Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi
мен принциптерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 10 қазандағы № 1435 қаулысы
(ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен кіріспе өзгерді
"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 10 қазандағы № 1435 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға
бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерi
I. Жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Осы Ереже "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзiрлендi.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Жердi аймақтарға бөлу - жердi нысаналы және мақсатты пайдалану режимiн белгiлей отырып, оның аумақтарын анықтау.
3. Жердi аймақтарға бөлудiң мақсаты:
оны аймақтарға бөлу жолы арқылы;
жер ресурстарын басқару саласында бiрыңғай мемлекеттік саясаттың жүргiзiлуiн;
аймақтардың шекаралары мен көлемiн белгiлеудi, түрлi аймақтарға бөлiнген жерлердi пайдаланудың тәртібі мен режимiн;
жердi пайдалану мен қорғаудың аймақтық /оның iшiнде қала құрылысындағы/ бағдарламасын жасауды қамтамасыз ету.
4. Жердi аймақтарға бөлу республикалық және облыстық деңгейлерде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Жердiң нысаналы арналуына орай, мыналар аймақтарға бөлiнуге жатады:
ауыл шаруашылығы жерлерi;
елдi мекендер (қалалар, поселкелер мен селолық елдi мекендер) жерлерi;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналған жерлер, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлерi;
орман қорының жерi;
су қорының жерi;
запас жер.
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейтті;
5) шөлді;
6) тау етегі-шөлді-дала;
7) субтропикалық шөлді;
8) субтропикалық тау етегі-шөлді;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстік-сібірлік таулы.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жергілікті жерлердегі органдары жүзеге асырады.
Жерді аймақтарға бөлу аумақты, сондай-ақ жекелеген санаттағы жерлерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жоспарларын) әзірлеу жолымен жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мүдделi орталық органдармен бiрлесе отырып, республикалық деңгейде жердi аймақтарға бөлу туралы шешiм қабылдайды, ұйымдастырады және аумақтарды аймақтандырудың республикалық схемасын жасап, бекітудi қамтамасыз етедi /табиғи - ауыл шаруашылықтық аймақтау /аудандандыру/, өндiргiш күштердi дамыту және орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен басқа да жерлер үшiн резервтiк жер ұстау/.
Облыстық деңгейде жердi аймақтарға бөлу үшiн жер ресурстары жөніндегі орталық атқарушы орган мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, жердi аймақтарға бөлу жөніндегі нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар мен ведомствоаралық нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 8-тармақ өзгерді
8. Облыстық (Астана және Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдар облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органдардың тапсырмасы бойынша қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөніндегі жергілікті органдармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, облыстық (қалалық) деңгейде жерлерді аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) әзірлеуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді және оларды облыстық (Астана және Алматы қалаларының) өкілді органдардың бекітуіне енгізеді.
Жердi аймақтарға бөлудiң облыстық /қалалық/ деңгейiнде аумақтарды аймақтандырудың жобалары /схемалары/ ғылыми негiзделген құжаттары мен болжамдары, нысаналы пайдалану режимiн белгiлеу бағдарламасы жасалады /ауыл шаруашылық, селитебтi, өнеркәсiптiк, табиғат қорғау және басқа да мақсаттағы жерлер/.
9. Аймақтарды анықтау жер, қала құрылысын және басқа да кадастрлардың мәлiметтерi негiзiнде және әуеден түсiрiлген суреттер мен бейне көрiнiстердiң, жер қабаттарын зерттеудiң, геоботаникалық iзденiстердiң нәтижесiнде, сондай-ақ жердi тиiмдi пайдалану бағдарламасы мен жер қабаттарының құнарлылығын арттыру, басқа да табиғат қорғау шаралары кешенiнде жер ресурстарын сақтау, нарықтық талаптар мен экономикалық болжамдар негiзiнде жүзеге асырылады.
Жердi мақсатты пайдалану нақты бiр аймақтың табиғи, экономикалық және басқа да жағдайларына сәйкес белгiленедi.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман, су және басқа да табиғат ресурстарын пайдалану тәртібінiң сақталуы, сондай-ақ қолданылып жүрген сәулет-жобалау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар (нормалар, ережелер, нормативтер) қамтамасыз етiледi.
10. Жердi аймақтарға бөлу кезiнде заңға сәйкес тәртiпте қаралып, бекітілген аумақтарды мақсатты пайдалану режимi жер қатынастарын жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
11. Аумақтарды мақсатты пайдалану туралы жердi аймақтандыру мәлiметтерi жер ресурстарын басқаруды ұйымдастыруда, жер заңдарын шешу, жер учаскелерiн жеке меншiкке және пайдалануға беруде, мемлекеттік қажеттiлiкке сату мен сатып алуда жер учаскесiнде зерттеу жүргiзуге рұқсат беруде, сондай-ақ жердi пайдалану мен сақтауға бақылау жасауда, басқа да жер қатынастарын реттеу мәселелерiнде пайдаланылады.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 12-тармақ өзгерді
12. Атқарушы органдардың шешiмiмен жүзеге асырылатын жердi аймақтарға бөлу iсi бюджеттік қаражат есебiнен жүргiзiледi.
II. Жердi аймақтарға бөлудiң принциптерi
13. Мақсатты пайдалану режимi бекітілген жер аумақтарын анықтау Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау қатынастарын реттейтiн, қазба байлықтары мен орман, су ресурстарын, жан-жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы қызметiн реттейтiн заңдарының принциптерiне негiзделедi.
14. Ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн пайдаланылатын жердi аймақтарға бөлу мынадай принциптерге негiзделедi:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң басымдығы;
ауыл шаруашылығы жерлердiң ерекше қорғалуы;
ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң мақсатты пайдаланылуы;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ауыл шаруашылығы жерлерiн ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысы жоқ басқа мақсаттарға пайдалануға алған кездегi жоғалтқан шығынның орнын толтыру.
15. Елдi мекендер /қалалар, поселкелер мен селолық елдi мекендер/ жерiн аймақтарға бөлу мынадай принциптерге негiзделедi:
қалалар мен поселкелердiң, селолық елдi мекендердiң жерлерiн пайдалану олардың бас жоспарларына, жоспарлау жобаларына, аумақтық жер-шаруашылық құрылымының құрылысы мен жоспарына сәйкес пайдалану;
қала сыртынан жердi оны пайдаланудың бекітілген режимiмен бөлу.
Қала маңайындағы аумақтарды аймақтау ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамытуға болатын, әсiресе қала құрылысын реттейтiн жердi /құрылыс, қаланы дамытуға, құрылыстарды орналастыру және салуға, инженерлiк-коммуникация және көлiк инфрақұрылымдарының қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi резервтiк жер/, қорғаныштық және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын және халықтың тынығу орны болып табылатын жасыл ормандары, орман парктерi мен жасыл көшеттерi бар жасыл желек аймақтарын бөле отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 16-тармақ өзгерді
16. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi аймаққа бөлу Қазақстан Республикасының жер қатынастары мен жердi пайдалану, жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен, өзге де заң және нормативтiк актiлерге сәйкес және мынадай негiзгi принциптерге негiзделедi:
жер мен жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету;
қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
өнеркәсiп, көлiк және өзге де өнеркәсiптiк объектiлердiң қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай туғызу, елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру саласындағы мiндеттердiң орындалуы;
өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлер маңайында ерекше пайдалану жағдайлары мен аймақтарын белгiлеу, осы аймақтарды жеке меншiкке немесе пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған орган аймақтарды белгiлеу мақсатында сәйкес келмейтiн осы аймақтағы қызмет түрлерiн шектеуге немесе тыйым салады.
Аймақтарда жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары мыналармен айқындалады:
өнеркәсiп кәсiпорындарының санитарлық-қорғаныс аймақтары;
қауiптi сел және қорғаныштық орман аймағы шектесетiн темір және автомобиль жолдары тармақтары;
су қоймалары құрылыстарының қорғаныс аймақтары;
әуежай маңындағы алап;
су құбыры арналары, байланыс желiлерi, радиоландыру және электр тарату қорғаныштық аймақтары;
су қорғау аймақтары мен алаптары;
әскери полигондар аумақтары.
ҚР Үкіметiнiң 2001.29.08. № 1123 қаулысымен 17-тармақ өзгерді
17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді аймақтарға бөлу Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай негiзгi принциптерге негiзделедi:
мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың сақталуы, биологиялық сан алуандық пен табиғи экологиялық жүйенiң сақталуы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мақсатты пайдаланылуы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылым, мәдениет, ағарту және білімдi дамыту мақсатында ұтымды пайдалану;
жергiлiктi халықтың мүддесi мен әлеуметтiк-экономикалық факторларын ескере отырып туризм мен реакрацияны дамыту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру.
18. Орман қорының жерiн аймаққа бөлу мынадай принциптерге негiзделедi:
ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетiн арттыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
орман ресурстарын ұтымды және ысырапсыз пайдалану, оны қорғау, сақтау және ұдайы өндiру;
орман жерлерiн орман және ауыл шаруашылығына байланысы жоқ мақсаттарға пайдалануға алудан немесе жер сапасына кәсiпорындардың, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қызметi салдарынан нашарлауынан келтiрiлген орман шаруашылығы өндiрiсi зиянының орнын толтыру.
19. Су қорының жерiн аймаққа бөлу мынадай негiзгi принциптерде жүзеге асырылады:
халықтың, экономикалық салалар мен қоршаған табиғи ортаның мұқтаждары үшiн судың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
су ресурстарын ластанудан, су көздерiнiң бiтелуiнен және сарқылуынан қорғау;
судың зиянды әсерiнiң алдын алу және жою.
20. Жер запасын аймаққа бөлу ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және өзге мақсаттар үшiн, жеке меншiкке немесе пайдалануға берiлмеген жерлердiң мақсатты режимiн анықтау принципi негiзiнде жүзеге асырылады.