_________________________________
* Осы Концепцияның мақсатында Мемлекеттік мүлiктiң тiзiлiмi деп құндық мәнде мемлекеттік мүлiктiң құрамын, оны орналастыруды және пайдалануды сипаттайтын мәлiметтердiң жүйеленген жиынтығы түсiндірiледi. Меншiк құқығын мемлекеттік мүлікке және олармен жасалатын мәмiлелерге мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтердi қамтиды.
1.3. Мемлекеттік мекемелердi басқару
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын 2 503 мемлекеттік мекемелер, жергiлiкті бюджеттерден
қаржыландырылатын 13 500 мемлекеттік мекемелер есепке алынған.
1.3.1. Мемлекеттік мекеменi басқарудың заңды негiзi
Бұл ұйымдастыру-құқықтық нысан тек мемлекеттік бюджеттің есебiнен ғана ұсталатын коммерциялық ұйымдарды құру кезiнде және басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени және өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн пайдаланылады.
Мемлекеттік мекемелердi құрудың тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, сондай-ақ бiрқатар нормативтiк кесiмдерде регламенттелген.
Мемлекеттік мекемелердi құру құқығы Азаматтық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметiне және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының басшыларына бөлiнген. Мемлекеттік мекемеге қазыналық мемлекеттік кәсiпорын сияқты жедел басқару құқығындағы мүлік үлестіріліп беріледі.
Жедел басқару құқығы меншiк иесінен мүлiк алған және заңнамалық кесiмдерде белгiленген шекте осы мүлiкке иелену, оны пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің заттай құқығы болып табылады.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемесi бойынша оның иелiгiнде бар ақша қаражатына ғана жауап бередi, ал олар жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiкке Қазақстан Республикасының ?кіметі немесе тиiстi жергiлiкті атқарушы орган жауап бередi.
1.3.2. Iстiң ағымдағы жағдайы және мемлекеттік мекемелердiң мүлiктi пайдалану бойынша бар кемшiліктері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша 1999 жылы мемлекеттік мекемелердi ұстауға бөлiнген 234 425 100 теңге сомасында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, 16 309 500 теңге (1999 жылдың бiрiнші жарты жылдығында) сомасында ақша қаражатын тонау фактiлерi анықталды. Сол сияқты мемлекеттік мекемелердiң олар алып отырған объектiлердi жалға беру жағдайлары анықталған, бұл ретте жалға алушылардан алынған ақша қаражаты бюджеттің кiрiсiне жiберiлмейдi, ал оларды ұстауға арналған сметаларға тиiстi түзетусiз мемлекеттік мекемелердiң жеке мұқтаждарына пайдаланылады. Бұдан басқа, үй-жайды жалға алушылардың тиелісі жалдау ақысын төлемеуi жиi кездеседi.
Аумақтық мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеттерінiң 1999 жылы жүргiзген мемлекеттік мекемелер алып отырған алаңдарды түгендеудiң барысында 156 мың шаршы метр артық алаң анықталды, бұл олардың жалға беруден алатын қосымша кiрiс көздерi болып табылуы мүмкiн.
1.3.3. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi
Мемлекеттік мекемелердi олардың алдына қойған мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мүлiкпен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған барлық деңгейдегi бюджеттердiң шығыстарын төмендету.
Мемлекеттiң нақтылы қажеттiлiгiн ескере отырып, мемлекеттік мекемелердiң санын оңтайландыру.
Қазiргi уақытта мемлекеттік мекемелерге бекiтілген мемлекеттік мүлiктiң тізбесiн анықтау.
Мемлекеттік мекемелердiң өздерiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн нақты қажеттi мүлкiн анықтау.
Мемлекеттік мекемеге, Уәкiлеттi органға бекiтілген мүлiкке меншiк құқығын тіркеу.
Мемлекеттік мекемелердiң оларға бекiтілген мүлiкті пайдалануын бақылау жүйесiн құру.
1.3.4. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi басқарудың механизмдері
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлiктi басқарудың негiзi, мемлекеттік мекеме атқаратын функцияларға, оның сандық және сапалық сәйкестiгiн бақылау жүйесiн құру болып табылады.
Ол үшiн мынадай iс-шаралар өткізу қажет:
Мемлекеттік мекемелердiң санын қолданылып жүрген заңнамамен анықталған, олардың нақты атқарып жатқан функцияларының сәйкестiгiн бағалау жолымен оңтайландыруды жүргiзу.
Мемлекеттік мекемелердiң санын оңтайландыруды жүргiзгеннен кейiн, оларға жүктелген мiндеттердi атқару үшiн қажетті, олардың әрқайсысына бекітілген мемлекеттік мүлiктiң құрамын анықтау және артық мүлiкті жедел басқарудан алып қою қажет.
Мемлекеттік мекемелердiң Уәкiлеттi органдағы мүлкiне меншiк құқығын тiркеудi жүргiзу.
Мемлекеттік мекемелердiң мүлiктi мақсатты пайдалануын бақылауды тұрақты жүзеге асыру.
1.4. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы акцияларын, қатысу үлестерiн басқару
1.4.1. Акцияларды (үлестердi) басқару жағдайын бағалау
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы акцияларының мемлекеттік пакетi республикалық меншiкке жатқызылған 242 акционерлік қоғамдарда қатысушы (акционер) болып табылады.
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу дәрежесiне орай акционерлік қоғамдар мынадай тәсiлмен сыныпталуы мүмкiн:
--------------------------------------------------------
Мемлекеттік меншiктегi ! Акционерлік қоғамдардың
акциялардың процентi ! саны
--------------------------------------------------------
100% 94
100%-тен 67%-ке дейiн 83
67%-тен 51%-ке дейiн 7
51%-тен 34%-ке дейiн 32
34%-тен 5%-ке дейiн 25
5%-тен төмен 1
--------------------------------------------------------
Ұйымдастыру-құқықтық нысанға байланысты жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi бар ұйымдардың мынадай топтарын бөлiп көрсетуге болады:
Ашық акционерлік қоғамдар 213
Жабық акционерлік қоғамдар 29
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 188 серiктестiкте қатысушы болып табылады.
Акциялардың мемлекеттік пакетi бойынша дивидендтер мыналарды құрады:
1997 жылы - 802 117 мың теңге;
1998 жылы - 1 195 550 мың теңге;
1999 жылы - 1 039 563 мың теңге.
Мемлекеттік меншiк болып табылатын акцияларды (қатысу үлестерiн) басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Yкіметінің бiрқатар қаулыларымен регламенттелген, оның iшiнде:
"Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 ;
"Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 ;
"Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 ;
"Мемлекеттік мүлiкті жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 ;
"Шаруашылық серiктестiктерiнде мемлекеттің атынан ақциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 .
Мемлекет акционердiң (қатысушының) құқығын "Акционерлік қоғамдар
туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына
және "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша серiктестіктер туралы" 1998
жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоғарыда аталған қаулыларына сәйкес қазiргi уақытта республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттік пакетiн (қатысу үлестерiн) басқару мынадай тәсiлмен жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі қысқа мерзiмдi кезеңдерге әзiрленетiн мемлекеттік бағдарламаның шеңберiнде акциялардың мемлекеттік пакетiн (қатысу үлестерiн) сатуға жататын тізбелердi, сондай-ақ акционерлік қоғамдарға қайта құрылуға жататын мемлекеттік кәсiпорындардың тізбелерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі акциялардың мемлекеттік пакетiн (қатысу үлестерiн) сату туралы шешiм қабылдайды, Қазақстан Республикасының өкiлдерiн басқару органдарына, бақылау органдарына және жарғылық капиталында акциялардың мемлекеттік пакетi (қатысу үлестерi) бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тексеру комиссияларына тағайындаудың тәртібін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi акциялардың мемлекеттік пакетiне (қатысу үлестерiне) билiк ету функциясын жүзеге асырады, Мемлекеттік мүлiк есебiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады, мемлекеттiң атынан акционерлік қоғамдардағы (шаруашылық серiктестiктердегi) акционердiң (қатысушының) құқығын жүзеге асырады не бұл құқықтарды салалық министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі олар бойынша салалық министрлiктер мен басқа да мемлекеттік органдардың, олар шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттік пакетiн және мемлекеттік қатысу үлесiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырған кезде басқарушылық шешiмдердi қабылдауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен мiндетті түрде жазбаша келiсуiн талап ететiн бiрқатар мәселелердi анықтады.
Акционерлік қоғамдардың басқару органдарын (Директорлар кеңесiн) қалыптастыру кезiнде салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдар мiндеттi түрде олардың құрамына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң өкiлдерiн қосады. Өз кезегiнде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеті, оның иелiгiнде акцияларының мемлекеттік пакетi бар акционерлік қоғамдар бойынша, Директорлар кеңесiнiң құрамына министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдардың өкiлдерiн (қызметкерлерiн) енгiзедi.
Осылайша, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарындағы Үкiметтiң өкiлдерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң, салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн тағайындайды немесе сайлайды. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң басқару органдарына ?кімет уәкiлеттiк берген кәсiпқой менеджерлердiң қатысу тәжiрибесi қазiргi уақытта жоқ.
?кіметтің өкiлдерiн акционерлік қоғамдардың басқару органдарына тағайындаудың қолданылып жүрген жүйесi күрделi және әртүрлi деңгейлерде келiсудi талап етедi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының барлық аумағында бытыраңқы орналасқан экономиканың әртүрлi салаларында өзiнiң қызметiн жүзеге асыратып бiрнеше акционерлік қоғамдардың басқару органдарына мемлекеттік қызметшiлердiң қатысуы тiкелей лауазымдық мiндеттерiн бірге атқарған кезде тиiмсiз екендiгi көрiндi. Мемлекеттік қызметшiлердiң басқа жұмысқа ауысуы Директорлар кеңесiнiң құрамына өзгерістер енгізу мақсатында кезектен тыс жиналыс өткізудiң қажеттiгiн туғызады, бұл мұндай шешiмдердi қабылдаудың қолданылып жүрген тәртібі бойынша қажеттi келісімдердi талап етедi (мемлекет 100 пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi қоспағанда).
Қазiргi таңда шаруашылық субъектілерді басқару органдарындағы ?кіметтiң өкiлi басқарушылық шешiмдер қабылдау кезiнде басшылыққа ала алатын және олар бойынша мемлекеттің мүддесi тарапынан оның қызметiнiң тиiмдiлiгiне баға бере алатын критерийлер жүйесi жоқ.
Айтылғандарды ескере отырып, шаруашылық серiктестiктер мен қоғамдардың жарғылық капиталындағы акциялардың мемлекеттік пакетін, қатысу үлестерiн басқару көп жағдайда тиiмсiз болып табылады және мынадай себептер бойынша едәуiр жетiлдiрудi талап етедi:
Үкiмет өкiлдерiнiң мемлекеттік қызметшiлердi акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарына және тексеру комиссияларына тағайындаудың қолданылып жүрген тәртібі мемлекеттік меншiктiң нақты объектісінің ерекшелiгін ескере отырып, олардың кәсiби сапасын, біліктілігі мен даярлауды бағалаудың ықпалды механизмдерін көздемейді. Басқарудың бұл жүйесінің шеңберінде мемлекеттің тәуекелін едәуір азайтатын өкілдер қызметінің нәтижесіне мүліктік жауапкершіліктің мұндай шараларын қолдану мүмкін емес;
Қазақстан Республикасы өкiлдерiнiң қызметi мемлекеттің мақсаты мен мүддесінің жеке түсінігiне негiзделетiндiктен, ал заңды тұлғаның басқару органдарымен шарттарда нақтылы мiндеттер қою және осы мiндеттердi iске асыру жөніндегі iс-шаралардың бағдарламасы болмағандықтан, бұл, бiр жағынан, басқару органдары қызметінiң тиянақсыздығына, олардың (басқару органдарының) мемлекеттік мүдде түсiнiгiн бұрмалауына, екiншi жағынан - басқарудың тиiмсiздiгiне жауаптылық шараларын қолдану үшiн негiздеменiң жоқтығына әкеп соғады;
?кіметтiң өкiлдерiн акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарына және тексеру комиссияларына таңдаудың, даярлау мен бағалаудың нақтылы және бiрыңғай жүйесi, мемлекеттiң мақсатына жету тәсiлдерiн әзiрлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өкілдерiнiң есептiлiгі, оларға бақылау, олардың өкiлдiктерiнiң шегiн анықтауға негiзделген тәсiлдер жоқ;
Үкімет қатысатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердегi iстiң жағдайы туралы ақпаратты алудың, жүйелеудiң және жинақтаудың тәртібі жоқ;
Үкiметке тиесiлi акцияларды иелiк етуге және пайдалануға берудiң қолданылып жүрген тәртібі акционерлік қоғамды басқару жөніндегі ұсыныстарды дайындаудың қажеттiгiн, сондай-ақ есептiлiк, бақылау, жауапкершiлiк шараларын қолдану үшiн негiздемелер тәртібін анықтамайды;
осы ұйымдарда басқару органдарының белгiлi бiр шешiмдерiн қабылдауға ықпал ету мүмкiндiгiн қамтамасыз ететін, осы ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң мөлшерiн ескере отырып, Үкiмет акционер (қатысушы) болып табылатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң сыныптамасы жоқ;
акционерлік қоғамдардың құрылтайшы құжаттары мемлекеттік мақсатына жету талаптарына және оның мүддесiн қорғауға сәйкес келмейдi;
қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн талдау және мониторингi жүйесi жоқ.
Мүмкiн, сондықтан 2000 жылға арналған республикалық бюджетте акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердiң түсуi 342 000 мың теңге сомасында құрылған, бұл кiрiстердiң жалпы сомасының 0,12% немесе салыққа жатпайтын түсiмдердiң 0,17% ғана құрайды.
1.4.2. Акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi
Акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары:
1. Мемлекеттiң қызметiнiң нәтижелерiне салынатын салықтарды төмендетуi үшiн алғышарттар жасайтын республикалық бюджеттiң салыққа жатпайтын кiрiстерiн ұлғайту;
2. Басқару органдарындағы өкiлдiктер арқылы мемлекеттiң мүддесiн сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарды ескере отырып, мынадай міндеттерді шешу қажет:
акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жалпы мемлекеттік функцияларды (қорғаныс, қауіпсіздік, әлеуметтік бағдарламалар, табиғи монополияларды реттеу) орындарын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Тұжырымдамаға сәйкес анықталған өзге де мақсаттарға жету;
өндірістің дамуын ынталандыру, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, инвестициялар тарту;
басқарушылық шығындарды оңтайландыру (жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің санын қысқарту, басқаруға байланысты шығыстарды қысқарту);
экономикадағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыру (кәсіпорындарды, салаларды қайта құрылымдау, тігінен интеграцияланған құрылымдарды құру).
1.4.3. Акцияларды (үлестерді) басқарудың механизмі
Басқару органымен өзара қарым-қатынастарды құрумен қатар мемлекеттік органдардың акцияларға және мүліктің құқықтарға билік ету туралы шешімдерді тікелей қабылдауымен, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерге қатысу туралы шешімдерді қабылдауымен шектелетін мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін іске асыру қажет.
Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерге қатысуының әрбір жағдайына қатысты басқару органы ретінде тартылатын тұлға басшылық ететін мұндай қатысудың мақсаты анықталуы және тіркелуі тиіс. Мақсатқа жетудің тәсілдерін жекелеген жағдайларда және көрсетілген ұйымдарға мемлекеттік қызметшілерді өкілдер етіп тағайындаған кезде ғана мемлекеттік органдар анықтайды. Мақсатқа жетудің тәсілі туралы ұсынысты басқару органдары ұсынады және конкурстық негізде бағаланады.
Уәкілетті орган бекіткен ұсыныс (басқару органы қызметінің бағдарламалары) басқару органымен жасалатын және есептілік тәртібін, есептілікке талап қоюды, бақылау нысандарын, басқару органының жауапкершілігін көздейтін шарттың ажырамас бөлігі болып қалады.
Мыналарды:
басқару органының министрлік (ведомство) немесе жеке заңды тұлға болып табылатындығына байланысты өкілеттігінің шектерін және мемлекеттік меншік объектісінің сипатын, басқару органы мен мемлекеттік органдардың біріншісі басқару органының өкілдігінің шегінен шығатын шешімдер қабылдаған кезде өзара әрекет етудің тәртібін;
басқару органының қызметі туралы ақпарат алудың тәртібін және тиісті акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердегі істің жағдайын, тиісті базалар деректерін жүргізуді, ақпаратты өңдеуді;
мемлекеттің мақсатына жету тәсілі (басқару органы қызметінің бағдарламалары) туралы ұсыныстардың нысанына және мазмұнына міндетті талаптарды, басқару органының есептерін, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер басқаруының нәтижелерін бағалау критерийлерін;
басқару органын сайлау (тағайындау) туралы басқарушылық шешiмдердi, сондай-ақ басқару органының есептiлiгi нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдердi қабылдау кезiнде мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл тәртібін, олардың қызметіне бақылауды және тиiстi акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер iсінің жағдайы туралы өзге де ақпаратты бағалауды анықтау қажет. Мемлекеттiң мақсатына жетудiң немесе басқару органының қызмет бағдарламасын орындаудың мүмкiн еместігi негiзделген кезде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғам мен шаруашылық серiктестiктер қызметіне қатысуын тоқтату туралы не акцияларға (үлестерге) өзге тәсiлмен билiк ету туралы (оның iшiнде акцияларды холдингтердiң жарғылық капиталдарына беру өзге де тiгiнен интеграцияланған құрылымдарды құру жолымен), не басқару органы қызметі мақсаттарының немесе бағдарламаларының өзгеруi туралы шешiм қабылдануы мүмкiн. Олай болмаған жағдайда, басқару органдарына жасалған шарттардың ережелерiне сәйкес әрекет ету шаралары қолданылады.
Басқару органымен өзара қарым-қатынастар жүйесiнiң басты элементі сенiмдi басқарушылар және компанияларды басқарушылар ретiнде штатта аттестацияланған мамандар, сондай-ақ тиiстi қызмет тәжiрибесi, мiнсiз iскер атағы бар және басқару саласында өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды сенiмдi қамтамасыз ететiн заңды тұлғаларды тарту басымдығы принципi болып табылады.
Мемлекеттік қызметшiлердi акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерге өкiлдер етiп тағайындау мұндай тағайындауға негiздеме (қауiпсiздiк мақсатында басқару бойынша ресурстарды үнемдеу) болған кезде жүргiзiледi.
Мемлекеттiң меншiгіндегі акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды болжайды:
1) акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердi сандық және сапалық көрсеткiштерi бойынша сыныптау. Сыныптаудың мақсаты оларға қатысты басқарудың әртүрлi механизмдерiн қолдану қажет мемлекеттік меншiктегi акциялардың негiзгi топтарын анықтау болып табылады.
Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер:
а) акциялардың өтiмдiлiгi дәрежесiне орай, оның iшінде оларды сату бюджетке едәуiр түсiмдердi әкелмейтiн; оларды қолданылып жүрген заңнамада көзделген тәртiппен iске асыру мүмкiн емес немесе экономикалық орынсыз бюджетке тез арада едәуiр қаражаттың түсуiмен iске асырылатын акциялар;
б) ұйымдардың салалық тиесiлiлiгiне орай;
в) акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қызметiнде мемлекет алға қойған, оның iшiнде табиғи монополиялар болып табылатын, перспективалы жоспарларды iске асырушы, әлеуметтік бағдарламаларға енгізiлген белгiлi бiр мемлекеттік мiндеттердi (қорғаныс, қауiпсiздiк) қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызы бар мақсаттарға орай;
г) акцияларының санына, үлесінiң мөлшерiне (ұйымдардың басқару
органдарындағы дауыстарының санына) негiзделген акционерлік қоғамдар мен
шаруашылық серiктестiктердiң қызметіне әсер ету мүмкіндiгіне орай;
д) тұрақты қаржылық жағдайы бар мемлекет қатысатын; банкроттық тәуекелi бар (3 айдан астам мерзiмi өткен берешегi бар, тиiстi бюджет алдында немесе жалақы бойынша берешегi бар) оған қатысты банкроттық туралы iс қозғалған ұйымның қаржылық жағдайына орай;
е) қызметкерлерiнiң санына және заңды тұлғаның негізгi қорларының өлшемiне орай сыныпталады;
2) мемлекеттік меншiкке бекітілген акцияларды басқару кезiнде жалпы мемлекеттік функцияларды анықтауды және iске асыруды жүзеге асыру, оның iшiнде:
министрлiктер мен ведомстволардың жұмысын олар шаруашылық серiктестіктердiң акцияларының мемлекеттік пакетін және үлестерін басқару процесiнде үйлестіру;
акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi басқару саласында мамандарды аттестациялаудың тәртібiн белгiлеу және оны өткізу;
орталық салалық атқарушы өкiмет органдары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi, сондай-ақ аумағында акционерлік қоғамдар орналасқан Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы өкiмет органдары мамандарының ішінен акциялары мемлекеттің меншiгіндегі акционерлік қоғамдардың басқару органдарына мемлекеттiң өкiлдерiн тағайындау;
өнiм өндiретiн (тауарлар, қызмет көрсетулер), мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызы бар неғұрлым iрi акционерлік қоғамдардың басқару органдарында Үкiметтiң, әдетте, мемлекеттік қызметшiлердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мүддесiн бiлдiрудi қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң салалық министрлiктермен және ведомстволармен келісім бойынша акциялары мемлекеттік меншiктегi акционерлік қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттiң өкiлдерiне дауыс беру үшiн жазбаша нұсқау беру;
акциялардың мемлекеттік пакетiн Үкiметтiң атынан кепiлдiктер түрiнде, осы кепiлдiктердi республикалық бюджеттiң кiрiстерiне емес, мүлiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттік борышқа жатқыза отырып пайдаланудың тәртібін белгiлеу;
бiртектес қызметтi немесе ұқсас мақсаттарға жету жөніндегi қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін бiрiктiру;
егер бұл жалпымемлекеттік мiндеттердi орындау үшiн қажет болса және егер бұл үшiн қажетті ресурстар болса, осы қоғамдарда мемлекеттiң қатысуын күшейту үшiн акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу;
қосымша эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде акциялардың мемлекеттік пакетiнiң мөлшерiн (жарғылық капиталдағы мемлекеттiң қатысу үлесiн) сақтау механизмiн белгiлеу;