Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 10 маусымдағы № 723 қаулысы
(2006.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгi мен авиация қызметiн пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса беріліп отырған Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 10 маусымдағы
№ 723 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы
бар адамдардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. № 1132 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесі (бұдан әрi - Ережелер) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясына (1944 жыл) сәйкес әзiрлендi. Ереже қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын Тексеру, iшкi және халықаралық желiлерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен арнайы Тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарынан, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдардан басқа, жолаушылардың жеке басын тексеру тәртібін белгiлейдi. Тексерудің мақсаты ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолаушылардың, экипаж мүшелерiнiң, жер үстiндегi қызметкерлердiң, халықтың өмiрi мен денсаулығын сақтау, әуежай құралдарын заңсыз араласу актілерінен қорғау болып табылады.
Ішкі авиажелілердегі тексеруді әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қызметкерлері, халықаралық авиажелілерде өздерінің құзыретіне сәйкес әуежайлардың АҚҚ қызметкерлері, Қазақстан Республикасы кеден және шекара органдарының қызметкерлері жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. № 1132 ; 2006.28.07. № 717 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қол жүгiн, теңдеме жүктi тексеру және әуе кемесiнiң жолаушылары мен экипаж мүшелерiнiң жеке басын, сондай-ақ жүктi поштаны, борт тағамын тексеру азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған Қауiптi жүктер мен нәрселердiң тiзбесiнде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi, сондай-ақ есiрткiнiң барлық түрлерiн (бұдан әрi - Тiзбе) заңсыз алып жүрудi болғызбау үшiн жүргiзiледi. Тiзбенi Iшкi iстер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органымен келісілгеннен кейiн өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық және экспериментальды авиация қызметіне мемлекеттік қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы бекiтедi.
3. Авиабилеттердi сату үшiн бөлiнген орындар, әуежайлардың (қалалық аэровокзалдардың) касса залдары Тiзбемен, жолаушылардың құқықтары мен мiндеттерi бөлiгi бойынша осы Ережеден алынған үзiндiлермен жабдықталады және жолаушылардың бәрiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. № 1132 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қол жүгін, теңдеме жүкті тексеру және жолаушылардың жеке басын тексеру ұшуға арналған билетті көрсеткеннен кейін жүргізіледі.
Жолаушыларды тексеру кезінде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарын және олардың тасымалдау құжаттарына сәйкестігін тексеру жүргізіледі.
Тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады.
Тексеру пунктінде жолаушыларды және олардың қол жүгін (теңдеме жүгін) тексеруді АҚҚ тексеру бөлімшесінің саны кемінде төрт адамы жүргізеді.
Әуежайдың (авиакомпанияның) тиісті қызметтерінің қызметкерлері жолаушылар мен теңдеме жүкті тіркеу кезінде және жолаушыларға қызмет көрсетуде қолданылатын схемаға байланысты жолаушылар мен теңдеме жүкті тексеру кезінде жолаушыға тиесілі емес теңдеме жүкті тіркеуді болдырмау мақсатында жолаушылардан теңдеме жүктің тиесілігі туралы сұрау жүргізіледі. Теңдеме жүктің жолаушыға тиесілігінің сәйкес келмеуі фактісі анықталған, сондай-ақ теңдеме жүкке бөгде адамдардың қол жеткізуі туралы деректер алынған жағдайда, теңдеме жүкті неғұрлым мұқият тексеру үшін әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесі дереу хабардар етіледі.
Жүк бөлімінде тасымалданатын теңдеме жүктің тиесілігін анықтау және оны тиеуге рұқсат беру Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» 27-қосымшасына сәйкес орындалады.
Жолаушылардың жеке басын және олардың қол жүгін қолмен іріктеп тексеру авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шара ретінде жүргізілуі мүмкін.
Жолаушылардың жеке басын тексеру мен олардың қол жүгін қолмен тексеру тексеруге арналған жабдық болмаған немесе жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ техникалық тексеру құралдары арқылы әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екендігі туралы куәландыратын пішіндер мен өзге де деректер табылған кезде жүргізіледі. Қалыпты жағдайда әр рейс жолаушыларының жалпы санының кемінде 10 % жолаушылар мен қол жүгіне тексеру жүргізіледі.
Заңсыз араласу актілерінің жүзеге асырылу қаупі немесе заңсыз араласу актілеріне байланысты жағдайды реттеу кезінде әуежайда авиациялық қауіпсіздікті арттыру жөнінде қосымша шаралар қажет болған жағдайда қолмен тексерілетін жолаушылардың пайыздық қатынасы уәкілетті органмен келісім бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Қол жүгін, теңдеме жүгін және жеке басын тексертуден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді.
Қауіпсіздік мақсатында тексеру кезінде азаматтық авиация ұйымдары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» 4.2 «Жолаушыларды және қол жүгін тексеру», 4.3 «Тексеруден өткен жолаушыларды бақылау», 4.5 «Жүк бөлімінде тасымалданатын теңдеме жүк», 4.6 «Авиажүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары», 4.7 «Борттағам, ілеспе құралдар мен бортқорлардың қауіпсіздігі» бөлімдерін, 22 «Жолаушыларды және қол жүгін тексеру», 23 «Жолаушылар ағынына қызмет көрсету және қауіпсіздік мақсатында тексеру», 25 «Авиажүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары», 26 «Борттағам мен бортқорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарын басшылыққа алады.
Әуежайлардың басшылары және АҚҚ басшылары тексеруді ұйымдастыруға жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қол жүгiн, теңдеме жүгiн тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң алдында жолаушыға өзiнде бар болуы мүмкiн Тiзбеде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi көрсету жөнiнде ұсыныс жасалуға тиiс.
Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауіпті заттар мен бұйымдарды алып жүруге шек қойылады, ал олар табылған жолаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі.
Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауіпті заттар мен бұйымдарды одан әрі алып жүруге шек қойылады, жолаушыны шығарып салушы адамдарға беріледі немесе олар болмаған кезде әуежайдың АҚҚ есепке алады және оларды кейіннен алып қою үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі.
Жіберілген және трансферлік теңдеме жүкті тексеру әуежайға келгенде әуе кемелерінің бортына жіберер алдында не әуежайдың қойма (не өзге) үй-жайларына орналастырар алдында жүргізіледі.
Жолаушының өзi алып жүрген қол жүгiн, теңдеме жүгiн Тексеру оның қатысуымен жүзеге асырылады. Кешiктiруге болмайтын жағдайда мұндай теңдеме жүк жолаушы жоқта қаралуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жолаушы болмағанда теңдеме жүкті ашу қажеттігіне байланысты теңдеме жүкті тексеру әуежайлар басшыларының, олардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасарларының, АКҚ бастықтарының, әуежайдың (қалалық аэровокзалдың) АҚҚ тексеру бөлімшелері, осы қызметтің ауысымдары, әуежайларда орналасқан көлік полициясы бөлімшелері бастықтарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлімшелері бастықтарының дәлелді шешімі (жазбаша түрде баяндалған) бойынша жүргізіледі.
Аталған бастықтар жоқ кезiнде тексеру туралы шешiмдi белгiленген тәртiппен олардың орнын басшы адамдар қабылдауы мүмкiн.
Осы тармақта көзделген жағдайларда теңдеме жүктi қарап шығу екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырылып, тексеру хаттамасы ресiмделедi. Теңдеме жүгiн, қол жүгiн немесе жолаушыларды тексеру кезiнде азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттардың, жүктердiң немесе нәрселердiң табылу фактiсi, сондай-ақ теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты тексеру актiмен ресiмделедi және арнаулы журналда тiркеледi.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi.
Жолаушылардың жеке басын тексеруді жүргізер алдында әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесінің мамандары журналда күнін, рейс нөмірін, тексеру жүргізілген уақытты, жолаушының тегін, атын, әкесінің атын, оның азаматтығын, жеке куәлігінің (паспортының) нөмірін, тұрғылықты жерін, сондай-ақ тексеру жүргізуге қатысқан барлық адамдардың тегін, лауазымдарының толық атауын және оның нәтижелері туралы актінің нөмірін көрсете отырып, тіркеуді жүргізеді.
Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Жолаушылардың жеке басын тексеруге және жолаушы болмағанда теңдеме жүкті ашу қажеттігіне байланысты теңдеме жүкті тексеруге осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша әуежайдың АҚҚ тексеру және қауіпсіздік бөлімшелері аға инспекторларының (инспекторларының), көлік полициясы бөлімшелері лауазымды адамдарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлімшелері лауазымды адамдарының да құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың тапсыруы бойынша қол жүгі мен теңдеме жүкті жолаушының қатысуымен тексеруді әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, инспекторлары, кіші инспекторлары, тексеру агенттері, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдары бөлімшелерінің лауазымды адамдары да жүргізеді.
10. Жеке басты тексерудi сол тексерiлетiн жолаушымен бiр жыныстағы адамдар ғана әуежайларда (қалалық автовокзалдарда) арнайы бөлiнген, санитарлық және гигиеналық талаптарға сай келетiн үй жайларында жүргiзедi.
Бiр үй-жайда бiрнеше жолаушыны бiр мезгiлде тексеруге тыйым салынады.
11. Ұшып бара жатқан азаматтық әуе кемесiнде қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерудi және жолаушылардың жеке басын тексерудi әуе кемесi командирiнiң шешiмi бойынша экипаж құрамына кiретiн адамдар жүргiзе алады. Қол жүгiн, теңдеме жүктi тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру, қажет болғанда, жолаушылардың келісімiнсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
12. Жолаушының жеке басын тексергенде немесе оның қол жүгi мен теңдеме жүгiн тексергенде жолаушы заңсыз әкетуге тырысқан қауiптi заттар, жүктер мен нәрселер табыла қалған жағдайда жолаушы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2006.28.07. № 717 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Егер қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерген кезде және жолаушының жеке басын тексергенде азаматтық әуе кемелерiнде алып жүруге тыйым салынған заттар, жүктер мен нәрселер табылмаған болса, әуежайдың және авиакомпанияның лауазымды адамдары, сондай-ақ тексеру жүргiзген басқа да адамдар жолаушыны билет алған рейсiмен немесе кезектi рейспен жөнелтудi және оған келтiрiлген моральдық және материалдық залалдың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өтелуiн қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Тексеруге орай жөнелтудiң кешiктiрiлуi себебi бойынша жолаушы ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда авиакомпания оның талабы бойынша билеттiң құнын толық немесе оның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруға тиіс.
14. Қол жүгi мен теңдеме жүкке тексеру, жолаушылардың және экипаж мүшелерiнiң жеке басына тексеру жүргiзетiн адамдар жолаушылармен қарым-қатынаста ықтиятты әрi сыпайы болуға және олардың қадiр-қасиетiн төмендететiн әрекеттерге жол бермеуге мiндеттi.
Осы Ережелердi бұрмалауға кiнәлi адамдар белгiленген тәртiппен жауап бередi.