40. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бірге төтенше жағдайлар бола қалған кезде зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшiн қажеттiлiк есептемесi бойынша дәрi-дәрмек пен медициналық жабдықтардың республикалық резервiн:
Алматы қаласы, Алматы және Талдықорған облыстары үшiн - 1995 жылғы 1-тоқсан бойы;
республиканың қалған облыстары үшiн - 1995 жыл бойы жасайтын болсын.
41. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі "Легпром", "Тағам" мемлекеттік акционерлік және холдинг компанияларымен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, акционерлік және холдинг компанияларымен, концерндерiмен бірлесе отырып тағам өнiмдерiнiң (соның iшiнде консервiленген), киім-кешектiң, кереуеттiң, төсек бұйымдарының республикалық резервтерiн;
Алматы қаласы үшiн қажеттiлiк есептемесi бойынша 100 мың адамға 30 тәулiкке дейiнгi уақытқа - бір ай мерзiм iшiнде;
республиканың қалған облыстары үшiн - 1995 жыл бойы жасайтын болсын.
42. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі:
мемлекеттік резерв құрамындағы төтенше жағдайларға арналған 39-41-тармақтарда аталған өнiмдер мен материалдар номенклатурасын ұстауға - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетке, Денсаулық сақтау министрлігіне, Өнеркәсiп және сауда министрлігіне;
киiз үйлер мен оларға арналған жылытқыш пештердiң сақталуын, саны мен сапасының сақталуын, дер уақытында олардың резервiнiң жаңартылуына байланысты шығындарға - "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компаниясына;
мемлекеттік резервтегi мұнай өнiмдерiнiң сандық және сапалық сақталуын жауапты сақтау мен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шығындарға - "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясына 1995 жылдан бастап қаражат көлемiн тиiсiнше өсiрудi көздесiн.
43. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар өздерiне сенiп тапсырылған аумақтар мен ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарда осы секiлдi резервтер жасауды көздейтiн болсын.
44. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен келетiн залалды азайту жөнiнде аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып шаралар кешенiн әзiрлеп, тиiстi шешiмдер қабылдасын.
45. Осы қаулының орындалуына жергiлiктi атқару органдарының, министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелердiң бірiншi басшыларына жеке жауапкершiлiк жүктелсiн.
46. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер, ведомстволар, акционерлік және холдинг компаниялар,концерндер осы қаулының жүзеге асырылу барысы туралы жыл сайын (жарты жылдың қорытындысы бойынша) және тапсырмаларды орындау үшiн белгiленген мерзiмдердiң бiтуiне қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баяндайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1490 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясының
сенiмдi байланыс құралдарымен қамтамасыз етiлуге
жататын сейсмологиялық станциялары
Рет N | Сейсмологиялық станцияның атауы | Телефон байланысы |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. | |
УҚТ радиостан. циясы (радиореле байланысы) |
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1490 қаулысына
2 қосымша
ҚР Үкіметінің 07.01.00 ж. № 25 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда
Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкін жер
сілкінісінің зардаптарын жою үшін бөлінетін, күштер мен құралдар
Кім бөледі | Жеке құрамның саны, адам | Техниканың саны, бірлік |
а) Алматы қаласы үшін Астана қаласы 1495 162 Ақмола облысы 1610 145 Ақтөбе облысы 2452 161 Атырау облысы 1280 160 Шығыс Қазақстан облысы 6160 880 Жамбыл облысы 7440 1060 Батыс Қазақстан облысы 1896 143 Қарағанды облысы 1970 260 Қызылорда облысы 1420 170 Қостанай облысы 1700 150 Маңғыстау облысы 1150 120 Павлодар облысы 2755 420 Солтүстік Қазақстан облысы 945 140 Оңтүстік Қазақстан облысы 5433 660 Қорғаныс министрлігі 1600 95 Ішкі істер министрлігі 800 85 Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісім және жеке жоспар бойынша б) Алматы облысы үшін Батыс Қазақстан облысы 100 - Қарағанда облысы 4670 945 Павлодар облысы 1155 235 Оңтүстік Қазақстан облысы 1540 145 Қорғаныс министрлігі 4000 240 Ішкі істер министрлігі 720 60 Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісім және жеке жоспар бойынша |
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1490 қаулысына
3 қосымша
ҚР Үкіметінің 07.01.00 ж. № 25 қаулысымен 3-қосымшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1490 қаулысына
4 қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволары құратын азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметiнiң
Тiзбесi
Республика министрлiктерi мен ведомстволары | Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметi |
1. Iшкi iстер министрлігі Қоғамдық тәртiптi сақтау қызметi Өртке қарсы қызмет 2. Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметi "Фармация" мемлекеттік акционерлік холдинг компаниясымен, "Медтехника" акционерлік қоғамымен бірге 3. Баспасөз және бұқаралық ақпарат Ақпарат қызметi министрлігі "Қазақстан теледидары мен радиосы" корпорациясымен бірге 4. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда Инженерлiк қызмет құрылыс салу министрлігі "Құрылыс", "Құрылыс материалдары" мемлекеттік холдинг компанияларымен, "Монтажспецстрой" акционерлік холдинг компаниясымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту және пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік республикалық "Қазтұрғынкомшар" концернiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бірге 5. Көлiк және коммуникациялар Көлiк қызметi министрлігі 6. Өнеркәсiп және сауда министрлігі Сауда және тамақтандыру Тұтыну қоғамдары одағымен бірге қызметi 7. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi Энергетика қызметi министрлігі 8. Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал және өсiмдiк қорғау қызметi 9. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік Хабарландыру мен байланыс компаниясы қызметi 10."Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік Жанар-жағар материалдар акционерлік компаниясы қызметi 11."Сельхозмаш" ҰХК "Кең дала" Техникалық қызмет мемлекеттік акционерлік компаниясымен бірге 12."Қазақстан жолдары" мемлекеттік Жол және көпiр қызметi акционерлік компаниясы 13. "КАТЭП" ұлттық акционерлік Радиацияға қарсы қорғаныс компаниясы қызметi 14."Химпром" мемлекеттік холдинг Химиялық қорғау қызметi компаниясы |