мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/3 бөлiгiнен астамы келетiн шаруашылық серiктестiктерiнде (акционерлік қоғамдарда) мемлекеттік қатысушы атынан iс-қимыл жасайтын бақылау кеңестерiнiң мүшелерi мен мүшелiгiне кандидаттар тiзiлiмiн жасау;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанынан шаруашылық серiктестiктерiнде (акционерлік қоғамдарда) байқаушы кеңестерiн құру мен оларға бақылау жасау комиссиясын құру;
шаруашылық серiктестіктерiнде (акционерлік қоғамдарда) байқаушы кеңестерiн құру туралы ереже әзiрлеу;
мемлекет атынан iс-қимыл жасайтын Байқаушы кеңес мүшесiнiң мiндеттерi туралы ереже әзiрлеу;
шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлік қоғамдардың) жарғыларына өзгертулер енгізу жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/2 бөлiгi келетiн шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлік қоғамдардың) басқару органдарында мемлекет мүдделерiн бiлдiретiн адамдардың әзiрленуiн және қайта әзiрленуiн, соның iшiнде бұл мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып қамтамасыз ету.
Акционерлік қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттік қатысушы болып табылатын адамдар меншiк иесiне өкiлеттiк мемлекеттік орган атынан жүйелi түрде есеп беруге мiндеттi.
2. Мемлекеттік меншiк пен жекешелендiрудiң жүйелi есебi мен мониторингiн жасау мен енгізу жөніндегі шаралар мыналарды қамтуға тиiс:
жекешелендiру барысын жүйелi түрде көрсете отырып, мемлекеттік меншiктiң толық тiзiлiмiн жасау;
жарғылық қордың бөлiнуiн жыл сайын көрсете отырып, жекешелендiрiлетiн объектiлердiң тiзiлiмiн жасау;
статистика органдарының мәліметі мен мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/2 бөлiгi келетiн шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлік қоғамдардың) басқару органдарындағы мемлекеттік қатысушы өкiлдерiнiң есептерi негiзiнде жекешелендiрiлетiн объектiлердiң қаржы жағдайына біліктi талдау жасалуын қамтамасыз ету;
қызметi жеке секторға да қатысты болатын отандық мамандандырылған аудиторлық фирмалардың дамытылуына жәрдемдесу.
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік кәсiпорындар мен мониторингтiң меншiк иесi және оларды мемлекеттік басқару функцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлдi мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
3. Жекешелендiруге жатпайтын немесе жекешелендiрiлуi қосымша шараларды қажет ететiн объектiлердi меншiк иесiнiң шешiмi бойынша, тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен келісім бойынша, контракт негiзiнде мемлекеттік емес заңды және жеке, соның iшiнде шетелдiк тұлғалардың сенiмдi басқаруына беруге болады.
Мемпакеттiң мөлшерiне және алға қойылған мақсаттарға сәйкес сенiмдi басқаруға контрактiлердiң мынадай түрлерiнiң қолданылуы мүмкiн:
жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік кәсiпорынды сенiмдi басқару;
мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн акционерлік қоғамды сенiмдi басқару және оның құрылымын өзгерту;
мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн акционерлік қоғам акцияларының мемпакетiн сенiмдi басқару, оның құрылымын өзгерту және оның акцияларының сатылуын әзiрлеу;
мемпакетке дауыстың 1/3 бөлiгiнен аз келетiн акционерлік қоғам акцияларының мемпакетiн сенiмдi басқару және мемпакет акцияларының сатылуын әзiрлеу.
Мемлекеттік меншiктi сенiмдi басқаруға контрактiлер мына принциптерге сәйкес жасалуға тиiс:
контрактiлер жасасуға кандидаттар шақырудың жариялылығы мен әйгiлiлiгi;
кандидаттардың меншiк иесiнiң талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспарлар (басқару бағдарламаларын) ұсынуы;
басқарушыларды тендер арқылы таңдау;
басқарушының контракт шарттарын орындауын меншiк иесi атынан контракт жасасқан өкiлеттi органның бақылауы.
4. Отандық мамандандырылған басқарушы фирмалар қалыптастыру жөнiнде мынадай шаралар орындалуға тиiс:
кейбір холдинг және басқа мемлекеттік компанияларды (акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша) кәсiпқой басқарушы жеке фирмалар етiп қайта құру үшiн жағдайлар жасау;
жеке басқарушы фирмалардың құрылуы мен жұмыс iстеуi жөніндегі ұсынымдар мен нормативтiк базаларды әзiрлеу;
жеке басқарушы фирмалардың басшылары мен мамандарын даярлау мен қайта даярлау жүйесiн қамтамасыз ету;
шетелдiк басқарушылардың, соның iшiнде ықтимал инвесторлардың қатысуымен басқарушы фирмалардың құрылуына жәрдемдесу.
2. Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң құрылымын өзгерту
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде мемлекеттік сектордағы дәрменсiз кәсiпорындарды, соның iшiнде мемпакетке дауыстың 1/2 бөлiгiнен астамы келетiн шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастыру мен тарату жұмысын тиiмдi жүргiзу үшiн қажеттi барлық құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалатын болады.
Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанынан Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк құрылады. Агенттiктiң басты мiндеттерi:
кәсiпорындар қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату бағдарламаларымен қамтылатын өлшемдердi белгiлеу;
сол өлшемдердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, қайта құру, санациялау және тарату процедуралары қолданылатын кәсiпорындардың тiзбелерiн жасау;
кәсiпорындардың дәрменсiздiгiне (банкроттығына) жол бермеуге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеу мен енгізу;
дәрменсiз кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату процедураларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды (өз бетiмен немесе мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып) әзiрлеу мен өткізу;
нақты кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, санациялау және тарату бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн сырттан консультанттар (консалтинг фирмаларын) тарту;
банкроттық процедуралары қажет еткен жағдайда дәрменсiз-борышқор кәсiпорынның өкiлеттi өкiлi функцияларын орындау;
Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен және мекемелермен бiрлесiп бағдарламалар әзiрлеу және кәсiпорындар дәрменсiздiгi (банкроттығы), сондай-ақ сенiм көрсетiлген басқарушылар мәселелерi бойынша мамандар даярлау жүйесiн ұйымдастыру;
дәрменсiз кәсiпорын мүлкiне мамандандырылған ұйымдарды тарту мүмкiндiгiмен билiк ету тәртібін белгiлеу;
санацияланатын және қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындар мониторингiн өткізу болып табылады.
Кредиторлық берешегiнiң мөлшерi аса жоғары деңгейiн сипаттайтын, сонымен бiрге ерекше маңызды халық шаруашылығы және (немесе) әлеуметтiк маңызы бар iрi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (негiзiнен мемлекеттік кәсiпорындардың) белгiлi бiр санының құрылымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің қатысуымен өзгертiлетiн болады. Бұл жоба шеңберiнде осы Бағдарламада мына шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру көзделген:
1. Банктер, бюджет және сабақтастар жөнiнде кредиторлық берешек
деңгейi негiзiнде кәсiпорындар iрiктеу. Мұндай кәсiпорындар тiзбесi
бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
2. Осы кәсiпорындарға кредит беру жөнiнде қатаң шектеулер енгізу. Кәсiпорындар Қазақстан Республикасының банк жүйесiнен оқшауланады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi осы кәсiпорындардың бiрден-бiр кредиторы функциясын өзiне алады.
3. Бағдарламаға енгiзiлген әрбiр кәсiпорын меншiк иесiмен бiрлесiп, өзiнiң өмiршеңдiгiн негiздей отырып, құрылымды өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға тиiс. Ол ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi қарағаннан кейiн төмендегi екi шешiмнiң бiрi қабылданады:
егер құрылымды өзгерту жөніндегі ұсыныстар негiздi деп танылатын болса, құрылымды өзгертудiң нақты жоспарын әзiрлеу туралы шешiм қабылданады, оны енгізу егжей-тегжей пысықталады;
егер кәсiпорын құрылымды өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлемейтiн болса немесе ол ұсыныстар негiзсiз (немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің талаптарына сәйкес келмейдi) деп танылатын болса, кәсiпорынды тарату туралы шешiм қабылданады.
4. Құрылымды өзгертудiң бекітілген жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. Қаржыландыру кезең-кезеңмен, құрылымды өзгерту жоспарының кезектi кезеңдерiнiң жүзеге асырылуымен байланыстырыла жүзеге асырылады. Егер құрылымды өзгерту жоспарының жүзеге асырылуы қанағаттанғысыз болса (кәсiпорынның қаржылық сауығуына қол жеткiзбесе) кәсiпорын таратылуға тиiс.
Бағдарламаға енгiзiлген кәсiпорындардың қаржылық сауығуына қарай олар (жекешелендiруге жатпайтын кәсiпорындардан басқалары) жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн болады.
Бiртұтас мүлiктiк кешендер ретiнде одан әрi жұмыс iстеуiнiң тиiмсiздiгi анықталатын дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындар жөнiнде өкiлеттi орган кәсiпорынның құрылымын мына әдiстердiң бiрi бойынша:
кәсiпорынды бөлшектеу және бiрнеше перспективалы рентабельдi заңды тұлғалар құрумен;
жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаға заңда белгiленген тәртiппен қосылуымен;
артық мүлiктi заңда белгiленген тәртiппен алумен және ол мүлiктi сауда-саттықта сату немесе кейiн сатып алу құқығы бойынша жалға берумен;
кәсiпорынды таратып, оның мүлкiне қожалық ету (ол мүлiктi сауда-саттықта алдымен сатумен немесе мүлiктi кейiн сатып алу құқығы бойынша жалға берумен, басқа мемлекеттік кәсiпорынның балансына берумен) өзгерту жүргiзетiн болады.
Тарату процедурасын жеделдету, жеңiлдету және неғұрлым кеңiнен қолдану мақсатында шаруашылық практикасында кәсiпорынды тарату жөніндегі барлық өкiлеттiктердi кәсiпқой таратушыларға, осындай операцияларға машықтанған және жеткiлiктi дәрежеде біліктi заңды және жеке тұлғаларға беру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету қажет.
Кәсiпорынның құрылымын өзгерту кезiнде төлем қабiлетiнiң жоқ болуы салдарынан өткiзiлмеген мүлiктi мүлiк сатуға маманданған коммерциялық фирмаларға беру әдiсiн пайдалануға болады.
Қайта құрылатын кәсiпорын мүлкiнiң бiр бөлiгiн мемлекеттік емес, соның iшiнде шетелдiк инвестициялар тарату, кәсiпорынды бөлшектеу, санациялау және тарату кезiнде босайтын мүлiктi тиiмдi пайдалану мақсаттарында мемлекеттік меншiк негiзiнде құрылтай қызметi үшiн, сондай-ақ басқа әдiстермен өткiзiлмеген мүлiктi жекешелендiру үшiн пайдалануға болады.
Ауыл шаруашылық кәсiпорындарын банкрот деп танудың және таратудың ерекшелiктерiн регламенттейтiн нормативтiк база әзiрленетiн болады.