Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 522 қаулысы
(2007.05.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астықты сақтау";
көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген 1-бөлімнің 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Астықты сақтау";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ-бөлімнің 20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Астықты сақтау".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі