3. Акциялардың мемлекеттік пакетiнiң мөлшерін, оларды жекешелендiрудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн акцияға ықтимал сұрау салушыларды айқындау бойынша маркетингтiк зерттеулердiң деректерiн ескере отырып және ықтимал инвесторлардың мемлекеттiң мүддесiне сөзсiз қайшы келмейтiн олардың мүдделерiне бағдарлай отырып анықтау.
4. Акциялардың мемлекеттік пакетiн инвестициялық салымдарды көздейтiн тәсiлдермен жекешелендiрген кезде ең алдымен, тез қайтарым беретiн салаларға бағдарлану керек. Iске асыруға жоспарланған инвестициялық бағдарламалар технологиялық қолайлы деңгейге дейiнгi уақытқа ықшамдалуы тиiс.
5. Отандық және халықаралық қор рыногында орналастырылатын және олардың иелерiне мемлекеттік меншiктегi акцияларды сатып алуға мерзiмдi құқық берудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыру.
6. Акциялардың ұсақ мемлекеттік пакетін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына нарықтық құн бойынша енгізу.
7. Шағын ұсақ акциялардың мемлекеттік пакетiн қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттік мүлiктiң нарықтық құны бойынша енгізу есебiнен тосқауыл қоятыннан төмен емес деңгейге дейiн арттыру немесе екіншi деңгейдегi рынокта осы қоғамның акцияларын мемлекеттiң меншiгiне сатып алу.
Мемлекеттік жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты мыналар қажет:
1. Жер учаскесiнен тұратын және онда орналасқан үйлерден, ғимараттардан, құрылыстардан және өндiрiстiк инфрақұрылымның элементтерiнен тұратын бiрыңғай мүлiктiк кешендерiн құру мәселелерiн заңнамалық реттеудi жүзеге асыру.
2. Жер учаскелерiмен бiрге, үй-жайды қоса алғанда, жылжымайтын мүлiк объектілерiн жекешелендiру үшiн ұйымдастыру жағдайларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жекешелендiру кезiнде акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерінiң жарғылық капиталына енгізудiң мүмкіндiгін қамтамасыз ету. Мұның нәтижесi кәсiпорындарды перспективалы дамыту мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігінің әсерi ретiнде кәсiпорындар акцияларының бағамдық құнының өсуi болуы тиiс.
3. Орынды жерлерде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң жылжымайтын мүлкiнiң артығын жекешелендiрудi жүргізу.
4. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау жөніндегі қызметтерге қатысуға, бұл ретте көрсетiлген объектiлердi пайдалану кезiнде сақталуға, жөндеуге және қайта құруға мемлекет тарапынан бақылауды жүзеге асыра отырып инвесторларды тарту.
5. Орынды уақытта бюджеттік қаржыландыру және республикалық бюджеттiң жергiлiктi бюджет алдындағы берешектерiн өтеу есебiнен республикалық бюджеттегi жылжымайтын мүлiк объектілерін коммуналдық меншiкке беру.
ІІ.4. Кәсiпорындарды жекешелендiрудi жүргiзудiң барысына және олардың жекешелендiруден кейін дамуына мемлекеттік бақылау
Жекешелендiрудi жүргiзудiң барысына мемлекеттік бақылаудың мақсаты мемлекеттік мүлiкті пайдалануға қатысты тәуекелдi азайту, жаңа меншiк иелерiнiң инвестициялық мiндеттемелерін сөзсiз iске асыру, жекешелендiруден жоспарланған көлемде және белгiленген мерзiмде қаражатты кепiлдi алу болып табылады.
Мемлекеттік бақылаудың мынадай кезеңдерi көзделуде:
а) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге даярлау;
б) жекешелендiру рәсiмдерiн тiкелей iске асыру;
в) жаңа меншiк иесiнiң алған мiндеттемелердi орындауы.
Дайындық кезеңіндегі бақылау өзiне мыналарды:
қаржы консультанттарын және мемлекеттік мүлiкті бағалаушыларды таңдаудың конкурстық рәсiмдерiн бақылауды;
қаржы консультанттарының және бағалаушылардың мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге байланысты рәсiмдердi орындауы кезiнде олардың iс-қимылдарына кезең-кезеңмен бақылауды;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру туралы шешiмдi (жекешелендiрiлетiн акциялар пакетiнiң мөлшерiн, жекешелендiрудiң тәсілi мен мерзiмдерiн, бағасын) анықтайтын өлшемдердi таңдаудың негiзділiгін бақылауды, жекешелендiрiлетiн мүлiкке ықтимал сұранысты мiндеттi есептеуге бақылауды қамтуы тиiс.
Жекешелендiру рәсiмдерiн тiкелей iске асыру кезеңіндегі бақылау өзiне мыналарды:
үмiткерлердiң инвестициялық тендерге және коммерциялық конкурсқа қатысу құқығын талдауды (iскерлiк бедел, қызметтiң ұзақтығы, қаражат көздерi туралы мәлiмет);
инвестициялық және әлеуметтiк жоспарлардың орындалуы жөніндегі бизнес-жоспарды талдауды (қабылданатын мiндеттемелердiң белгiленген мерзiмiнде iске асырылу мүмкiндігі, оларды iске асыру үшiн жеке қаражаттың жеткiлiктi болуы, қажеттi ресурстармен қамтамасыз етiлуi) қамтуы тиiс.
Жаңа меншiк иесiнiң өзiне алған мiндеттемелерiн орындау кезеңіндегі бақылау мыналарды:
салалық ерекшеліктерді, шығарылатын өнімнің ерекшелігін және басқа да факторларды ескере отырып, кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгі даму көрсеткiштерінің жүйесiн әзiрлеудi;
кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгi даму көрсеткiштерiнiң жүйесiн мiндеттi сақтауын бақылауды қамтуы тиiс.
Мемлекеттің жекешелендiруден кейiнгi бақылауы кәсiпорындарды жекешелендiруден кейiнгi қолдаумен бiрге жүруi тиiс.
Мұндай қолдау өзiне мыналарды:
инвестициялық консалтингті;
қаржылық консалтингтi;
заңдық консалтингтi;
басқарушылық консалтингтi;
кадрлық консалтингтi;
ұйымдастырушылық қолдауды;
iшкi және сыртқы рыноктарда протекционистикалық қолдауды қамтуы тиiс.
II.5. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудi ақпараттық қамтамасыз ету
Жекешелендiрудi ақпараттық қамтамасыз етудiң басты міндеттері болып жатқан процестердiң айқындылығына қол жеткізу, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауы үшiн жағдай жасау және мемлекеттік меншiкке қатысты тиiмдi шешiмдер қабылдау мақсатында жекешелендiрiлетiн мемлекеттік мүлiк туралы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы деңгейiн арттыру болып табылады.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн:
осы мүлiктiң жағдайын бақылау және мемлекеттік мүдделердi ескере отырып, оларды пайдалану жөнiндегі шешiмдердi қабылдауды оңтайландыру үшiн мемлекеттік меншiктiң барлық элементтерi туралы жүйелендiрiлген деректермен (акциялардың мемлекеттік пакеттерi, мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жылжымайтын мүлiк объектiлерi) Мемлекеттік мүлiктi есептеудiң тiзiлiмiн жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру. Көрсетiлген Мемлекеттік мүлiктi есептеудiң тiзiлiмiн жасау және жүргiзу кезiнде мемлекеттік мүлiктi есептеу, бақылау және талдау көрсеткiштерiнiң бiрыңғай жүйесiн әзiрлеудi, деректердi жаңартудың ережелерi мен рәсiмдерiн, ақпараттарды пайдаланушылардың түрлi санаттарының қол жеткізуiн шектемеу жүйесiн, жалған ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк шараларын iске асыруды және т.б. қарастыру қажет;
мемлекеттік меншiк объектiлерiмен жасалатын операциялар туралы деректердi, сондай-ақ жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарды сату алдындағы дайындық өткізу үшiн қажетті ақпаратты, олардың құнының бағасын алуды, есептеудi, сақтауды, өңдеудi және берудi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруды аяқтау қажет.
Қорытынды
Тұжырымдаманың мағынасы мемлекеттік мүлiктiң меншiк иесiнің немесе мүлiктiң құқықтық субъектiсi өкiлдiктерiн мемлекеттiң жүзеге асыруының реттеуiмен, мүлiкті пайдаланудың тиiмділiгiн арттырумен, мемлекеттiң экономиканың мемлекеттік секторындағы кiрiстерiн арттырумен және шығыстарын оңтайландырумен ғана шектелмейдi.
Тұжырымдаманы сабақтастықпен, жоспарлы және жүйелi iске асыру елдегi инвестициялық ахуалды сапалы жақсартудың және мемлекеттік ұлттық экономикаға қатысты - дамушы және ынталандырушы маңызды функцияларын жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады.
Елдегi және шет елдегi мемлекеттік мүлiктi толық түгендеу, оны азаматтық айналымға тарту Қазақстан Республикасы мүлкiнiң балансын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, бұл бюджет кiрiстерiнiң есебiнен емес, белгiлi бiр экономикалық көрсеткiштердi - құн мен өтімдiлiктi сипаттайтын iс жүзіндегі активтердiң есебiнен инвесторларға кепiлдiктер беру арқылы инвестицияларды тарту мiндеттерiн орындаудың тікелей шарты, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібiнiң ұқсас экономикалық тәртібін қамтамасыз ететін құқықтық режимi болып табылады. Мемлекеттік мүлiктi түгендеу және жiктеу оның өтімпаздығын арттыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру көрсетілген мүлiкті инвестициялық ресурстарды тарту кезiнде қамтамасыз ету ретiнде тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Жаппай жекешелендiруден мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау кезiнде жеке тәсілдердi пайдалануға көшу оның айналымдық қабiлетiн арттырады, мемлекетке экономикалық қатынастардың толық құқықты субъектiсi болуға және оған тиесiлi активтердiң құрылымдарын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттік мүлiктi барынша тиiмдi пайдаланудан түсетiн кiрiстердi (ренталық төлемдер және өзге де салықтық емес түсiмдер) арттыру және мемлекеттiң дамушы функцияларын жүзеге асыру мүддесi үшiн олардың басқару шығыстарын оңтайландыру кәсiпорынның қызметіне арналған салықты төмендету саясатын жүргiзуге мүмкiндiк бередi және бюджеттің шығыстарымен мүлiкті пайдаланудан алынған кiрiстердiң маңызды бөлiгi ұлттық экономикаға, ең алдымен iс жүзіндегі секторға, ал қалған бөлiгi мемлекеттік мүлiктi ұстауға және дамытуға жiберiлiп, қайта қаржыландырылатындай байланысты болуы тиiс.
Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесi шеңберіндегі кәсiпорындардың банкроттық мәселелерiн жеке қарау қажет. Банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнде осы рәсiмдердi құрайтын фискальдыққа, яғни берешектердi тез арада өндiрiп алуға бағдарлану iс жүзіндегі нәтижелер бермейдi. Бұл Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындар банкроттығының негiзгi өзiндiк ерекшелiгi болып табылады. Сонымен бiрге, банкроттық рәсiмдерiн сауатты қолдану банкротқа ұшыраған кәсiпорындардың құрылымдық өзгерістерiн жүзеге асыруға мүмкіндiк бередi, ол болашақта салықтардың тұрақты түсуiне, өндiрiстiң қалыпты жұмыс iстеуiне, жұмыс орны санының артуына және инвестицияларды тартуға әкеледi.
Тек кәсiпорындардың банкроттық рәсiмдерi кезiнде ғана әлеуметтік сала объектiлерiн босату, iс жүзіндегі сұранысқа ие өнiм өндiретiн жұмыс iстейiн кешендердi бiр мезгілде сақтай отырып, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң айналымдарын тарту жүредi. Осыларды ескере отырып, банкроттық ең алдымен өндiрiсті сауықтыру өндiрiстiң жаңа құрылымдық элементтерiн құру мақсатында жүзеге асырылуы тиiс.
Бұдан басқа, банкроттық - тиiмсiз меншiк иесiнен тиiмдi меншiк иесiне меншiкті қайта бөлу тәсiлдерiнiң бiрi. Банкроттық туралы мәселе - фискальдыққа қарағанда үлкен дәрежедегi инвестициялық-мүлiктiк мәселе. Банкроттық рәсiмдерi банкроттың өтімдi мүлкi базасында жаңа тиiмдi жұмыс iстейтiн, үлеске мемлекет қатысуы мүмкiн кәсiпорын құруға мүмкiндiк бередi.
Осы айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттiң банкроттық рәсiмдерiне кредитор ретiнде қатысуы кәсiпорындарды қайта құруды жүзеге асыруға, тиiмдi меншiк иелерiн тартуға, фискальдық қысқа мерзімді мүдделерге зиян келтiре отырып кәсiпорындардың ұзақ мерзiмдi мақсаттарының тиiмдiлiгiн арттыруға қол жеткізуге бағытталуы тиiс.
Мұны мемлекетке борышты капиталдандыру, оны қоғам акцияларына бағамдау және белгiленген мiндеттердi шешу үшiн оларды iске асыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тұжырымдаманы iске асырудың нақтылы құқықтық және ұйымдастыру механизмдерiн құра отырып, мемлекеттiң тиiмдi меншiк иесiне айналу процесiнiң нәтижелерi қызмет етуi тиiстi Қазақстанның перспективалы стратегиялық экономикалық мүдделерiне бағдарлану қажет.