Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату кезінде фьючерлік
контрактыларды дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 ж. 4 сәуiрдегі № 321 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердi инфляциялық процестерден қорғау, аграрлық сектордағы экономикалық көрсеткiштерге баға тепе-теңдiгi бұзылуының ықпал етуiн азайту, сондай-ақ меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың iшкi қаржы және материалдық-техникалық ресурстарды тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Астық", "Тағам", "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниялары, "Казконтракт" Республикалық контракт корпорациясы 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және сату кезiнде фьючерлiк контрактыларға көшетiн болсын.
Меншiк нысандарына қарамастан басқа ұйымдарға контрактылар жасасудың осындай тәртібін пайдалану ұсынылсын.
Фьючерлiк контракт жасасқан және шартта белгiленген мерзiмде ақша, материалдық-техникалық ресурстар алған ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер сатып алушылармен контрактыда көрсетiлген номенклатурада және көлемде болашақта өндiрiлетiн өнiммен есеп айырысуға мiндеттi.
Сатушы өнiмдердi беру жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда сатып алушының алдында белгiленген тәртiппен өз мүлкiмен жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, "Астық", "Тағам", "Береке" мемлекеттік акционерлік компанияларымен бiрлесiп меншiктiң барлық нысандарындағы басқа құрамалар мен иелiк етушi құрылымдар ерекшелiгiн ескере отырып бiр ай мерзiм iшiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу-сату барысында фьючерлiк мәмiлелердi өткізу тәртібін белгiлеп, бекiтетiн болсын.
3. Дайындау ұйымдары сатып алу кезiнде фьючерлiк контрактылар қолданылатын дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасының базалық сатып алу бағасы қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
4. "Астық", "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниялары тауар өндiрушiлер мен дайындау ұйымдары арасында 1994 жылы дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасын сатып алуға бұрын жасасылған фьючерлiк контрактыларды жаңа базалық баға бойынша қайта есептейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы мақсаттар үшiн қажеттi бюджеттік қаражат бөлсiн.
5. Жергiлiктi әкiмдер Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасымен бiрлесе отырып:
фьючерлiк контрактылар негiзiнде ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер, жабдықтау-дайындау, коммерциялық және басқа шаруашылық жүргiзушi құрылымдар арасындағы өзара тиiмдi мәмiлелердi жолға қою үшiн сауда аукциондары мен жәрмеңкелерiн тұрақты түрде өткiзсiн;
шаруа (фермерлiк) қожалықтары мен жеке аулалардан ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу мен сату, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі акционерлік қоғамдар, бiрлескен және жекеменшiк кәсiпорындар құруға жәрдемдессiн.
6. "Астық" және "Тағам" мемлекеттік акционерлік компанияларына жалпы негiзде мемлекет мұқтажы және басқа да мақсаттар үшiн коммерциялық құрылымдар арқылы астық дайындауға рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне фьючерлiк контрактылар бойынша бөлiнген бюджет қаражатын ауыл тауар өндiрушiлерiне қызмет көрсететiн банктердiң мерзiмi өткен қарыздарының қарыз айырмашылығын және корреспонденттiк шоттарға деген басқа да талаптарын өтеуге есептемеуге өтiнiш жасалсын. Меншiктiң барлық нысандарындағы кеңшарлар, ұжымшарлар, басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындары, шаруа (фермерлiк) қожалықтары алған қаражаттарын көктемгi дала жұмыстарын өткізуге мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етсiн.
8. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу-сату барысында фьючерлiк контрактыларды дамытуға барынша жәрдемдессiн, олар бойынша бiрiншi кезекте есеп айырысу мәселесiне кедергi жасамасын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы № 48 қаулысына № 3 қосымшаның күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 4 сәуірдегі
№ 321 қаулысына
Қосымша
Дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасының
базалық сатып алу бағасы (қосымша құнға салықсыз)
----------------------------------------------------------------------
Дақылдар атауы ! Әр тоннаға теңгемен
----------------------------------------------------------------------
1 ! 2
----------------------------------------------------------------------
Қатты бидай
I класты 1400
II класты 1200
III класты 1100
IV класты (жармалық) 800
V класты 600
Жұмсақ бидай
жоғары класты 1600
I класты 1400
II класты 1200
III класты 1100
IV класты 800
V класты 600
Күрiш - астық
жоғары класты 1800
I класты 1700
II класты 1400
III класты 1200
Тары
I класты 1200
II класты 1000
III класты 900
Арпа
I класты 1100
II класты 800
Сыра қайнататын арпа 1200
Сұлы
I класты 1100
II класты 800
III класты 700
IV класты 600
Қара бидай
А тобы (I, II, III класс) 1100
Б тобы (IV класс) 700
Қарақұмық
I класты 1900
II класты 1800
III класты 1500
Жүгерi
I класты 2500
II класты 2300
III класты 1900
Бұршақ
I класты 1200
II класты 1100
III класты 900
Күнбағыс 3100
Рапс
I класты 3100
II класты 2500 Соя 4100 Қант қызылшасы 700