Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн мемлекеттік қорғау туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 17 қазандағы
№ 1166 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен сату көлемiнiң азаюына жол бермеу, таңдаулы дәндi, дәндi-бұршақты дақылдардың, картоптың және жүгерiнiң өсiмтал түрлерiнiң тұқымдарын өсiруге шаруашылықтардың мүдделiлiгiн арттыру, асыл тұқымды ауыл шаруашылық малдарының қазiргi тұқымын сақтау және "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 14 шiлдедегi № 137 Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының таңдаулы тұқымдарын, асыл тұқымды мал, жұмыртқа (тұқымдық мақсат үшiн), жануарлардың ұрығын, минералдық тыңайтқыштар мен тұқымды дәрiлеуiштер алуға қосымшаға сәйкес 1994 жылдың 1 қаңтарынан ауыл шаруашылығының барлық тауар өндiрушiлерi үшiн дотация ставкалары белгiленсiн.
Аталған ставкалар бойынша шығындардың орнын толтыру республикалық бюджеттен 1994 жылға нақты бөлiнген қаржы шегiнде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігінiң және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының келісімiмен осы қаулыда қарастырылған мақсаттарға бюджеттік қаржыларды бағыттау мен пайдалану тәртібін әзiрлеп, бекiтетiн болсын, сондай-ақ қызметiне бюджет қаржысының есебiнен қолдау жасалынатын ауыл шаруашылығы малдарының бағалы тұқымдарын өсiрумен айналысатын таңдаулы тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының тiзбесiн айқындайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен бiрлесе отырып республикалық бюджеттен бөлiнген қаржының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 17 қазандағы
№ 1166 қаулысына
Қосымша
Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне сатылатын
асыл тұқымды малға, жұмыртқаға (тұқымдық мақсат үшiн),
жануарлардың ұрығына, ауыл шаруашылығы дақылдарының
таңдаулы тұқымдарына, минералдық тыңайтқыштар мен
өсiмдiктердi қорғау құралдарына берiлетiн дотациялардың
Ставкалары
--------------------------------------------------------------------
! Өлшем бiрлiгi ! Дотация ставкасы
--------------------------------------------------------------------
Дәндi дақылдардың таңдаулы
тұқымдары тоннасы теңге есебiмен 2600
Жүгерiнiң өсiмтал түрлерiнiң
таңдаулы тұқымдары >> 48800
Картоптың таңдаулы тұқымдары >> 4800
Iрi қара мал (тiрiлей салмағы) >> 6300
Қой мен ешкi >> 4800
Шошқа >> 10000
Жылқы >> 4000
Ұрықтандырушы бұқа ұрығының 1 дозасы теңге есебiмен
дозасы 7,5
Ұрықтандырушы қошқар ұрығының
дозасы >> 4,0
Тұқымдық мақсатқа арналған 1000 данасы теңге есебiмен
жұмыртқа 1000
Минералды тыңайтқыштар 1 тоннасының құны %
есебiмен 50
Тұқымдарды дәрiлеуiштер >> 70
--------------------------------------------------------------------