баға мүлiктiң (активтердiң) бағалау құнына тең.
Таратылатын ұйым қаражатының жетiспеуiне орай бағалау жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда сауда-саттықтың ағылшындық және голландтық әдiстерi кезiнде алғашқы бастапқы баға барлық кезектегi кредиторлардың талаптарынан және конкурстық іс жүргiзудiң әкiмшiлiк шығыстарынан төмен болмауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 17-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
17. Сатушы бағалаушының қорытындысы негiзiнде таратылатын ұйым мүлкiнiң (активтерiнiң) құнын бағалауды жүзеге асыруға құқылы.
18. Негiзгi қаражаттың құнын айқындау негiзгi қаражаттың аммортизациясының нормаларының және олардың пайдалану мерзiмiнiң негiзiнде және заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалатын негiзгi қорлардың құнын арттыру коэффициентiне түзетiлген бағалау сәтіндегі бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша есептелген олардың баланстық қалпына келтiру құнының көлемiн тозудың көлемiне азайту жолымен есептелген қалдық құн бойынша жүзеге асырылады.
19. Аяқталмаған құрылыс объектiлерi мен белгiленбеген жабдықтар олар түгелденгеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалатын негiзгi қорлардың құнын арттыру коэффициенттерi ескерiле отырып баланстық (қалпына келтiру) құны бойынша бағаланады.
20. Запастар мен шығындар баланстық құн бойынша бағалау күніндегі iс жүзiнде болуының негiзiнде бағаланады.
21. Конкурстық басқарушы мүлiктiң (активтердiң) ол сатылғанға дейiн сақталуы үшiн жауаптылықта болады.
3. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сату
22. Мүлiктi (активтердi) сату жариялылық, ашықтық және қол жетiмдiлiк принциптерi сақтала отырып сату жоспарына сәйкес сауда-саттықтарда (ағылшын немесе голландтық әдiс бойынша аукционда) жүзеге асырылады.
23. Аукционға алғашқы рет қойылған мүлiктi сату сауда-саттықтардың ағылшындық кестесi бойынша жүргiзiледi. Аукцион өтпеген деп танылған жағдайда мүлiк голландтық әдiс бойынша аукционға қойылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251 қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 24-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
24. Сауда-саттық өтпеген деп танылған жағдайда сатушы уәкiлеттi органмен келісілген және кредиторлар комитетi бекiткен сату жоспарына өзгерiс енгiзуге құқылы. Өзгерiс сатылатын лоттардың өзгеше құрылымын және/немесе өзгеше бастапқы (ең төменгi) бағаны қамтуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251 қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Аукциондар олардың өткiзiлетiндiгi туралы көпшiлiк хабарланған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен бұрын өткiзiлмеуi тиiс.
26. Сатушының айрықша функциялары:
1) кепiлдiктi жарналарды қабылдау;
2) аукциондарды өткізудiң барысына бақылау жасауды жүргiзу;
3) сауда-саттықтың жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
4) қатысушылармен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру болып табылады.
27. Сатушы аукционшыны iрiктеудi дербес жүзеге асырады.
28. Аукционға қатысуға осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркеуден өткен заңды, жеке, оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға рұқсат етiледi.
29. Аукционға кіру билетiн төлеген барлық тiлек бiлдiрушiлердiң қатысуына құқығы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi кіру билеттерiн төлеуден босатылады.
30. Кепiлдiктi жарна қатысушылардың мынадай мiндеттемелерiн:
1) сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюын;
2) сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шарттарын жасасуын;
3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi дұрыс орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
31. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiктi жарна аукционға қойылған барлық ұйымдар үшiн бiр мөлшерде белгiленедi және әр лот бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде - лоттың бастапқы бағасынан 10%-тi, сауда-саттықтардың голландтық әдiсi кезiнде лоттың ең төменгi бағасынан 10%-тi құрайды.
32. Қатысушылар кепiлдiктi жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiктi жарна бiр лотты сатып алу құқығын бередi.
33. Кепiлдiктi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды. Кепiлдiктi жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзе алады. Сатушы кепiлдiктi жарнаны алушы болып табылады.
34. Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiктi жарнасы сатып алу-сату жөніндегі тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.
35. Кепiлдiктi жарна:
1) ол өткiзiлген күнге дейiнгi үш күннен аспайтын уақытта аукционға қатысудан бас тартқан;
2) жеңiмпаз сауда-саттықтардың нәтижесi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан;
3) қатысушы сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан нәтижелерге келiспеудiң негiздемесiнсiз бас тартқан;
4) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайларда сатушыға қайтарылмайды.
36. Барлық қалған жағдайларда - кепiлдiктi жарналар, аукцион аяқталған күннен бастап 5 банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер ақша сатушының банктiк шотына аукционнан кейiн түссе, ол түскеннен бастап 5 банктiк күннiң iшiнде қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. № 1251; 24.06.04 ж. № 695 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 37-тармақ жаңа редакцияда
37. Сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама сауда-саттықтарды өткiзгенге дейiн кемiнде 10 күн бұрын белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдердi ресми жариялауға құқық алған жергiлiктi мерзiмдi баспа басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жарияланады.
Сауда-саттықтар болмаған деп танылған немесе оларды өткізудiң негізгi шарттарын өзгерткен жағдайда сауда-саттықтарды өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы тармақта белгiленген тәртiппен жарияланады.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 38-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
38. Ақпараттық хабар:
1) сауда-саттықтардың өтетiн күнiн, жерiн және уақытын;
2) мүлкi (активтерi) сатуға қойылған ұйымның атауын, қызметiнiң негiзгi бейiнiн және мекен-жайын;
3) әрбiр таратылатын ұйым бойынша қойылатын лоттардың мөлшерлерiн;
4) мүлiктi сатудың ерекше шарттары мен оларды Үкiмет белгiлеген жағдайда қатысушыларға қосымша талаптарды;
5) әрбiр лот бойынша сауда-саттықтарды өткізудiң әдiсiн;
6) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және ең төменгi бағаларын;
7) кепiлдiктi жарнаның мөлшерi мен алушының есеп-шотын;
8) өтiнiмдердi қабылдау орны мен мерзiмдерiн;
9) сату проспектiлерiн, ақпараттық бюллетендердi, сауда-саттықтардың өткiзiлу тәртібін және өзге де ақпараттарды алуға болатын телефондар мен мекен-жайларды;
10) сатушының шешiмi бойынша басқа да оның iшiнде объектiнi мерзiмдерге бөлiп сату шарттары туралы қосымша ақпаратты қамтуға тиiс.
39. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
40. Сатушы ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн барлық тiлек бiлдiрушiлерге аукционды өткізудiң ұйымдастырылуы мен тәртiптерi туралы ақпаратқа еркiн рұқсат етiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
41. Жарнаманың басқа түрлерi еркiн нысанда жүзеге асырылады және қатысушыларды неғұрлым көбiрек тартуға бағытталуы тиiстi.
42. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталып жүргiзiледi және аукцион басталуға бiр сағат қалғанда аяқталады.
43. Аукционға қатысушы ретiнде тiркеу үшiн:
1) аукционға қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) төлқұжатын немесе өзге де жеке басын куәландыратын құжатты;
3) кепiлдiктi жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
4) өкiлдiң өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
44. Заңды тұлғалар оған қосымша жарғы мен заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң нотариалдық расталған көшiрмесiн ұсынады.
Шетелдiк заңды тұлғалар лайықты түрде заңдастырылған құрылтай құжаттарын қоса ұсынады.
45. Сатушының:
1) қатысушыдан оның аукционға қойылғандардың қатарынан сол немесе өзге лотты сатып алу ниетi туралы ақпарат талап етуге;
2) сауда-саттықтарға дайындалудың және оларды өткізудiң бүкiл кезеңi iшiнде сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
3) осы Тәртiптiң 43, 44-тармақтарында аталғандардан басқа, қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.
46. Тiркеуден өткен адамдар аукцион күнi аукциондық нөмiрге ауыстырылатын қатысушының билетiн алады. Сауда-саттықтың процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа адамның пайдалануына тыйым салынады.
47. Аукционды аукционшы жүргiзедi. Аукцион оны өткізудiң тәртібін жариялаумен басталады. Қатынасып отырған адамдардың аукционның барысына ықпал етуге немесе оны өткізудiң тәртібін бұзуға құқығы жоқ, олай болмаған жағдайда олар аукционды өткізу залынан аластатылуы мүмкiн.
48. Лоттарды сауда-саттыққа қоюдың реттiлiгi туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды. Бұл тәртiп аукциондық картада белгiленген тәртiпке сәйкес келмеуi мүмкiн.
49. Әр лот бойынша сауда-саттықтар аукционшының сату объектiсiн, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізудiң әдiсiн, бастапқы бағаны және бағалардың өзгеру қадамдарын жариялауымен басталады. Аукционшы сауда-саттықтардың процесiнде ол туралы мәлiмдей отырып, қадамды өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы лоттың ағымдағы бағаларының 5-тен 10%-тi шегiнде белгiленедi.
50. Сауда-саттықтар төменде жазылған екi әдiстiң бiреуi бойынша өткiзiледi.
1) аукционшы лоттың бастапқы бағасы мен бағаны арттырудың қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтеру арқылы бастапқы бағаны көтередi, бiрақ бұл жарияланған қадамнан артық емес. Аукционшы лот бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмiрiн жариялайды, бағаны бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Лот бойынша сауда-саттықтар ең жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Лот үшiн неғұрлым жоғары бағаны ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды, бұл ретте лоттың соңғы бағасын әрбiр қайталағаннан кейiн кемiнде 10 секунд өтуi тиiс және басқа нөмiрлер көтеру болмаған кезде балғаны ұрып, аталған лоттың сатылғандығы туралы жариялайды (сауда-саттықтардың ағылшындық әдiсi);
2) аукционшы лоттың бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаларды жариялай отырып оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы жарияланған баға кезiнде аукциондық нөмiрiн бiрiншi көтерген Қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғу арқылы оны осы лот бойынша Жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы лоттың ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi аталған лотты сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда лот сауда-саттықтан алынады (сауда-саттықтың голландтық әдiсi). Егер бiр мезгiлде екi немесе одан көп нөмiрлер көтерiлген жағдайда, кiмнiң жеңiмпаз болатындығы туралы шешiмдi мынадай тәртiппен аукционшы қабылдайды: аукционшы қатысушыларға бағаны көтерудi ұсынады және неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болады. Қатысушылардың аукционшының шешiмiне келiспеуге құқы жоқ.
ҚР Үкіметінің 05.12.98 ж. № 1244 қаулысымен 51-тармақ жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 51-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі.
52. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
53. Әрбiр сатылған лот бойынша сауда-саттықтардың нәтижелерi әр лот бойынша сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сатушы, аукционшы, жеңiмпаз және барлық қатысушылар қол қоятын сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн үзiлiс жариялауға құқылы. Сауда саттыққа қатысушыларға кепiлдiктi жарна олар сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтарға қатысушы өзiнiң нәтижелерге келiспеуiн негiздеуге мiндеттi.
54. Сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелерiн және жеңiмпаз бен сатушының сату бағасы бойынша объектiнi сатып алу-сату шартын жасасуға мiндеттемесiн көрсететiн құжат болып табылады. Жеңiмпаз хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде сатып алу-сату шартын жасасуға мiндеттi.
55. Объектiнi сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушының арасында жазбаша нысанда жасалады және шарт жасасуға негiздеме ретiнде сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға сiлтеме болуы тиiс.
56. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi. Аванстық төлем мүлiктi (активтердi) сатудың бағасының кемiнде 15 процентi мөлшерiнде сатып алу-сату шарты қол қойылған күннен бастап 5 банктiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде енгiзiледi. Кепiлдiктi жарна есептелетiн аванстық төлемнiң есебiне есептеледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей енгiзiлуi тиiс.
57. Түпкiлiктi төлемдi 5 банктiк күннен астам кешiктiрген жағдайда, сатушы бiржақты тәртiппен шартты бұзуға және сатып алушыдан кепiлдiктi жарнамен жабылмаған бөлiгiнде нақты шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
58. Сатып алу-сату шарты бойынша ұйымның мүлкiне (активтерiне) меншiк құқығы сатып алушыда қолданып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен мәмiле тiркелген сәттен бастап пайда болады.
4. Қорытынды ережелер
59. Таратылатын ұйымның мүлкiн (активтерiн) сатудан алынған қаражат "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген кезектiлiкке сәйкес кредиторлардың талаптарын өтеуге бағытталады.