3. Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздерi қатысуға немесе өз өкiлдерiнiң өкiлдiк етуiне құқылы.
4. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Бiрiктiруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуi басталғанға дейiн жол берiледi. Шағымдарды бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде оларды берген адамдар iске бiр мезгiлде жеке айыптаушы және сотталушы ретiнде қатысады. Қарсы шағымның түсуiмен және iс жүргiзулердiң бiрiктiрiлуiмен байланысты қорғауға дайындалу үшiн үстiнен қарсы шағым берiлген адамның өтiнiшi бойынша iс үш тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Өздерiнiң шағымдарында баяндалған мән-жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу жәбiрленушiден жауап алу ережелерi бойынша, ал қарсы шағымдарда баяндалған мән-жайлар туралы - сотталушыдан жауап алу ережелерi бойынша жүргiзiледi. Сот отырысында айыптауды жеке айыптаушы немесе оның өкiлi қолдайды.
5. Сот тергеуi басталудан бұрын төрағалық етушi тараптарды бiтiмге келтiруге шара қолдануға мiндеттi. Тараптардың бiтiмге келуi соттың кеңесу бөлмесiне кетуiне дейiн бола алады.
6. Сот тергеуi жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге құқылы. Айыптаушы сот мәжілісiнде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы.
7. Жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң осы Кодекстiң 208-бабының бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген дәлелдi себептерсiз сот отырысына келмей қалуы iстiң тоқтатылуына әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнi бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
394-бап. Жеке айыптау iсi бойынша соттың шешiмi
1. Жеке айыптау жөніндегі iстi қарап, судья осы Кодекстiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;
2) жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан және тараптар бiтiмге келген жағдайда iстi тоқтатады;
3) iс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн iстi прокурорға жiбередi. Бұл ретте сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
2. Жеке айыптау iсi бойынша сот шешiмiне тараптар осы Кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасай алады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 395-бап өзгертілді
395-бап. Жеке айыптау iсiн қысқарту
1. Жеке айыптау қылмыстық iсi осы Кодекстiң 37-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ, жәбiрлеушiнiң не айыпталушының жақын туыстары iстi қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жеке айыптаушының қайтыс болуымен байланысты қысқартылуға жатады. Iс, сондай-ақ осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да қысқартылуы мүмкiн.
2. Жеке айыптау iсi бойынша iс жүргiзудi қысқарту тәртібі, осы тараумен белгiленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы ережелерiмен айқындалады.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бөлім. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 46-тараудын тақырыбы өзгертілді
46-тарау. Апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 396-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 396-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 396-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
396-бап. Үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану, наразылық беру құқығы
1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағымдану құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық талап қоюға қатысты бөлігіне шағымдануға құқылы.
2. Сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық енгізуі мүмкін.
3. Егер қаулы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот қаулысына шағымдануға құқылы.
4. Үкімді (қаулыны) қайта қарау туралы аппеляциялық шағымдар, наразылықтар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 396-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 396-1-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
396-1-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот актілері
1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
3. Әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулылардан басқа, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтініштерін зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда баяндалуы мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 397-бап жаңа редакцияда; 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 397-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
397-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жеке шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 398-бап өзгертілді
398-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар беру тәртібі
1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Апелляциялық сатыларға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 401-бабының және 402-бабының екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберуге жатады.
2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 399-бап өзгертілді
399-бап. Үкімдерге (қаулыларға) апелляциялық шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдерi
1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкімнің (қаулының) көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.
2. Сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс бірінші сатыдағы соттан талап етiле алмайды.
3. Мерзiмi өткеннен кейiн берiлген апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қараусыз қалдырылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 400-бап өзгертілді
400-бап. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру тәртібі
1. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм дәлелдi себептермен өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi (қаулыны) қабылдаған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасай алады. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi iстi сот талқылауы кезiнде төрағалық етушi судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжілісiнде қарайды, ол өтiнiштi қозғаған адамды түсiнiк беру үшiн шақыртуға құқылы.
2. Өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруден бас тарту туралы судьяның қаулысына тиісті облыстық және оған теңестірілген сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн, ол өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруге және осы Кодекстiң 401-бабында және 402-бабының екiншi бөлiгiнде баяндалған талаптарды сақтай отырып шағым, наразылық бойынша iстi қарауға құқылы.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақытында жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға аудармасы жоқ сот актісінің көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеу), сондай-ақ оған уақытында шағым беруге немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
4. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 401-бап жаңа редакцияда(2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 401-бап өзгертілді
401-бап. Апелляциялық (жеке) шағым және наразылық беру туралы хабардар ету
1. Үкім, қаулы шығарған сот апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық беру туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, қорғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талап қоюшыны, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.
2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып жіберіледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық іске тігіледі.
3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе жеке түрде апелляциялық сатыға табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтініш жасауға құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II Заңдарымен 402-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 402-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 402-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
402-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және наразылық берудің салдарлары
1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық беру үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және оның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жібереді. Істі апелляциялық тәртіппен қараудың уақыты мен орны туралы процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сот хабарлайды. Сот талқылауы барысында шығарылған, үкім шығарумен аяқталған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Істерді аппеляциялық тәртіппен қарау мерзімі іс аппеляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен кезден есептеледі.
3. Үкімге (қаулыға) шағымданған, наразылық берген тұлға өзінің шағымын, наразылығын апелляциялық сатыда сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын да жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.
05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 270-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдiру
1. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешiм шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады. Қарау нәтижелерi бойынша шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы не шағымданған шешiмдi жою немесе өзгерту туралы қаулы шығарылады.
4. Үкiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған қаулыға шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iс жоғары тұрған сот сатысына үкiмге шағымдану үшiн белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер үкiмге апелляциялық шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiпте қарайтын сол сот сатысы жүргiзедi.
5. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ, егер қаулы олардың мүдделерiне қатысты болса, бұл iсте тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II Заңдарымен 404-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 404-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
404-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек олардың шағымға немесе наразылыққа қатысты бөлігінде және шағымға немесе наразылыққа қатысы бар сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық берілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық берілмеген тұлғаларға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде де іс бойынша шығарылған жеке және өзге де сот қаулыларының заңдылығын тексеруге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 47-тарау жаңа редакцияда
47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 405-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 406-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 406-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
Iс ол келiп түскен күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс ол келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуы тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімін әрбір ұзарту бір айдан аспауға тиіс.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 407-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
407-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық
1. Апелляциялық (жеке) шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жіберіліп отырған соттың атауы;
2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер;
3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) оларға үкімнің, қаулының қай бөлігіне немесе толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;
5) шағым, наразылық берген тұлғаның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі туралы дәлелдері және оның өтінішінің мәні;
6) шағымның, наразылықтың авторы өз талаптарына негіз ететін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;
8) шағым, наразылық берілген күн және шағым, наразылық авторының қолы болуға тиіс.
2. Егер келтірілген шағым, наразылық осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қайта жасалғаннан кейін көрсетілген мерзімнің ішінде сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген болып есептеледі.
3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымның, наразылықтың негіздерін растау үшін шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдарды табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақырту және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтініш жасауға құқылы.
4. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы өтінішінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін берген қосымша шағымында, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда осындай талап болмаса, сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселенің қойылуы мүмкін емес.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (Қолданысқа енетін мерзімін қараңыз); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 408-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық (жеке) шағымдар мен наразылық беруге арналған мерзім өткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындағаннан кейін істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
2. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға апелляциялық сатыдағы сот хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, апелляциялық сатыдағы судья істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
3. Өзге жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Бірінші сатыдағы сотта қаралмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатының отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 315-бабында көрсетілген мән-жайлар бар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде, не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
5. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 317-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.
Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
6. Осы Кодекстің 396-бабына сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген тұлғалар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықты не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 408-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 408-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)