Ауылдағы шағын комплектілi мектептерге, мектепке дейiнгi және мектептен тыс білім беру ұйымдарына басым қолдау көрсетiлетiн болады.
Білім берудiң оқушы және студент жастардың салауатты өмiр салтын, жеке адамның рухани-адамгершiлiк және азаматтық-отан сүйгiштiк қасиеттерiн қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу функциясы арта түседi.
Бiлiм беру процесiне жаңа технологиялар белсендi енгiзiлетiн болады. Мектептердi компьютерлендiрудi аяқтау 1-11 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарына көшу, дарынды балаларды анықтау мен оларға қолдау көрсету жүйесiн қалыптастыру көзделiп отыр.
Бiлiм берудiң барлық деңгейлерiне арналған мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу мен енгізу оқушылардың кәсiби қызығушылығына қарай қосымша оқу пәндерiн еркiн таңдап алуына қажеттi шарттарды жасау оқушылар мен студенттерге кәсiби бағдар беру жөніндегі шараларды күшейту ниет етіліп отыр.
Жетiм балаларға, мүгедектерге, денсаулығы нашар, тұрмысы нашар және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға Үкiмет ерекше қамқорлық көрсетедi. Оларға жоғары оқу орындарына түсуi кезiнде квоталар берiледi, қашықтықтан оқу үшiн арнайы жағдайлар ұйымдастырылатын болады.
«Бiлiм беру туралы» Заңның талаптарына сәйкес білім берудiң мемлекеттік емес секторы одан әрi дамиды.
Аттестациялау мен лицензиялау мәселелерiнде тәртiп орнату мақсатында сапалы білім беру қызметiн көрсете алмаған және білім берудiң мемлекеттік стандарттарын сақтамаған ұйымдарға қатысты талаптар күшейтіліп, қатаң шаралар қолданылатын болады.
?кімет әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға, отбасын нығайтуға және әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуға зор көңiл бөлетiн болады. Қазiрдiң өзiнде әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуға жеңiлдiктi несиелер түрiнде 3 млн. АҚШ долларынан астам қаржы бөлiндi.
Үкiмет тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, оларға халықтың қол жеткізуiн және белсендi араласуын қамтамасыз етедi; әлеуметтiк-мәдени саладағы өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң отандық рыногын дамытады, халықаралық және аймақаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейте және тереңдете түсетiн болады.
Қазақтың ұлттық мәдениетi мен тілінiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасын мекендейтiн халықтардың мәдениетi мен тiлдерiнiң сақталуы мен дамуына қолдау көрсетiледi.
Үкiмет айналадағы орта сапасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру ниетiнде.
Республикалық және жергiлiктi деңгейлерде табиғатты пайдаланудың, жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиiмдi жүйесi құрылып, экологиялық оқу-ағарту жүйесi қалыптастырылатын болады. Үкiмет қоршаған ортаны қорғауды қаржыландырудың тетiгiн жетiлдiру, табиғат пайдалану жүйесiн оңтайландыру мемлекеттiң халықаралық экологиялық саясатқа қатысуын кеңейту, экологиялық қауiпсiз технологияларға көшу үшiн жағдай жасау, қалдықтарды пайдаланудың деңгейiн арттыруға ниеттенiп отыр.
Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау жөніндегі жобаны әзiрлеу және оны iске асыра бастау жөнiнде күш-жiгер жұмсалынатын болады.
?кімет қоршаған ортаны қорғау табиғатты пайдалану жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгi заң актілерін дайындау жұмысын жалғастырады.
Табиғат ресурсының әлеуетiн пайдалануды зерделеу және теңгерiмдi пайдалану экологиялық аудандастыру мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризм объектiлерiнiң желісін дамыту өнеркәсiп орындарының экологиялық аудитiн жүргiзу, экологиялық таза және ресурс үнемдейтiн технологияларды енгізу бағдарламалары iске асырылатын болады.
Дене шынықтыру мен спорт саласында салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттау жөніндегі жұмыс жалғасады және 2000 жылғы Сиднейдегi (Австралия) жазғы Олимпиадалық ойындардың және 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегi (АҚШ) қысқы Олимпиадалық ойындардың қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсетiледi.
Үкiмет қылмыскерлікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты күшейтудi маңызды шара деп санайды.
Күштердi және құралдарды автоматты түрде басқару жүйесiн құру арқылы көшелерде тиiстi тәртiп орнату оқиғаларға орай жедел қимылдау деңгейiн арттыру қажет.
?кімет сыбайлас жемқорлыққа, оның iшiнде өз өкiлдерiнiң арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрестi жалғастырады және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң кәсiби біліктілігiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң етек алуына тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық қарсы тұру жүйесiнiң негізгі буындарын құру талап етiледi.
Елiмiзге дiни экстремизм мен террорлықтың енiп кету қаупiнiң күшеюiне байланысты барлық мемлекеттік органдардың осындай құбылыстардың алдын алудағы үйлесiмдi өзара iс-қимыл жасауы, дiни экстремизм мен террорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн құрылымдарды нығайту, мұндай заңсыз әрекетi үшiн жауапкершiлiктi қатаңдату қажет.
Республиканың облыстық облыс орталықтары мен iрi қалаларында бостандығынан айыру орындарынан босап келген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту, сондай-ақ қадағалаусыз жүрген балаларға арналған паналық мекемелер құрылатын болады.
Әйелдерге және кәмелетке толмаған балаларға тұрмыстық зорлық көрсетуге қарсы күрестi күшейту, мұндай қылмыстарға қарсы жазалау шараларын қайта қарау жөнiнде шаралар қабылдау қажет.
Құқық қорғау органдарын техникалық тұрғыдан жетiлдiрудiң бiрқатар қызмет бағыттарын қамтитын түбегейлi жаңа жолы қажет. Iшкi iстер органдарын қаржылық және материалдық-техникалық жағынан нығайту жөнiнде шаралар қабылдау қажет.
4.6. Қаржы секторы
Елдiң қаржы секторы барған сайын елдiң iшіндегі орта және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк инвестицияларға бағдарланатын болады бұл мұны халықтың жинақтарын елеулi түрде тартпай жүзеге асырылынбайды.
Осыған байланысты қаржы секторының күш-жiгерi тұрақтылықты сақтауға және оның барлық бөлiктерiн нығайтуға, экономиканың нақты секторының қаржы мекемелерiн несиелеудiң жаңа институттары мен тетiктерiн дамытуға, қаржы қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн кеңейту мен оның сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Қаржы секторына халықтың жинақтарын тарту үшiн мейлiнше қолайлы жағдайлар жасау сондай-ақ халыққа өздерiнiң салымдарының сақталуына қажеттi кепiлдiктер берудi, қаржы институттарының ұсынатын халыққа депозиттiк қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн кеңейтудi, халықтың сақтандыру полистерi, алтын инвестициялық монеттерi, бағалы қағаздар мен және басқалар секiлдi қаражатын салудың дәстүрлi емес құралдарының түрлерiн дамытуды талап етеді.
Жеке сақтандыру компанияларды, зейнетақы және инвестициялық қорлар секiлдi халықтың басы бос ақшасын жинақтайтын ұйымдарды дамыту ерекше мәнге ие болады.
Халық пен кәсiпорындардың қаржылық қызмет көрсетулерiне мүдделiлiгі қаржылық қызмет көрсетудiң сапасын арттырумен, түрлi қаржы құралдарына қатысты салық салуды қайта қараумен, сондай-ақ халықтың құрылыс жинақтауларының жүйесi секiлдi салымдарын тартудың арнаулы жүйелерiн енгізумен арта түсетiн болады.
Бұл ретте негiзгi тегеурiн халық пен кәсiпорындардың елдiң қаржы секторына ұзақ мерзiмдi салымдарын тартуды ынталандыруға жасалатын болады.
Бұл қаржы жүйесiне өндiрiстi ұзақ мерзiмдi несиелендiрудi өсiруге және бұл ретте қаржы институттарының өздерiнiң орнықтылығы мен сенiмдiлiгiн төмендетуге жол бермей несиелер бойынша нарықтық ставкаларды төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Экономиканы құрылымдық қайта құрудың мiндеттерiн шешу, өндiрiстiк бөлудiң деңгейiн арттыру мақсатында бұлар елеулi ұзақ мерзiмдi нысаналы инвестицияларды талап етедi, Үкімет Эксимбанктің рөлін тек экспортқа жәрдемдесу банкi ретiнде ғана емес даму банкi ретiнде де күшейтпек ниетте.
Ұлттық Банк елдiң орталық банкi ретiнде ашық рынокта операцияларды кеңейте отырып, ақша-несие саясатының жанама құралдарын қолдануды жандандырады.
Ұлттық Банктiң бiрiншi сыныпты коммерциялық векселдердi қайта есепке алуы ретiнде екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландырудың осындай схемасы енгізiлетiн болады. Ұлттық Банк векселдер бойынша мiндеттi тұлғалардың қаржылық жағдайының орнықтылығын айқындайтын болады.
Почта-жинақ ұйымдарын құру ерекше мәнге ие болады, олар халыққа, әсiресе ауылдық жерлерде қаржы қызмет көрсетулерiн кеңейтуге, қаржы секторына жаңа жинақтардың ағылып келуi үшiн қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.
Почта мекемелерiнiң қазiргi жұмыс iстеп тұрған жүйесiнiң халықтың жинақтарын тартуға құқығы бар.
Почта-жинақ мекемелерiне жинақталған қаражатты тек мемлекеттік бағалы қағаздарға ғана салуға рұқсат берiледi. Осылайша халықтың почта-жинақ мекемелеріндегі салымдарының сенiмдi қорғалынуы қамтамасыз етiледi.
Сондай-ақ несие серiктестiктерi секiлдi шағын және орта кәсiпорындардың мұқтаждарына бағдарланған қаржы институттары да даму жолына түседi.
Жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда уақыт өте келе құрылыс-жинақ банктерi секiлдi несие мекемелерiнiң нысандары ерекше мәнге ие болады. Құрылыс жинақтары жүйесi бойынша тұрғын үй сатып алғысы келетiн немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдардың қаражаты тартылып, жинақталатын болады. Белгiлi бiр уақыттан соң жинақталған қаражаттан сол салымшылардың шеңберiне тұрғын үй салуға және сатып алуға салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес және тiркелген процентпен ұзақ мерзiмдi несиелер берiлетiн болады.
Ипотекалық несиелендiру банктердiң халықты жылжымайтын мүлкiн кепiлге ала отырып, несиелендiруге қатысуын жандандыру есебiнен дамитын болады. Банктер ипотекалардың пульдерiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды шығару жолымен қайта қаржыландырыла алады.
Сондай-ақ кәсiпорындарды, бәрiнен бұрын ауыл шаруашылығына және шағын бизнеске техникалар беру үшiн несиелендiруге қаржы лизингiнiң жүйесiн пайдалану кеңейтiледi.
Банк жүйесiнде 2000 жылдың аяғында екiншi деңгейдегi банктердiң қызметтiң халықаралық стандарттарына көшу жөніндегі бағдарламасы аяқталатын болады. Жақын жылдардың iшiнде Ұлттық Банк банктердiң қызметiн лицензиялау мен пруденциалдық реттеудiң әдiстерi мен рәсiмдерiн жетiлдiретiн болады.
Топтастырылған негiзде қадағалау енгізу, сондай-ақ банк қызметiнiң тәуекелдерiн басқару жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу мейлiнше маңызды болып табылады.
Халықтың депозиттерiн мiндеттi ұжымдық сақтандырудың құрылған жүйесiнде ғана одан әрi жетілдiру көзделiнедi. Қалыптасуына қарай сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi, өтеу сомалары мен басқа да өлшемдер кеңейтiлетiн болады. Банктердiң халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі талаптарға қол жеткізуiне қарай депозиттердi сақтандырудың қатысушы банктерi жүйесiнiң өсуi жүредi.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясымен бiрлесiп жүйелi негiзде өздерiнiң айырбас бағамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялай отырып, ұйымдастыру-құқықтық нысанында жұмыс iстейтiн ашық акционерлік қоғамдардың ұйымдастырылған қор рыногында акциялары мен басқа да бағалы қағаздарының айналысын жандандыру жөніндегі жұмысты жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясымен бiрлесiп, ерекше борыштық мiндеттемелер шығаруды қоса алғанда, банктердiң активтерiн секьюритизациялау тетiгi әзiрленетiн болады.
Банктiк емес операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес қаржы мекемелерiнiң рөлi, бәрiнен бұрын шағын кәсiпкерлiкті несиелендiру процесiнде бiрте-бiрте күшейтiледi.
Соңғы жылдары сақтандыру қызметiн көрсету рыногы қаржы рыногының басқа бөлiктерiнен қол үзiп жұмыс iстедi.
Шетел инвесторларының қолының жетпеуi және iс жүзiнде толық кәмiл ақпараттың болмауы осы рыноктағы қалыптасқан жағдайдың негiзгi себептерi болды.
Жақын жылдары, бiрiншi кезекте, халықаралық және басқа да стандарттарға жауап беретiн нормативтiк құқықтық базаны құру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру көзделiнiп отыр.
Екiншi кезең сақтандыру компаниялары қызметiн қадағалау мен реттеу жүйесiн жетiлдiру болады. Сақтандыру резервтерiнiң және оларды орналастырудың сенiмдiлiгi деңгейiне және сақтандыру ұйымдарының қызметiнiң басқа да көрсеткiштерiне қойылатын талаптарды арттыру.
Сақтандыру қызметiн көрсетудiң сапасын арттыру мен кеңейту үшiн, әсiресе өмір мен аннуитеттердi сақтандыру саласында шетелдiк сақтандыру компанияларына қазақстандық рынокқа қол жеткізуiне жағдай жасалынады.
Бұл iс-шаралар сақтандыру компаниялары ұсынатын қызмет көрсетулердiң тiзбесiн елеулi түрде кеңейтуге, ең бастысы, өмiр мен аннуитеттердi сақтандыруды дамытуды ынталандыруға мүмкiндiк бередi.
Сақтандырудың ерiктi және мiндеттi түрлерiн дамытуға үлкен көңiл бөлiнедi. Сақтандырудың осы түрлерi жөніндегі заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтiру көзделiнедi.
Орнықты және тұрақты сақтандыру рыногын құру зейнетақы реформасын табысты iске асырудың ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Күштi сақтандыру рыногы ұзақ өмiр сүру жағдайында зейнетақы жинақтауларының жетпей қалу тәуекелiнiң болуына байланысты проблемаларды шешудi қамтамасыз ете алады.
Сақтандыру рыногының одан әрi қалыптасуы зейнетке шығудың кейiн ай сайын рента төлей отырып, өмiрдi сақтандыру жөніндегі компанияға зейнетақы қорында жинақтау шотынан қаражат берудi көздейтiн схемасын енгізуге мүмкiншiлiк бередi. Мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылғаны кезiнде сақтандыру компанияларының жәрдемақыларды жинақтау жарналардың есебiнен төлеу жөніндегі жүйенi құру мүмкiн болады.
Қаржы рыногын дамыту бағалы қағаздар рыногын жандандырумен тiкелей байланысты, ол iшкi жинақтар мен мүмкiн шетелдiк инвесторлардың қаражатын жұмылдыру ден бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiнде қаралады.
Салық заңдарын жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру, бәрiнен бұрын түрлi қаржы құралдарына қатысты тең салық жағдайларын жасау көзделiнедi.
Инвесторлардың корпоративтiк бағалы қағаздардың эмитенттерiне - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге сенiм артуын қамтамасыз ету үшiн инвесторлардан ақпаратты жасырғаны үшiн және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды басқа да бұзғандығы үшiн жауапкершiлiгiн күшейту жолымен олардың ашықтығын қамтамасыз ету қажет.
Корпоративті бағалы қағаздарға салымдардың тартымдылығын арттыру мақсатында трансферттік бағалардың мәселелері, афилиирленген тұлғалармен қарым-қатынас заң жүзінде қайта қаралатын болады. Бұл қаражатты бөлу процесінде эмитенттерге тиімді мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ішкі рынокта зейнетақы активтерін басқару жөніндегі зейнетақы қорлары мен компанияларының қызметін жандандыру мақсатында зейнетақы активтерін орналастыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарының тізбесі кеңейтілетін болады.
4.7. Мемлекеттік басқару
Функционалдық талдаудың негiзiнде мемлекеттік органдардың функцияларын орталықсыздандыру жөніндегі жұмыс жалғасады, әкiмшiлiк рәсiмдер жетiлдiрiледi.
Кадрларды iрiктеу мен мемлекеттік қызметшiлердi қызмет бойынша жылжыту бiрiншi кезекте кәсiбилiк пен құзыреттілігі принциптерiне негiзделетiн болады. Осы мақсатта кадрларды iрiктеудi конкурстық негізде регламенттейтiн, мемлекеттік қызметшiлердi лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын актiлер қабылданып, кадр резервiн және басқаларды қалыптастыру болады.
Аталған шаралар Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның iшiнде жастар мен әйелдердiң мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу принципiн iске асыруға жәрдемдесетiн болады.
Мемлекеттік қызметтi ынталандыру мен мәртебесiн көтеру мақсатында мемлекеттік қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн өзгерту көзделiнiп отыр.
Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет кадрларын оқытудың бірыңғай жүйесін құруға, мемлекеттік тапсырыстың тетігін енгізуге және оқытудың бірыңғай стандарттарын айқындауға негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың тұжырымдамасын іске асыру тұр. Үкімет мемлекеттік қызметшілердің оқытудың жүйесін қаржыландырудың орнықты тетігін қалыптастыру жөнінде бірқатар шаралар қабылдайтын болады.
Кадрлардың жай-күйінің мониторингі жүйесін әзірлеу мақсатында мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың бірыңғай жүйесі құрылатын болады.
4.8. Заңдар
Ұсынылып отырған шараларды заңдық қамтамасыз ету мақсатында Үкiмет 2000-2002 жылдары Парламентке 150-ге жуық заң жобасын енгізу ниетiнде.
Олардың арасында мыналар бар:
«Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы» Заң;
Салық кодексi;
«Валюталық реттеу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заң;
«Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы» Заң;
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң;
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;
«Агроөнеркәсiп өндiрiсiн мемлекеттік реттеудiң негiздерi туралы» Заң;
«Жер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;
«Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының банкроттығы туралы» Заң;
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексi
«Өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы» Заң және көптеген тағы басқалары.
Қазақстандық салықтық, бюджеттік, еңбек, банктiк, әкiмшiлiктiк, көлiктiк, әлеуметтiк заңдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы қатынасты реттейтiн заңдардың жаңа буыны әзiрленетiн болады. Қазiргi бар азаматтық, отбасылық, iс жүргiзу заңдары одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi.
Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын депутаттық корпуспен келiсу, кезек күттiрмейтiн құқықтық реттеуге қажет ететiн барынша өткiр проблемалардың негiзiнде заң шығармашылығында басымдықтарды қалыптастыру саясаты жалғастырылатын болады.
Алда заң шығармашылығымен айналысатын парламенттiк және үкiметтiк құрылымдардың бұдан неғұрлым тығыз өзара iс-қимылын қамтамасыз ету тұр.
Бұл бағыттағы жұмыстың неғұрлым тиiмдi нысаны бiрлескен жұмыс топтарының қызметi болып табылады. Өзара iс-қимылдың басқа да тиiмдi нысандарын iздестiрудi жалғастыру қажет.
Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласында өзiне алған мiндеттемелердi орындауды, сондай-ақ жасалған халықаралық шарттарға тексеру жүргiзудi қамтамасыз ету алда тұр.
Заңға бағынатын нормативтiк құқықтық актiлердi, әсiресе ведомстволық сипаттағы, жетiлдiру жөніндегі жұмыс одан әрi жалғастыруды және жандандыруды талап етедi. Олардың заң актілеріне қарсы емес оның негiзiнде және орындау үшiн шығарылуына қол жеткізу қажет. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын не ведомствоаралық сипаты бар заңға бағынатын нормативтiк құқықтық актiлер ерекше тиянақты көңiл бөлудi талап етедi. Оларды елдiң халқы үшiн мүлдем ашық және қол жетімді ету үшін оларды әділет органдарында сөзсіз тіркеуді қамтамасыз еткен жөн.
Қорытынды
Әрбiр жаңа Үкiметке Iс-қимыл бағдарламасы туралы Баяндаманы әзiрлеу үшiн берiлетiн бiр айлық мерзiм нақты шаралар мен тетiктердi айқындау үшiн мейлiнше қысқа уақыт болып табылады.
Солай дей тұра Үкiметтiң әрбiр жаңа мүшесiнiң өзiнiң саласындағы жағдайды егжей-тегжейлi зерттемей-ақ негiзгi проблемалар мен оларды шешудiң әдiстерiн тұжырымдау үшiн жеткiлiктi дәрежеде басқару тәжiрибесi мен дүниетанымдық көзқарасы бар.
Үкiметтiң бұрын жол берiлген қателiктердi бұдан былай жасамау керектiгi жөнiнде де өзiнiң түсiнiгi бар.
Үкiмет осы Баяндамада құжатты ауырлатпас үшiн ой-өрiсiнен тұтастай бiр аялар мен салаларды әдейi тыс қалдыра отырып, негiзгi проблемаларды және оларды шешудiң құралдарын тұжырымдауға тырысты. Қалай болғанда да осы салалар бойынша тиiстi бағдарламалар нақтыланады немесе әзiрленедi, сөйтiп Үкiметтiң назарынан тыс қалмайды.
Қолайлы халықаралық жағдай Бағдарламаны iске асырудың шарттарының бiрi болып табылатындығын ерекше атап өткiм келедi.
Сондықтан да Үкiмет сыртқы саясат саласында Қазақстанның тәуелсiздiгі мен егемендiгiн дамытуға арналған басымдықты желiнi жалғастырады.
Қазақстанның дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциясы, көршi мемлекеттермен және басқа да әрiптес елдермен өзара iс-қимылды тереңдету, елдiң транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн тиiмдi пайдалану Каспий проблемасын кешендi шешу Қазақстанның мемлекеттік шекараларын заңдық ресiмдеу мәселелерi ?кіметтiң ұдайы назарында болады.
Парламент Үкiметтiң аталған пәлсапасы мен идеологиясын қолдаған жағдайда бiз ең қысқа мерзiмдерде алдағы жылдарда бәрiнiң қамтылуы қамтамасыз етiлетiн және жұмыс жоспарлы болатын Iс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру ниетiндемiз.