Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түрiндегі жазалау,
сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы
31 желтоқсандағы № 514-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат):
4-бапта:
"жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру" деген сөздер алып тасталсын;
"жазалаудың осы түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың осы түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бiрақ" деген сөзден кейiн "2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын;
"2003 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат):
4-бапта:
"жазалар" деген сөз "жаза" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бостандығын шектеу және" деген сөздер алып тасталсын;
"жазалаудың бұл түрлерiн" деген сөздер "жазалаудың бұл түрін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2003" деген цифр "2008" деген цифрмен ауыстырылсын;
"2000 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейiн ", бас бостандығын шектеу түрiндегi жазалау туралы ережелерi - 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап, өмiр бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерi 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының