2) орманда жұмыс iстейтiн барлық адамдардың және осында орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ орманда жүрген азаматтардың Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын бақылау;
3) ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және басқа орман талаптарын бұзудан сақтау, сондай-ақ орман қорының жерлерiн сақтау;
4) ағаш дайындаушылардың өсiп тұрған ағашты босату ережелерiн орындауын және орман пайдаланудың басқа түрлерiнiң ережелерiн сақтауын бақылау;
5) орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау және оларға қарсы күрес;
6) орман қорының аумағында аңшылық ережелерiн сақтауға бақылау, браконьерлiкке қарсы күрес;
7) ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсiрiлуi, мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер.
3. Ормандарды сақтау және қорғау республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бағдарламалар негiзiнде жүргiзiледi.
65-бап. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының ормандардағы өртке, орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы күресi жөніндегі ерекше өкiлеттiктерi
Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары ормандарда өрт шығуының алдын алу, өртке, сондай-ақ орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы күрес жүргiзу мақсатында:
1) орман қоры учаскелерiнiң иелерi мен орман пайдаланушылардың өртке қарсы алдын алу жөніндегі шараларды орындауын ұйымдастырады;
2) кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды орман өрттерiн сөндiруге қатыстыру тәртібін белгiлейдi, осыған тартылған адамдарды жүрiп-тұру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
3) ормандарда өрт қаупi ерекше жоғары кезеңдерде өрт сөндiрушiлер бөлiмшелерiн құрады және олардың ұдайы әзiр тұруын қамтамасыз етедi;
4) ормандарда авиациялық сақтауға және қорғауға пайдаланылатын ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн аэродромдар мен қону алаңдарын салуға, ормандарды авиациялық сақтау бөлiмшелерi әрекет етiп жатқан аудандарға жанар-жағар май материалдарын жеткізуге жәрдем жасайды;
5) өрт қаупi жоғары кезеңде азаматтардың ормандарда болуына тыйым салады;
6) облыс, аудан аумағында орман өрттерiне, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жөніндегі шаралардың үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi.
66-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн сақтау мен қорғау
Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн сақтау мен қорғауды олар өсiп тұрған жерлердiң иелерi мен жер пайдаланушылар, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары қамтамасыз етедi.
67-бап. Мемлекеттік орман күзетi
1. Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар жүйесiнде ормандарды сақтау мен қорғау жөніндегі ұйымдастыру, шолу-күзету, насихаттық және өзге шараларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік орман күзетi құрылады.
2. Мемлекеттік орман күзетi қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ормандарды сақтау және қорғау ережелерiн, орман пайдалануды жүзеге асырудың белгiленген тәртібін, орман қоры жерлерiн өз мақсаттарына сәйкес пайдалану тәртібін бұзуға жол бермеу және алдын алу жөніндегі, сондай-ақ орманға залал келтiретiн басқа да әрекеттерге жол бермеу және алдын алу жөніндегі құқықтар берiледi.
3. Мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі белгiлеген ережелерге сәйкес берiлетiн табельдi қару алып жүруiне, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте оны қолдануға құқық берiледi.
4. Мемлекеттік орман күзетi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Мемлекеттік орман күзетi туралы ережемен және Орманшы туралы ережемен реттеледi.
Алтыншы бөлiм
Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi.
Орман шаруашылығын қаржыландыру
ХV тарау. Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi
68-бап. Орман пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
ҚР Президентінiң 05.10.95 ж. № 2488 жарлығымен; ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 68-бап өзгертiлдi
1. Осы Кодекстiң 42-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда орман пайдалануды жүзеге асыруға ақы төленедi.
2. Орман қоры учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы орман ресурстарының сапасы мен арзанға түсуiн, орман өнiмiне қолданылып жүрген бағаларды, бiрақ олардың қолданылып жүрген кесiмдi бағадан кем болмауын ескере отырып белгiленедi.
3. Орман қорының жерлерi үшiн ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
69-бап. Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру
Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру осы Кодексте, орман шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк актiлерде ормандарды ұлғайта өсiруге, сақтауға, қорғауға және орман пайдалануға қойылатын талаптарды орындауға орман қоры учаскелерi иелерiнiң, орман пайдаланушылардың мүдделiлiгiн арттыруға бағытталған және ол мыналарды қамтиды:
1) орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар арқылы орман шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң немесе басқа да көздердiң есебiнен қаржыны мақсатты бөлу;
2) алынған нәтижелердiң сапасы бойынша сараланған, өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуға, сондай-ақ орман қоры учаскелерiнiң иелерiн материалдық ынталандыруға арналған қаржыларды қамтитын нормативтер (бағалар) бойынша орман шаруашылық шараларына ақы төлеу;
3) орман қоры учаскелерiнiң иелерiне толық пайдаланылмаған кеспеағаш қорын және есептi кеспеағашын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Ағаш саудасы мен конкурстарын өткізу туралы ережеге сәйкес ағаш саудасы мен конкурстарды өткізу құқығын беру.
ХVI тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
70-бап. Орман шаруашылығын қаржыландыру
1. Мемлекеттік орман шаруашылық кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының орман шаруашылық қызметi, сондай-ақ орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдарын ұстау республикалық бюджет және өзге де қаржылар есебiнен қаржыландырылады.
2. Орман шаруашылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы әзiрлеген және Қаржы министрлігімен келісілген экономикалық жағынан негiзделген нормативтер бойынша жүзеге асырылады.
Жетiншi бөлiм
Орман орналастыру. Мемлекеттік орман кадастры
және орман қорын мемлекеттік есепке алу. Орман
мониторингi
XVII тарау. Орман орналастыру
71-бап. Орман орналастыру
1. Орман орналастыру орман шаруашылығы мен орман пайдалануды ұтымды жүргiзудi, ормандарды, ұлғайта өсiрудi, сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, орман шаруашылығында ғылыми-техникалық саясат жүргiзуге бағытталған шаралар жүйесiн қамтиды.
2. Орман орналастыру кезiнде мыналар жүзеге асырылады:
1) орман қоры аумағының шекарасын белгiлеу және iшкi шаруашылық ұйымдастыру;
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау және ормандарды арнайы картографиялау;
3) екпе ағаштардың тұқымдық құрамы мен жас мөлшерiн, олардың жай-күйiн, орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын айқындай отырып, ормандарды түгендеу;
4) күтiп-баптау мақсатындағы кесудi, санитарлық мақсаттағы кесудi, орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға байланысты кесудi, орманды қалпына келтiру және орман өсiру, ормандарды сақтау және қорғау жөніндегі шараларды және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн орман қорының учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң көлемiн, тәртібі мен әдiстерiн белгiлеу;
5) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлудi негiздеу және ормандарды қорғаныштың бiр тобынан немесе категориясынан екiншiсiне көшiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
6) басты мақсатта пайдалану жөніндегі есептi кеспеағашты күтiп-баптау мақсатындағы кесудiң орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға байланысты кесудiң, санитарлық мақсаттағы кесудiң және орман пайдаланудың басқа да түрлерiнiң мөлшерiн есептеп шығару;
7) осы Кодекстiң 23-бабына сәйкес басты мақсатта пайдалану үшiн кесiлетiн ағаштардың жасын негiздеу;
8) орман-биологиялық және басқа зерттеулер мен iздестiрулер;
9) орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға кешендi баға беру;
10) облыстардың және республиканың орман шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту жөніндегі негiзгi ережелердi әзiрлеу;
11) орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамытудың жобаларын әзiрлеу;
12) орман орналастыру кезiнде әзiрленген жобалардың жүзеге асырылуын авторлық қадағалау.
3. Экологиялық сараптамадан өткен орман орналастыру материалдары белгiленген тәртiпте бекітіледi және ол орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру, ағымдағы және перспективалық жоспарлау мен болжамдау үшiн негiзгi ұйымдық-шаруашылық құжаттар болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағында орман орналастыруды бiрыңғай жүйе бойынша мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы белгiлейдi.
XVIII тарау. Мемлекеттік орман кадастры және орман
қорын мемлекеттік есепке алу. Орман
мониторингi
72-бап. Мемлекеттік орман кадастры және орман қорын мемлекеттік есепке алу
1. Мемлекеттік орман кадастры және орман қорын мемлекеттік есепке алу орман қорын ұтымды пайдалануды, ормандарды ұлғайта өсiрудi, олардың сақталуы мен қорғалуын ұйымдастыру үшiн, сапалық және сандық өзгерiстердi жүйелi бақылау үшiн, заңды ұйымдар мен нақты адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік орман кадастрына орман қорының құқықтық тәртібі, оны иеленушiлер бойынша бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу туралы мағлұматтар жүйесi, орман шаруашылығын жүргiзу, шаруашылық қызметi нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа мәлiметтер жинақталған.
3. Мемлекеттік орман кадастры мен орман қорын мемлекеттік есепке алуды орман орналастыру, түгендеу мен зерттеу материалдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдары жүргiзедi. Мемлекеттік орман кадастры мен орман қорын мемлекеттік есепке алудың құжаттамаларын орман қоры учаскелерiнiң барлық иелерi жүргiзедi.
4. Мемлекеттік орман кадастры мен орман қорын мемлекеттік есепке алу республика үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
73-бап Орман мониторингi
1. Орман мониторингi ормандарды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау және қорғау саласында тиiмдi басшылық жасау мақсатында орман қоры жай-күйiн байқаулардың жүйесi болып табылады.
2. Орман мониторингi құрылымын, мазмұны мен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Сегiзiншi бөлiм
Орман дауларын шешу және орман заңдарын
бұзғандық үшiн жауаптылық
74-бап. Орман дауларын шешу тәртібі
1. Заңды ұйымдар, азаматтар арасындағы орман даулары сот тәртібінде шешiледi.
2. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы орман даулары екi жақтың келісімiмен белгiленетiн тәртiпте шешiледi.
75-бап. Орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
1. Орман қорының учаскелерiн сатып алу-сатуға, сыйға тартуға, кепiлге беруге, өз бетiнше иеленуге және айырбастауға, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асырудың құқығын өз бетiнше өзгеге беруге тыйым салынады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заңсыз мәмiлелердi жасағаны үшiн кiнәлi адамдар, сондай-ақ:
1) ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен және зақымдаған;
2) өрт салудың, отқа салақ қараудың салдарынан орманды құртқан немесе зақымдаған;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық ережелер талаптарын бұзған;
4) орман қорын химиялық және радиоактивтi заттармен, өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен, өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және қоқыстармен зақымдаған немесе ластаған;
5) орман қорының уақытша берiлген учаскелерiн қайтару мерзiмiн бұзған немесе оларды мақсатына сәйкес пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөніндегі мiндеттерiн орындамаған;
6) орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы екпе көшеттердi немесе тiкпе көшеттердi, сондай-ақ табиғи жас өскiндердi, өрiм шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдарда өздiгiнен түскен тұқымды құртқан және зақымдаған;
7) ағашы кесiлген жерлерде және орманды қалыпқа келтiру мен орман өсiруге арналған орман қоры жерлерiнiң басқа категорияларында ағаш өсiру тәртібі мен мерзiмiн бұзған;
8) орман қорының учаскелерiн ағаш түбiрiнен тазарту, құрылыс салу, сүректi ұқсату, қоймалар салу, ара ұялары мен омарталарды орналастыру және басқа мақсаттар үшiн тиiстi рұқсаты болмай пайдаланған;
9) өз бетiнше пiшен шапқан және мал жайған;
10) жабайы жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi және т.б. тыйым салынған немесе тек орман билетi бойынша ғана жол берiлетiн учаскелерде өз бетiнше жинаған;
11) есептi ағаш кесуден артық мөлшерде сүрек дайындаған;
12) кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен тасудың, шайыр және ағаш шырынын, қосымша ағаш материалдарын өндiрудiң белгiленген тәртібін бұзған;
13) орман үшiн пайдалы жануарлар әлемiн құртқан;
14) шектеу, орман орналастыру және орман шаруашылық белгiлерiн жойған және зақымдаған;
15) рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн орман пайдалануларды жүзеге асырған;
16) ағаш кесетiн жерлердi бөлу мен баға қоюдың белгiленген тәртібін бұзған;
17) ормандардың жай-күйiне және ұлғайта өсiрiлуiне зиянды әсер ететiн объектiлердi салған және пайдаланған адамдар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауапты болады.
3. Орман заңдарын басқа да бұзулар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
4. Заңды ұйымдар мен нақты адамдар орман заңдарын бұзу салдарынан өздерi келтiрген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мөлшерде және тәртiпте өтеуге мiндеттi.
76-бап. Өз бетiмен иеленген орман қорының учаскелерiн қайтару
1. Өз бетiмен иеленiлген орман қорының учаскелерi олардың иелерiне заңсыз пайдалану кезіндегі шыққан шығындар өтелместен қайтарылады. Бұл орайды өз бетiнше алып қоюдың салдарынан орман қорының иесi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетiнше тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлердi ағаш өсiруге жарамды күйге келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру кiнәлi адамдардың есебiнен жүргiзiледi.
77-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш-бұта өсiмдiктерiн құртқаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Орман қорына кiрмейтiн, осы Кодекстiң 3-бабы екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көрсетiлгеннен басқа, ағаш-бұта өсiмдiктерiн заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тартылады.
Тоғызыншы бөлiм
Халықаралық шарттар
78-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде бар ережелерден өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының
Орман Кодексiне қосымша
Қазақстан Республикасының Орман Кодексiнде
пайдаланылған негiзгi орман терминдерi мен
анықтамалары
Ағаш сирек өскен жерлер - толымдылығы 0,1-0,2 мөлшерiнен кем бiрiншi және екiншi класты жас ағашты қоспағандағы табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiң.
Ағаштың жинақталмаған дақылдары - тұқымнан немесе көшеттен өсiрiлген, бiрақ орманды жерге отырғызылмаған дақылдар.
Ағаш кесiлген жер - сүрекдiңi кесiлген, ал жаңасы әлi кеспеағаш болып жетiлмеген орман алабы.
Алаңқай жерлер - орман алқабының ағашы жоқ, орман өсiмдiктерi сақталмаған учаскесi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау және орманды қалпына келтiру үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдi кесу.
Биоценоз - құлықтың немесе су айдынының белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiркелкi учаскесiн мекендейтiн және өзара белгiлi бiр қатынастармен әрi айналадағы ортаның абиотикалық (биологиялық емес) факторлармен сипатталатын өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы.
Бос жатқан жерлер - орман жерiнiң (өртең, ағаш кесiлген жерлер) 10 жылдан астам уақыт бойы ағаш өсiмдiктерi өспеген учаскесi.
Гендiк қор - бiр топ өнiмдерiнiң (таралымының, таралымдар топтарының немесе түрдiң) өздерi шегiнде белгiлi бiр жиi кездесуiмен сипатталатын гендерiнiң жиынтығы.
Кеспеағаш - басты пайдалану мақсатындағы кесуге, орманды күтiп-баптау мақсатындағы кесуге және санитарлық кесуге бөлiнген орман учаскесi.
Кесу айналымы - толысқан сүректiң кесiлген қоры толық қалпына келу циклы өтетiн уақыт.
Кесу уақыты - ағашты нысаналы мақсатқа сәйкес кесу үшiн белгiленетiн толысқан сүрекдiңнiң жасы.
Қала ормандары - қала шегi iшiнде өсiп, орман қорының құрамына кiретiн ормандар.
Қорғаныш категориясы - орман қорының ерекше қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы маңызына байланысты бөлiнген бөлiгi. Бiрыңғай мақсаттарға пайдалану үшiн бөлiнген барлық ормандар бiр қорғаныш категориясына жатады, онда орман шаруашылығы мен орман пайдалануды жүргiзудiң белгiленген тәртібі сақталады.
Орман - бiр-бiрiне жақын өсетiн бiр түрлi немесе көп түрлi ағаш өсiмдiктерiнен және биологиялық жағынан өзара байланысты, бiр-бiрiне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын басқа да көптеген организмдерден тұратын табиғи кешен.
Ормандағы өрт қауiптi мол маусым - күнтiзбелiк жылдың орман өртi пайда болуы мүмкiн бөлiгi.
Ормандарды мемлекеттік есепке алу - нақты ормандарды, олардың сапасы мен жай-күйiн және оларда болып жатқан өзгерiстердi есепке алу жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесi.
Орманды сақтау - орман өрттерiнiң, орманды өз бетiмен кесудiң және орман заңдарын басқада бұзудың алдын алу және оларға қарсы күресу жөніндегі шаралар жиынтығы.
Орманды күтiп-баптау мақсатындағы кесу - жоғары өнiмдi сапалы екпелердi қалыптастыру және сүректi дәл мерзiмiнде пайдалану мақсатында екпелер арасынан қажетсiз ағаштарды кесу және басты тұқымдардың жақсы ағаштары өсуi үшiн қолайлы жағдай жасау жолымен жүзеге асырылатын орманды күтiп-баптау.
Орманды қолдан қалпына келтiру - бұрын орман болған алқаптарға ағаш егу.
Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан және қолайсыз жәйттердiң әсерiнен қорғау жөніндегі шаралар жиынтығы.
Орманды өңiр - белгiлi бiр аумақтың ормандану дәрежесi, ол орман өскен жер мен оның жалпы көлемiнiң қатынасымен анықталады; процентпен белгiленедi.
Орман жерi - орман қорының ағаш өсiруге арналған орманды және ормансыз жерi.
Орманның генетикалық резерваты - түрдi, қосалқы түрдi таратудың генетикалық-селекциялық тұрғыдағы құнды бөлiгi бар орман учаскелерi.
Орманның санитарлық жай-күйi - орманның қоқыстануы, сола бастаған және қураған ағаштар туралы мәлiметтер келтiрiлген сипаттамасы.
Орман орналастыру - ормандарды ұтымды пайдалануға, ұлғайта өсiруге, қорғау мен сақтауға, орман шаруашылығын жүргiзу мәдениетiн арттыруға бағытталған шаралар жүйесiн талдап жасауды қамтамасыз ететiн орман шаруашылығы қызметiнiң мамандандырылған түрi.
Орман питомнигi - ағаштың көшет материалын өсiруге арналған питомник.
Орман ресурстары - орманның сүректiк және сүректiк емес өнiмдегi қорының, сондай-ақ оның табиғи пайдалы қасиеттерiнiң жиынтығы.
Орман соқпағы - ормандағы орман шаршыларының шекараларын белгiлеу үшiн ағаштардан тазартылып жасалған өңiрлер.
Орман табысы - орманды шаруашылық мақсатқа пайдаланудан алынатын ақшалай түсiм.
Өскiн - орман етегiнде өсiп, сүрек қалыптастыруға қабiлеттi табиғи түрде өсетiн талшыбық, олардың биiктiгi негiзгi ағаштардың 1/4 бөлiгiнен аспайды.
Өртең - өртенiп кеткен немесе өрттен едәуiр зақым келген өсiмдiктер (орманды қоса) учаскесi.
Санитарлық мақсаттағы кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатымен жүргiзiлетiн кесу, оның барысында жекелеген ауру, зақымданған және құрай бастаған ағаштар немесе бүкiл сүрекдiң кесiледi.
Сүрекдiң - екпе ағаштардың негiзгi құрамы болатын ағаштар жиынтығы.
Шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат.
Шырын алу - ағаштардың өсiп-өнуi кезiнде тiршiлiкке қажет өнiмдерін (шайыр, шырын және басқаларын) алу үшiн ағаш дiңiне жүйелi түрде арнайы зақым келтiру.