Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1244 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 326 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 27, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде:
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі.
Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де өткізілген болып есептеледі".
2. Таратылатын "Павлодартрактор" ААҚ-ның конкурстық басқарушысына зауыттың мүлкін бір қатысушы жағдайында голландтық әдіс бойынша сатуға рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі