Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 168-1 Заңы
(2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiмен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСIН күшiне енгізу туралы Заңның МӘТІНІН ҚАРАҢЫЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн, бұған осы Заңмен күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерi қосылмайды.
2-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi «Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiн бекіту туралы» Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген барлық заңдардың 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.
3-бап. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн шығарылған сот үкiмдерi мен қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа шараларды қолдану туралы өзге де сот актілері, егер заң әрекеттiң қылмыстылығын жоятын, қылмыс жасаған адамның жазасын жеңiлдететiн немесе жағдайын өзге де түрде жақсартатын жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң қылмыстық заңының керi күшi белгiленетiн 5-бабына сәйкес келтiру мақсатымен қайта қаралсын. Бұрын шығарылған сот үкiмдерiн және басқа да сот актілерін қайта қарауды үкiмдi шығарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде орналасқан соттың судьясы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес қылмыс деп танылмайтын әрекеттер жөнiнде қозғалған барлық қылмыстық iстер тоқтатылуға тиiс.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 30.10.02 ж. № 349-II (бұр. ред. қара); ҚР 31.12.03 ж. № 514-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009 ж. 10. 12. № 228-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді және толықтырылды
4-бап. Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 каңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түріндегі жазалау туралы ережелері 2003 жылғы 1 каңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
5-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасы бойынша қызметтен босату, 21-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасы бойынша жұрт алдында кiнәсiн бетiне басы, 21-бабының бiрiншi бөлiктiң 9) тармақшасы бойынша келтiрiлген залалды өтеу мiндетiн жүктеу түрiндегi жазаға сотталған адамдар жазасын өтеуден босатылып, соттылығы алынып тасталады.
6-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 25-бабы бойынша бас бостандығынан айырмай сотталған адамның жұмыс iстейтiн жерiнен басқа түрде жазасын өтеу арқылы еңбекпен түзеу жұмыстары түрiнде жазаға сотталған адамдарға белгiленген жаза мемлекет кiрiсiне ұстап қалуға жататын сома мөлшерiндегi айыппұлмен ауыстырылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi күшiне енгiзiлген сәтке төленген сомалар есепке алынуға тиiс. Бұл жағдайда кесiлген айыппұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң тиiстi бабында көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшерiнен аспауға тиiс.
7-бап. Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 23-1-бабы бойынша аса қауiптi рецидивистер деп танылған адамдар жазасын ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында бас бостандығынан айыру түрiнде өтейдi.
8-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 175-бабына Ескертудiң 4-тармағында бекітілген ереже «Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық Кодексiн бекіту туралы» 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР заңымен бекітілген Қазақ КСР Қылмыстық Кодексiнiң 63 (бандитизм), 76 (ұрлық), 76-1 (тонау), 76-2 (шабуыл жасап тонау), 76-3 (алаяқтық), 76-4 (бөтен бiреудiң мүлкiн меншiктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен талан-таражға салу), 76-7 (қорқытып алу), 203-бабында (атылатын қаруды, оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды ұрлау), 205-2 (радиоактивтi материалдарды ұрлау), 213-1 (есiрткi заттарды ұрлау) баптарында көзделген қылмыстардың қайсыбiреуiн бұрын жасаған адамдарға қолданылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 9-баппен толықтырылды
9-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабында бекітілген ережелер жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |