Сенімдi басқару және (немесе) акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сатып алу құқығына тендерлер өткізу шарттары мынадай:
кәсiпорынның қаржы жағдайының жақсартылуын қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда, объектi құрылымын оның қаржы тұрақтылығына қол жетуiн қамтамасыз ететiндей етiп өзгертудiң толық бағдарламасын әзiрлеу;
жобаның толық жүзеге асырылуын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру;
жұмысы жалпы саланың қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi рентабельдiлiгi төмен немесе шығынды бөлiмшелердiң ұзақ мерзiм бойы қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
әлеуметтiк және экологиялық талаптарды орындау.
Кәсiпорындарды жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асыру кезiнде негiзгi және қызмет көрсетушi өндiрiстердiң iрi көлемде инвестициялануын жүзеге асыра алатын нақты, мүдделi белгiлi бiр инвесторды, соның iшiнде институционалдық инвесторды таңдауға ұмтылу керек.
Жөндеу, пайдалану, геофизика, кадрлар даярлау жөніндегі ұсақ компаниялар ашық ақша сауда-саттықтарында сату арқылы белгiленген тәртiппен бөлек жекешелендiрiлетiн болады.
"Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының құрамынан шығарылған объектiлердi жекешелендiру 1996 жылдың бiрiншi жартысында аяқталуға тиiс.
1996 жылы "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясы қайта ұйымдастырылатын болады, газ тасымалын және оның көтерме бағамен сатылуын жүзеге асыратын акционерлік қоғам бөлiнедi. Газды тiкелей тұтынушыларға бөлшек бағамен сатумен айналысатын "Алаугаз" МХК бөлiмшелерi аймақтық принцип бойынша дербес заңды тұлғалар ретiнде бөлiнедi. Мүлкiнiң құнына және атқаратын жұмысының көлемiне қарай, олар, акционерлік қоғамдар немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер түріндегі шаруашылық серiктестiктерi етiп өзгертiлуге тиiс, мемлекеттік меншiктегi жарғылық қорларда олардың үлесiнiң 1/3 бөлiгiнiң сақталуы мүмкiн. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларының қалған бөлiгi стратегиялық инвесторды мiндеттi түрде қалыптастыра отырып жекешелендiруге немесе кейiннен жекешелендiретiндей етiп, басқаруға берiлуi мүмкiн.
"Мұнай-газ" және "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компанияларын жекешелендiру кезiнде акциялардың мемлекеттік пакетiнiң сақталуы көзделетiн болады, кейiннен ол Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арнаулы шешiмi бойынша "алтын акцияға" ауыстырылуы мүмкiн.
Металлургия және кен-руда кешенi
Құрылымды өзгерту мен жекешелендiрудiң салалық бағдарламасында ұлттық, холдингтiк және өзге де мемлекеттік акционерлік компаниялардың жарғылық қорларынан металлургия кешенi акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерiн шығару жолымен оларды қайта ұйымдастыру мен ықшамдауды аяқтау көзделетiн болады.
Металлургия кешенiнiң кәсiпорындарын жекешелендiрудiң негiзгi жолы жеке жобаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру болады. Негiзгi өндiрiс объектiлерi жекешелендiру алдындағы шаралар ретiнде акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн тендер негiзiнде сенiмдi басқару қолданылатын болады.
Басқаруға сенiп тапсыру және (немесе) акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сатып алу құқығына тендерлер өткізу шарттары мыналар:
кәсiпорынның қаржылық сауықтырылуын қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда, объектi құрылымын оның қаржы тұрақтылығына қол жетуiн қамтамасыз ететiндей етiп өзгертудiң толық бағдарламасын әзiрлеу;
жобаның толық жүзеге асырылуын ұзақ мерзiм қаржыландыру;
өндiрiстi және оның шикiзат (руда) базасын дамыту;
әлеуметтiк және экологиялық талаптарды орындау.
Металлургия кәсiпорындарын жекешелендiрудiң жеке жобаларын жүзеге асыру кезіндегі ең маңыздысы - өндiрiстiң iрi көлемде инвестициялануын және өнiмнiң дүниежүзiлiк рынокта өткiзiлуiн жүзеге асыруға қабілеттi нақты, мүдделi белгiлi бiр инвесторды, соның iшiнде институционалдық инвесторды біліктiлiкпен таңдау (iздеу).
Бiртұтас технологиялық циклмен байланысы жоқ қосалқы және қызмет көрсетушi бөлiмшелер дербес заңды тұлғалар ретiнде бөлiнiп, кейiн жекешелендiрiлуге тиiс.
Жарғылық қорлардағы дауыс берушi акциялардың 1/2 бөлiгiнен астамы жекешелендiрiлген акционерлік қоғамдар бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен, қалған мемпакеттердi сауда-саттықта сату аяқталып, белсендi стратегиялық инвестор мүмкiндiгiнше қалыптастырылатын болады.
Рудалы материалдар өндiру саласында жер қойнаулары мен пайдалы қазбалар қорларына Қазақстан Республикасының ерекше меншiгiн сақтау-негiз қалаушы болып табылады. Кен көзiн игеруге мемлекеттік емес сектордың қатысуы кен көзiн пайдалануға концессиялар беру немесе кенiштi сенiмдi басқаруға шарт жасасу кезiнде қатаң лицензиялық негiзде жүзеге асырылатын болады.
Көлiк-коммуникациялық кешен
Көлiк-коммуникациялық кешен бағдарламасы негiзгi өндiрiс кәсiпорындарының, жер үстi, әуе көлiгi мен байланыс инфрақұрылымының құрылымын өзгерту мен оларды жекешелендiру жолдарын белгiлейдi. Осы сектор объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу кезіндегі негiзгi амал инфрақұрылымның iрi объектiлерiне республикалық меншiктi сақтау, инфрақұрылымның ұсақ объектiлерiн коммуналдық меншiкке беру немесе оларды мүмкiндiгiнше жекешелендiру болып табылады. Жекешелендiру объектiлерi өз функцияларының орындалуын бұзбай, түрлi бейіндегі жеке меншiк тұлғаларды көптеп құра отырып, мүмкiндiгiнше ықшамдалуға тиiс.
Жер үстi көлiгi
Көлiк кәсiпорындарын бөлшектеудiң ең тәуiр нұсқасы негiзгi өндiрiс бөлiмшелерiн (жүк және жолаушылар тасымалы), қызмет көрсететiн бөлiмшелердi (жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау) бөлiп алып, тәуелсiз жекешелендiру болып табылады. Көлiк кешенiнiң негiзгi және қосалқы өндiрiсiн жекешелендiру халық көлiк қызметiн пайдаланған жағдайда, оларға қосымша қызмет көрсететiн кәсiпорындарды (вокзалдар мен станциялар, темір жол вокзалдары мен станцияларынан басқалары; қоғамдық тамақтандыру орындары және т.т.) жекешелендiрумен ұштастырылатын болады.
Жолаушыларға қалада, қала маңында және қалааралық қоғамдық көлiк қызметiн көрсететiн республикалық (қалааралық автобус және темір жол) және коммуналдық кәсiпорындар, сондай-ақ қатынастың реттелуi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындар түріндегі мемлекеттік меншiк объектiлерiн бөлiп алу, осы бағдарламаның элементi болып табылады. Мемлекеттiң табиғи монополиясы саласына яки басқаруға мемлекеттiң уақытша қатысуын қажет ететiн секторларға жататын iрi объектiлер жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз процент немесе басым қатысуын сақтай отырып, акционерлік қоғамдар болып қайта құрылады.
Көлiк құралдарын жасап шығаратын, жөндейтiн, жол салу мен жөндеу үшiн материалдар өндiретiн өнеркәсiп орындары негiзгi қызмет бейiнiн сақтай отырып, тендер негiзiнде жекешелендiрiлуге тиiс.
Темір жолдардың аз салмақ түсетiн учаскелерi мен тар табанды линиялары жекешелендiрiлуге тиiс.
Әуе көлiгi
"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясы бөлшектеу жолымен қайта ұйымдастырылатын болады. Өз қызметiне сәйкес әуе көлiгiнiң жұмыс iстеуiн жалпы қамтамасыз ету функциясын орындайтын және жекешелендiруге жатпайтын қызметтердi (аэронавигациялық ақпарат қызметi, метеорологиялық қамтамасыз ету қызметi, дәрiгерлiк-ұшқыштық сараптау комиссиясы, азаматтық авиация академиясы, Ақтөбе қаласындағы оқу-жаттығу орталығы және т.б.) компания құрамынан бөлiп шығару қажет.
Компания құрамынан жекелеген аймақтардың авиаотрядтарын бiрiктiретiн акционерлік қоғам бөлiнетiн болады, кейiннен авиатасымалдар жүйесiн дамыту бағдарламаларының тендер шарттарымен жекешелендiрiледi, немесе оның негiзiнде бiрлескен кәсiпорын құрылатын болады.
Авиатасымалдарға қызмет көрсететiн жер үстi қызметтерiмен қоса аэропорттар мен аэровокзалдар акционерлік қоғамға айналдырылады, оның акцияларының бақылау пакетi тендер шартымен сатылуы немесе бiрлескен кәсiпорын құру үшiн негiз болуы мүмкiн, сонымен бiрге дауыс берушi акциялардың кемiнде 1/3 бөлiгi мемлекеттік меншiкте қалдырылатын болады.
Ұшақ жөндеу зауыттары акционерлік қоғамдар болып қайта құрылып, акцияларының бақылау пакетi ұлттық авиация өнеркәсiбiнiң дамытылуын қамтамасыз етуге қабілеттi белгiлi бiр инвесторларға сатылуға тиiс. Оларды жекешелендiрудiң ықтимал нұсқасы ұшақтар жасап шығаруға маманданған шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен бiрлескен кәсiпорындар құру болып табылады.
Байланыс
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын бұрын құрылған "Бесет", "Арна-Спринт", "Арна", "Декател" шаруашылық серiктестiктерiнiң мемлекеттік үлестерiнiң жарғылық қорынан шығару жолымен ол ықшамдалып, кейiн сатылады, мемлекеттік кәсiпорындарды иелену, пайдалану және басқару құқықтары керi шақыртып алынады. КазҒЖӨбайланыс институты мен Бiлiктiлiктi арттырудың республикалық орталығы акционерлік қоғамдар етiп қайта құрылып, белгiленген тәртiппен жекешелендiрiлетiн болады.
"Қазақтелеком" ҰАҚ-сын жекешелендiру кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арналған:
бiрiншi кезеңде акциялардың мемлекеттік пакетiн телекоммуникациялық желiге қызмет көрсетумен және оны жетiлдiрумен шұғылданатын iрi инвестор-оператордың басқаруына беру жөнiнде халықаралық тендер өткізу, тендерге iрi халықаралық телекоммуникациялық компанияларды тарту ұйғарылған. Сондай-ақ стратегиялық меншiк иесiн анықтауды және Компания акцияларының бiр бөлiгiн республика халқына ашық сатуды көздейтiн жекешелендiрудiң жеке жобасы әзiрленетiн болады;
екiншi кезеңде Компания акциялары жекешелендiрудiң жеке жобасына сәйкес сатылатын болады.
Көлiк-коммуникациялық кешендi жекешелендiру бағдарламасын 1996-1998 жылдардың iшiнде орындау, соның iшiнде:
автокөлiк кәсiпорындары мен ұйымдарын жекешелендiрудi 1996 жылы аяқтау;
темір жол және авиация көлiгi объектiлерiн жекешелендiрудi 1996-1997 жылдары;
телекоммуникация кешенiн жекешелендiрудi 1996-1998 жылдардың iшiнде жүзеге асыру ұсынылған.
Агроөнеркәсiп кешенi
Агроөнеркәсiп кешен объектiлерiн жекешелендiрудiң салалық бағдарламасы тиiмдi ауыл шаруашылық тауар өндiрiсiн қалыптастыру мақсатымен реформаларды тереңдету шараларын қамтитын болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясымен, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетiмен, Орман шаруашылығы комитетiмен және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп мемлекет меншiгiнде қалатын кәсiпорындардың тiзбесiн белгiлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне бередi.
1996 жылдың бiрiншi жартысында қалған кеңшарларды жекешелендiру, сондай-ақ мемлекеттік акционерлік компанияларды қайта ұйымдастыру аяқталады.
Бұрын жекешелендiрiлмеген ұқсату кәсiпорындарын жеке жобалар бойынша, көбiнесе тендерлiк негiзде, негiзгi өндiрiске қызмет көрсететiн, мысалы, орап-буатын, ыдыс жасайтын және т.б. кәсiпорын (бөлiмше) мiндеттi түрде құрылатындай етiп жекешелендiрiледi.
Жарғылық қорда мемлекеттік үлестi сақтай отырып жекешелендiрiлуге тиiстi объектiлер тобы, соның iшiнде Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының құрамына кiретiн шаруашылықтар, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе станциялары, тәжiрибе-эксперименттiк шаруашылықтар белгiленетiн болады.
1996 жылдың аяғына дейiн, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетiмен және басқа да мүдделi ведомстволармен бiрлесiп су пайдаланушылардың жеке меншiк бiрлестiктерiнiң сенiмдi басқару шарттары бойынша берiлуге тиiстi объектiлердiң тiзбесi жасалатын болады.
Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп 1996-1998 жылдары iшiнде жекешелендiрiлетiн орман шаруашылығы объектiлерi белгiленетiн болады.
Шаруашылық жүргiзудiң мемлекеттік емес нысандарын кеңейту мақсатында шаруашылық серiктестiктерiне, фермерлiк шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы кооперативтерiне, басқа да жеке және заңды тұлғаларға жердi ұзақ мерзiмге пайдалану, сондай-ақ жерде ұзақ мерзiмге және қысқа мерзiмге жалға алу, жердi қайталап пайдалану мен қайталап жалға алу құқықтарын беру тәртібі белгiленетiн болады.
Сондай-ақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына жердi пайдалану құқығын беру тәртібі белгiленетiн болады.
Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң мүлiктiк құқықтарын, жердi иелену құқығын қоса қамтамасыз етудiң кредиттердi қамтамасыз ету ретiнде мүлiк пен жер кепiлдiгiн ресiмдеудi көздейтiн тетiктер әзiрленетiн болады.
Селолық жеке тауар өндiрушiлерге жекешелендiруден кейiн қолдау көрсету, қажеттi техникамен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық машиналарының ескiрген паркiн жаңарту үшiн машина-технология станцияларының желісі құрылып, техника мен көлiк құралдары лизингi кеңiнен қолданылатын болады.
Денсаулық сақтау, халыққа білім беру, ғылым және
мәдениет
1996 жылдың iшiнде денсаулық сақтау, білім және мәдениет объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу аяқталып, оларды жүзеге асыру басталады.
Бағдарлама мемлекеттік меншiктегi барлық объектiлердi екi топқа: жекешелендiруге жататын объектiлер мен жекешелендiруге жатпайтын объектiлерге бөлудi қамтиды. Тиiстi министрлiктердiң келісімi бойынша кепiлдiк берiлген мемлекеттік көлемде медициналық және жалпы білім беру қызметiн көрсететiн ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ бiрегей және әлеуметтiк маңызы ерекше денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет объектiлерiнiң тiзбесi, соның iшiнде аумақтық тұрғыдан, анықталатын болады. Бұл объектiлердi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ерекше шешiмдерiмен ғана жекешелендiруге болады.
Жоғарыда аталған тiзбелер негiзiнде 1996 жылдың бiрiншi жартысында ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми-жобалау институттарының бiр бөлiгiн жекешелендiру жөнiнде шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылатын болады.
Тiзбелерге енгiзiлмеген ұйымдар мен мекемелер жекешелендiрiледi және денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет салаларында жеке меншiк секторды қалыптастырудың негiзiне айналады. Бұл объектiлердi жекешелендiру не акционерлік қоғамдар құрып, кейiннен акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сату жолымен, не мүлiктiк кешендердi тиiстi әзiрлiк дәрежесi бар немесе бұл салаларды қызметпен шұғылдану құқығын беретiн лицензиялары бар жеке меншiк заңды және жеке тұлғаларға тендер арқылы сату жолымен жүзеге асырылатын болады. Объектiлер мен мүлiктiк кешендерге төлем қабілетi бар сұраныс болмаған жағдайларда мүлiктi сенiмдi басқару немесе сатып алу құқығымен мүлiктiк жалға беру шарттары негiзiнде, соның iшiнде объектiлер бейiнi сақталған жағдайда жеке заңды тұлғаларға беруге болады.
Халыққа қызмет көрсетудiң аралас режимi, яғни тегiн қызметтердiң нақты бiр көлемiн (ол шалғай аудандар жағдайында кеңiрек болуға тиiс) қамтамасыз ету, ақылы қызмет көрсетумен қатар объектiнi тендер арқылы немесе нақты тұлғаға сатудың шарттарына айнала алады.
Iрi объектiлер жеке жобалар бойынша, алдын-ала акционерлендiре отырып, сондай-ақ, жекешелендiруге дейiн құрылым өзгертiлген жағдайда, мемлекеттік пакеттi кейiн сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға бере отырып, жекешелендiрiлуге тиiс. Жекешелендiруге дейiн құрылымын өзгертудi қажет етпейтiн акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн сату кезiнде акциялардың бақылау пакеттерiн белгiлi бiр инвесторға бiр пакет етiп сату ұсынылады.
3. Коммуналдық меншiктi өзгерту
1996 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан Республикасында коммуналдық меншiктi қалыптастыру процесi жүзеге асырылатын болады. Коммуналдық меншiкке жергiлiктi қазына және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлiк жатқызылады. Мүлiктерi республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Коммуналдық меншiк объектiлерiн иелену, пайдалану және билiк ету жөніндегі мемлекеттік органдар - жергiлiктi атқару органдары.
Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жергiлiктi атқару органдары қолданылып жүрген заң нормаларына және осы Бағдарламаның ережелерiне сәйкес әзiрлейтiн арнаулы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларында мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзу құқығымен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен қазыналық кәсiпорындарға бөлiнген тiзбесi, сондай-ақ акцияларының мемлекеттік пакеттерi республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берiлген акционерлік қоғамдардың тiзбесi болуға тиiс. Осы кәсiпорындардың iшiнен жекешелендiруге жатпайтын кәсiпорындар тобы белгiленедi. Жекешелендiруге жататын коммуналдық меншiк объектiлерi:
өкiлеттi органның билiгіндегі белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттік бақылау үлесiн (немесе вето құқығын беретiн үлестi) сақтай отырып, шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылатын (немесе бұрын қайта құрылған) объектiлерге: бұл топқа электр энергиясы мен жылу өндiрумен және бөлумен шұғылданатын коммуналдық заңды тұлғаларды, труба құбыры көлiгi кәсiпорындарын, газ шаруашылығын пайдалану жөніндегі кәсiпорындарды, қоғамдық көлiк кәсiпорындарын ғана жатқызуға болады;
ешбiр шектеусiз жекешелендiруге жатқызылатын объектiлерге бөлiнедi.
Объектiлердi жекешелендiруге шектеулер қою кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар коммуналдық меншiкте мемлекеттік үлестердi сақтаудың мақсаттарын, шарттарын және мерзiмiн белгiлейдi.
Шаруашылық серiктестiктерiнде бекітілетiн мемлекеттік үлес толық бақылау қажет болған жағдайларда дауыс беретiн акциялардың кемiнде 2/3 бөлiгi; вето құқығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, дауыс беретiн акциялардың 1/3 бөлiгi болуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша, коммуналдық меншiктiң жекешелендiруге жататын объектiлерге жекешелендiру жөніндегі аумақтық комитеттердiң өткізуiне берiледi. Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру акциялардың мемлекеттік пакеттерiн, мүлiктiк кешендердi, мүлiктiң жекелеген түрлерiн сауда-саттықта немесе коммуналдық меншiктi сенiмдi басқару немесе сатып алу құқығымен жалға берiлген жағдайда бағыштап сату жолымен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамның дауыс беретiн акцияларының кемiнде 1/3 бөлiгiн құрайтын акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сатудың басым түрi аукциондар немесе бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар арқылы ашық сату болып табылады. Акционерлік қоғамның дауыс беретiн акцияларының 1/3+1 және одан көп бөлiгi болып табылатын акциялардың мемлекеттік пакеттерi сауда-саттықта, соның iшiнде бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар арқылы көбiнесе тұтас пакетпен сатылады.
Жергiлiктi атқарушы орган объектiнi жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы шешiм қабылдай алады, бұл жағдайда белгiлi бiр инвесторға сату сатудың бiрден-бiр түрi ретiнде белгiленуi мүмкiн. Ықтимал белгiлi бiр инвесторды таңдау тендер негiзiнде жүзеге асырылады. Жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жататын коммуналдық меншiк объектiлерi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Нақты объектiлердi жекешелендiру жөніндегі шешiмдердi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
4. Кәсiпорындарды жекешелендiруден кейiн қолдау
Қазақстан Республикасында қабылданған жекешелендiру моделi жекешелендiрiлген объектiлердiң жұмысын жақсарту жөніндегі қажеттi шарт ретiнде жекешелендiруден кейiнгi шаралар кешенiнiң жүзеге асырылуын қажет етедi. Ол үшiн:
жекешелендiрiлген кәсiпорындардың экономикалық қолдаудың алуан түрлерiне қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесiн жасау;
жекешелендiрiлген және басқа мемлекеттік емес кәсiпорындардың техникалық көмектiң барлық түрлерiне қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;
жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, соның iшiнде ауыл шаруашылық субъектiлерi арасында ассоциациялық нысандар дамуының процесiне жәрдемдесу;
жекешелендiрiлген кәсiпорындардың басшылары мен бас мамандарын нарықтық экономика жағдайларында жұмыс iстеуге үйрету қажет.
5. Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру
мен дамыту жөніндегі шаралар
1991-1995 жылдарда кәсiпорындарды акционерлендiру, жаппай жекешелендiрудi жүзеге асыру, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың қалың тобының пайда болуы бағалы қағаздар нарығын дамыту мен ретке келтiру жөніндегі шаралар жүйесiн әзiрлеудi қажет еттi.
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі шаралардың негiзгi мақсаты - оны акционерлік қоғамдарды инвестициялауға арналған қаржы ресурстарын тартудың тұрақты жұмыс iстейтiн тетiгiне айналдыру.
Бағалы қағаздар нарығын дамуы ең маңызды бағыттар бойынша шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
1. Бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылар жүйесiн:
бағалы қағаздармен сауда жасау қызметiн көрсететiн және толық коммерциялық дербестiк принципiнде iс-қимыл жасайтын делдалдық фирмалар, дилерлер мен брокерлер;
тәуелсiз тiркеушiлер мен жеке депозитарийлер;
институционалдық инвесторлар, соның iшiнде инвестициялық компаниялар, қорлар, инвестициялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру және трастар компаниялары;
инвестициялық бизнес пен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсiпқой ассоциациялары;
бағалы қағаздармен сақтандыру операцияларын қамтамасыз ететiн фирмалар атынан құру.
2. Қор биржасы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру:
акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң бiр бөлiгiн және басқа бағалы қағаздарды биржа арқылы өткізу;
мүдделi инвесторларға биржада сату үшiн мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар, вексельдер) шығару;
жаңадан шығарылған акциялар эмиссиясы, соның iшiнде акционерлік қоғамдарға мемлекеттік қатысушының ұсынысы бойынша (акционерлердiң жалпы жиналыстарының шешiмi негiзiнде) оларды биржада сату негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
3. Бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiне халықтың қалың тобын жұмылдыру:
тартымды кәсiпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн ашық сату;
бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар қызметiнiң құнын бәсекелестiк және бағалы қағаздармен операциялар көлемiн ұлғайту есебiнен кемiту;
бағалы қағаздармен операцияларға және тұлғалар үшiн шектеулердiң алынуын заңмен қамтамасыз ету, соның iшiнде, акционерлердiң өздерiнiң иелiгіндегі акцияларды еркiн сатуына тыйым салатын ашық үлгiдегi тармақтардың акционерлік қоғамдардың жарғыларынан алып тасталуын бақылау;
акционерлердiң, соның iшiнде жекешелендiру купондарын салушылардың ИЖҚ акцияларын бағалы қағаздар нарығында еркiн сатуын енгізу жолымен жүзеге асырылатын болады.
4. Бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн қорғаудың мемлекеттік шаралары:
бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн заңдармен және нормативтiк актiлермен қорғауға;
бағалы қағаздар иелерiнiң мүдделерiн қорғайтын заңдар мен нормативтiк актiлердiң орындалуын өкiлеттi мемлекеттік органдардың бақылауына бағытталатын болады.
5. ИЖҚ-ларды бағалы қағаздар нарығының мына функцияларды орындауға қабiлеттi толыққанды субъектiлерiне айналдыру:
өз акцияларын ақшаға сату және жекешелендiру купондарын салушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындау;
бағалы қағаздардың қайталама нарығында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың өз портфеліндегі акцияларымен, сондай-ақ өздерi эмитенттерi болып табылатын акциялармен операциялар жасау;
өз акцияларының иелерi болып табылатын акционерлік қоғамдар жөнiнде белсендi инвестициялық саясат жүргiзу.
6. Отандық коммерциялық ұйымдардың бағалы қағаздарын халықаралық қор нарығында өткізу жөнiнде оларға жағдайлар жасау:
акциялардың толық листингiне акционерлік қоғамдарды барынша көп қосуды;
қор биржасында акциялардың бағамын белгiлеудi;
қор биржаларын бағалы қағаздардың халықаралық нарығына қосуды;
акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiнiң бiр бөлiгiн шетелдiк инвесторларға сатуды, соның iшiнде дүниежүзiлiк қор биржаларында сауда жасауды қамтиды.
II. Құрылымды өзгерту және мемлекеттiң меншiк
иесi функциясын жүзеге асыруы
1. Мемлекеттік меншiктi басқару
Бұдан бұрынғы кезеңдердегi жекешелендiру бағдарламаларын орындау мемлекеттiң жекешелендiрiлуi аяқталмаған кәсiпорындар, сондай-ақ жекешелендiрiлуге жатпайтын объектiлер жөніндегі меншiк иесi ретіндегі функцияларын айқын белгiлеу проблемасын қойды. Мемлекеттік меншiк объектiлерi бойынша олардың басқарудың институционалдық жүйесiнiң нарықтық экономика талаптарына тепе-теңдiгiне қол жеткiзiлуге тиiс.
1991-1995 жылдардың iшiнде мемлекеттік кәсiпорындардың көпшiлiгi акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған болатын. Сол акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттерiнiң бiр бөлiгi жаппай жекешелендiрудiң аяқталуына қарай акциялардың мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiрудiң басым түрiне айналып келе жатқан ақшалай сауда-саттықта сатылды. II кезеңде жаппай жекешелендiру шеңберiнде жекешелендiрiлген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн сату 1996 жылдың бiрiншi жартысында аяқталатын болады.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң мөлшерiне қарамастан, мемлекет заң жүзiнде тиянақты етiлген нысандарда серiктестiкке қатысушы (акционер) болып, акционер ретіндегі өз құқықтарын шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарындағы өз өкiлдерi арқылы ғана жүзеге асырады.
Мемлекеттiң меншiк иесi функцияларын пәрмендi жүзеге асыруы ең маңызды бағыттар бойынша шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
1. Мемлекет үлесiне (мемпакет) дауыстың 1/3 бөлiгi келетiн толық шаруашылық серiктестiктерiнiң (акционерлік қоғамдардың) басқару органдарында мемлекеттік қатысушы функцияларының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға мыналар жатады: