Жер учаскелерiне жекеменшiк құқығын және жер пайдалану құқығын
беру тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2718 өкіміне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., № 24, 160-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру жөніндегі қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Мыналар:
"Ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған елдi мекендер шегiнен тысқары жер учаскелерiн пайдалануға құқық беру жөніндегі кепiлдеменi қозғау мен қарау тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 27, 302-бап);
"Елдi мекендердiң шегiнде мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн жер учаскелерiн иелену құқын, пайдалану құқын немесе жалға алу құқын беру туралы мәселелердi көтеру мен қарау тәртібі туралы Ереженi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 тамыздағы № 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 36, 397-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 қаулысымен
Бекiтiлген
Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер
пайдалану құқығын беру тәртібі жөніндегі
Ереже
I. Жалпы ережелер
1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығы және жер пайдалану құқығы өкiметтiң атқарушы органдарының құзырына және заңдарда көзделген өзге де негiздерге сәйкес қабылданған актілері негiзiне орай туындайды.
2. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығын жеке меншiк құқығын беру - арқылы немесе тегiн түрде жүргiзiледi.
Жер учаскелерi мемлекеттік кәсiпорындарға және белгiленген нормалар шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды ұйымдарына, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн, азаматтарға жеке тұрғын үй салу, жеке қосалқы шаруашылығын, ұжымдық және жеке бау-бақша шаруашылығын, саяжай құрылысын жүргiзу үшiн және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда тегiн берiледi.
3. Азаматтар мен заңды ұйымдарға жеке меншiкке немесе тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерiн беру нормалары "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерiн беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8-сәуірдегі № 401 қаулысымен бекітілген.
Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерi мемлекет меншiгіндегі жерлерден берiлген жағдайларда аталған нормалар басшылыққа алынады.
4. Жер учаскелерiн жеке меншiкке сату, оларды мемлекет тұрақты жер пайдалануға беру, сондай-ақ мемлекеттiң немесе мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн жалға беруi барысында жер учаскелерiн беру үшiн төлем мөлшерi "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына сәйкес белгiленедi.
5. Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерi құнының бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жекелеген тәртiпке сәйкес белгiленедi.
6. Пайдаланудағы объектiлердi кеңейту үшiн жер учаскесiне құқық берудi ресiмдеу барысында бұрын бөлiнген учаскелердiң пайдалану дұрыстығы, оларды беру шарттарының орындалуы, сондай-ақ бүлiнген жерлердi жаңғырту бойынша жұмыстардың жүргiзiлуi тексерiледi. Ашық тәсiлмен пайдалы қазбаларды өңдеуге қосымша жер беру, ережеге сәйкес, бұрынғы пайдаланылған жер учаскелерiн шаруашылыққа пайдалану үшiн қалпына келтiргеннен және оларды акт бойынша қайтарған соң жүргiзiледi.
7. Ауыл шаруашылығы және орман алаптарын оларды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн алуға, жер пайдаланушылардың құқықтарын шектеулерден, заңды ұйымдар мен жеке адамдар қызметiнiң нәтижесiнде жер сапасының төмендеуiнен туындайтын жер пайдаланушылардың шығындары мен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдары ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылығы және орман алаптарын алу барысындағы жер пайдаланушылардың шығындарын және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртібі туралы Ережеге сәйкес белгiленедi.
8. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен конкурс немесе аукцион өткізу жолымен жер учаскелерiне жер пайдалану құқығын және меншiк құқығын бере алады.
9. Шетел азаматтарына және мемлекеттік емес заңды ұйымдарға құрылыс салуға немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үй-жайлар мен ғимараттар, салынған жер учаскелерiне, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, жеке меншiк құқығы берiлуi мүмкiн, ал қалған жағдайларда жалдау шартымен жер пайдалану құқығы берiледi.
10. Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiне жер пайдалану және жеке меншiк құқығын беру мынадай:
а) жер учаскелерiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiш қозғау;
б) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту;
в) жер учаскелерiнiң шекараларын нақты түрде (орналасу орнына) бекіту;
г) жерге құқықты куәландыратын құжаттарды әзiрлеу мен беру;
д) жерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу ретiмен жүргiзiледi.
11. Мемлекеттік жер учаскелерiне меншiк немесе жер пайдалану құқықтары берiлуге мүдделi азаматтар мен заңды ұйымдар жер учаскелерiне тиiстi құқықтарды беру құқығы бар жергiлiктi атқарушы органдарына өтiнiш бередi.
Арызда жер учаскесiн пайдалану мақсаты, оның ұсынылған көлемi, орналасқан орны, сұралған пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң бар (жоқ) екендiгi көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбаларды әзiрлеу жағдайында өтiнiшке Лицензия көшiрмесi қоса берiледi.
12. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық органдары, ал елдi мекендерде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары атқарушы органның тапсырмасы бойынша сұралып отырған жер учаскесiн аумақты аймақтарға бөлу мен жобалауға сәйкес нысаналы мақсатқа мәлiмдеу бойынша пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды және қажеттi келісімдердi белгiлейдi.
Тапсырыс берушi жер учаскесiн бөлу үшiн талап етiлетiн келісімдердi өз күшiмен қамтамасыз етедi.
Мәлiмделген мақсат үшiн жер учаскесiн аталған жерде беру мүмкiн болмаған жағдайда одан бас тарту дайындалады.
13. Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен ресiмделедi және уәжделуге тиiс, ал көшiрмесi тапсырыс берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiм iшiнде тапсырылады.
14. Жер учаскелерiне тиiстi құқықтарды беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi жерге орналастыру жобасының негiзiнде қабылданады.
15. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң құрылымдық бөлiмдерi осы жұмыстардың орындалу мерзiмдерi келісілген, тапсырыс берушiлердiң шарттары бойынша жерге орналастыру жобаларын әзiрлейдi.
16. Жер учаскелерiне құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiне сәйкес жер учаскесiнiң шекараларын нақты түрде белгiлеу, осы жұмыстарды атқару бойынша қолданылып жүрген нұсқауларға орай жер учаскесiне тиiстi құқықты куәландыратын құжаттарды әзiрлеу мен беру жүргiзiледi.
Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi.
Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады.
ЕСКЕРТУ. 16-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 03.11.1997 № 1487 қаулысымен.
17. Объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскесiн немесе жерге меншiктегi жерлерден оның бөлiгiн немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын сатып алған жерлерден алу қажеттiлiгi туған жағдайда, осындай жерлердi алу "Мемлекеттік қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қою және сатып алу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қою және сатып алу тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
18. Жер учаскелерiн алып қою жоғарғы атқарушы органның құзыретiне кiрген жағдайларда жергiлiктi атқарушы орган жерге орналастыру iсiн өзiнiң шешiмiмен жоғарғы органның бекітуiне жiбередi.
19. Азаматтар мен заңды ұйымдардың жеке меншiгіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгертудi олардың құзыретiне сәйкес атқарушы органдар шешiмдерi бойынша жүргiзiледi.
20. Жер пайдалану құқығын ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жеке тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
II. Объектiлердiң құрылысы үшiн жер учаскелерiн
беру ерекшелiктерi
21. Объектiлер құрылысы үшiн жер учаскесiн сұрау кезiнде тапсырыс берушiнiң өтiнiшiне жер учаскесiн таңдау материалдары қоса берiледi. Елдi мекендерде объектi құрылысы үшiн жер учаскесiн таңдауды жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары, қалған жағдайларда жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық органдар жүзеге асырады.
Жергiлiктi атқарушы органдар аса маңызды объектiлер бойынша (олардың көздеуi бойынша) осы объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн таңдау жөнiнде арнаулы комиссия құрады.
22. Магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органымен де келісіледi.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2002 № 390 қаулысымен.
23. Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмiнiң жобасында мыналар:
жер учаскесiнiң құқығы берiлетiн заңды ұйымның немесе жеке адамның атауы, аты;
жер учаскесiнiң нысаналы пайдаланылуы;
алаңның көлемi;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
учаскенiң орналасқан орнының сипаттамасы (ауданы, көшесi, кварталының нөмiрi және т.б.);
жер учаскесiне құқық түрлерi, қиындықтар, сервитуттар;
учаске төлем жасау жолымен берiлген жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының сатып алу бағасы;
алынатын учаскелердiң көлемдерiн көрсете отырып жерi алынатын заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың атауы және аты;
жердi алуға немесе уақытша алуға байланысты бөлiнген учаскеде орналасқан жылжымайтын мүлiктi бұзу, көшiру және жер пайдаланушылардың шығыны мен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң залалдарын өтеу шарты бөлiгіндегі тапсырыс берушiнiң мiндеттемелерi;
жасыл алқаағаштарды, жер асты коммуникациялары мен көркейту жөніндегі ғимараттарды сақтау шарттары;
басқа да шарттар болуы тиiс.
24. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдап алынған аумақтарда тұрғын үйлер, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi басқа да үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар мен жасыл алқаағаштар (мұның iшiнде жер бөлу барысында өнеркәсiп орындарының санитарлық қорғаныш аймағына кiретiндерi) орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi жылжымайтын мүлiктiң әрбiр иесiмен жасалған меншiк иесiне шығындарды өтеу жағдайы туралы шартты қосымша түрде ұсынады.
Шартта жұмыс iстеп тұрған құрылыстардың, инженерлiк коммуникациялардың, жасыл алқаағаштардың орнын ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс салушының жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындардың орнын толтыру жөніндегі мiндеттемелерi көрсетiледi.
III. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн
жер пайдалану құқығын беру ерекшелiктерi
25. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер пайдалану құқығын беру туралы өтiнiшке аталған шаруашылықтың басшысы мен мүшелерi қол қояды.
Кепiлдемеге ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы, шаруашылық басшысы, ауыл шаруашылығы өндiрiсіндегі жұмыс тәжiрибесiн куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе білімi яки арнаулы дайындықтан өткендiгi жөніндегі құжат (ауыл шаруашылығы ұйымдарының мүшесi емес азаматтар үшiн), жер үлесiне құқығы туралы куәлiктiң көшiрмесi (олар болған жағдайда) және қосымша жер үлесiн алу шарттары (ұжымшарлардың немесе ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтар үшiн) қоса берiледi.
26. Жерге орналастыру жобасы, құрамынан жер учаскесi берiлетiн ауыл шаруашылығы ұйымымен келісіледi. Шаруа (фермер) қожалығын елдi мекендердiң жерлерiнде орналастырған жағдайда аталған жоба жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келісіледi.
IV. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн азаматтарға
жер учаскелерiн меншiкке беру ерекшелiктерi
27. Селолық жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi берiледi. Қалаларда тұратын азаматтар жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн осы мақсаттарға арналған жер қоры болған жағдайда ала алады.
28. Жергiлiктi атқарушы орган жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі жергiлiктi органға жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органымен бiрлесе отырып қалалар, поселкелер, ауылдар (селолар) аумақтарының қала құрылысы құжаттамаларына және жер шаруашылығын орналастыру жоспарына сәйкес жер учаскесiн жеке меншiкке беру немесе баяндалған бас тарту туралы шешiмнiң жобасын дайындайды.
29. Қала құрылысы және жер шаруашылығы құжаттамалары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемжеркомының бөлiмшелерi жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлудiң жерге орналастыру жобасын жасайды.
V. Тұрғын үй құрылысы мен оған қызмет көрсету
(жеке тұрғын үй құрылысы) үшiн азаматтарға
жер учаскелерiн меншiкке берудiң ерекшелiктерi
30. Тұрғын үй құрылысы мен оған қызмет көрсету учаскесi үшiн жер учаскесiн меншiкке беру туралы азаматтың өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер:
фамилиясы, аты, тегi;
тұрақты тұратын жерi;
сұралып отырған жер учаскесiнiң орналасуы қолайлы жерi (елдi мекен, оның ауданы, кварталдың нөмiрi және басқа мәлiметтер);
сұралып отырған жер учаскесiнiң көлемi;
жеке құрылыс салушының тұрақты тұрмайтын жерi бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқық берiлген жер учаскелерiнiң болуы туралы мәлiметтер (жер учаскелерiнiң орналасқан мекен-жайы мен көлемi, осы учаскелердi берген органның атауы, күнi және шешiмнiң нөмiрi) болуы тиiс.
31. Өтiнiшке мыналар:
жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқық берiлген (жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық (қалалық) комитетi 7 күн мерзiм iшiнде бередi) жер учаскелерiнiң азаматта бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама;
азаматта жеке үй құрылысының бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (жылжымайтын мүлiктi тiркейтiн орган 7 күн мерзiм iшiнде бередi) қоса берiледi.
32. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру туралы өтiнiштерi (арыздары) арнаулы есепке алынады және алаңдарды бөлу үшiн дайындалуына орай қанағаттандырылады.
Жергiлiктi атқарушы орган азаматтарға құрылыс салушылардың кооперативтiк ұйымдастыруға жәрдемдесуге мiндеттi.
VI. Бау-бақша шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн
азаматтардың меншiгiне жер учаскелерiн беру
ерекшелiктерi
33. Бау-бақша шаруашылығымен немесе саяжай құрылысымен шұғылдануға ниет бiлдiрген азаматтар жер учаскелерiн беру туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi (қалалық, поселкелiк) атқарушы органға жүгiнедi.
34. Жергiлiктi атқарушы орган азаматтардан өтiнiштердiң келiп түсуiне қарай оларды серiктестiктерге (кооперативтерге) ұйымдастыруға мүмкiндiк жасайды.
35. Қаланың, поселкенiң қарамағында бос жерлер болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі жергiлiктi органға құрылып жатқан бау-бақша шаруашылығы серiктестiктерiне (кооперативтерiне) олармен шарттары бойынша жер учаскелерiн бөлу жобасын әзiрлеуге тапсырма бередi.
36. Бау-бақша шаруашылығына арналған жер қоры болмаған жағдайда қалалық, поселкелiк жергiлiктi атқарушы орган аудандық атқарушы органға ауданның арнаулы жер қоры жерiнiң есебiнен жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiш жiбередi. Өтiнiшке ұйымдасып жатқан бау-бақша шаруашылығы серiктестiктерiнiң (кооперативтерiнiң) өтiнiштерi, бау-бақша шаруашылығымен шұғылдануға ниет бiлдiрген азаматтардың тiзiмi және олардың өтiнiштерi қоса берiледi.
37. Аудандық атқарушы орган 35-тармақтағы көрсетiлген материалдарды қарайды және арнаулы жер қоры болған жағдайда жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі жергiлiктi органға ұйымдастырылып жатқан бау-бақша шаруашылығының (саяжай) серiктестiктерiне (кооперативтерiне) жер учаскесiн бөлу жобасын дайындауды тапсырады.
Азаматтарға жер учаскелерiн беру жөніндегі олардың өтiнiштерiн қарау барысы туралы, оның iшiнде бас тарту себебi туралы (келiспеушiлiк болғанда), өтiнiш берiлген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде оларға хабарланады.
38. Жер учаскесiн бөлу жобасы жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерiмен, өрттен қорғау, басқа да мүдделi қызметтермен келісіледi және жергiлiктi атқарушы органның қарауына және шешiм қабылдауына енгiзiледi.
39. Жер учаскесi бастапқыда серiктестiкке (кооперативтiкке) уақытша пайдалануға бөлiнедi, ал iшкi жобалау жобасы бекітілгеннен және оны серiктестiк мүшелерiне нақты түрде көшiрген соң, жеке меншiк құқығына нақты жер учаскелерi ресiмделедi.
Жолдар, суару жүйелерi, өндiрiлген өнiмдердi сақтайтын орындар, қоймалар және жалпы пайдаланудағы басқа объектiлер орналасқан жер учаскелерi ортақ меншiк құқығында немесе жалпы жер пайдалану құқығында серiктестiктерге (кооперативтерге) бекітіледi.
40. Бау-бақша шаруашылығын жүргiзу үшiн азаматтарға жер учаскелерi жеке тәртiппен берiлуi мүмкiн.