Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі зоологиялық комиссияның
ережесi мен құрамын және Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-шi
басылымын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8
ақпандағы № 177 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегi № 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 30, 376-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі ұсынылып отырған зоологиялық комиссияның Ережесi мен құрамы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi әзiрлеген Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-шi басылымы (1 том. Жануарлар, 1 бөлiм. Омыртқалылар) бекітілсiн.
3. "Шеврон Оверсиз Компани" фирмасының демеу қаржысына Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-шi басылымының дубликаттарын шығару туралы Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінiң, Ұлттық ғылым академиясының ұсынысы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы Өсiмдiктер мен омыртқасыз жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлеудi тездетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 8 ақпандағы № 177 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
жөніндегі зоологиялық комиссия туралы
Ереже
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі зоологиялық комиссия (бұдан әрi - комиссия) "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегi № 1258 қаулысына сәйкес құрылады.
Комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Зоология және жануарлар генқоры институтының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Комиссия құрамына зоология ғылымдарының негiзгi бөлiмдерi (тернология, орнитология, герпетология, ихтиология, энтомология, арахнология тағы басқа) бойынша, олардың жұмыс орындарына қарамастан, жетекшi мамандар кiредi.
Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Комиссия Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына түрлердi (тұқымдастықтарды, өсiп-өнуiн) енгізу, одан шығару туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысын әр санатқа жатқызу туралы ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының, қоғамдық бiрлестiктер мен жекелеген мамандардың ұсыныстарын қарайды. Комиссия жекелеген мәселелердi қараған кезде жазбаша сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн де, комиссия жиналысына қатынасу үшiн де зоологияның әртүрлi бөлiмдерi бойынша мамандарды (шетелдiктердi қоса) тарта алады.
Комиссия Қазақстан Республикасының қызыл кiтабының зоологиялық бөлiмдерiнiң құрылымы, ондағы ақпарат ауқымы және осы бөлiмдердiң дубликаттарының қайта басылымының қажеттiлiгi туралы мәселелердi қарайды. Комиссия осы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясына жолдайды.
Комиссия шешiмi Қазақстан Республикасының қызыл кiтабына енгiзiлетiн немесе санаты көрсетiлiп одан шығарылатын жануарлардың тiзiмi түрiнде (немесе жекелеген түрлер) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынылады.
Комиссия жиналысы қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 8 ақпандағы № 177 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
жөніндегі зоологиялық комиссияның
Құрамы
Бекенов А.Б. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының директоры, төраға
Ковшарь А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының зертхана
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Рымжанов Т.С. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрлігінiң бөлiм
бастығы, төрағаның орынбасары
Тарабаев Ш.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының аға ғылыми
қызметкерi, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Брушко З.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының жетекшi ғылыми
қызметкерi
Есмұқанов Х.К. - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары
академиясы Қазақ балық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтының директоры
Митрофанов В.П. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университетiнiң кафедра
меңгерушiсi
Митяев И.Д. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлар
генқоры институтының жетекшi ғылыми
қызметкерi
Нұрғалиев Ш.З. - Қазақстан Республикасы Аңшылар мен
балықшылар қоғамы одағының президентi
Степанов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Орман
шаруашылығы комитетiнiң бас маманы