Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 Қаулысы
(2012.08.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №9-10, 102-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 522 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №14, 184-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 5 қыркүйектегі №769
қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардың бар болуын қамтиды:
1) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы Саласындағы органның қорытындысы ұсынылады);
2) технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар (астық қабылдау кәсіпорнының техникалық паспортының көшірмесі немесе астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісі ұсынылады);
3) өткізу режимі, аумақтың қоршалуы;
4) астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен және мыналармен:
типін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын дән маңызының құрамы мен сапасын санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен) (зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады);
астық үлгілерін сақтауға арналған сорелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана;
5) тиісті білімі (басшылар үшін - жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін арнаулы орта (техникалық немесе технологиялық) білім) және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін - 3 жылдан кем емес, мамандар үшін - 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (3-тен кем емес) және мамандардың (3-тен кем емес) білікті құрамы (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кесте ұсынылады).