«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған
іс-қимыл бағдарламасы туралы» Баяндама туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 11 қарашадағы № 1684 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы туралы» Баяндама мақұлдансын және ол Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 қарашадағы
№ 1684 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасы туралы
Баяндама
Қазақстан Республикасының Үкіметінен
Жаңа Үкімет жұмысқа жаңа мың жылдықтың қарсаңында кірісті. Бұл күнтізбелік шек қана емес, дәуірдің ауысуы.
Ол қоғам мен адамдардың біздің өміріміздегі жақсылықтарға өзгерістерге деген сенімін айқындайды.
Қоғамның жай-күйі, күту мен үміттің қалыптасып отырған жағдайы, сондай-ақ шешімді қажет ететін міндеттердің аса ерекше сипаты Іс-қимыл жоспарын мазмұндап берудің дәстүрлі-стандартты нысандарынан бой тартуды талап етеді.
Біздің қоғамымыз өз мәніндегі қарапайым сұрақтарға нақты да түсінікті жауаптар күтеді. Бүгінде экономикада не болып жатыр? Не істеу керек? Қалай істеу керек? Таяудағы болашақта нені күткен жөн және ұзақ мерзімді келешекте неге сенім артуға болады?
Бұл сұрақтарға жағдайы мен болып жатқан тенденцияларды әділ талдаусыз, ең бастысы - негізінен алғанда, экономиканың дамуын айқындайтын шешуші себептiк-салдарлық байланыстарды дәл айқындамастан дұрыс жауап беру мүмкiн емес.
Талдау мен шешiмдерде жүйелiлiк болуы тиiс. Сонымен бiр мезгiлде экономиканың өзi мен экономикалық заңдардың қолданылуының жүйелiгiн түсiнген маңызды.
Бiздiң өмiрiмiзде проблемалар өте көп. Барлық мәселенi бiрден шешу мүмкiн емес. Дүниежүзiнде проблемасыз өмiр сүрiп отырған мемлекет жоқ. Үлкен болсын, кiшi болсын, шешiмсiз және шешiмдi болсын - олар қайткенмен де бар.
Сондықтан да өзектi проблемаларды нақты айқындау ерекше маңызды. Басқаша айтқанда, басымдықтарды қалыптастыру - маңызы бойынша жүйелiлiктен кейiнгi екiншi мiндет.
Экономикалық шешiмдер белгiлi бiр дәйектілік пен кезеңдiлiктi, iс-қимыл қисынын да талап етедi.
Неден бастау қажет? Әлеуметтiк мәселелердi шешуден бе әлде материалдық өндiрiстен бе? Экономикалық қисын материалдық өндiрiстi көтермей негiзгi мiндеттер шешiлмейтiндiктен, соңғысының пайдасына меңзейдi. Солай дей тұра, бiрқатар бағыттар бойынша әлеуметтiк жағдайдың өткiрлiгi соншалық, мүмкiн қисын мен нақты теорияға қарамастан, басымдықтарды жедел қайта бағдарлауды талап етедi.
Ең ақырында, шешiмдердiң жүйесiнде мақсаттар мен оларға қол жеткізудiң дұрыс арақатынасының принциптi маңызы бар.
Осының алдындағы жылдары реформалау құралдан өзiндiк мақсатқа айналып кеттi.
Адам өзiнiң проблемаларымен қоса неғұрлым кеп жағдайда сырттан бақылаушыға, экономикалық мiндеттердi шешу кезiнде пайдаланылатын субъектiге айналады.
Әйтсе де, мәнi бойынша адам барлық қайта құрулардың басты қозғаушысы және олардың түпкi мақсаты болып табылады.
Басымдықтарды, шешiмдер желiсіндегі мақсаттар мен құралдарды, басты буындарды таңдау мәселесi көп жағдайда таза экономикалық мәселе болып табылмайды.Бұл саяси сипатқа ие болып үлгерген проблема.
Әрбiр қоғамдық топтың оның шешiмiне деген өз көзқарасы болатындығы табиғи құбылыс. Көптеген әртүрлi көзқарастар мен қадамдардың болуы әбден орынды.
Үкiмет қоғамның пiкiрiнiң бүкiл спектрiн ескеруi тиiс. Өзiнiң қалауын жасай отырып, қандай да болмасын шамада экономикалық пiкiрталасқа тартылған адамдардың кейде тiптi қайшы келетiн позицияларының негiзiнде мәмiлелiк шешiм iздеуге мiндеттi.
Сондықтан да бiз көп шамада салауатты пайым, тұрақтылық және ашықтық принциптерiне сүйенбек ниетiндемiз.
Салауатты пайым экономиканы ең алдымен адам үшiн жасаудың қажеттiгiн айтады. Бұл бүкiл саясат өзектi адами проблемаларды:
- жұмыстың болуын және оған уақытында ақы төленуiн;
- зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақылар уақытылы төленуiн;
- өз үйi болуын және онда жылу мен жарықтың болуын;
- балалардың жақсы білім алуы мен тамақтануына жағдай жасалуын;
- денсаулық сақтау адамдарды дұрыс емдеуді қамтамасыз етуін;
- мемлекеттік органдар кәсіпкерлікпен айналысуға бөгет жасамауын;
- мемлекет адамдарды сыбайлас жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғауын шешудің қажеттігіне сүйенуі тиіс екендігін білдіреді.
Міне, біздің Бағдарламамыздың принциптерінің қысқаша мәні осы. Бұл принциптер осы Баяндаманың негізіне алынды.
Кіріспе
Осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Онда Үкiмет ағымдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды өзiнiң көре бiлуiн, ең негiзгi тенденциялар мен проблемаларды, сондай-ақ елдiң ұзақ мерзiмдi дамуын iске асыруды ескере отырып, оларды шешудiң негiзгi әдiстерi мен құралдарын айтады.
Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасы туралы Баяндаманың негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әзiрлендi.
Үкiмет жағдайды өзiнiң бағалауында қаржы-экономикалық дағдарыстың бәсеңдегенiне және бiздiң елiмiздiң экономикасында жандану белгiлерi байқалғандығына сүйенедi.
Дағдарыстың нәтижесiнде халық пен өндiрiстiң нақты секторы зардап шектi, экономикадағы, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі және ұдайы өндiру процестеріндегі үйлесiмсiздiктiң бетi ашылды.
Сондықтан да Үкiмет дағдарыстың зардабын жеңудi және үйлесiмсiздiктi қоғамның әлеуметтiк өзін-өзi сезiнуiнiң нашарлау фактiсi бұдан былай қайталанбайтындай тұрғыда түзеуге бағытталған ең басты шешiмдер қабылдауды өзiнiң басты мiндетi деп есептейдi.
Сөз халықтың әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiне нұқсан келтiрместен, экономиканы тұрақты даму биiктiгiне шығару туралы болып отыр.
Үкiмет өзiнiң макроэкономикалық саясатында Ұлттық Банкпен бiрлесiп экономиканы инфляцияның салыстырмалы түрде төмен деңгейлi жағдайға қайтармақ ниетте. Сауда балансының терiс сальдосын жою және төлем балансы мен мемлекеттік бюджеттiң тапшылығын төмендетуге қатаң жұмыс iстеу қажет.
Экономика төлем жасамаушылықтармен қол-аяғы байланған, ал Үкiмет пен жергiлiктi атқарушы органдар осы елеулi проблеманың басты көздерiнiң бiрiне айналған қалыпты емес жағдайды мойындағаны жөн. Одан басқа, созылмалы қаржы тапшылығы жағдайында сақталған қаражат пен жинақтаулардың едәуiр бөлiгi, қаржы рыногының жекелеген бөлiктерi экономикаға жұмыс iстемейдi.
Үкiмет Ұлттық Банктiң бағамдық және проценттiк саясаты бүкiл экономикаға, оның iшiнде өндiрiстiң нақты секторына да есептелiп жасалуы тиiс деп санайды.
Үкiмет бюджеттік саясатта мәнi:
- бюджеттік жоспарлаудың көкжиегiн 3-5 жылға дейiн ұзартуға;
- орталық пен аймақтардың қазiргi бюджеттік өзара қатынастарын тұрақты нормативтік өзара қатынастар тұрғысына көшiруге;
- бюджеттік жоспарлаудың нормативтiк базаларын жеделдетiлген дамытуға және кеңейтуге;
- бюджеттік жоспарлау мен бағдарламалаудың методологиялық базасын дамытуға;
- бюджет процесiн нақты регламенттеуге;
- бюджеттi қалыптастыру кезiнде ашықтық пен алқалылықты күшейтуге саятын байыпты реформаларды жалғастырмақ ниетте.
Үкiмет салықтық саясатты да едәуiр жақсартпақ, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толықтыру мен өндiрушi үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасаудың арасындағы орынды балансты таппақ ниетте. 2000 жылы Парламентке жаңа Салықтық кодекстi енгізудi қоспағанда, Үкiмет салық режимiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет деп есептейдi.
Үкiмет кеден баждарының ставкаларын мүмкiндiгiнше оларды қысқартуға және төмендетуге қарай өзгерте отырып, сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыруға барады. Сонымен бiрге, демпингке қарсы, акциздi тауарлар рыногын қорғау және трансферттiк бағаларға бақылауды қатайту бөлiгiнде талаптар қатаң күшейтiлетiн болады.
Өндірістің нақты секторында салалық шешiмдердi қоспағанда, төлем жасамаушылықтар проблемаларын шешуге, банктiк сектордың басымдықтарын өндiрiс саласына көшiру үшiн жағдайлар жасауға, инвесторларды iздестiруге, ?кіметтiк өнiмдердi сату рыноктарын iздестiруде және ұйымдастыруда шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге (бұдан әрi - кәсiпорын) жәрдемдесуiне жете көңiл бөлiнетiн болады.
Үкiмет саясат пен бюджеттік орталықсыздандырудағы әлеуметтiк факторларды күшейту, әлеуметтiк көмектердiң атаулылығын күшейтудiң қажеттiгi контексiнде экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiктiң арасындағы орынды және тұрақты балансқа қол жеткiзбек ниетте.
Үкiмет әлеуметтiк төлемдердiң атаулылығы мен ашықтығын күшейту мақсатында олардың көлемiнiң төмендеуiне жол бермей және соңғысының жергiлiктi ерекшелiктерге сүйене отырып тiзбесi мен басымдықтарды айқындау құқығын кеңейтiп әлеуметтiк бағдарламалардың бiр бөлiгiн орталық атқарушы органдардан жергiлiктi мемлекеттік органдарға беру қажет деп есептейдi. Одан басқа, кедейлiк шегiнiң өлшемдерiмен айқындалатын атаулы көмек күшейтiлетiн болады.
Үкімет кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын шешу біздің қоғамымыздың ең өткір міндеттерінің бірі деп санайды.
Үкімет заңдарды жетілдіруді және әкімшіліктік реформаларды одан әрі жүзеге асыруды экономикада істі жақсартуға бастайтын маңызды факторлардың бірі деп есептейді.
1. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың
өзектi проблемалары
1998-1999 жылдардағы әлеуметтiк-экономикалық дағдарыстың өткендiгiне қарамастан, жалпы жағдай күрделi қалпында қалып отыр. Экономика жүйелiк үйлесiмсiздiктi басынан өткеруде және бүгiнгi күнi нарықтық үлгiден әлi алыста жатыр.
Жүргiзiлген қайта құрулар мен өткен сыртқы дағдарыстың ауыр әлеуметтiк зардаптары халықтың ырықтандыру-нарықтық экономика құруға арналған бағытқа қатысты терең көңiлi қалушылығын туғызды.
1.1. Макроэкономика
Жинақталған макроэкономикалық қайшылықтар оларды 1999 жылдың сәуiрiнде ұлттық валютаны девальвациялау арқылы шешудiң қажеттілігiнде негiздедi.
Макроахуалдың жақсарғанына қарамастан негiзгi үйлесiмсiздiк әлi де сақталып отыр. Экономика тең емес жағдайда тұр, елдiң төлем және сауда балансының терiс сальдосы бар.
Мемлекеттік бюджеттiң әлi де үлкен тапшылығы бар және ел қаржыландыруда елеулi қиындықтарды басынан өткеруде. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер орасан зор мiндеттемелер жинақтады.
Ұлттық Банктың қайта қаржыландыру ставкалары 18% дейiн үш мәрте төмендетiлгенiне қарамастан, ол инфляцияға орай жоғары, ал несиелер - тауар өндiрушiлер үшiн қол жетпестей болып қалып отыр.
Елде нақты сектордың ұтымдылығы сауда мен қаржы секторларындағы ұтымдылықтан төмен.
Экономиканың монетизациялау деңгейiнiң арттырылуына қарамастан ол бұрынғысынша төмен болып қалып отыр.
Экономика, ең алдымен нақты сектор төлем қаражатының жетпеушiлiгiн басынан өткеруде. Төлем жасамаушылық экономикалық жандануды шырмауда.
Төлем қаражатының жеткiлiксiздiгi мен девальвациялық күтулерге орай экономиканы долларландыру жалғасуда.
Орын алып отырған сыртқы саудаға шектеу, валюталық пайданы міндетті 50 проценттік сату теңгенің бағамын тепе-тең белгілеу туралы сеніммен айтуға мүмкіндік бермейді.
Қаражатты жинақтау мен сақтаудың қалыптасқан жүйесі экономикаға жұмыс істемейді. Олар не шетелдік валютада сақтап қойылады не заңсыз операцияларға қызмет көрсетеді не шетелге әкетіледі.
Капиталдың мүлде жетіспеушілігі жағдайында оның елден кетуі экономиканың теңестірілмегендігі мен тартымсыздығын, бұл процестердің алдын алуға бағытталған саясаттың жоқтығын сипаттайды.
1.2. Мемлекеттік бюджет
Дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыс мемлекеттік бюджет жүйесiнде жинақталған үйлесiмсiздiктiң бетiн ашып көрсеттi.
Жекешелендiруден түскен қаражат тек уақытша бюджеттік ресурс екендiгiн көрсете отырып, ол бюджеттік тапшылық әкеп соқтыратын қауiптiң ауқымын ашып көрсеттi. Ел өте қымбат және қысқа қарыз алуларға, өзiнiң стратегиялық активтерiн сатуға, өзiнiң болашағын жеп қоюға және қаржы жүйесiнде үйлесiмсiздiкке баруға мәжбүр болды.
Кiрiстiң жиналуы төмен деңгейде қалып отыр, бұл ретте салық процесi жекелеген учаскелерде жеңiлдетiлген, басқаларында - басы артық болып табылады.
Шығыс бөлiгi мемлекеттік iшкi және сыртқы борыштар бойынша төлемдермен, зейнетақылық төлемдерге арналған шығыстармен ауырлатылған. Мұндай үйлесiмсiздiк басқа аса маңызды мемлекеттік функцияларды толық мәндi қаржыландыруға мүмкiндiк бермейдi.
Субсидиялар мен алулардың қалыптасқан жүйесі мен көп ретте субъективтік сипатқа ие, аймақтардың экономикалық дамудағы және қосымша ресурстарды жұмылдырудағы мүдделерін іске қосуға мүмкіндік бермейді, оларды өз қызметін перспективалық жоспарлау мүмкіндігінен айырады, масылдық көңіл-күйін туғызады.
Асығыстық, жеткілікті регламенттелушілік, ашықтықтың төмен деңгейі және субъектизм тән бюджеттік жоспарлау процесінің өзі де жетілдіруді талап етеді.
1.3. Салықтық саясат
Салықтық саясат өзiнiң алдында тұрған екi маңызды мiндеттi: мемлекеттік бюджеттiң төмендетiлген тапшылығы жағдайында ең төменгi қажеттi мемлекеттік қажеттіліктердi қамтамасыз етудi және экономикалық өсу үшiн қажеттi жағдайлар жасауды әзiрге толық көлемде шешiп отырған жоқ.
Оң серпiнге, салықтық әкiмшiлiктендiруге қарамастан кеден органдарының жұмысы одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Айналым саласының, ең алдымен сауда мен қызмет көрсетулердiң мемлекеттік бюджетке төлемдерiнiң мүмкiндiгi айқын төмендетiлген.
Нақты секторда да салықтық жүктеме бiркелкi бөлiнбеген. Егер салықтық жүктеменiң коэффициентiн талдасақ, онда негiзгi iрi кәсiпорындар - экспортшылар бойынша мемлекет пен бұл кәсiпорындар мүдделерiнiң балансы соңғысының пайдасына бұзылған.
Асығыс жүргiзiлген жекешелендiру ең iрi салық төлеушiлердi Қазақстан Республикасының салықтық заңдарының алаңынан келісімшарттық талаптар жазықтығына шығарды.
Өнiмдердiң өзiндiк құнын қымбат несиелер мен көтерiлген бағалар бойынша қымбат шикiзат пен материалдар сатып алу арқылы жасанды көтеру сияқты экспорттық өнiмдердi төмендетiлген баға бойынша сату практикасы жалғасуда.
Қолданылып жүрген салық жүйесi бюрократтық жолсыздықпен жиынтықта шағын бизнеске, оның қалыптасуына және дамуына қысым көрсете әрекет етедi.
Есеп пен есептіліктiң, шығындардың элементтерiн айқындау мен нормалаудың қолданылып жүрген жүйесi аяқталмаған күйiнде қалып отыр, соның нәтижесiнде ұдайы өндiру саясаты бұзылуда, сондай-ақ заңды тұлғалардың кiрiсiмен мүлкiне салықтар сомаларының төмендеуi болуда.
Акциздердi жинау бойынша қосымша резервтер бар.
Салық заңдарының тұрақсыздығы мен жетiлдiрiлмегендiгi елеулi проблема болып қалып отыр.
Ұдайы енгізілетін өзгерістер инвесторлар мен кәсіпкерлік орталардың қалыпты жұмысы үшін мүмкіндік бермейді.
Салықтық нұсқаулықтардың нақты жазылмауы, жетілдірілмеуі және көптігі ұдайы дауласулар мен салықтық нұсқаулықтардың заңнан нақты үстемдігі үшін алғышарттар жасайды.
1.4. Нақты сектор
Қоғамдық пiкiрдiң айқын басым пайымы нақты сектордың ұдайы "өгей" болып табылатындығынан және экономикалық саясаттың бiр қалтарысында қалғандығынан тұрады.
Кәсiпорындардың менеджерлерi бiрiншi кезекте макроэкономикалық саясаттағы жаңылуларды, нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақсыздығын, сыртқы сауда саясатындағы бұралаңдарды, банктер мен өзара қатынастардағы үздiксiз үзiлiстердi және төлем жасамау қатерiн өздерiнде сезiнiп отыр.
Кедендiк-тарифтiк саясат, салықтық заңдардың жетiлдiрiлмегендiгi, әлi де орын алып отырған қосарланған салық салу ҚҚС-тың жоғары деңгейi және оны алудың принциптерi нақты сектор үшiн проблема болып қалуда.
Өндiрiс көлiктiк және энергетикалық монополиялардың айқын да тұрақты тарифтер саясатына, өздерiнiң өнiмдерiн сату рыноктарын ұйымдастыру бөлiгiнде Үкiметтiң қолдауына мұқтаж.
Өнеркәсiптiң күшейе түсiп отырған шикiзаттық бағдары, өндiрiстiң техникалық және технологиялық жағынан артта қалуы, негiзгi құралдардың тозуы бей-жай қалдырмайды.
Жедел шешудi талап ететiн негiзгi проблемалардың бiрi - қымбат емес несиелерге, оның iшiнде инвестициялық мақсаттарға арналған, қол жетiмдiлiк болып табылады. Проценттiк ставкалар ұзақ уақыт бойы жоғары болып табылатын жағдай қауiптi болып келедi.
Ең бастысы: нақты сектор өзiне қатысты мемлекеттік идеология мен саясатты өзгертудi талап етедi.
Аграрлық секторда елеулi проблемалар сақталып отыр. Белгiленген оң алға iлгерiлеулерге қарамастан ауыл тауар өндiрушілерiнiң қаржылық жағдайы қоғамдағы қатты алаңдаушылықтың нысанасы болып қалып отыр. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын реформалау қисынды шегiне жеткiзiлген жоқ. Зиянкестерге, жануарлар мен өсiмдiктердiң ауруларына қарсы күрес проблемалары шиеленiсiп кеттi. Агро дақылдардың деңгейi төмендедi. Машина-трактор паркi тозудың жоғары дәрежесiне жеттi.
Селоның өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдары тоқырау жағдайында тұр. Ауылдағы әлеуметтiк проблемалардың бүкiл кешенi, бәрiнен бұрын кедейлiк пен жұмыссыздық өткiр сезiлуде.
Көлiктiк-коммуникациялық кешендегi, бәрiнен бұрын авиация мен автомобиль жолдары шаруашылығындағы жағдай күрделi болып қалып отыр.
Азаматтық авиация саласы бiртұтас жүйенi орынсыз уақтауға, авиациялық рынокқа ырықтандыру қадамдарын қолдануға, ұшу паркiнiң ескiруiне және лайықсыз нормативтiк құқықтық базаға байланысты үйлесiмсiз жағдайда тұр.
Темір жол саласы екiншi дәрежелi шығыстармен және монополиясыздандырылмағандығымен ауырлатылған. Онда тиiстi қаржылық тәртiп орнатылмаған: баспа-бас айырбас пен қолма-қол ақша төлеу операциясы көп орын алады, қаржылық талаптар мен мiндеттемелердi төмендетуде жеткiлiктi дәрежеде қатаңдық жоқ. Саланың өзi жаңарту мен жылжымалы құрамды жаңалауды, жолдарды жөндеуге жаңа қадамдарды, перспективаға арналған айқын тарифтік саясатты қажет етеді.
Қаржыландырудың айқын жетіспеушілігі мен әлсіз реформалануына байланысты жол саласында қанағаттанғысыз жағдай қалыптасқан.
1.5. Әлеуметтiк сала
Бүкiл әлеуметтiк сала мен халықты әлеуметтiк қорғау жүйесі Үкiметтiң тарапынан өте тиянақты көңiл бөлудi талап етедi. Көптеген бюджеттік қысқартуларға қарамастан Үкiмет пен жергiлiктi атқарушы органдардың тарапынан берешектер проблемасының өткiрлiгi төмендемей отыр.
Әлеуметтiк қорғау жүйелiлiктiң жоқтығынан, көптiгiнен және орталықтандырылғандықтан, атаулылықтық жеткiлiксiздiгiнен және ашық еместiктен зардап шегуде.
Мемлекет жеке сектордың оған өзiнiң шамасы келетiн жерлерде де бюджеттік жүктеменi көтеруiн жалғастыруда.
Қаржыландыру принциптеріндегі үздiксiз өзгерістер мен оның жеткiлiксiздiгi денсаулық сақтау жүйесiн ауыр жағдайға қойды.
Ақпараттық жұмыстың төмен деңгейiне орай мұнда жүргiзiлiп отырған реформалар көп ретте халыққа да, мамандарға да түсiнiксiз болып отыр.
Жоғары білім жүйесiнде тәртiп орнату және реформаларды нығайту талап етiледi.
Кедейлiк пен жұмыссыздық жағдайы төтенше өткiр ретiнде бағаланады. Елдегi нақты жұмыссыздық белсендi халықтың 11-13%-не жеттi. Кедейлiк сияқты осындай проблемалардың ауқымдарының дұрыс есептелмеуi дұрыс саясат жүргiзуге және тиiстi басымдықтарды қалыптастыруға мүмкiндiк бермейдi.
Отбасын нығайту мен әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсарту қоғамның маңызды проблемасы болып қалып отыр.
Әлеуметтiк жағдайдың нашарлауы әлеуметтiк шиеленiстiң өсуiне әкеп соқтырады, бүлiкшiлдiктiң дiни және өзге де түрлерiнiң таралуы қаупiн күшейтедi, кедей және жұмыссыз жастардың қылмыстық ортаға тартылуына апарады.
Кеп ретте елдегi науқастанудың жоғары деңгейiн айқындайтын экологиялық жағдай бұрынғысынша күрделi болып қалып отыр.
Халықтың ауыз сумен қамтылуы өте елеулi проблема болып отыр.
1.6. Қаржы секторы
Елдiң экономика мен әлеуметтiк салаға әлi әлсiз жұмыс iстеп отырған қаржы секторы одан әрi дамыту мен жетiлдiрудi талап етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстанның коммерциялық банктер басым қаржы жүйесi мемлекетке нақты секторды несиелендiрудiң мемлекеттік саясатын толық мөлшерде iске асыруға мүмкiндiк бермейтiн iрi клиенттердi қысқа мерзiмдi несиелендiруге көбiрек бағытталған.
Мемлекеттік экспорттық-импорттық банктiң рөлi ақталмастан төмендетiлген. Мемлекеттік қаржы ағындарының бiрқатарын коммерциялық банктердiң жүйесiне көшiру мемлекеттiң мүдделерiне жауап бермейдi.
Соңғы жылдары сақтандыру қызметтерiн көрсету рыногы қаржы рыногының басқа бөлiктерiнен бөлiнiп қалып жұмыс iстедi.
Қосымша импульстер жинақтаушы зейнетақы жүйелерiн дамыту, оның қаражатын экономиканың мұқтаждары мен әлеуметтiк дамуға пайдалану үшiн де қажет.
Халықтың қаржылық жинақтаулары мен сақтауларының әлсіз пайдаланылуымен, бұл қаражатты тарту мен пайдаланудың жаңа құралдары мен тетіктерін енгізудің төмен деңгейімен бұдан әрі келісуге болмайды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаражатын елдің экономикасына тәуекелсіз салу проблемасы өзінің шешімін талап етеді.
1.7. Мемлекеттік басқару
Жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруі көп ретте мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне, оның оңтайлы құрылымын қалыптастыруға, мемлекеттік қызмет реформасын жалғастыруға байланысты болады.
Атқарушылық тәртіптің деңгейін көтерудің, сондай-ақ Үкіметтің жұмысының ұжымдық тәсілін қалыптастыру шынайы қажеттілікке айналуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құрылымдарымен аффилиирлендірілуін жоюда елеулі шаралар қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігі, шеберлігі мен құзыреттілігі, олардың әдеп нормаларын сақтау деңгейі күн талабына жауап бермейді.
Үкіметті өзіне тән емес функциялардан босату, мемлекеттік функциялардың бір бөлігін аймақтарға беру талап етіледі.
1.8. Заңдар
Соңғы жылдардың iшiнде жұмыс iстеген нарықтық заңдар әлеуметтiк-экономикалық өзгерістердiң серпiнiнен қала бастады. Сонымен бiрге, өзiнiң нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етiлуiн талап ететiн қызмет өрiсi әлi де жеткiлiктi мөлшерде кең болып қалып отыр.
Үкiмет қолданылып жүрген заңдардың экономикалық орындылығы мен олардың нормаларының арасындағы қайшылықтармен жиi ұшырасып отырады.
Мұның бәрi заңдарды жетiлдiруде, заң шығармашылығы қызметiн перспективалық жоспарлауда неғұрлым жүйелi және ойластырылған жұмыстарды талап етедi.
Заң жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында талқылау практикасы жеткiлiксiз болып табылады.
Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдарға сәйкес келмеуi, олардың ашықтығы мен халықтың қолы жетiмдiлiгiнiң төмен деңгейi мәселелерi проблемалық болып қалып отыр.
2. Басымдықтар
Басымдықтарды қалыптастыру өзiнiң сипаты бойынша түрлi проблемалардың болуымен де (қиындықтар бойынша басымдықтар, рыноктың субъектiлерi бойынша басымдықтар және с.с.), Үкiметтiң алдағы перспективаға арналған iс-қимыл сабағының нәтижесiнде де жеткiлiктi түрде күрделi және жауапты мiндет болып табылады.
Үкiмет iс-қимылдардың дәйектілігi принципiне сүйене отырып мынадай басымдықтарды айқындайды: