Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 28 желтоқсан
1994 ж. № 1478
(ҚР Үкіметінiң 19.12.95 ж. № 1741; 11.01.02 ж. № 41
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Құқықтық реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң заң шығару қызметіндегі ролiн көтеру мақсатында және "Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1669 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 19.12.95 ж. № 1741; 11.01.02 ж. № 41 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсiн:
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары мекемелерi және нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шенi туралы Ереже бекітілсiн және ол 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн (№ 1 қосымша);
ҚР Үкіметінiң 19.12.95 ж. № 1741 қаулысымен 2,3-шi тармақтар алынып тасталды
2. алынып тасталды
3. алынып тасталды
4. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 қарашадағы № 1250 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1478 қаулысына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары,
мекемелерi және мемлекеттік нотариат қызметкерлерiнiң
сыныптық шендерi туралы
Ереже
ҚР Үкіметінiң 11.01.02 № 41 қаулысымен тақырыбы өзгетілді
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүйесіндегі органдар мен мекемелердiң басшыларына және мамандарына қоса облыстардың, Алматы қалалық басқармасының және Ленинск қалалық әдiлет бөлiмiнiң, мемлекеттік нотариалдық кеңселердiң, сондай-ақ әдiлет жүйесiне енетiн ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерiне сыныптық шендер беру тәртібін анықтайды.
2. Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттік нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шенi мынадай 10 сыныпқа бөлiнедi.
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік заң кеңесшiсi
бiрiншi сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi
екiншi сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi
үшiншi сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi
бiрiншi сыныпты заң кеңесшiсi
екiншi сыныпты заң кеңесшiсi
үшiншi сыныпты заң кеңесшiсi
бiрiншi сыныпты заңгер
екiншi сыныпты заңгер
үшiншi сыныпты заңгер
3. Атқаратын қызметi бойынша шектi шендер мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Әдiлет
бас мемлекеттік заң министрi үшiн
кеңесшiсi
бiрiншi және екiншi Қазақстан Республикасы Әдiлет
сыныпты мемлекеттік заң министрiнiң орынбасарлары үшiн
кеңесшiсi
үшiншi сыныпты мемлекеттік облыстық және соларға теңестiрiлген
заң кеңесшiсi әдiлет басқармаларының
бастықтары, Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлігі
басқармаларының бастықтары үшiн
ғылыми-зерттеу институттарының
басшылары үшiн
бiрiншi сыныпты заң басқарма бастықтарының орынбасарлары,
кеңесшiсi бөлiм бастықтары,
кеңесшi-консультанттар, Қазақстан
Республикасы Әдiлет министрiнiң
көмекшiсi үшiн
ғылыми-зерттеу институттары
басшыларының орынбасарлары, ғылыми
хатшылар үшiн
екiншi сыныпты заң Бiрiншi мемлекеттік нотариалдық
кеңесшiсi кеңселердiң мемлекеттік аға
нотариустерi мен олардың орынбасарлары
үшiн
бөлiм бастықтарының орынбасарлары, бас
мамандар мен бас ғылыми қызметкерлер
үшiн
үшiншi сыныпты заң жетекшi мамандар, жетекшi (аға) ғылыми
кеңесшiсi қызметкерлер мен аға сарапшылар үшiн
мемлекеттік нотариалдық кеңселердiң
мемлекеттік аға нотариустерi, Бiрiншi
мемлекеттік нотариалдық кеңселердiң
мемлекеттік нотариустерi үшiн
бiрiншi сыныпты заңгер мемлекеттік нотариалдық кеңселердiң
мемлекеттік нотариустерi үшiн
бiрiншi және екiншi санаттағы
мамандар, ғылыми қызметкерлер,
сарапшылар үшiн
екiншi сыныпты заңгер мамандар, кiшi ғылыми қызметкерлер
үшiн
үшiншi сыныпты заңгер Мемлекеттік нотариалдық кеңселердiң
консультанттары үшiн
4. Жұмысқа тұңғыш рет қабылданып отырған қызметкерлерге сыныптық шен беру сабақтастық тәртібімен жүргiзiледi.
Бiлiктiлiгiн, атқаратын лауазымын, жұмыс стажын, сыныптық шенiн, бұрынғы жұмыс iстеген немесе қызмет атқарған жерi берген арнаулы және әскери атағын ескере отырып, жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, әдiлет органдарына, мекемелерiне және мемлекеттік нотариатқа басшы қызметке тағайындалған адамдарға, сондай-ақ ғылыми дәрежесi мен атағы бар адамдарға бастапқы сыныптық шендi сабақтастық тәртібін сақтамай-ақ беруге болады.
5. Әрбiр шенде болу мерзiмi:
үшiншi сыныпты заңгерлер үшiн - 2 жыл
екiншi және бiрiншi сыныпты заңгерлер үшiн - 3 жыл
екiншi және үшiншi сыныпты
заң кеңесшiлерi үшiн - 4 жыл
бiрiншi сыныпты заң кеңесшiлерi үшiн - 5 жыл
Мемлекеттік заң кеңесшiсiнiң шенiнде болудың мерзiмi белгiленбейдi.
Қызметкердi жоғары лауазымға тағайындаған кезде сыныптық шен мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн.
6. Жұмысты айрықша жақсы атқарғаны үшiн қызметкерге атқаратын лауазымы бойынша көзделген шенге қарамастан және онда болудың сабақтастығы мен мерзiмiн сақтамай-ақ екiншi сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi шенiне дейiн (қоса) беруге болады.
7. Мамандығы бойынша жұмыста тәжiрибесi жоқ қызметкерлерге сыныптық шен лауазымға тағайындалғаннан кейiн кемiнде 6 айдан соң, ал жас мамандарға - сынақ мерзiмi бiтiп, лауазымға бекітілгеннен кейiн берiледi.
8. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік заң кеңесшiсi, 1, 2 және 3 сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi сыныптық шендерiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 78 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі орталық аппаратының, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерi үшiн 1, 2 және 3 сыныпты заң кеңесшiсi сыныптық шендерiн, сондай-ақ 1, 2 және 3 сыныпты заңгер шендерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бередi.
1, 2 және 3 сыныпты заңгер сыныптық шендерiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әдiлет басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары бередi.
9. Әдiлет органдары мен мекемелерiнде және мемлекеттік нотариатта жұмыс iстеумен сыйыспайтын әрекетi үшiн жұмыстан шығарылған әдiлет қызметкерлерi сыныптық шеннен айырылуы мүмкiн.
10. Қызметтегi парызын өрескел бұзғаны, ұятқа қалдыратын терiс қылығы немесе қызметтiк мiндеттi ұдайы дұрыс атқармағаны үшiн қызметкердiң шенi төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ оны иелiгіндегі шеннен екi сыныптық шеннен әрiге төмендетуге болмайды.
11. Сыныптық шеннен айыруды және шенiн төмендетудi сол шендi берген лауазымды адамдар жүргiзедi.
12. Сыныптық шеннен айыру және шенiн төмендету туралы Қазақстан Республикасының Президентi қабылдаған шешiм түпкiлiктi әрi шағым жасауға жатпайды.
Сыныптық шеннен айыру және шенiн төмендету туралы басқа лауазымды адамдар қабылдаған шешiмге бағыныстылық тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
13. Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттік нотариат қызметкерлерiнен сыныптық шен беруге ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi айқындайды.
14. Әдiлет органдарының, мекемелерiнiң және мемлекеттік нотариаттың сыныптық шенi бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына ай сайын мынадай мөлшерде (процентпен) қосымша ақы белгiленедi:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
заң кеңесшiсi 30
I сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi 30
II сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi 25
III сыныпты мемлекеттік заң кеңесшiсi 25
I сыныпты заң кеңесшiсi 22
II сыныпты заң кеңесшiсi 22
III сыныпты заң кеңесшiсi 20
I сыныпты заңгер 20
II сыныпты заңгер 17
III сыныпты заңгер 15
ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен 15-тармақ алып тасталды
15. алып тасталды
ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Мамандығы бойынша жұмыс стажына:
а) жоғары және орталау заң білімi бар мамандар орнын алмастыруға жататын сот орындарындағы лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
б) жоғары заң білімi бар мамандар орнын алмастыруға жататын әдiлет органдарындағы, мекемелеріндегі және адвокаттар алқаларындағы лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
в) мемлекеттік төрелiк органдарында төрелiк соттың төрешiсi мен судья ретiнде жұмыс iстеген уақыты;
г) сыныптық шен берудi көздейтiн лауазымға тағайындалған күннен бастап прокуратура органдарындағы қызмет уақыты;
д) офицерлiк жедел тергеу лауазымында iшкi iстер және мемлекеттік (ұлттық) қауiпсiздiк органдарындағы қызмет уақыты;
е) заңгер мамандығы бойынша мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарында, кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жұмыс iстеген уақыты;
ж) заңгер мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық жұмыста болған уақыты енгізіледi.
ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен 17-тармақ өзгерді
17. Мамандығы бойынша жұмыс стажын, құрылымы мен қызмет тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейтiн комиссия айқындайды.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1478 қаулысына
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Заң шығару бас басқармасы
Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi)
Соттардың жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы (жетекшi)
Қоғамдық және дiни бiрлестiктер iстерi жөніндегі басқарма
(жетекшi)
Кадр және оқу орындары басқармасы (жетекшi)
Әскери сот басқармасы (жетекшi)
Бiрiншi және құқықтық статистика бөлiмi (жетекшi)
Нотариат, азаматтардың хал актілерін тiркеу және адвокатура
бөлiмi (жетекшi)
Заң қызметi және құқықтық тәрбие бөлiмi (жетекшi)
Жоспарлау-қаржы бөлiмi (жетекшi)
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi (дербес)
Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (дербес)
Шаруашылық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (дербес)