мемлекеттiң мүддесiн қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғыларын қайта қарау жөніндегі шараларды қабылдау;
3) экономиканың жоғарғы табысты салаларында жұмыс істейтін, өтімдi өнiмді өндіретін тұрақты қаржылық жағдайы бар және едәуір инвестициялық салымдарды талап етпейтін акционерлік қоғамдарға қатысты салыққа жатпайтын түсiмдердi ұлғайтуға бағытталған рәсiмдердi жүзеге асыру, оның iшiнде:
акцияларды аумағында акционерлік қоғам өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің коммуналдық меншігіне, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкімі акционерлік қоғамды дамыту бағдарламасын ұсынған жағдайда республикалық бюджеттiң жергiліктi бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелерiнiң есебiне беру;
оларды кейiннен сату бюджетке неғұрлым көп табыс түсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттік пакеттi ұлғайту үшін акциялар сатып алу;
акциялармен қамтамасыз етiлген туынды бағалы қағаздарды шығару және сату;
көрсетiлген акцияларды туынды бағалы қағаздарды өндiрушiге сенiмдi басқаруға бiр уақытта бере отырып, белгiлi бiр мерзiмнен кейiн акцияларды сатып алуға құқық беретін туынды бағалы қағаздарды шығару;
акционерлік қоғамдарды сату алдында дайындауды және санациялауды жүзеге асыра отырып, акцияларды жекешелендiру;
жауапкершілігі шектеулi серiктестiктерге қатысты - акционерлік қоғамдар бойынша ұсыныстарға ұқсас ұсыныс, ал оларды iске асыру мүмкiн болмаған кезде, ұйымның таза активтерiнiң есебiнен анықталатын үлестiң негiзгi құнын ала отырып, серiктестiктiң қатысушылар құрамынан шығуы;
4) инвестицияларды экономиканың нақты секторына тартуды қамтамасыз ету және отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, оның iшінде:
мемлекеттік меншіктегi акцияларды мақсатты жобаларды iске асыруға бағытталған инвестицияларды немесе несиелердi қамтамасыз ету ретінде пайдалану;
акцияларды инвестицияларды тiгiнен интеграцияланған құрылымдарға тарту үшiн пайдалану (қамтамасыз ету ретінде интеграцияланған құрылымның жарғылық капиталына енгiзiлген акциялар қатысады);
кәсiпорынға инвестициялау шартымен жекешелендiру процесiнде акциялар сатып алатын тиiмдi меншiк иесiн тарту;
мемлекеттің жарғылық капиталға қатысу үлесiн қысқарту есебiнен отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
ұйымдардың мерзiмi өткен салықтық берешегiн күрделендiрудiң нәтижесiнде мемлекеттің акцияларды сатып алуы және осы акцияларды кейiннен сатуы және сенiмдi басқаруға беруi;
5) басқарушылық шығындарды оңтайландыруды жүргiзу, оның iшiнде:
мемлекеттiң меншiгіндегі акциялар пакетiнiң санын мемлекеттiң реттеушi және бақылаушы функцияларын iске асыруға мүмкiндiк беретін деңгейге дейiн қысқарту. Қысқарту акцияларды сату жолымен ғана емес, сонымен бiрге, технологиялары немесе өткізу нарығы жағынан бiртектес компанияларды басқаруды оңтайландыру, басқаруды республикалықтан аймақтық (жергiлiкті) деңгейге беру үшiн оларды тігінен интеграцияланған құрылымдарда бiрiктiру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Акцияларды (үлестердi) иелiктен айырy акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктердiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде мемлекет ұстанатын мақсатқа қатысудан басқа өзге тәсiлмен қол жетсе;
"портфельдi қорлар" үлгісi бойынша құрылатын компанияның жарғылық капиталына оларды сату туралы шешiм қабылданған, бiрақ сатылмаған мемлекеттің меншiгіндегі акциялардың ұсақ пакетiн және оларды сату бюджетке едәуiр түсiмдердi әкелмейтiн мемлекеттiң меншігіндегі акциялардың пакетiн енгізу. Мұндай компания өздерiнiң активтерiне дербес билiк ететiн, акцияларды сатудың тәртібі мен мерзiмдерiн, оларға арналған бағаны анықтайтын құқықты алады. Компанияның (Директорлар кеңесiнiң) қызметiне бақылау жасау механизмін әзiрлеу қажет;
ұсақ өтімсiз акциялардың мемлекеттік пакетiн, оларды кейiннен нарықтық құны бойынша ақционерлiк қоғамның сатып алуымен, сату;
ұсақ өтiмсiз акциялардың мемлекеттік пакетiн, бұл пакеттердi сауда-саттықта сату мүмкiн болмаған жағдайда, қызметкерлерге сату немесе қайтарымсыз беру.
6) мемлекеттік органдардың экономикадағы институционалдық қайта құруларға ықпал етуi. Экономикадағы бұл қайта құрулар акцияларды сатып алу-сату механизмiн тiгiнен интеграцияланған құрылымдарды қалыптастыруға мүмкiн болатын нысан ретінде пайдалана отырып, тиiмсiз меншiк иелерiн бiрте-бiрте ығыстыруға бағытталған.
Iрi өндiрiстiк акционерлік қоғамдардың көбiсiнiң өнiмнiң әртүрлi түрлерiн өндiру үшiн пайдаланатын күрделi құрылымы бар. Мұндай қоғамдарға қатысты жалпымемлекеттік мiндеттердi шешу үшiн мемлекетке қажеттi мүлiктiк кешендi бөле отырып, осы мүлiктiк кешеннiң базасында мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғам құра және оның базасында жаңа өндiрiсті дамыту мақсатымен қалған мүлiктi жекешелендiре отырып қайта құрылымдау жүзеге асырылуы мүмкiн не мұндай акционерлік қоғамның тиiмдi жұмыс iстеуiн арттыруды қамтамасыз ететiн өндiрiстi әртараптандыру жүргiзiлуi тиiс.
Мемлекеттiң меншiгіндегі акцияларды (үлестердi) басқару саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдіру нормативтiк-құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау жолымен жүзеге асырылуы тиiс.
1.4.4. Мемлекеттiң меншiгiнде тұрған акцияларды (үлестердi) басқарудың тиiмдiлiгiн бақылау
Мемлекеттiң меншiгіндегі акцияларды (үлестердi) басқарудың тиiмдiлiгін бақылау:
жарғылық капиталында Казақстан Республикасының үлесi бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердi басқарудан республикалық бюджеттiң салыққа жатпайтын кiрiстерiн ұлғайту динамикасын;
бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiміндегі мәлiметтердiң толықтығын;
жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының үлесi бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметi туралы деректердiң толықтығы мен дұрыстығын;
мемлекеттің меншiгіндегі ұсақ және өтiмсiз акциялар пакетімен бiрге жұмыс iстеу нәтижелерiн (қысқарту) бағалаумен байланысты.
1.5. Жылжымайтын мүлiк объектілерін басқару
1.5.1. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың жағдайын бағалау
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша 6106 мемлекеттік тұрғын емес қорларын жалдау шарттары жасалды. Шарттардың жалпы саны 875 республикалық меншiк объектiлерi бойынша және 5 231 шарт коммуналдық объектілер бойынша, бұл ретте жалға берiлген объектiлердiң жалпы алаңы 1 317,3 мың м2 құрады, оның iшiнде 292,69 мың м2 - республикалық меншiк объектiлерi және 1 024,57 м2 коммуналдық меншiк объектiлерi.
Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жалға беруден мемлекеттік бюджеттің кірістері: 1997 жыл 1998 жыл 1999 жыл Жалға беруден түсетiн кiрiстер (мың теңге) 500 375,7 475 901,3 433 004
Жалға берілген мемлекеттік тұрғын емес жылжымайтын мүлiк объектiлерінің жалпы алаңы: 1997 жыл 1998 жыл 1999 жыл Жылжымайтын мүлiк объектілерiнiң 3 110,221 1 820,75 1 317,3 жалпы алаңы (мың м2) Оның iшiнде республикалық - - 292,69 объектiлер Оның ішінде коммуналдық - - 1 024,57 объектiлер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша 1999 жылы мемлекеттік тұрғын емес қордың 170 объектiлерiнде жалпы сомасы 81 900 000 теңге жалдау ақысының бюджетке толық аударылмау фактiлерiнiң анықталғандығына қарамастан, жылжымайтын мүлiк кiрiсiнiң тұрақты өсу тенденциясы байқалуда.
Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлiктi басқарудың қолданылып жүрген жүйесi:
меншiктi дәл ажыратуды жүргізуге жол бермейтiн және нақты ақша ағымына бақылау жүргiзуге, жылжымайтын мүлiкті пайдаланудың тиiмдiлiгiне дұрыс талдау жүргiзуге, тиiсті бюджеттерге қаражаттың түсуiнiң болжамын жасауға мүмкіндiк бермейтiн Мемлекеттік мүлiктің тiзiлiмiнде мемлекеттік жылжымайтын мүлiк туралы толық ақпарат жоқтығын;
объектiлердi нарықтық бағалау жүйесiнiң, сондай-ақ мүлiктің құның үнемi төмендетуге, ренталы төлемдердi толық алмауға әкеп соғатын (әсiресе, инфляция жағдайында) жылжымайтын мүлiктi пайдалану құқығының дәл анықтамасы жоқтығын, жылжымайтын мүлiктiң ең iрi меншiк иесi бола отырып, мемлекет нарықтық бағадан едәуір төмен ставка бойынша мүлiктi жалға беретіндiктен, сыбайлас жемқорлықты тудыратындығын;
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi ретiнде мемлекеттің өкiлдiгiн қызметі өзара келісілмеген әртүрлi мемлекеттік өкiмет органдары жүзеге асыратындығын;
оған тиесiлi жылжымайтын мүлiк объектiлерiне мемлекеттiң құқығы заңмен белгiленген тәртiппен тiркелмегендiктен, оларға билiк етуде қиындық туғызатындығын;
жылжымайтын мүліктi пайдалануға көп нұсқалы және жеке айла-тәсiл аз пайдаланатындығын;
құрылысы аяқталмаған объектілердiң көпшiлiк саны айналымға тартылмағандығын және инвестициялық тартымдылығын жоғалтатындығын ескере отырып жетiлдiрудi қажет етедi.
Осылайша, жылжымайтын мүлiкті пайдаланудан алынатын кiрiстердiң тұрақты өсу тенденциясына қарамастан, бұл кiрiстер қалыптасқан нарықтық көрсеткiштерден едәуiр қалып қойды, бұл жылжымайтын мүлiктi басқаруға айла-тәсiлдiң өзгеруi үшiн негіздеме болып табылады.
1.5.2. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi
Жылжымайтын мүлiкті басқару жүйесiн жетiлдiру мынадай мақсаттарға жетудi қамтамасыз етуi тиiс:
1. Жылжымайтын мүлiк объектілерiнiң кiрiстiлiгiн мүмкіндігінше ең жоғары өсiру;
2. Мемлекеттiң жылжымайтын мүлiктi пайдалану процесiнде өзiнiң әлеуметтiк функцияларын неғұрлым тиiмдi орындауы;
3. Жылжымайтын мүлiктiң есебiнен экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандыру, кәсiпкерлердің жылжымайтын мүлiк объектiлерiне ең жоғары қарапайым және ыңғайлы қол жеткізуiн қамтамасыз ету;
4. Жылжымайтын мүлiкті басқару процесiнде сыбайлас жемқорлық үшiн мүмкiндiкті болдырмау;
5. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi шаруашылық айналымға қосу.
Көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
а) сандық, құндық, техникалық және құқықтық сипатты құрайтын мемлекеттік жылжымайтын мүлiк және құрылысы аяқталмаған объектілер туралы жеткiлiкті ақпаратты жинауды және Мемлекеттік мүлiктiң есебi тiзiлiмiне енгізудi қамтамасыз ету;
б) жылжымайтын мүлiктi басқару процесiне қатысатын барлық мемлекеттік органдардың өкілеттiгiн дәл шектеу және үйлестiру;
в) объектiлер бiрыңғай тұтастықты құрайтын жағдайда олардың бiр бөлiгiне екiншiсiнсiз билiк ету мүмкiндiгiн болдырмай басқару объектiлерiн қалыптастыру, мәселен, жер учаскелерi мен оларда орналасқан ғимараттар мен құрылыстар;
г) коммерциялық ұйымдарға жер учаскелерi меншікке немесе жалдау шартымен, бұл кезде бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға және азаматтарға коммерциялық емес мақсаттарға пайдалану үшiн - тұрақты (мәңгi) пайдалану құқығына берiлуi тиiс деп белгiлеу;
д) жылжымайтын мүлiктi пайдалану және сату кезінде нарықтық бағалау механизмiн сөзсiз пайдалануды қамтамасыз ету. Алынатын жалдау ақысының ставкасы мен мемлекеттік жылжымайтын мүлiктi сату құны рыноктағы қалыптасқан ставкалар мен бағаларға сәйкес келуi тиiс;
е) жылжымайтын мүлiкке билiк етудiң әртүрлi тәсiлдерін (кепіл, сенiмдi басқару, жарғылық капиталға пайдалану құқығын енгізу) пайдалануға мүмкiндiк беретiн қажетті құқықтық базаны құру;
ж) жылжымайтын мүлiкті азаматтық айналымға ең жоғары тарту жолымен, оның iшiнде ең жоғары жеңiлдiк жағдайымен инвесторларға аяқталмаған құрылыс объектiлерiн беру жолымен инвестицияларды экономиканың нақты секторына тарту үшiн жағдай жасау;
з) мемлекеттің жылжымайтын мүлiк объектiлерiн, оның iшiнде оларға жету үшiн көрсетiлген объектілердi сатып алу жүзеге асырылатын мақсаттарды анықтай отырып сатып алуы мәселелерiн реттеу;
и) жылжымайтын мүлiктi пайдалану туралы шешiм қабылдаудың бiрыңғай тәртібiн және шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығына бекітілген, сондай-ақ жалға берiлетiн жылжымайтын мүлiкті пайдалануға қатаң бақылау белгiлеу;
к) мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелерден мүлiктi алып қоюдың құқықтық мүмкiндiктерiн анықтау (мысалы, жылжымайтын мүлiкке дұрыс билiк етпеген жағдайда). Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң артық, пайдаланбаған не орынсыз пайдаланған мүлкiн анықтау және алып қою;
л) жылжымайтын мүлiктi тиiмдi басқару үшiн мемлекет өзiнiң мүлкін пайдалану кезiнде оның басқа да қатысушыларымен қатар азаматтық айналымға қатынасатындықтан, азаматтық-құқықтыққа ұқсас жылжымайтын мүлiкті басқаруға (оның ішінде түгендеуге және бағалауға) арналған шығыстарды өтеу механизмiн пайдалану. Жылжымайтын мүлiктi басқару жөнiндегі органдарға оларды кейiннен бюджеттен қаржыландыру шотына есепке ала отырып, аударымдар нормативiн анықтау;
м) жылжымайтын мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби даярлауды қамтамасыз ету.
1.5.3. Жылжымайтын мүлiк обьектiлерiн басқару механизмi
Жылжымайтын мүлiк объектілерiн басқарудың мақсатына жету бұл объектiлерге билiк ету функциялары бiр ведомствода шоғырланған жағдайда мүмкiн.
Басқарудың негiзгi объектiсi жер учаскесiнен (немесе оның үлесiнен) және оған байланысты ғимараттардан, құрылыстардан (немесе олардың бөлiгiнен) тұратын кешендi объект болады.
Бiрiншi қадам, нәтижесiнде олардың негiзгi сипаттамасын есептеудiң және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң нарықтық құндық сипаттамасы туралы ақпаратты статистикалық өңдеу әдiстерiн пайдаланудың негiзiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн нарықтық бағалауды жедел жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпаратты алу болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жаппай түгендеу болуы тиiс.
Мемлекеттік мүлiктің есебi тiзiлiмi деректерiнің негiзiнде мемлекет түгенделген және бағаланған жылжымайтын мүлік объектілеріне өзінің құқықтарын тіркеуі тиіс.
Келесi қадам, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне билiк ету жөнiнде шешімдер қабылдаудың бiрыңғай ережелерi мен рәсiмдерiн өңдеу болуы тиiс. Олар мынадай принциптерге негiзделуi тиiс:
жылжымайтын мүлiкті қайтарымсыз негiзде берудiң ерекше жағдайларын анықтай отырып, пайдаланудың қайтарымсыз түрінiң сөзсiз басымдылығы, жылжымайтын мүлiк объектілерiн пайдалану кезiнде жеңiлдiктердi қысқарту;
көп пайда келтiретiн жылжымайтын мүлiктi коммерциялық мақсаттарға пайдалану;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн аймақта қалыптасқан нарықтық бағадан төмен деңгейдiң ставкасы бойынша жалға беруге тыйым салу;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн объектiлердiң тiзiмiн барлық мүдделi тұлғаларға мiндеттi түрде жариялай отырып, пайдалануға беру жөніндегі iс-қимылдың айқындылығы. Екi немесе одан да көп өтiнiш бiлдiрушiлер болған кезде объектiлердi сауда-саттық жүргiзу жолымен пайдалануға ұсыну қажет;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын ресiмдеу рәсiмiн оңайлату және олардың мерзiмдерiн қысқарту. Нарықтық құн бойынша объектiнi пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақы енгiзген және белгiленген тәртiппен жасалған шарттың барлық ережелерiн орындаған жалға алушыларға хабарлау тәртібін сақтай отырып, қосалқы жалдауға рұқсат берiлуi мүмкiн;
құрылысы аяқталмаған объектілердi олардың нарықтық құнын ескере отырып, инвестициялық жағдайда сату. Нарықтық құны жоқ объектiлер инвесторларға мемлекеттік мүддеге сәйкес инвестициялық жобалармен қайтарымсыз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Айтылған принциптер осы Концепцияның қосымшасында көрсетiлген нормативтiк кесiмдерде iске асырылуы тиiс.
1.5.4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiгін бақылау
Басқарудың мақсаттарына жетудi бақылау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
мемлекеттік мүлiктi пайдаланудан түсетiн бюджеттердің кiрiстерiн ұлғайту;
тиiстi нормативтiк құқықтық базаны уақытылы әзiрлеу және қабылдау;
мемлекеттік мүлiкті жалға бергенi үшін ставкаларды және жалгерлiк ақының нарықтық ставкаларды жақындату;
Мемлекеттік мүлiктiң есебi тiзiлiмiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету.
Шетелде тұрған мемлекеттік мүлiк туралы бөлек айту керек. Негiзiнде олардың барлығы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн құрайды және сондықтан, осы мүлiкке қатысты мақсаттар мен мiндеттер жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты мақсаттар мен мiндеттерге тұтастай ұқсас. Сонымен қатар, осы мүлiкті басқарудың механизмiн анықтаған кезде сыртқы экономикалық факторларды да ескеру қажет.
II бөлiм. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру
II.1. Мемлекеттік жекешелендіру саясатының мақсаттары, міндеттері және принциптері
Мемлекет иелiгiнен шығарудың және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасын орындау барысында 1991 жылдан бастап қазiргі уақытқа дейін мемлекеттік меншiктi қайта құру кәсiпорындарды акционерлендiруден экономиканың жекелеген салаларын жекешелендiруге дейiнгi эволюциялық жолдан өттi. Мемлекет иелiгiнен шығарудың және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасының орындалуының қысқа аралық қорытындысын жасай отырып, оның алға қойған мiндеттерiнiң негiзiнен орындалғаны туралы қорытынды жасауға болады, алайда, бiрқатар белгiленген мақсаттарға қол жеткiзiлген жоқ:
жеке меншiктiң кең көлемi тиiмдi шаруашылық субъект ретінде қалыптаспады;
жекешелендiру процесiнде тартылған инвестициялар көптеген кәсiпорындардың өндiрiстiк, технологиялық және әлеуметтiк дамуы үшiн анық жеткiлiксiз болды;
экономикадағы құрылымдық қайта құру кәсiпорындардың, жұмыстарының тиiмдiлiгiн ойдағыдай арттыруға әкелмедi, бiрқатар салалардағы нәтиже ретiнде отандық және әлемдiк рыноктарда кәсiпорындардың бәсекелестiк жағдайын сақтауға қол жеткiзiлмедi.
Санамаланған терiс бағыттарды жою үшiн мемлекеттің жекешелендiру саласындағы саясатының бағытын өзгерту, мемлекеттік мүлiкті басқаруға байланысты мәселелердi шешудiң жаңа тәсілдерiн әзiрлеу және iске асыру қажет.
Осы Концепцияға сәйкес жекешелендiру саласындағы мемлекет саясатының мақсаты - тұтастай алғанда барлық халық шаруашылығы кешенінің жұмыс iстеуiнiң тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
шаруашылық субъектiлердiң қызметтерi үшiн қолайлы ортаны құру;
азаматтық айналымға мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң ең көп санын тарту;
экономикаға (нақты секторға) инвестициялық және/немесе әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру жөніндегі мiндеттемелердi өзiне алуға және орындауға даяр инвесторларға мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру (сату) арқылы инвестицияларды тарту;
кәсiпорындарды ұзақ мерзiмдi дамытуға бағытталған тиiмді меншiк иелерiнiң кең көлемiн құру, рынокты отандық өнiмдермен толтыру және оны әлемдiк рынокқа алып шығу, өндiрiстi кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру;
жекешелендiрілетiн мүлiктің меншiк иелерiнiң мiндеттемелердi орындауына бақылауды қамтамасыз ету;
жекешелендiрiлген кәсiпорындардың меншiк иесiнiң жауапкершiлiгін күшейту есебiнен менеджменттің сапасын және басқарудың тиiмдiлiгiн және кәсiпорындардың басшылары мен персоналдарының, олардың өндiрiстiк қызметiнiң нәтижелерiне мүдделiлiгiн айтарлықтай арттыру;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру процесінiң әлеуметтік бағытталуын күшейту.
Осы Тұжырымдама мынадай негізгі принциптерге негізделеді:
а) Мемлекеттік мүлiктiң сол немесе өзге объектiсiнiң мемлекет иелiгiнде болуының орындылығы. Мемлекеттік мүлiк объектiсiн жекешелендiруiнiң орындылығы туралы шешiм және оның оны пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру тұрғысынан басқару органының, бағалаушылардың, аудиторлардың, қаржы және заң консультанттарының ұсыныстарының негізінде нысандарын Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып негіздейді. Өнiмдi (тауарларды, қызмет көрсетулердi) өндiретін, Мемлекеттің экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар әрбiр кәсiпорынды жекешелендiру туралы соңғы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдайды (мұндай стратегиялық кәсiпорындардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуi тиiс);
б) Нормативтiк-құқықтық базаны қолданудың тәртібі, жекешелендiру процестерiн реттеудiң режимдерi мен әдiстерi Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай болуы тиiс.
II.2. Мемлекеттік жекешелендіру саясатын iске асыру жөніндегі негiзгi шаралар
Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған негiзгi шаралар мыналар болуы тиiс:
1) Мемлекеттің стратегиялық мүддесiне байланысты мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге дифференцияланған әрекет ету.
Өтiмдiлiгi жоғары кәсiпорындар кәсiпорынды дамытуға бағытталған инвестициялардың мөлшерi мен әлемдiк деңгейге барынша жақындаған олардың iс жүзіндегі құндық бағалануын ескере отырып, кәсiпорынды сатудан мемлекеттік бюджетке түсетiн қаражаттың мөлшерi арасындағы тепе-теңдiктi сақтаудың қажеттiлiгiн ескере отырып жекешелендiрiледi.
Өтімдiлiгi төмен кәсiпорындарды жекешелендiру iс жүзіндегі инвестицияларды жүзеге асыруға өзінің әзiрлiгiн және асыра алатындығын кәсiпорын мен мемлекеттiң алдындағы инвестициялық және әлеуметтiк мiндеттемелерiн толық көлемде орындауды растаған меншiк иелерiне ең төменгi баға бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
2) Жекешелендiру құралдарын кеңейту:
а) мемлекеттік мүлiкпен қамтамасыз етiлген туынды бағалы қағаздар;
б) биржалық және биржадан тыс рыноктарда бағалы қағаздарды сатып алу-сату;
в) атаулы сату;
г) кепiлдiктен бөлiп-бөлiп сату (банктер және т.б.).
3) Ықтимал инвесторлар ұсынған кәсiпорындарды дамытудың ұзақ мерзiмдi жоспарларын мұқият талдаудың негiзінде жекешелендiру шешiмдерін қабылдау және инвесторлардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн егжей-тегжейлi регламенттейтiн жекешелендіру шарттарын жасасу.
4) Осы мүдделер мемлекет мүддесiмен сөзсiз сәйкес келген жағдайда ықтимал инвесторларға сүйену.
5) Жекешелендiрудiң, оның iшінде кәсiпорындарды сату алдындағы дайындаудың әлемдiк тәжiрибесiн қаржылық кеңесшiнi, аудиторды, бағалаушыны, заң консультантын, менеджмент бойынша консультантты тарта отырып тәжiрибесiн мiндеттi түрде ескеру.
6) Жекешелендiру кезiнде мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мүдделерiн үйлестiру.
Жекешелендiру қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi, болашақта жекешелендiруден салық салынатын базаны кеңейту нысанында пайданы алуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызмет көрсетулерiмен толтыруға, барлық халық шаруашылығы кешенiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған мемлекеттік мүлiктi басқару жөнiндегі мемлекеттік саясаттың бiрыңғай құрылымдық элементi ретінде қарастырылуы тиiс.
7) Жекешелендiрудiң әлеуметтік бағытталуын күшейту.
Жекешелендiрудiң тәсiлдерi, әдiстерi және құралдары қоғамның барлық деңгейiндегілер үшiн бiрдей құқық пен мүмкiндiктердi қамтамасыз етуi тиiс. Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру туралы шешiмдердi қабылдау кезiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту, қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерiн қоса алғанда, жекешелендiрудiң әлеуметтiк салдарын ескеру қажет. Әлеуметтік шарттармен коммерциялық конкурстар өткізу жолымен мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудi кеңiнен қолдану қажет.
II.3. Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудың әдiстерi
Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудың әдiстерiнiң мемлекеттік мүлiктiң түрiне орай өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелерге қатысты мыналар қажет:
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң оңтайлы санын анықтау.
2. Мемлекеттік мекеменiң мүлiктiк кешенiнiң бөлiгiн ғана жекешелендiрген жағдайда бюджет пен мемлекеттік кәсiпорын арасындағы ақша қаражатын бөлу әдiстемесiн әзiрлеу және бекіту.
3. Монополияға қарсы заңнамалардың талаптарын ескере отырып, сенiмдi басқарудың негізiнде мемлекеттік мүлiктi пайдаланатын тiгінен интеграцияланған өнеркәсiптiк құрылымдарды құрудың орындылығын анықтау.
4. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаж үшiн пайдаланбайтын басқа мемлекеттік мүлiкті жаңа өндiрiстердi құру мақсатында ғана жекешелендiру.
Акциялардың мемлекеттік пакетiне қатысты мыналар қажет:
1. Сыйақысы жекешелендiру кезiнде алынған қаражат көлемiне байланысты болатын қаржы консультанттарын мiндеттi түрде тарта отырып, бюджетке қаражаттың едәуір түсуiн бағдарға ала отырып, өтiмдiлiгi жоғары акциялардың мемлекеттік пакетiн жекешелендiрудi жүргiзу.
2. Өтiмдiлiгi төмен акциялардың мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiрудi жаңа меншік иесi инвестициялық және (немесе) әлеуметтiк мiндеттемелердi (жұмыс орнын сақтау немесе қосымша құру, экологиялық мiндеттердi шешу және т.б.) қабылдаған жағдайда оларды ең төмен бағамен сату жолымен жүзеге асыру.