Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы
7 шiлдедегi № 1068 қаулысы
(1999.09.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 қазандағы № 3168 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 436, 409-құжат) және «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 125-құжат) Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет орталық аппаратындағы, оның аумақтық органдарындағы және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы лауазымдардың бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, Iшкi iстер министрлігінен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен және басқа да әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметкерлерден жасақталады деп белгiленсiн.
3. ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен күші жойылды
4. ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен күші жойылды
5. ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен күші жойылды
6. ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен күші жойылды
7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1820 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 39, 501-құжат) 1-3, 8, 14, 17-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 7 шiлдедегi
№ 1068 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593; 1999.09.08. № 1119 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік бақылау, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау және қадағалау) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, қолданылып жүрген халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi бекiткен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды (Мемлекеттік автомобиль инспекциясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Қазақстан Республикасының рұқсат ету жүйелерiнiң желiлерi бойынша қадағалаудан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң орталық аппаратында құрылған Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау жөнiндегі департаментi құрамындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция және аумақтық органдарындағы инспекциялар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуына қарамастан өндiрiстi, технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды жобалау, жасау, қолдану, пайдаланудан алу кезiнде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдардың, өндiрiстiң және объектiлердiң қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына жауап бермейтiн жұмыстарға жол бермеуге мiндеттi.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік бақылау меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумақтарындағы барлық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге (осы Ережеге қосымша) сәйкес олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп салаларында, өндiрiсте, объектiлерде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1119 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция жүргiзетiн мемлекеттік бақылау және қадағалау:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою салаларындағы, елiмiздiң азаматтық қорғанысындағы белгiленген нормалар мен ережелердi сақтау;
жұмыс берушiлердiң көмiр, кен рудасы және рудалық емес, атом-энергетикалық, металлургиялық, химиялық, мұнай-химия, мұнай-газ өндiру, мұнай-газ өңдеу, машина жасау, аспаптар жасау, жеңiл, тамақ, ет-сүт өнеркәсiптерiнiң барлық негiзгi және қосалқы цехтары мен өндiрiстерiнде, энергетикада, темір жол әуе және су көлiктерiнде, байланыста, құрылыста (жер асты көлiгi мен гидротехникалығын қоса алғанда), кеме жасауда, конверциялық кәсiпорындарда; арналы мұнай, газ және өнiм желiлерiнде, нан өнiмдерi кәсiпорындарында және жарылу, өрт шығу және жарақаттану қаупi бар объектiлер мен өндiрiстерде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды жасау, дайындау, сынау, сақтау және пайдалану;
табиғи және сұйытылған газдарды, күштi әсер ететiн улы заттарды, басқа да жарылу және өртену қаупi бар жүктердi қабылдау және беру, сақтау және өнеркәсiпте пайдалану;
жарылыстан және ұшқыннан қорғау жабдықтары мен бұйымдарын, көтергiш ғимараттарды, бу және су ысыту қазандықтарын, қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi; бу мен ыстық суға арналған құбыр желiлерiн және қауiптiлiгi жоғары басқа да объектiлердi құру, дайындау, монтаждау, баптау, жөндеу және қауiпсiз пайдалану;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлiгiнде ыстық, минералды сулар орындары мен емдiк батпақтарды пайдалану;
пайдаланылған тау-кен өндiрiмдерi мен табиғи жерасты кеңiстiктерiнiң оларда объектiлердi орналастыру кезіндегі жағдайы және оларды қауіпсiз пайдалану;
технологиялық процестердiң қауiпсiздiгi бөлiктерiнде пайдалы қазбалар кен орындарын, барлау және өңдеу кезiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібінiң сақталуы;
қызметі төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелімен байланысты Өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздік декларациясымен келісу үшiн жүзеге асырылады.
Өнеркәсiптiң көрсетiлген салаларына, жұмыстар мен объектiлердiң түрлерiне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау, жобалауды, құрылысын салуды, пайдалануды, консервациялауды және жоюды қоса алғанда олардың жұмыс iстеуiнiң барлық кезеңдерiнде қолданылады, сондай-ақ жабдықтарды, заттарды, материалдарды дайындау және оларды қолдану кезiнде еңбек қауiпсiздiгiнiң шарттары мен нормаларының сақталуын қадағалауды да қамтиды.
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593; 1998.09.07. № 651 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция жүргiзетiн мемлекеттік бақылау және қадағалау:
төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды, сондай-ақ бақытсыз жағдайлар мен жарылғыш заттардың жоғалуын зерттеудi ұйымдастыруды;
қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлерде Қазақстан Республикасының барлық орталық атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке адамдардың, бiрлескен және шетелдiк ұйымдар мен шетелдiк фирмаларға уақытша басқаруға берiлген ұйымдардың (қадағалаудағы салалар, өндiрiстер және объектiлер бойынша) арнайы экономикалық аймақтарды қоса алғанда республиканың барлық аумақтарында еңбектiң қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды сақтауына ведомстводан тыс мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
авариялар мен өндiрiстiк жарақаттанушылықтың пайда болуы себептерi мен шарттарын анықтауды, талдауды, өндiрiсте жұмыстың қауiпсiздiгi жөніндегі талаптардың орындалуына мемлекеттік қадағалауды жетiлдiрудi;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды және жеке тұлғалармен бiрлесiп авария мен өндiрiстiк жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды әзiрлеудi;
ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiнiң негiзiнде қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлердегi еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қалыптастыру мен жетiлдiрудi;
қадағалаудағы ұйымдардың (процестердiң, қызмет көрсетулердiң) технологиялық процестерiнде қолданылатын бiр тектi өнiмдер мен жабдықтардың сертификаты болуын қамтамасыз етудi, өндiрiстердi, технологияларды құруға және пайдалануға рұқсаттар берудi;
жұмысты қауiпсiз жүргiзу саласында заңдардың қолданылу практикасын қорытуды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
қадағалаудағы өндiрiстердi, объектiлердi, тетiктердi және жұмыс түрлерiн тiркеу мен есепке алудың тәртібін белгiлеудi;
белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен айқындалған қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бойынша тау-кен техникалық мәселелерi бойынша қорытындылар беруге, сондай-ақ технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды (оның iшiнде шетелдiк) жұмысы мүмкiн болатын тәуекелмен байланысты, қадағалаудағы салаларда жасауға, дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат бередi;
кәсiпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша оларға технологиялық процестердiң, жоғары тәуекелдi объектiлердi салудың және пайдаланудың қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған шығармашылық және ғылыми сипаттағы қызметтер көрсетудi;
газқадағалау объектiлерiн, бу және су ысыту қазандықтарын, қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi, бу мен ыстық суға арналған құбыр желiлерiн және көтергiш ғимараттарды тiркеудi, қазандық бақылау объектiлерiн, көтергiш ғимараттарды оған арнаулы рұқсат алған ұйымдардың уақытында куәландыруына бақылау жасауды;
дайындаушы заводтарда (конструкциялауға арналған техникалық тапсырманы келiсу сатысында және тәжiрибелiк үлгiлердi қабылдау кезiнде), жөндеу кәсiпорындарында, қауiпсiздiк жөнiнде жоғары талап қойылатын машиналардың, тетiктерiн және жабдықтардың пайдалану кезiнде еңбек қауiпсiздiгiнiң стандарттарына, ережелерiне және нормаларына сәйкестiгiне, сондай-ақ электротехникалық бұйымдардың жарылыс қауiпсiз атқарылуы үшiн тексерудi, көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда олардың шығарылуын тоқтатуды және олардың қолданылуына тыйым салуды;
объектiлердi пайдалануға қабылдап алу ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды, жарылғыш заттарға, қадағалаудағы өндiрiстерге, объектiлерге арналған жабдықтардың жаңа үлгiлерiне және еңбек қауiпсiздiгi жөнiнде жоғары талап қойылатын электротехникалық бұйымдарға сынақтар жүргiзу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуды, бақылаудағы ұйымдардың технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестердi, қызмет көрсетулердi) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
бақылаудағы өндiрiстер мен объектiлерде авариялар мен өндiрiстiк жарақат алушылықтың алдын алу, ұйымдардың мүмкiн болатын авариялар мен олардың зардаптарын жоюға дайындығы жөніндегі шаралардың әзiрленуi мен жүргiзiлуiне қадағалауды жүзеге асыруды;
қадағалаудағы өндiрiстер мен объектiлер қызметкерлерiнiң біліктiлiгiне талаптарды айқындауды, еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқытудың, біліктiлiгiн көтерудiң және білімiн тексерудiң тәртібін белгiлейдi;
қадағалаудағы ұйымдар мен объектiлерде жұмыс жүргiзу үшiн қызметкерлердi даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруға келiсудi;
өндiрiстiк жарылыстық, жарылыс қауiптiлiгi және өрт қауiптiлiгi бойынша тиiстi санаттарға жатқызылуының дұрыстығын және өндiрiстiң бiр санаттан екiншiсiне көшiрiлуiнiң дұрыстығын қадағалау, сондай-ақ қолданылатын жабдықтың жарылыс қауiптi қосындылар мен жарылу және өрт қаупi бар аймақтар сыныбының санаттары мен топтарына сәйкес келуiне бақылау жүргiзудi;
ұйымдар мен әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмдерiнiң ұсынысы бойынша шахталардың (рудниктердiң) газ бойынша тиiстi санаттарын белгiлеудi, оларды тозаңдар, кездейсоқ тасталынатын жыныстардың, руданың, көмiрдiң, газдың шығуы, тау-кен соққылары бойынша қауiптiлерге жатқызуды және шахталарды (рудниктердi) бiр санаттан екiншiсiне көшiрудi бекітудi;
қолданылған тау-кен өндiрiмдерi мен табиғи жер асты қабаттарын шаруашылық мақсаттарына және минералдық шикiзаттарды қайта өңдеуге пайдалану кезiнде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзудiң геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз етiлуiн қадағалауды; тау-кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу шекараларының дұрыс белгiленуiн тексерудi, тау-кен жұмыстарының үйлер мен ғимараттарға зиянды әсерлерiнiң алдын алу және жою жөніндегі, сондай-ақ шахталар мен рудниктерге су, зиянды және қауiптi заттар кiруiнiң алдын алу жөніндегі шараларды жүргiзудi жүзеге асыруды;
пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі ұйымдарды тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстардың қауiпсiздiгi бөлiктерiнде арнаулы жобаларды немесе олардың бөлiктерiн, мұнай, газ гидротермальдық және минералдық скважиналарды келiсудi;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, ұйымдармен және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық қызметi субъектiлерiмен бiрлесiп оларда объектiлердi орналастыру үшiн пайдаланылған тау-кен өнiмдерi мен табиғи жерасты қабаттарын iрiктеуге, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды көмуге қатысуды;
әскерилендiрiлген (мамандандырылған) тау-кен құтқару, фонтанға қарсы, газдан құтқару бөлiмдерiнiң және басқа да авариялық-құтқару қызметтерiнiң меншiк нысанына қарамастан ұйымдардағы аварияларды жоюға, олардың алдын алу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге жедел техникалық даярлығына бақылау жасауды; көрсетiлген бөлiмдердiң, қызметтердiң және олардың бөлiмшелерiнiң жарғыларын, ережелерiн және Қазақстан Республикасының аумақтарына орналасу кестелерiн қарауды және келiсудi;
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп жоғары қауiптi өнiмдердi (процестердi, қызмет көрсетулердi) сертификаттау жөніндегі ұйымдар мен лабораторияларды (орталықтарды) тiркеудi жүргiзудi, олардың сертификаттау ережелерiн сақтауына бақылау жасауды, олардың техникалық біліктiлiгiн белгiлеудi;
атом-энергетика өнеркәсiбi объектiлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруды;
еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды келiсудi;
өндiрiстер мен объектiлердiң бақылау приборларымен және аспаптарымен, мүкәммалдармен және жұмыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да құралдармен және бұйымдармен қамтамасыз етiлуiне қадағалау жүргiзудi;
ұйымдар ұсынатын тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын келiсудi және олардың орындалуына бақылау жасауды, сондай-ақ учаскелер (шұңқырлар бiрлiктер) үшiн пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеудiң техникалық және жергiлiктi жобаларына, жобалауға тапсырмаларға және минералдық шикiзаттарды өндiру және қайта өңдеу жөніндегі ұйымдардың құрылысы мен қайта жаңартылуының жобаларына, еңбектiң қауiпсiздiгi бөлiктерiнде тау-кен өндiрiлiмдерiн консервациялау және жою кезiнде зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмуге және iркiндi суларды шығарып тастауға бақылау жасауды;
Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, мемлекеттік комитеттерiнен және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан және олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан басқа да заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы, авариялар, өндiрiстiк жарақаттанушылық, жұмыстардың көрсеткiштерi және жабдықтың iстен шығуының себептері туралы, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары, нормативтiк-құқықтық құжаттамалардың әзiрленуi туралы мәлiметтер, басқа да ақпараттар, бақылаудағы өндiрiстерге, объектiлерге және технологиялық процестерге техникалық құжаттамалар, ал лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерден - мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер алуды;
өнеркәсiптi, энергетикадағы, көлiктегi және байланыстағы мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының олардан қажеттi ақпараттар ала отырып қызметiн үйлестiрудi және бақылау жасауды;
бақылаудағы өндiрiстерде, объектiлерде, оқу-курстық комбинаттарда және кәсiптiк-техникалық училищелер мен басқа да оқу орындарында нұсқаулықтың белгiленген тәртібінiң сақталуын, қызметкерлердi оқытуды, жұмысқа рұқсат етудi, мамандарда тау-кен бұрғылау, жару, маркшейдерлiк, электротехникалық, газбен iстейтiн және басқа да жұмыстарға құқық беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде - жарылғыш, газ қаупi бар және жоғары қауiптi басқа да жұмыстарды жүргiзу құқығына арналған құжаттардың болуын тексерудi;
айрықша жауаптылықпен байланысты жұмыстарға қабылдау үшiн белгiленген арнайы талаптардың сақталуына бақылау жасауды;
мамандардың еңбек қауiпсiздiгi, технологиялық регламенттер жөніндегі ережелер мен нормаларды және жұмысшылардың нұсқаулықтарды бiлетiндiгiне тексеру жүргiзудi, қоса берiлiп отырған тiзбеде аталған ұйымдардың, объектiлердiң жаңадан тағайындалған басшыларының және белгiленген мерзiмдерде - басқа мамандарының еңбек қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен нормаларын бiлуiн тексерулерге қатысуды;
орталық атқарушы органдармен, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, сондай-ақ жеке адамдармен арада қадағалаудағы өндiрiстерде, объектiлерде және тетiктерде еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде, оның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттарды келiсу және бекіту, объектiлер мен қадағалаудағы бұйымдардың жобаларын қарау кезiнде келiспеушiлiк болған жағдайда түпкiлiктi шара қабылдауға;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен жұмыс iстейтiндерге қадағалаудағы өндiрiстердегi, объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы және өндiрiстiк жарақаттанушылық туралы хабарлауды қамтиды.
5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияның (мемлекеттік инспекторлардың) мынадай құқықтары бар:
олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан тәулiктiң кез келген уақытында ұйымдар мен объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, еңбектiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзуге, сондай-ақ қажет болған кездерде алдын ала келісім бойынша зерттеу жүргiзу үшiн басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандарын тартуға;
ұйымдар мен объектiлердi зерттеудiң нәтижелерi бойынша олардың меншiк нысанына қарамастан жұмыс берушiлердiң атқаруы үшiн мiндеттi ережелер мен нормалардың анықталған бұзылуларын жою туралы ұйғарымдама беруге; белгiленген қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуын жоюға бағытталған шараларды жолдары мен көлемi бойынша келiсуге, еңбек қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды бұзу арқылы жүргiзiлген жұмыстарды тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуы (пломбы салу арқылы) жүзеге асыруға;
белгiленген ережелер мен нормаларды бұзған кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кiнәлi заңды және жеке тұлғаларға айыппұлдар салуға сондай-ақ белгiленген тәртiппен лауазымды тұлғаларды, азаматтарды және ұйымдарды жауаптылыққа тарту туралы материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;
мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, салалық ғылыми-техникалық орталықтардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, еңбек қауiпсiздiгi проблемаларын пысықтау мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiруге;
сертификаттау, жобалау-техникалық құжаттамалардың еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптары мен нормаларына сәйкес келуiне сараптамалар жүргiзу жөнiнде ұйымдар, лабораториялар және орталықтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Қазақстан Республикасының лицензиялық және құзыреттi органдарына жер қойнауын пайдаланушылар, еңбек қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiне көңiл аудармаған, олар мемлекеттік қадағалау органдарының талаптарын (ұйғарымдамаларын) орындамаған жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісім-шарттардың қолданылуын тоқтату тұру осы лицензиялар мен келісім-шарттарға бұрын берiлген қорытындыларды керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге.
ҚР Үкіметінің 1997.17.11. № 1593 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға жалпы басшылықты төрағасы, ал тiкелей басшылықты - Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау жөніндегі департаменттiң директоры, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалауға және тау-кен қадағалауға - Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі бас мемлекеттік инспектор жүзеге асырады.
Орталық аппаратындағы Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі департаменттiң қызметкерлерi мен аумақтық органдарының құрамындағы инспекциялардың қызметкерлерi лауазымы бойынша мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
7. Олардың меншiк нысанына қарамастан қадағалаудағы ұйымдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияларға (мемлекеттік инспекторларға) объектiлерге зерттеу жүргiзу кезеңiнде қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм және қорғаныс құралдарын бередi, бақытсыз жағдайларды, аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды зерттеуге бару үшiн көлiк бөледi.
Жұмыс берушiлер сондай-ақ олардың ұйымдарында болған ауыр және қазаға әкеп соқтырған топтық бақытсыз жағдайларға зерттеу жүргiзген мемлекеттік инспекторларға iссапарлық шығыстар бойынша зияндарды өтеуге мiндеттi.
8. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мемлекеттік инспекторларына бiрыңғай үлгiдегi куәлiк берiледi, арнаулы нөмiрлi өңiрлiк белгi тағуға құқық берiледi.
Қосымша
Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына
қарамастан мемлекеттік бақылау мен қадағалау
жүзеге асырылатын өнеркәсiптер, өндiрiстер,
объектiлер салаларының, сондай-ақ жұмыстардың