Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi
бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж.
29 қыркүйектегі № 1081 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен табиғи ортаны табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында мемлекеттік саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi бағдарлама бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаның тапсырмалары мен шараларын жүзеге асыру жауапкершiлiгi мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрiншi басшыларына жүктелсiн.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестiру мен оның орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн.
1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен.
2. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiне сәйкес, орындалу мерзiмдерi мен материалдық және қаржылық шығындары көрсетiлген нақты шараларды 3 ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3. Төтенше жағдайлардың зардабын жоюды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады деп белгiленсiн. Ерекше реттерде төтенше жағдайлар жан-жақты және аймақтық ауқымда болған кезде жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тиiстi көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды.
3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен.
4. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жергiлiктi сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру мен олардың зардабын жою үшiн 1994 жылғы бастап жергiлiктi бюджеттердiң және бюджеттен тыс көздердiң есебiнен қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiлiктi төтенше резерв қорлары жасалуын көздейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі бағдарламаның шаралары жыл сайын облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен, министрлiктермен, ведомстволармен, мемлекеттік компаниялармен және концерндермен пысықталатынын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi болжамдарының және республикалық бюджеттiң жобаларымен үйлестiрiлетiнiн ескере отырып, Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 29 қыркүйектегi
№ 1081 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл
жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi бағдарлама
Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 шiлдедегi № 1218 қаулысын орындау үшiн әзiрленiп:
- төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюдың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуға, тиiстi нормативтiк-техникалық база жасауға;
- объектiлердi авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау жүйесiн жетiлдiруге, оларды сенiмдi пайдалану талаптарына сәйкестендiруге;
- төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық резервтер жасауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру құрамалары жұмыстарының әзiрлiгi мен тиiмдiлiгiн көтеруге;
- халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оны төтенше жағдайлар кезіндегі дағдылар мен ережелердi ұстауға оқытып-үйретуге, төтенше жағдайлардың қаупi туралы белгi-хабар беру жүйесiнiң сенiмдiлiгiн көтеруге;
- төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимыл жөніндегі Республикалық кешеннiң басқару, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiруге;
халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған.
1. Жалпы ережелер
I. Негiзгi ұғымдар мен терминдер
1. Төтенше жағдай (ТЖ) - адам және материалдық шығындарға әкелген немесе әкелетiн авария, апат, табиғи немесе экологиялық зiлзалаларға, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға байланысты объектiде немесе белгiлi бiр аумақта (акваторияда) адамдардың қалыпты өмiр жағдайлары мен қызметiнiң бұзылуы.
Төтенше жағдайлар таралу ауқымына қарай:
- жеке мәндiлiктi (зардабы қондырғымен, цехпен шектеледi);
- объектiлiк (заpдабы объектiмен шектеледi);
- жергiлiктi (зардабы қаламен, ауданмен, облыспен шектеледi);
- аймақтық (зардабы бiрнеше облыспен шектеледi);
- кең ауқымды (заpдабы республиканы, немесе республиканың бiр бөлiгi мен шектес елдердi қамтиды) болып тармақталады.
Төтенше жағдайлар пайда болу себептерi бойынша табиғи және техногендiк болып бөлiнедi.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу - төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы мен зардаптарын болжау, төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу, олар бола қалған жағдайда мүмкiндiгiнше шығынды шектеу немесе азайту, төтенше жағдайлардың ықтималдығы немесе сөзсiз болуы туралы басқару органдары мен халықты дер уақытында хабардар ету жөніндегі, сол сияқты оның басталуы немесе тiкелей қатерi туралы хабарлау жөніндегі шаралардың кешенi.
3. Төтенше жағдайларды жою - адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн тiкелей қауiптi жою, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалыпқа келтiру жөніндегі авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу.
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі
шаралар
Шараларды жүзеге асыруға Ғылымминi, ҚазҰҒА, Экономминi,
жауапты министрлiктер, ведомст. Құрылысминi, Азаматтық қорғаныс
волар, облыс (қала) әкiмдерi штабы, Көлiк және коммуникация.
мен басқа да республикалық лар министрлігі,
ұйымдар "Қазселденқорғау" өндiрiстiк
бiрлестiгi, Қазгидромет, басқа
да министрлiктер мен
ведомстволар, облыстардың
(қалалардың) әкiмдерi,
акционерлік және холдинг
компаниялар, концерндер
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар халықты, шаруашылық объектiлерi мен жердi қауiптi табиғи және техногендi құбылыстардың зиянды ықпалынан қорғау жөніндегі iс-қимылдардың жалпы кешенiнiң маңызды буыны болып табылады. Бұл шаралар адамдар өмiрiн қауiпсiздендiруге, мүмкiн залалды елеулi түрде төмендетуге, ал жекелеген жағдайларда оны толық болдырмауға мүмкiншiлiк бередi.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларға қауiптi құбылыстарды ғылыми зерттеулер, оларды болжамдау, жағдайды бақылау және басқалар жатады.
2. Ғылыми зерттеулер
Қауiптi табиғи және техногендiк құбылыстарға ғылыми зерттеулер жүргiзу қажеттiлiгi олардың жиi қайталанатындығы мен жеткiлiксiз зерттелуiне байланысты. Зерттеулердiң басты бағыттары:
- қауiптi табиғи құбылыстардың белсендiлiгiнiң даму барысына бақылау жасауды қоса алғанда, аймақтық және жергiлiктi геоэкологиялық мониторингтiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу;
- геоақпараттық жүйе жасау, геоэкология және қауiптi табиғи құбылыстардың ақпараттық өңдеу мен сақтау әдiстерiнiң проблемалары бойынша мәлiметтер банкiлерi мен білім базаларын жасау;
- қауiптi табиғи құбылыстардың және олардың қалыптасу ошақтарының кадастрларын жасау;
- қауiптi табиғи құбылыстар мен техногендi апаттардың қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың есебi мен болжамының, алдын алу, бақылау және қорғаныс құралдары шараларының әдiстерiн әзiрлеу;
сейсмикалық шыдамды үйлер мен ғимараттардың тиiмдi құрастырмалары және құрылыстардың сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есебi мен жобаларының, ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамыту болып табылады.
3. Жағдайды байқау, бақылау, қауiптi
құбылыстарды болжамдау және хабар беру
Табиғи және өндiрiстiк объектiлердiң жай-күйiне саны мен сапасы бойынша жеткiлiктi режимдiк байқауларсыз, сол сияқты қауiптi құбылыстарды болжамдау бойынша тиiмдi әдiстер болмайынша төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкiн емес. Iс жүзіндегі сейсмикалық бақылаулар жүйесi бұл күнде республикада мейлiнше бiркелкi емес және сейсмикалық қауiп пен жер сiлкiнiсiн болжауға баға беру үшiн, сол сияқты басқа да қауiптi құбылыстарға бақылау жасау үшiн қажеттi материалдар алудың ауқымын қамтамасыз етпейдi. Олардың техникалық жабдықталуы көпшiлiк жағдайларда қазiргi заман талабына жауап бермейдi. Сондықтан басты назар байқау жүйесi объектiлерiнiң жаңасын жасауға және қолданылып жүргендерiн жаңартуға, қауiптi құбылыстарды болжамдау мен хабарлау әдiстерiн әзiрлеу мен жетiлдiруге аударылуы тиiс.
4. Бақылау тораптарын құру және дамыту
Ұйымдық-техникалық жұмыстар мен әзiрлемелерi:
- сейсмикалық қауiпке баға беру, жер сiлкiнiстерiн болжамдау мен жер сiлкiнiстерiнен болатын зиянды азайту бойынша шаралар ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық сейсмологиялық қызметiн құруға;
- сейсмологиялық байқау мәлiметтерiн жинау жүйесiн, сондай-ақ Жердiң жасанды серiктерiн пайдаланып, апатты құбылыстарға жедел болжам жасауға;
- мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға;
- мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға;
- радиоактивтi нәрселермен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтау, радиоактивтiк жұқпа байқалған кезде шұғыл қауiпсiздiк шараларын қабылдауды қамтамасыз ету үшiн радиациялық жағдайға бақылау жасаудың бiрыңғай республикалық жүйесiн құруға;
- селдiк хабарлаудың автоматтандырылған жүйесiн жасауға;
- гидрометеорологиялық бақылау тораптарын кеңейту мен автоматтандыруға;
- болжамдау ақпаратын жинауға арналған байланыс жүйесiн жетiлдiруге;
- химиялық қауiптi объектiлерге, газ және мұнай кешенi кәсiпорындарына, iрi гидротехникалық құрылыстарға ерекше назар аударып, мейлiнше қауiптi өнеркәсiп және су шаруашылығы объектiлерiн бақылау мен хабарлаудың жергiлiктi жүйелерiн паспорттау мен құруға;
- ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың пайда болуының мүмкiн ошақтары туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға бағытталған.
5. Қауiптi құбылыстарды болжаудың
әдiстерi мен технологияларын әзiрлеу және енгізу
Бұл бағыттағы негiзгi жұмыстар:
- техногендi апаттардың, мұның iшiнде қосымша әсерлердiң мүмкiн зардаптарына баға беру;
- табиғи және техногендi апаттардың зиянын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі алдын алу шараларын жоспарлау мен ықтималдандыру;
- табиғат апаттарын болжамдаудың ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi әдiстерiн әзiрлеу мен зиянды азайту бойынша алдын алу шаралары жоспарын ықтимал ету үшiн оларды пайдалану;
- болған апаттардың мөлшерiн анықтаудың, болған апаттардың зияны мен мүмкiн зардаптарына баға берудiң автоматтандырылған жедел әдiстерiн әзiрлеу, мұның iшiнде апат болған жерден тiкелей ақпарат болмаған кезде;
- апаттардың зардаптарын жою жөніндегі шаралар жоспарын жедел iс жүзiне асыру әдiстерiн әзiрлеу;
- табиғи және техногендi апаттарды болдырмау әдiстерiн әзiрлеу;
111 Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше
жағдайлардан болатын зиянды азайту және олардың
зардаптарын жою жөніндегі шараларды жоспарлау
мен жүзеге асыру
Шараларды жүзеге асыруға Азаматтық қорғаныс штабы,
жауапты министрлiктер, Iшкiiсминi, Құрылысминi,
мемлекеттік комитеттер, Денсаулықминi, Бiлiмминi,
облыс (қала) әкiмдерi Баспасөзминi, Мемматрезервкомы,
Қорғанысминi, Мемсуресурскомы,
Көлiк және коммуникациялар
министрлігі, Өнеркәсiп және сауда
министрлігі, басқа да министрлiктер
мен ведомстволар, облыс (қала)
әкiмдерi, акционерлік және холдинг
компаниялар, концерндер
Табиғи және техногендi авариялар мен апаттар жалпы жиынтығында адам мүмкiншiлiгiнiң шектеулiгiне байланысты iс жүзiнде мұғайым болдырмау мүмкiн емес оқиғалар болып саналады. Алайда олардың зиянды әсерi арнаулы алдын алу шараларын жүргiзу есебiнен елеулi түрде азайтылуы мүмкiн. Бұған бiрiншi кезекте ұйымдық және инженерлiк-техникалық қорғаныс шараларын жатқызуға болады.
Инженерлiк-техникалық шараларды жүргiзу инженерлiк әдiстер арқылы алдына авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде мүмкiн болатын зиянды елеулi дәрежеде азайту мақсатын қояды. Бұған құрылысты сейсмикалық орнықты және үйлер мен ғимараттарды берiк ету жөніндегі жұмыстар, гидротехникалық, инженерлiк-геологиялық қорғаныс шаралары, коммуникациялар жүйесiн жетiлдiру бойынша жұмыстар мен өндiрiс объектiлер жұмыстарының қауiпсiздiгiн көтеру жөніндегі шаралар кiредi. Бұл тым қымбат болғанымен, бiрақ өзiн әбден ақтайтын тәсiл болып табылады.
6. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою
жөніндегі органдар мен қызметтердi құру және жетiлдiру
Төтенше жағдайларға, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың пайда болу себептерiнiң алдын алуға, олардың зардаптарын жоюға шұғыл көңiл бөлу мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жөніндегі республикалық жүйе жетiлдiрiледi (ТЖ РЖ). Республикалық жүйенi дамыту жөніндегі шаралар тiзбесiне:
- авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу үшiн төтенше жағдайларды жоюға тартылған авариялық-құтқару қызметiнiң тұрақты түрдегi әзiрлiгiн жасау мен қолдау;
- төтенше жағдайларға жылдам икемделетiн көп салалы орталықтардың тiрек тораптарының қызметiн құру және қамтамасыз ету;
- шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн құру және одан әрi дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу;
- республикалық және облыстық жедел-құтқару жасақтарын дамыту мен жабдықтау;
- республикалық, облыстық, аудандық, ведомстволық және объектiлiк деңгейлерде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және оларды өзара байланыстыру;
- министрлiктерде, ведомстволарда, жергiлiктi басқару органдары мен шаруашылық объектiлерiнде табиғи және техногендi төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алудың кешендi бағдарламасын әзiрлеу кiредi.
7. Төтенше жағдайлардың алдын алу және
iс-қимыл жасау бойынша халықты және мамандарды
оқыту жүйесiн құру
Табиғи және техногендi апаттардан болатын республика халқының арасындағы шығынның алдын алу және азайту, республика шаруашылық кешенiнiң біліктi мамандарға сұранысын қанағаттандыру, басқару органдарының дайындығын арттыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау бойынша халықты және мамандарды оқытудың республикалық жүйесi құрылады, ол;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау бойынша халықтың, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларының, жұмысшылар мен қызметкерлердiң, студенттердiң, оқушылардың, мектепке дейiнгi мекемелер балаларының жан-жақты дайындығын қамтамасыз етудi және олардың дайындығына бақылау жасауды жүзеге асыруды;
- жергiлiктi жағдайлар мен қазiргi заман талаптарын ескере отырып, төтенше жағдайлардағы халықтың, мамандардың, барлық деңгейдегi мамандардың дайындығы жөнiнде оқу бағдарламалары мен әдiстемелерiн, оқу құралдарын, компьютерлiк жүйелердi Қамтамасыз ету мен ендiрудi;
- оқу-материалдық базасын жетiлдiрудi, бейне техникаларды, компьютерлiк және автоматтандырылған оқу жүйелерiн ендiрудi;
- халықтың, мамандардың, барлық деңгейдегi басшылардың төтенше жағдайлардағы iс-қимылының дайындығына арналған өндiрiстiк тренажерлердi жасау мен игерудiң кешендi бағдарламасын әзiрлеудi;
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл және азаматтық қорғаныс бойынша жоғарғы оқу орындарында республиканың шаруашылық кешенiне арналған мамандар, ал гуманитарлық жоғары оқу орындарында "Тiршiлiк қызметiнiң негiздерi" бойынша оқытушылар даярлауды;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгiдегi жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретiн мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, мектепке дейiнгi мекемелерде, басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктiлiгiн көтерудiң республикалық салааралық институтында оқу жоспарында дифференциалды сағат санымен "Тiршiлiк қызметiнiң негiздерi" курсын енгізудi;
- төтенше жағдайлар проблемалары бойынша оқу кино және бейнефильмдердiң, мультфильмдердiң қажеттi санын, тақырыптамасы мен тиражын белгiлеудi, оларға тапсырысты, төтенше жағдайлардағы халықтың және басшылардың әзiрлiгi мен iс-қимылының тақырыптамасы бойынша қажеттi шетел бейнефильмдерiн сатып алуды, оны қазақ және орыс тiлдерiне аударуды ұйымдастыруды;
- төтенше жағдайлар жағдайында халықтың, барлық деңгейдегi басшылардың практикалық iс-қимылдарды игеруге бағытталған оқуларды әзiрлеуi мен жүргiзуi жөніндегі бiрыңғай әдiстемелердi жасауды;
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл және азаматтық қорғаныс жөніндегі республикалық жүйенiң оқу тәжiрибе кешенiн құруды;
- азаматтық қорғаныс институтын және республиканың облыстары мен қалаларында оның бөлiмшелерiн ашуды;
- төтенше жайғдайлар пайда болған жағдайда, жергiлiктi жағдайларды есепке ала отырып, халықтың барлық деңгейдегi басшылардың, жұмысшылар мен қызметкерлердiң, оқушы жастардың, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi балаларының iс-қимылын жетiлдiру жөнiнде сейсможаттығулар мен жаттығулар және оқулардың басқа да түрлерiн жүйелi түрде ұйымдастыру мен жүргiзудi;
- төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға халықты оқыту жөнiнде жыл сайын айлық өткізудi;
- жүйелi түрде телерадиохабарлар жүргiзудi, баспасөз органдарынан мақалалар, төтенше жағдайлар проблемалары бойынша кiтапшалар, естелiктемелер, плакаттар шығаруды ұйымдастыруды;
- сейсмикалық берiк құрылыс пен шағын қабатты жеке тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн көтеру жөнiнде үлгiлiк жобалау шешiмдерiнiң жинақтарын, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзу жөнiнде техникалық ұсыныстамалар әзiрлеу мен шығаруды;
- төтенше жағдайларда халықтың, мамандар мен басшылардың iс-қимылының дайындығы мәселелерi жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруды;
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мамандықтары бойынша офицер кадрларын даярлауға кандидаттарды ТМД елдерiнiң әскери оқу орындарында оқытуды көздейдi.
8. Төтенше жағдайларға арналған
материалдық-техникалық, азық-түлiк, дәрiгерлiк
және басқа да ресурстардың қорын жасау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мобилизациялық резервтерiнiң құрамында төтенше жағдайларға арналған резервтi жасау жөніндегі жұмыстар авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде халықты қорғаудың кепiлдiгiн, шаруашылық объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған және:
- облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң, министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың және меншiк нысанына қарамастан экономикалық қатынастардағы басқа да субъектiлердiң төтенше жағдайлар жағдайында халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету және кезек күттiрмейтiн авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзуi үшiн материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, дәрiгерлiк және басқа да ресурстарды, мемлекеттік және мобилизациялық резервтер құрамында олардың көлемдерi мен мерзiмдерiн айқындауды;
- зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге және аймақтық және кең ауқымды төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде бiрiншi кезектi жұмыстар жүргiзуге арналған азық-түлiктердiң, арнаулы техникалық жабдықтардың мемлекеттік резерв құрамында республикалық деңгейдегi қорын жасауды қарастырады.
9. Республиканың авариялық-құтқару
қызметiн құру және материалдық-техникалық
жарақтандыру
Қауiп-қатер және апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою кезіндегі азаматтық қорғаныс жөніндегі күштер жүйесiн республиканың авариялық-құтқару қызметiн қалыптастыру мен дамыту:
- Iшкi iстер министрлігінiң өрт сөндiру бөлiмдерi мен авариялық-құтқару бөлiмшелерiн; министрлiктiң, ведомстволар мен кәсiпорындардың мамандандырылған авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру бөлiмшелерiн; әскери бөлiмдердi және азаматтық қорғаныстың әскериленбеген құрамаларын; денсаулық сақтау министрлігінiң шұғыл дәрiгерлiк көмек құрамаларын; жедел-құтқару жасақтарын, материалдық-техникалық және кадрлық жағынан нығайтуды;
- республиканың авариялық-құтқару қызметiн техникамен, арнаулы құрал-жабдықпен, аспаптармен және приборлармен, мұның iшiнде құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарына арналған шетел өндiрiсi құралдарымен жарақтандыруды;
- республиканың, мұның iшiнде авариялық-құтқару қызметiн жарақтандыру үшiн конверсияланған өнеркәсiп кәсiпорындарында авариялық-құтқару техникалары, құралдар мен жабдықтар өндiрiсiнiң бағдарламасын әзiрлеп, жүзеге асыруды;
- құтқарушылар мен мамандарды шетелде оқыту мен тәжiрибеден өткізудi көздейдi.
10. Төтенше жағдайларда пайдаланылатын
байланыс және телекоммуникациялар құралдары жүйесiн
жетiлдiру
Төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардаптарын тоқтату және жою жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын мемлекеттік басқарудың республикалық орталық органдарының облыс, қажет болғанда қалалық және аудандық әкiмшiлiктермен және республикалық министрлiктер және ведомстволармен, өнеркәсiп және көлiк-энергетика кәсiпорындарымен, әртүрлi деңгейдегi кезекшi қызметтермен және ТЖ зардаптарын жоюға тартылған күштермен байланыс орнату үшiн ТЖ комиссияларымен өзара iс-қимыл болғанда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Байланыс және телекоммуникациялар жүйесiн дамыту;
байланыс пен хабар берудiң iс жүзіндегі барлық, мұның iшiнде ведомствоаралық, ведомстволық, әскери және арнаулы бағыттағы жүйелермен үйлестiру мен өзара iс-қимылды ұйымдастыруды;
қажеттi жабдықтарды, байланыс құралдарын, мұның iшiнде арнаулы байланысқа арналған телекоммуникацияларды алу мен пайдалануға енгізудi;
ТЖМК, ТЖК мүшелерi мен ТЖАҚ қызметтерi, басқару органдары мен штабтардың басшыларына арналған жеке радиобайланыс пен радиоiздестiру хабарын берулердiң жеке құралдарымен қамтамасыз етудi;
- жылжымалы жедел топтары (штабтары), мобильдi байланыс тораптары және басқалары бар радиобайланыстың соталық жүйелерiн енгізу мен пайдалануды қамтамасыз етудi;
- "Волна" ("Волна-П") схемасы бойынша төтенше жағдайларға арналған радиобайланысты, мұның iшiнде аймақтық радиобайланысты, командалық - штабтық машиналар мен байланыстың жылжымалы тораптарын жетiлдiру мен жаңғыртуды;
- радиобайланыстың төменгi және аймақтық құралдарын, мұның iшiнде ТЖ аудандары мен авариялық-құтқару және қалыпқа келтiру бөлiмшелерiнiң жол үстіндегі маршруттарында радиобайланысты қамтамасыз етуге арналған командалық-штабтық машиналар мен жылжымалы байланыс тораптарын жетiлдiрудi;
- құжаттау жүйесi бар дауыскүшейткiш байланыстарды енгізу мен оқиға орнынан тiкелей келiп түсетiн бейнеақпаратты пайдалануды;
баспасөзде арнаулы бағыттағы байланыс құралдарын
жарияланбайды енгізудi, ТЖ байланыс жүйесiн жетiлдiру
кезiнде мемлекеттік құпияларды қорғауды
қамтамасыз ету мақсатында ақпарат пен
ақпарат қауiпсiздiгiн және т.б. қорғау
жөнiнде арнаулы әдiстер мен ережелердi
белгiлеудi;
ТЖМК, ТЖК, байланыстың сандық торабындағы кезекшiлiк қызметтердiң абоненттерiнiң, телеграф және телефон байланысының, мұның iшiнде келешегi бар "Атлас" және ТМД АОАЖ деректемелерiн беруге арналған байланыс каналдарының автоматты түрде коммутаторланатын абонемент желiлерiнiң iске қосылуын қамтамасыз етудi;
баспасөзде төтенше жағдайларда халық пен мемлекеттік
жарияланбайды басқару органдарын хабарландыру мәселелерiн