табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттік құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекіту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастырларын жүргiзу тәртібін , сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн белгiлейдi;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді;
шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттік лицензиялау тәртібін, бекiтедi;
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік статистиканы жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы мемлекеттік бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртібін айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;
табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртібін белгiлейдi;
iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу ережесін бекiтедi.
мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгерді; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке, табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi;
5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;
6) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды, өндiрiстiк мониторинг жүргiзудiң үлгi тәртібін бекiтедi;
7) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
8) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың (тексеруді тағайындау туралы акт, хаттама, нұсқама) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары жүйесінде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметін жетілдіреді;
8-4) қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін қызмет туралы ақпаратты, соның ішінде зертханалық-талдамалық деректерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;
9) өзiнiң аумақтық органдары арқылы су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге, су объектiлерi мониторингiн жүргiзуге, өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келісімдердi әзiрлеуге және олардың жүзеге асырылуын бақылауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ережелер әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;
10) өз құзыретi шегiнде жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) жергiлiктi маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;
12) мемлекеттік табиғи қорық қорының табиғи ресурстары мен объектiлерiн қорғау, молықтыру әрi пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12-1) жер қойнауын қорғау жөніндегі экологиялық талаптардың, ережелер мен нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерінде келісім-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12-2) өндірістік экологиялық бақылау туралы үлгі ережені бекітеді.
13) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
14) мемлекеттік табиғи қорық қорының объектiлерiне жалпы басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;
15) табиғи ресурстарды мемлекеттік есепке алуды және олардың мемлекеттік кадастрларын жүргiзедi;
16) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
17) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі білiктілiк комиссиясының құрамы мен жұмыс тәртібін, сондай-ақ экологиялық аудиторларды аттестациялау тәртібін бекiтедi.
18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді.
19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаумен
табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге
асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құзыретi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актілері негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу үшiн тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және iс-шаралар тiзбесiн бекiтедi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөніндегі жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелерді техникалық регламенттер негізінде қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта өткен соң күшiне енедi.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етiп жыл сайын бекiтедi.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) табиғат пайдалануды:
табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;
шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау әрi жою;
атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;
қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;
жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;
жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;
ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк, тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;
шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуан түрлiлiкке қатер төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;
атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;
жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша реттейдi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі iс-шаралар көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекітуiне енгізудi ұйымдастырады;
3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қабылдайды;
4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;
5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, шаруашылық қызмет объектiлерiне мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi;
8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;
14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер учаскесін бөліп беруге шешім береді;
17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
4 тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Табиғи ресурстар
Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.
12-бап. Табиғат пайдаланушылар
Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
бастапқы (табиғат пайдаланушылардан құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат пайдалануда болады.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкiн.
Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға
беру негiздерi
Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;
табиғат пайдалану шарттары (келісім-шарттары) негiзiнде берiледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 15-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру
Табиғат пайдалануға берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін (лимиттерін), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттік реттеу
Табиғат пайдалануды мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттік құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүргiзiледi.
18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік құрылымы
мен табиғи ресурстарды кешендi пайдалану,
молықтыру және қорғау схемалары
Табиғат пайдаланудың мемлекеттік құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттік есебi мен
мемлекеттік кадастрлары
Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастрлары жүргiзiледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi
және олардың құқықтарын қорғау
1. Табиғат пайдаланушылар:
табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;
шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;
берiлген табиғи ресурстарды үнемi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;
шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге.
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.
2. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.
Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiруге тиiс.
5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі қызметтi лицензиялау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
пайдалану саласында лицензиялануға тиiстi қызмет
түрлерi
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;
2) экологиялық аудиторлық қызмет;
3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтi лицензиялау тәртібі
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Табиғат пайдалану шарты (келісім-шарты)
Табиғат пайдалану шарты (келісім-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында заңдарда белгiленген тәртiппен жасалады.
Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттік лицензиялауды талап ететiн болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат пайдалану шарты (келісім-шарты) жарамсыз болып табылады.
Шарттың (келісім-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға сәйкес тараптардың келісімiмен белгiленедi.
Шарттың (келісім-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары жарамсыз болып табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың (келісім-шарттың) тоқтатылуына әкеп соғады.
Табиғат пайдалану жөніндегі шарт (келісім-шарт) оған қол қойылғанға дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсуге тиiс.
6 тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
Мониторингi
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
мемлекеттік мониторингi
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;
2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
3) олардағы өзгерістердi болжау қамтылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттік меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады.
6. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және мерзімде табыс етіп отырады.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi
1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.
2. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі үшін пайдаланылатын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiк - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде берiледi.