кешендi шешу мақсатында 1994-1995 жылдарға
арналған "Арал-93" хабарландыру мәселелерi
жөніндегі арнаулы мемлекеттік бағдарламада
көзделген шараларды жүзеге асыруды;
ТЖРК байланысын ұйымдастыру жөнiнде қосымша ережелердiң әзiрлемелерi мен байланыс түрлерiне, жүйе торап, канал, кешендердi пайдалану принциптерiне және ТЖ байланыс құралдарына талаптарды, байланыс жүйелерi дайындығының әртүрлi режимдерiнде байланыстың әр түрiн берудiң және байланыс жүйесiн басқарудың қосымша тәртібін, лауазымды адамдардың қосымша мiндеттерi мен тiрек тораптары мен тiке байланыс бағыттарына дәнекер қосымша желiлердi қамтамасыз етудi;
баспасөзге төтенше жағдайлардағы басқару бойынша
жарияланбайды Қазақстан Республикасы басшылығының
қызметiн қамтамасыз етуге арналған
байланыс, телекоммуникациялар мен
хабарландыру құралдарымен, жағдаяттар
залдарымен және шұғыл кезекшiлiк
қызметiмен, ұжымдық пайдаланудағы
ақпараттық көрiнiстеу құралдарымен,
ақпараттық-есептеу тораптарымен және т.б.
("Алатау-ТЖ") жағдаяттық орталық құруды
қарастырады.
11. Төтенше жағдайлар жөніндегі
автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру
(ТЖ ААБЖ)
Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi, ТЖРРЖ-нiң аса маңызды құрамдас бөлiгi болып саналады және ол республикалық, облыстық, ведомстволық және объектiлiк буындарды қоса алғанда оның барлық деңгейіндегі, басқару және ақпараттық қамтамасыз ету процестерiн автоматтандыруға арналған.
ТЖ ААБЖ;
- мемлекеттік және салалық басқару органдарының, мониторингтiң, мемлекеттік, аумақтық және салалық жүйелерi мен құралдарының, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған басқару органдарының күштерi мен құралдарының ақпараттық-техникалық түйiсiмiн қамтамасыз ету;
- шешiмдер қабылдауда ақпараттық және интеллектуалдық қолдау жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
ТЖ ААБЖ-ны құру мен дамытудың негiзгi бағыттары:
- төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимыл жөніндегі күштер мен құралдарды басқарудың әдiстерiн, жоспарларын, схемаларын әзiрлеу;
- есептеу және қабылдау-тарату жобалау (техникалық базаны жетiлдiру телекоммуникациялар жүйесiн жасау мен қолдау);
- мониторингтiң автоматтандырылған жүйесiн құру және модерлендiру;
- бағдарламалық-технологиялық база жасау;
- деректемелер мен білімдемелер жүйесiн жасау;
- проблемалық-бағдарламалық ақпараттық технологиялар құру болып табылады.
Техникалық базаны жетiлдiру:
- ТЖКМ есептеу тораптарын (республиканың мемлекеттік басқару органдарының қала сыртындағы басқару пунктi торабын қоса алғанда), республика аумағында төтенше жағдайларда iс-қимылды қамтамасыз етуге арналған жағдай орталығын, республиканың Азаматтық қорғаныс штабын, ақпараттық-техникалық орталық (АТО) құруды, жабдықтау мен техникалық қызмет көрсетудi;
- ақпарат және байланыстың жылжымалы пункттерiнiң бағдарламалық-техникалық комплекстерiн (бұйымдарын) жасауды;
- байланыстың коммутаторланған және берiлген телефон каналдары бойынша ТЖМК, облыс әкiмшiлiктерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың есептеу тораптарының арасындағы төтенше жағдайлар жөніндегі деректеме базаларына телекоммуникациялық қол жетушiлiктi ұйымдастыруды;
- радио және спутниктiк байланыс каналдары бойынша ТЖ туралы деректемелердi республикалық компьютераралық берудi ұйымдастыруды қарастырады.
Мониторингтiң автоматтандырылған жүйесiн құру мен модерлендiру өз қызметiнде:
- компьютераралық байланыс каналдары бойынша қоршаған ортаның жай-күйi жөніндегі мониторинг деректемелерiн беру жүйесiн әзiрлеудi;
- космостық байланыс пен компьютерлiк технология негiзiнде республикада жұмыс iстеп тұрған сейсмологиялық бақылау тораптарын (сейсмостанцияларды, обсерваторияларды, бақылау пункттерiн) модерлендiрудi;
- селдi хабарлайтын автоматтандырылған спутниктiк жүйе құруды көздейдi.
Бағдарламалық-технологиялық база жасау үшiн;
- жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi, тораптық бағдарламалық қамтамасыз етудi, қолданбалы бағдарламалардың телекоммуникациялар құралдарының сервистiк пакеттерiн қоса алғанда, есептеу тораптарының жұмыс iстеуi мен пайдаланылуы үшiн ақпараттар мен қолданбалы лицензиялық бағдарламалық құралдарды өңдейтiн озық технологияларды алуды;
- есептеу тораптарының жұмыс iстеуiнiң бейiмделуi мен ортақ жүйе құралдарының қоса жүруiн көздейдi.
ТЖ ААБЖ деректемелерi мен білімдемелерi базасының жүйесiн қалыптастыру:
- деректемелер мен білімдемелердiң тақырыптық базаларын жобалау, ақпараттық көрсеткiштердiң жиынтық және абоненттiк тiзбесiн қоса алғанда, табиғи зiлзалалар, iрi авариялар мен апаттар бойынша бөлiнген республикалық мәлiметтер банкiсiнiң қызметiн құру мен қолдауды;
- төтенше жағдайларды басқару жүйесiне арналған деректемелер базасын жасауды;
- ТЖРЖ басқару моделi мен жай-күйi бойынша білімдемелер базасын жасаудың сараптама жүйесiн әзiрлеу;
- сейсмикалық мониторингтiң, табиғи мониторингiнiң, мейлiнше қауiптi объектiлер мониторингiнiң, ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың мүмкiн ошақтары жай-күйiнiң мониторингiнiң деректемелiк және білімдемелiк базасын жасауды;
- геоэкология проблемалары бойынша мәлiметтер банкi мен білімдемелер базасын жасауды талап етедi.
Проблемалық-бағдарламалық ақпараттық технологияны қалыптастырудың құрамдас бөлiктерi болып:
- ТЖРЖ республикалық, облыстық, ведомстволық, объектiлiк буындарына арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мамандардың автоматтандырылған жұмыс орындарын құру;
- ТЖРЖ автоматтандырылған қызметтiк мiндеттерiн әзiрлеу;
- ТЖ ААБЖ аумақтық буындарының үлгi жобаларын әзiрлеу;
- ТЖ ААБЖ қызметтiк ведомстволық мiндеттерiн әзiрлеу;
- шаруашылық кешенiнiң объектiлеріндегі авариялар кезiнде хал-ахуалды бағандау мен шешiмдер қабылдауды қолдаудың автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу болып табылады.
ТЖ ААБЖ негiзгi қызметтiк жүйе тармағының құрамына:
- инфрақұрылымның жай-қүйi мен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесi үшiн хал-ахуалды байқау мен бақылау;
- қауiптi құбылыстар мен олардың зардаптарын болжамдау;
- ТЖ алдын алу жөніндегі ұйымдастыру шаралары;
- ТЖ жеңу жөніндегі органдар мен қызметтер құру;
- ТЖРЖ материалдық-техникалық және қаржылық базасын жасау;
- ТЖ зиянын азайту жөнiнде инженерлiк-техникалық шаралар;
- ТЖ зардаптарын жою кiредi.
12. Сейсмикалық төзiмдi құрылыс және үйлер
мен ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту
Қазақстан Республикасының сейсмикалық аудандары республика аумағы жалпы алыңының 20% шамасын құрайды. Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар, бағалы шикiзат және энергетикалық ресурстардың болуы бұл аудандарда республиканың өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы әлеуетiнiң елеулi бөлiгiнiң шоғырлануына әкелдi. Мұнда өнеркәсiптiк өндiрiстiк негiзгi қорларының 30% жуығы жиналған және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жылдық көлемiнiң 30% жуығы өндiрiледi. Тұрғын үй қорының 35% астамы орналасқан, онда елдiң халқының 40% жуығы тұрады.
Күштi жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу ықтималдылығы өсуiне байланысты, мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен адамдар өмiрi мен материалдық құндылықтар үшiн қауiптi төмендету жөніндегі мақсатты бағытталған жұмысты одан әрi жеделдету керек. Республикада қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық хал-ахуалды ескере отырып, республикалық бюджеттен де, жергiлiктi бюджеттерден де министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан да, сол сияқты азаматтардың жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзiлiп жүрген қаржылық қамтамасыз ету саясатын қайта бағдарлау қажет.
Жер сiлкiнiстер кезiнде халықтың, шаруашылық объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн арттыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттарды қарастыруы тиiс:
- жаңа құрылысты үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету;
- қазiр бар құрылыстардың үйлерi мен ғимараттарының сейсмикалық берiктiгi мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- республика аумағын сейсмикалық шағын аудандастыру.
Сейсмикалық берiк құрылысты ғылыми-техникалық әзiрмелерге:
- сейсмикалық аудандарда құрылыс жұмыстары есептерiнiң, жобалануы мен өндiрiсiнiң нормативтiк базаларын жасау;
- сейсмикалық берiк құрылыстың тәжрибелiк-экспериментальдық базасын дамыту оны қазiргi заманғы, мұның iшiнде шетел зерттеу құралдарымен жабдықтау;
- республиканың ресурстық мүмкiншiлiктерiне бағдарланған өнеркәсiп үйлерi мен ғимараттарының жаңа сындарлы шешiмдерiн әзiрлеу;
- республикадағы жаңа тұрғын үй саясатын ескере отырып, тұрғын үй және әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс объектiлерiне арналған үйлердiң жаңа құрастырмаларын әзiрлеу;
- эксперименталды жобалау мен құрылысты дамыту кiредi.
Қазiр бар құрылыстың үйлерi мен ғимараттарын сейсмикалық жағынан күшейту тұрғын үй, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлердiң, өндiрiстiк үйлер мен республиканың сейсмоактивтi аудандары аумағындағы құрылыстардағы сейсмикалық берiк ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әдiстер мен тәсiлдердi әзiрлеудi көздейдi.
Сейсмикалық шағын аудандастыру жұмысы:
- елдi мекендердiң аумақтарының сейсмикалығын нақтылау;
- құрылыс үшiн мейлiнше күмәндi аумақтардың сейсмикалығын айқындау;
- аномальды кернеулi белсендi аймақтардың (геодинамикалық аймақтар) сейсмикалығын зерттеудi қарастырады.
13. Гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық
қорғаныс шаралары
Бұл жұмыстар:
- ағын суларды жинағыштарды пайдаланудың сенiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыруды;
- iрi су қоймалары плотиналарының және басқа да су шаруашылығы құрылыстарының оларды су тасқындары шайып кетуiн немесе өзге де табиғи зiлзалалар қиратуын болдырмау мақсатында ескiштерi мен төменгi беткейлерiн нығайту жөніндегі инженерлiк-техникалық шаралар жүргiзудi;
- Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты шаруашылық объектiлерiн, елдi мекендердi су басу мен су астында қалудан қорғау жөніндегі шараларды;
- бекітілген бас қорғаныс схемаларына сәйкес республиканың әртүрлi аудандарында селге қарсы және басқа да қорғаныс құрылыстарының құрылысын;
- iс жүзіндегі селге қарсы кешендер мен басқа да қорғаныс құрылыстарының пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар комплексiн орындауды қарастырады.
14. Коммуникациялар жүйесiн жетiлдiру
Жүк тасымалдау көлемiн ұлғайтуды, көлiктiң қозғалыс қауiпсiздiгi мен көлiктегi төтенше жағдайларды азайтуды қамтамасыз ету үшiн:
- жаңа теміржолдар құрылысын жүргiзу;
- Ұзынағаш-Қапшағай учаскесiнде айналма темір жолды жобалау мен құрылысын жүргiзу;
- Шу-Алматы-Сарыөзек, Екiбастұз-Павлодар, Тобыл-Железнорудное теміржолдары учаскелерiн электрлендiру;
- республикалық және жергiлiктi мәндегi, автомобиль жолдарының құрылысын жүргiзу және қайта құру;
- көпiрлердiң құрылысы және өткізу қабiлетi мен жүк көтерiмдiлiгiн арттыру;
- теміржол және автомобиль жолдарының жүк тасымалы ауыр тоғыстарына жолға шығарып салу құрылыстарын;
- әуе көлiгiне арналған қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесiнiң бiрыңғай орталығын құру;
- сейсмикалық қауiптi аймақтардағы аэродромдарға баратын резервтiк жолдардың құрылысын;
- жекелеген цистерналар мен ақаулар табылған кезде (күштi әсер ететiн улы заттардың ағуы, булануы) мейлiнше қауiптi жүктерi бар теміржол составтарының уақытша тұратын (сақталатын) аудандары мен нақты орындарын белгiлеу мен жабдықтау және апаттық жағдайларды және оның зардаптарын жою жөніндегі басқа да шаралар жүргiзу көзделедi.
Алматы қаласында Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң орталық басқару пунктiн ұйымдастыру. Дербес энергия көздерi жетiспейтiн сейсмикалық қауiптi аймақтарда орналасқан байланыс объектiлерiн жарақтау.
15. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер
бойынша шаралар
- газбен жабдықтау жүйесi қызметiнiң орнықтылығын арттыру;
- газ толтыру станцияларын қайта құру;
- Алматы қаласының сейсмикалық сызатты аймақтарындағы сұйытылған газдың топтық резервуарлық жарасты қоймаларын бөлектеу;
- сұйық хлорды сақтауға арналған қоймаларды жобалау мен қайта құру;
- мейлiнше қауiптi объектiлерде қорғаныс және авариялық жағдайларды жою жүйесiн жетiлдiру, технологиялық қауiпсiздiктi арттыру;
- өрттердi болдырмау бойынша шаралар жүргiзу;
- мұнай және газ өнеркәсiбi объектiлеріндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын шұғыл жою жөнiнде сенiмдi қорғаныс құру мен практикалық шаралар әзiрлеудi қарастырады.
IV. Төтенше жағдайлардын алдын алу және iс-қимыл жасау
жөніндегі республикалық жүйенi құқықтық жағынан қамтамасыз
етуге арналған заң актілерін дайындау
Шараларды жүзеге асыруға Әдiлетминi, Азаматтық қорғаныс
жауапты министрлiктер, штабы, Iшкiiсминi, Экономминi,
мемлекеттік комитеттер, Денсаулықминi, Әлеуметминi, басқа
ведомстволар да министрлiктер мен ведомстволар,
облыс (қала) әкiмдерi
Iрi авариялар, экологиялық апаттар мен табиғи зiлзалалар кезіндегі халықтың қауiпсiздiгiн, экономиканың орнықтылығы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн процестердi мемлекеттік басқару бүгiнгi күнге дейiн негiзiмен алғанда әкiмшiлiк әдiстермен жүзеге асырылып келдi.
Нарықтық қатынастардың дамуы және республиканың мемлекеттік егемендiгi мен тәуелсiздiгiн жүзеге асыру бұл жұмыстың сенiмдi құқықтық қамтамасыз етiлуiн, заңдық реформалар процесiнде құқықтық реттеудiң өз алдындағы бiр саласы - төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимылдың ерекше болуын табанды түрде талап етедi.
Аталмыш жұмысты жүзеге асыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жөніндегі республикалық жүйенi құқықтық қамтамасыз етуге арналған бiрқатар заң жобаларын әзiрлеу көзделiп отыр.
Олардың iшіндегі:
- авариялардан, апаттар мен табиғи зiлзалалардан халықты, табиғи орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау туралы;
- авариялық-құтқару қызметi туралы;
- құтқарушының мәртебесi туралы;
- азаматтық қорғау туралы;
- радиациялық қауiпсiздiк туралы заңдар бiрiншi кезектегi болып саналады.
Аталған пакеттердi, сол сияқты бiрқатар қосымша заң жобаларын жүзеге асыру халықты, табиғи ортаны және шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан қорғаудың негiзгi принциптерiн орнықтыруға, авариялық-құтқару және қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру мәселелерiн жеделiрек шешуге мүмкiндiк бередi.
V. Халықаралық ынтымақтастық
Шаралардың жүзеге асырылуына Ұлттық ғылым академиясы,
жауапты министрлiктер, Бiлiмминi, Табиғи зiлзалалардың
мемлекеттік комитеттер, қаупiн азайту бойынша БҰҰ-ның
ведомстволар халықаралық Онжылдығын өткізу
жөніндегі республикалық комитет,
Азаматтық қорғаныс штабы, басқа
да министрлiктер мен
ведомстволар, облыс (қала)
әкiмдерi
Қауiптi табиғи және техногендi құбылыстар кең ауқымда таралу мәнiне ие. Әлемнiң көптеген елдерiнде үлкен тәжiрибе жинақталған және табиғи зiлзалалар мен апаттардан қорғау жөнiнде практикалық шаралар жүргiзiлiп келедi.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/236 қарарымен 90-шы жылдары табиғи зiлзалалардың қаупiн азайту жөніндегі халықаралық Онжылдық деп жариялады.
Төтенше жағдайлардағы iс-қимылды жетiлдiру мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жұмсартуға және оларға әзiрлiктi ұлттық деңгейде қамтамасыз етуге Онжылдықтың маңызды үлес қосуға қабiлетi барлығын мойындап, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында республиканың халықаралық Онжылдыққа қатысуы және тиiстi бағдарламаларды орындауы бойынша пiкiрлер мен ұсыныстамаларды әзiрлеу жөніндегі бас үйлестiру ұйымының қызметi берiлiп, табиғи зiлзалалардың қаупiн азайту бойынша БҰҰ-нының халықаралық Онжылдығын жүргiзу жөніндегі республикалық комитет құрылды.
Халықаралық ынтымақтастық шараларын жүзеге асыру:
төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық келісімдер мен конвенциялардан туындайтын мiндеттемелердi орындауға тараптардың қатысуының шарттары мен тәртібін дайындауды;
Қазақстан Республикасының халықаралық конвенцияларға қосылуын және оны жүзеге асыру жөнiнде практикалық шаралар қабылдауды;
Алғашқы кезеңде бұл:
- трансшекаралық мағынадағы қоршаған ортаға ықпалға баға беру туралы Конвенция (1991 жыл);
- өнеркәсiп апаттарының трансшекаралық ықпалы туралы Конвенция (Хельсинки, 1992 жыл);
- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласында маманданған халықаралық ұйымдарға кіру; олар - Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (АҚХҰ), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ);
- мемлекетаралық және халықаралық ауқымда деректемелердiң салыстырмалылығын қамтамасыз етiп, төтенше жағдайлардың зардаптарын бағалаудың ортақ тәсiлдерiнiң, бiрыңғай әдiстемелерiнiң, өлшемдерi мен процедураларының келісілген саясатын әзiрлеудi;
- төтенше жағдайлар саласында үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзудi, мемлекетаралық (халықаралық) ақпараттық жүйенi құру мен жұмыс iстеуiн;
- төтенше жағдайларды болжамдаудың, олардың зардаптарын бағалаудың, авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарын ұйымдастырудың озық әдiстерi мен әдiстемелерiн әзiрлеу және енгізу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарды, фирмаларды, жекелеген мамандарды тартуды;
- шетел мамандарын тарту жолымен төтенше жағдайлардың, олардың алдын алу және зардаптарын жою проблемаларын шешуде халықаралық тәжiрибенi кең пайдалануды, Қазақстанның төтенше жағдайлар саласындағы студенттердiң, ғалымдар мен мамандардың конференцияларға, семиналарға, симпозиумдарға қатысуын, біліктiлiгiн көтеру үшiн шетелге оқуға жiберiлуiн, тәжрибеден өтуiн;
- Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардан қорғау мен алдын алу саласында нақты бағдарламалар мен жобалардың шешiмiн табуға көмек қорлары мен халықаралық ұйымдардан барынша мүмкiн қаржылық қаражаттарды тартуды қарастырады.
Табиғи және техногендi төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында өзара iс-қимыл туралы көпжақты және екiжақты үкiметаралық келісімдерге қол қойылуды әзiрлеп, қамтамасыз ету қажет.
VI. Қаржыландыру шарттары
Шараларды жүзеге асыруға Экономминi, Қаржыминi, басқа да
жауапты министрлiктер, министрлiктер мен ведомстволар,
мемлекеттік комитеттер, облыс (қала) әкiмдерi
ведомстволар
Қазақстанда төтенше жағдайлар проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру үшiн де, сондай-ақ бағдарлама бойынша көзделген бiрiншi кезектегi ұйымдастыру және инженерлiк-техникалық жұмыстарды орындау үшiн де жеткiлiктi интеллектiлiк әлеует пен практикалық тәжiрибе бар.
Өнеркәсiп авариялары мен апаттарының алдын алу, табиғи зiлзалалар мен олардың зардаптарының шығынын азайту жөніндегі шараларды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардан және салалық көздерден (министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттік және шаруашылық басқарудың басқа да органдарының резерв қорларынан, кәсiпорындардың мекемелер мен ұйымдардың жеке өз қаражаттарынан, ал ерекше жағдайларда - республикалық бюджеттiң және басқа да мемлекеттік орталықтандырылған көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
Егер мүмкiн төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелiнiң немесе болған авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың деңгейi таралу ауқымы бойынша жеке объектiлiк және жергiлiктi мәндi ретiнде жiктелген болса, онда аумақтық және салалық көздер төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды орындауды қамтамасыз ететiн көлемде қалыптасады.
Өндiрiстiк объектiлердiң, технологиялық желiлердiң пайдалану қауiпсiздiгi мен оларда төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу жөніндегі шаралар кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiнен қаржыландырады.
Республикалық бюджеттен және басқа да мемлекеттік орталықтандырылған көздерден қаражат жүргiзiлген ғылыми-техникалық, ғылыми-практикалық, жобалау-iздестiру, ұйымдастыру және инженерлiк-техникалық шаралардың республикалық немесе Қазақстанның бiрнеше аймағы үшiн ортақ мәнi бар болған жағдайларда бөлiнедi.
Бағдарламаның қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.