Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн
жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994
жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.96 ж. № 836; 20.08.96 ж. № 1031; 26.08.97 ж. № 1286;
07.01.00 ж. № 25; 05.12.03 ж. № 1237 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының сейсмикалық қауiптiлiгiне баға беру жөнiнде жүргiзiлген қосымша зерттеулер бұл ауданда қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу қаупiнiң елеулi деңгейi бар екендiгiн анықтады.
Тұтастай алғанда Солтүстiк Тянь-Шань аймағы сейсмикалық процестердiң жандану фазасында жатыр. 1995-1997 жылдары Қастек, Шелек (Алматы облысы), Жоңғар (Талдықорған облысы) және басқа да сейсмикалық қауiптi аймақтарда 5,0 магнитудан астам (MSK-64 шкаласы бойынша 8-ден 10 баллға дейiн) күштi жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу ықтималдылығы жоғарылап отыр.
Қажеттi алдын алу шараларын жүргiзу, сейсмикалық қауiптiлiк дәрежесiне баға беру және жер сiлкiнiстерiн болжау жөніндегі зерттеулердi дамыту, авариялық-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiн, халықты хабарландыру жүйесiн қосымша жарақтандыру және әзiрлiкке келтiру, қажеттi материалдық-техникалық резервтер жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн
болжаудың республикалық жүйесiн дамыту жөнiнде
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, министрлiктер мен ведомстволар сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру және үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ Алматы қаласы ауданында қысқа мерзiмдi болжау жүйесiн құру жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын.
2. Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiнiң құрамына:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы;
"Қазселқорғау" өндiрiстiк бірлестiгiнiң Сел құбылыстары мен жер сiлкiнiстерiн болжамдау жөніндегі ғылыми-өндiрiстiк кешенi;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Россия ғылым академияларының ғылыми бөлiмшелерi мен экспедициялары (Россия Федерациясының келiсуiмен);
сейсмикалық оқиғаларды тiркеу қызметiн орындайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмшелерi, жер қабатының сейсмикалық жай-күйiнiң серпiнiне байланысты атмосфераны радиолокациялық зондтауды, электромагниттiк аномалияларды анықтауды жүзеге асыратын әуе қорғаныс бөлiмшелерi;
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң Сейсмикалық берiк құрылыс пен сәулет жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-экспериментальдық институтының үйлер мен ғимараттарға инженерлiк-сейсмометрикалық байқаулар жүргiзетiн ғылыми-зерттеу бөлiмшелерi;
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң мамандандырылған режимдi қызметтерi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық қызметтерi;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы геодезия және картография жөніндегі Бас басқармасының мамандандырылған қызметтерi;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының мамандандырылған қызметтерi;
жер сiлкiнiстерiнiң биофизикалық хабарларына бақылау жасайтын Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң ғылыми бөлiмшелерi кiредi деп белгiленсiн.
3. Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiне кiретiн қызметтердiң негiзгi мiндеттерi:
сейсмологиялық байқаулар жүргiзу мен оның нәтижелерiн талдау негiзiнде жер сiлкiнiстерiн болжауды қамтамасыз ету;
жер сiлкiнiстерi болған орындарды, уақыты мен параметрлерiн жедел айқындау;
сейсмикалық қауiптi аудандарда болған және болжанған жер сiлкiнiстерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқару органдарын хабарландыру;
сейсмологиялық деректер банкiн ұйымдастыру, геофизикалық ақпараттың аймақаралық және халықаралық алмасуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағын сейсмикалық аудандау, аумақтардың басым сейсмикалық қауiптiлiгiне баға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының аумағын сейсмикалық аудандау ортасын, жер сiлкiнiсiнiң әсерiнен халықты, объектiлер мен аумақтарды қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құжаттарды әзiрлеу болып табылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 26.08.97 ж. № 1286 қаулысымен 4-6-тармақтардың күшi жойылды
4.
5.
6.
7. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлігі Ұлттық ғылым академиясы республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қатысуымен Қазақстанның сейсмикалық қауiптi аудандарындағы жер сiлкiнiстерiн болжамдау проблемаларын шешуге АҚШ, Жапония, Қытай Халық Республикасының, Израиль, Россия Федерациясының және Қырғыз Республикасының сейсмологиялық қызметтерi мен зерттеу орталықтарын тарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
ҚР Үкіметінiң 26.08.97 ж. № 1286 қаулысымен 8-тармақтың күшi жойылды
8.
Сейсмикалық берiк құрылыс, үйлер мен ғимараттарды
сейсмикалық жағынан күшейту жөнiнде
9. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттік компаниялар, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және экономикалық залалды азайту мақсатында:
жүргiзiлген зерттеу-тексерулердiң нақтыланған деректерiнiң негiзiнде үйлер мен ғимараттарды, бәрiнен бұрын адамдар көп болатын жерлердi (тұрғын үйлер, мектептер, балалардың мектеп жасына дейiнгi мекемелерi, ауруханалар) және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлердi (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау мен байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикалық қарсы күшейту жұмыстарын кең өрiстетсiн.
Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарындағы сейсмикалық берiк емес үйлер мен ғимараттарға күрделi жөндеудi олардың сейсмикалық орнықтылығын көтеру жөніндегі жұмыстарды мiндеттi түрде жүргiзу арқылы жүргiзетiн болсын. Аталған шараларды жүзеге асыру үшiн жеке жауапты адамдарды айқындап, практикалық жұмыстардың барысын мерзiмдi түрде қарау тәртібін белгiлесiн.
жеке тұрғын үйлердi сейсмикалық қарсы күшейту бойынша халық арасында түсiндiру жұмысын жүргiзiп, жеке үй иелерi үшiн естелiктемелер мен әдiстемелiк материалдарды таратсын, осы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
1995 жылдан бастап жыл сайын сейсмикалық қарсы күшейту және сейсмикалық берiк емес үйлер мен ғимараттарды жарамсыздыққа шығару жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған мақсатты қаржы бөлудi көздесiн;
бір ай мерзiмде жер сiлкiнiстерiнiң қатерi пайда болу және оның зардаптарын жою кезеңiнде тұрғындарды сейсмикалық қауiптi үйлерден сейсмикалық берiк үйлерге орналастырудың, халықтың осы санаты үшiн 30 тәулiк iшiнде қажеттi тiршiлiк жағдайларын жасаудың уақытша жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң тиiстi шешiмдерiмен жарияланған сейсмикалық қауiптiлiк жоғары кезеңде адамдар көп болатын ғимараттарда мәдени-көрiнiстiк және басқа да шараларды өткізуге тыйым салсын.
10. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі 1995 жылы жылу-электрмен жабдықтау объектілерінiң сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қажеттi жұмыстарды аяқтасын, жер сiлкiнiсi болған жағдайда оларды жылдам және авариясыз тоқтатып, резервтiк отынға көшу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын, жылжымалы көздердi қоса алғанда, елдi мекендердi жылу-электрмен жабдықтаудың сенiмдi схемаларын әзiрлесiн.
11. Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары бір ай мерзiмде Алматы мен Талдықорған қалаларындағы, Алматы және Талдықорған облыстарындағы iске жарамайтын тозған, сейсмикалық қауiптi мектеп, балалардың мектеп жасына дейiнгi мекеме, аурухана, техникум және жоғары оқу орындары үйлерiн пайдаланудан шығарсын.
ҚР Үкіметінiң 26.08.97 ж. № 1286 қаулысымен 12-тармақтың күшi жойылды
12.
13. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрлігі:
Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарындағы құрылыстың сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
сейсмикалық берiк құрылыс нормалары мен ережелерiн бұзушылыққа жол беретiн ұйымдардың құрылыс қызметiне берiлген лицензиялардың күшiн жойсын;
сейсмикалық қауiптi аймақтарда құрылыс жүргiзудiң нормаларын бұзып тұрғызылған үйлер мен ғимараттардың құрылысын тоқтатсын;
жеке тұрғын үй және саяжай салу үшiн олардың сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету бойынша арнаулы шаралар қабылдамай жер учаскелерiн бөлуге, сондай-ақ тектоникалық жарықшақты аймақтарда, қолайсыз топырақ жағдайларында, көшкiн қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға тиым салсын.
14. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі:
адамдар ұзақ уақыт бойы тiршiлiк ететiн жеке тұрғын үйлердiң, саяжайлар мен басқа да құрылыстардың сейсмикалық берiк құрылысы нормаларын бұзғаны үшiн азаматтардың жауапкершiлiгiн құрастыратын Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актілеріне қосымшалар жөнiнде 1995 жылдың I тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн;
1995 жылдың аяғына дейiн "Сейсмикалық қауiптi аймақтарда құрылыс салу" СНиП-7-81-дi қайта қарап, оның орнына жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бірлесiп Сейсмикалық аудандар және сейсмикалық берiк құрылыс жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
15. Алматы қаласында тұратын халықтың жалпы санын болашақта оңтайлы шамаға жеткiзе отырып азайтқан жөн деп саналсын.
Хабарландыру мен байланыс жүйесiнiң әзiрлiгi
мен дамытылуын қамтамасыз ету жөнiнде
16. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Азаматтық Қорғаныс штабы:
хабарландыру жүйесiн, жылжымалы дауыс зорайтқыш қондырғыларын ұдайы әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етсiн, хабарландыру жүйесiн қайта жаңартуды iске асырып,аяқтасын, бір ай мерзiм iшiнде электр сиреналары мен көшелердегi дауыс зорайтқыштардың санын нормативтiк деңгейге дейiн жеткiзсiн, хабарландыру мен шұғыл ақпарат белгiлерiн мемлекеттік емес теле және радиохабары компаниялары арқылы, сондай-ақ аудандық және жергiлiктi тұрғын үй-пайдалану және авариялық қызмет орындарының адамдарын, милиция күшiн тарту жолымен беру мәселелерiн пысықтасын;
бір ай мерзiм iшiнде төтенше жағдайлар кезіндегі байланысты ұйымдастырудың схемаларын әзiрлеп, бекiтсiн, радиостанциялардың, басқа радио құралдарының қажеттi мөлшерiн ұстасын;
үш ай мерзiм iшiнде мәселелердi пысықтап, жедел жағдай, табиғи зiлзаланың зардаптарын жоюдың барысы, күш пен құралдарды iске қосу мен бөлу туралы компьютераралық байланыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне түсiрудi қамтамасыз етсiн.
17. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
"Волна-II" схемасы бойынша байланыс құралдарының ұдайы әзiрлiгiн қамтамасыз етсiн, оны модерлендiру жөніндегі шараларды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi үшiн, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссиялар үшiн олардың өтiнiмдерi бойынша радио жиiлiктердi кiдiртпей бөлетiн болсын.
18. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет 1995 жылғы 1 тоқсанда байланыстың сымды жүйесi iстен шыққан жағдайда күш пен құралдардың басқарылуын қамтамасыз етпек жедел радио байланысы жүйесiн құрсын.
ҚР Үкіметінiң 26.08.97 ж. № 1286 қаулысымен 19-тармақтың күшi жойылды
19.
Халықты және басшыларды төтенше жағдайлардағы
iс-қимылдың тәртібі мен ережелерiне үйрету жөнiнде
20. Алматы, Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, министрлiктер мен ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар мен ұйымдардың, басқа да ұйымдық-өндiрiстiк құрылымдардың басшылары:
жер сiлкiну жағдайындағы iс-қимылға әзiрлену мен оның тәртібінiң ережелерiне халықты, барлық деңгейдегi басшыларды үйретудi үнемi жүзеге асырсын, үйретулер мен жаттықтыруларды, соның iшiнде хабарландыру белгiлерi бойынша, ұдайы өткiзiп отырсын, әрбір отбасын тиiстi жадынама мен немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етсiн, осы білімдi бұқаралық ақпарат құралдарында белсендiлiкпен насихаттайтын болсын;
әрбір елдi пунктте, үй мен ғимаратта, тиiстi көрсеткiштер орната отырып, келiп тұратын қауiпсiз жерлердi, қоныс аудару жолдарды белгiлесiн, адамдарды үйлер мен ғимараттардан алып шығудың практикалық тәсiлдерiн тиянақтасын.
21. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі оқушылар мен профессор-оқытушылар құрамының бүкiл контингентiн жер сiлкiну жағдайындағы iс-қимылдың ережелерi мен тәртібіне үйретсiн, практикалық икемдiлiктi арттыру жөнiнде үнемi жаттығулар жүргiзсiн.
22. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiсу бойынша 1995 жылғы және одан кейiнгi жылдары мемлекет қажетiне арналған тапсырысқа халықты және басшыларды төтенше жағдайлардағы iс-қимылға үйретумен байланысты оқу әдебиетiн, жарнамаларды, құжаттарды және өзге де баспа өнiмдерiн басып шығаруды қоссын, ведомствоға қарасты кәсiпорындарда оқу әдебиетiн басып шығаруды және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануын ұйымдастырсын.
Авариялық-құтқару қызметiнiң әзiрлiгiн, жабдықталуын
және дамуын қамтамасыз ету, күш пен құралдарды
iске қосу жөнiнде
23. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары авариялық-құтқару қызметiнiң күштерiн, азаматтық қорғаныстың әскерилендiрiлмеген құрамаларын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етсiн, сейсмикалық қауiптi аймақтарда халықтың әр он адамына бір құтқарушыдан келетiн есеппен олардың санын толықтыра түсу және осы құрамаларды қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен және құралдармен жабдықтау жөнiнде шаралар қолдансын, құтқару және басқа да кезек күттiрмес жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу мақсатында ұдайы оқулар мен жаттығулар өткiзсiн, авариялық-құтқару құрамаларын даярлау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қаражатты басыңқылық тәртiппен қарастырсын.
Азаматтық қорғаныстың әскерилендiрiлген құрамаларын толықтыру мақсатымен тиiстi әскери комиссариаттар арқылы запастағы әскери мiндеттемелердi пайдалануға рұқсат етiлсiн.
24. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1995 жылдың 1 тоқсанының аяғына дейiн Республикалық жедел-құтқару отрядын мамандармен толықтырсын, техникамен және арнаулы жабдықтармен жабдықтасын, құтқару жұмыстарын жүргiзу әзiрлiгiне келтiрсiн және оның қосақкерi (дублерi) - Шығыс Қазақстан жедел құтқару отрядын техникамен жарақтандыруға практикалық көмек көрсетсiн. Осы мақсат үшiн 1995 жылы Министрлер Кабинетінің резерв қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған жалпы сомасы 60 (алпыс) миллион теңге қаражат бөлiнсiн.
25. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қорғаныс министрлігі 1995 жылдың бірiншi жарты жылдығында Ұзынағаш азаматтық қорғаныс полкын техникамен, жабдықтармен және жарақтармен толықтыру мен жарақтауды аяқтасын және оның авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге толық әзiр болуын қамтамасыз етсiн.
26. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі өрт сөндiру бөлiмдерiн қажеттi өртке қарсы және авариялық-құтқару техникасымен, жабдықтармен және жарақтармен жарақтандыра түсудi қамтамасыз етсiн.
27. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 1995 жылдың 1 тоқсанында шұғыл медицина қызметiн құруды аяқтасын және оның төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық жұмыстарды жүргiзуге әзiр болуын қамтамасыз етсiн.
28. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі 1995 жылға және кейiнгi жылдарға арналған республиканың индикативтiк жоспарлары мен бюджетiнiң жобаларын пысықтаған кезде осы қаулының 24-27-тармақтарында аталған авариялық-құтқару құрамаларын, өрт сөндiру бөлiмдерi мен шұғыл медицина қызметтерiн ұстау, оларды жабдықтау мен дамыту жөніндегі, оқуларды, жаттығулар мен оқу-әдiстемелiк жиындарын өткізу жөніндегі, оқуларға тартылған штаттан тыс құтқарушылардың еңбегi мен қоныс аударуына ақы төлеу жөніндегі шығындарға қаражаттың жыл сайын, соның iшiнде 1995 жылы жалпы мөлшерi кемiнде 1500 миллион (бір миллиард бес жүз миллион) теңге бөлiнуiн көздесiн.
29. Облыстардың әкiмдерi қиратушы жер сiлкiну болған жағдайда құтқару және кезек күттiрмес қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн № 2 қосымшаға сәйкес күш пен құралдардың бөлiнуi мен iске қосылуын қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетпен бірге 1995 жылдың қаңтарынан бастап ұдайы жаттығулар мен оқуларды өткізудi қамтамасыз етсiн.
30. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен оның жер-жердегi құрылымдық бөлiмшелерi бір ай мерзiм iшiнде мүмкiн болатын аса iрi жерсiлкiнулер, авариялар мен апаттар жағдайында қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету, тонау, мемлекеттік, қоғамдық мүлiктi және азаматтардың жеке мүлкiн ұрлау жөніндегі фактiлерге жол бермеу жөніндегі шаралардың жоспарын жасайтын болсын.
ҚР Үкіметінің 07.01.00 ж. № 25 қаулысымен 31-тармақ өзгертілді
31. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жер сiлкiнулердiң, басқа да табиғи зiлзала мен техногендiк апаттардың зардаптарын жою үшiн күш пен құралдардың бөлiнуiн № 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн; тиiстi оқулар мен жаттығуларды ұдайы өткiзiп отырсын.
ҚР Үкіметінiң 26.08.97 ж. № 1286 қаулысымен 32-тармақтың күшi жойылды
32.
33. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бірлесе отырып бір ай мерзiм iшiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
34. Министрлiктер мен ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар бір ай мерзiм iшiнде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтi құрып, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі штаттағы қызметкерлердiң лауазымдарын енгiзсiн.
35. Қазақстан Республикасының қорғаныс штабы екi апта мерзiм iшiнде қиратушы жер сiлкiнулердiң қатерi төнген және болған жағдайда министрлiктермен және ведомстволармен, жергiлiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери бөлiмдерiмен өзара iс-қимылдарының жоспарларын жасайтын болсын.
Көлiк кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру туралы
ҚР Үкіметінiң 28.06.96 ж. № 836 қаулысымен 36-тармағына өзгертілді
36. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Алматы, Батыс Қазақстан, Тың темір жолдарының басқармалары, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясы, екi ай мерзiм iшiнде:
ауыр инженерлiк және көлiктiк техниканы, материалдарды жеткізу үшiн ауыр жүк көтеретiн ұшақтардың қабылданылуын қамтамасыз ететiн аэродромдарды айқындасын және аталған жүктердi тасуды ұйымдастыру жөніндегі өзара iс-қимылдардың жоспарларын пысықтасын;
Алматы қаласының бойымен айналып өтетiн темір жол салуды және Алматы-1, Алматы-2 теміржол станциялары арасында екiншi жолдар салуды ұйымдастыру мәселелерiн пысықтасын;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірге теміржол тұйықтамаларында инженерлiк және көлiктiк техниканы түсiру үшiн кiрме құрылғыларын (аппарельдер) орнатуды қамтамасыз етсiн;
Алматы, Талдықорған облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерiмен бірге авариялық-құтқару құрамаларының техникасы мен механизмдерiн түсiру үшiн және облыстар, түсiру станциялары және Алматы қаласының аудандары бойынша № 2 қосымшаға сәйкес бекiте отырып жер сiлкiнген аудандардан зардап шеккен халықты қоныс аудару үшiн Отар-Алматы-Қапшағай, Сарыөзек-Алажиде станцияларының учаскелерiнен түсiру-тиеу пункттерiн айқындасын, Алматы қаласына жанасатын барлық теміржол станцияларында жүктердi жедел түсiрiп, адамдарды әкелу үшiн автокөлiк кiрме жолдарын салуды қамтамасыз етсiн, темір жол бойында және аэродромдарда авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындау үшiн қажет болатын күш пен құралдардың нормативтiк санын айқындасын;
1995 жылдың қаңтарынан бастар жер сiлкiнудiң қатер төнген және болған жағдайда көлiк кешенiнiң iс-қимылының жоспарларын пысықтау жөнiнде арнайы жаттығулар өткiзсiн.
Зардап шеккен халықты қоныс аудару жөнiнде
37. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi Азаматтық қорғаныс штабы Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының облыстар әкiмдерiнiң қатысуымен бір ай мерзiм iшiнде балаларды, науқастарды және Алматы мен Талдықорған қалаларында қиратушы жер сiлкiнулерiнiң болуынан зардап шеккен халықты қоныс аударудың жоспарларын жасайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi атаған мәселелердi пысықтаудың қорытындысы бойынша тиiстi ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Баспасөзде жарияланбайды.
38. Азаматтық қорғаныс штабы Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен бірлесе отырып бір ай мерзiм iшiнде үйлер мен ғимараттарды паспорттау деректерi және олардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi негiзiнде мүмкiн болатын жер сiлкiнулер кезiнде Алматы мен Талдықорған қалаларындағы халықтың шығынын (соның iшiнде қайтып оралмайтын) есептеуге нақтылау жүргiзсiн.
Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi бір ай мерзiм iшiнде Алматы мен Талдықорған қалаларында қиратушы жер сiлкiну жағдайында қаза тапқан халықты жерлеуге қазiргi бар орындардың санын айқындай түссiн.
Материалдық-техникалық, азық-түлiктiк,
медициналық резервтер жүйесi жөнiнде
39. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi 1995 жылдың бірiншi жарты жылдығы бойынша Алматы қаласында жер сiлкiну бола қалған жағдайда "Мұнай өнiмдерi", "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компанияларымен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, акционерлік және холдинг компанияларымен, концерндерiмен бірге мемлекеттік резервтiң құрамына мыналардың:
200-250 мың тонна мөлшерiнде жағу-жағым материалдарының;
1500 киiз үй мен оларға жылытқыш пештердiң;
4000 жылы шатырдың;
болат пен шойын тұрбаларының, тiрек арматурасының, металл прокатының, ағаш материалдарының, жабу брезентiнiң, кабель бұйымдары мен басқа да құрылыс материалдары мен бұйымдарының (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң тиiстi шешiмдерiмен белгiленген номенклатурасы мен мөлшерi бойынша) жинақталуын қамтамасыз етсiн.