2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларға билеттерді ресімдеу кезінде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректерді:
1) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде);
2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрін және нөмірін;
3) жөнелту орны мен күнін, межеленген пунктті, жүру маршрутының түрін (ауысып мінбейтін, транзиттік);
4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерін (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін) жолаушының келісімімен жазуды қамтамасыз етеді.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде, ал халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
5 бөлiм. Қорытынды ережелер
24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілдi; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілдi
25-бап. Көліктік бақылау және қадағалау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды және қадағалауды уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
1-1) мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімді болуының қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлардың жасалуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
4-1) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) рұқсаттық бақылауды;
7) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
13) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілдi (бұр. ред. қара)
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп, талап ету бойынша қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге тиіс.
Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) - 23) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
25) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26), 27) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
28) жеке және заңды тұлғалардың теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды;
29) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.
Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.
Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін және қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
25-1-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап өзгертілдi
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттік орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келісімдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының