Үндiстан 48 36
Индонезия 48 36
Иордания 36 24
Ирак 48 36
Иран 48 36
Исландия 36 24
Йемен Республикасы 48 36
Кабо-Верде 48 36
Камбоджа 48 36
Камерун 48 36
Катар 48 36
Кения 48 36
Қытай 36 24
Кипр 30 24
Колумбия 48 36
Комор аралдары 48 36
Конго 48 36
КХДР 36 24
Корея Республикасы 36 24
Коста-Рика 36 24
Кот-Д'ивуар 48 36
Куба 36 24
Кувейт 48 36
Лаос 48 36
Лесото 48 36
Либерия 48 36
Ливан 42 30
Ливия 42 30
Маврикий 48 36
Мавритания 48 36
Малагас Республикасы 48 36
Малайзия 48 36
Мальта 30 24
Мали 48 36
Марокко 30 24
Мексика 36 24
Мозамбик 48 36
Монголия 36 24
Непал 48 36
Нигер 48 36
Нигерия 48 36
Никарагуа 48 36
Жаңа Зеландия 30 24
Оман 48 36
Бiрiккен Араб Эмираты 48 36
Пәкстан 48 36
Папуа-Жаңа Гвинея 48 36
Перу 36 24
Руанда 48 36
Сан-Томе и Принсипи 48 36
Сауд Аравиясы 48 36
Сейшель аралдары 48 36
Сенегал 48 36
Сингапур 48 36
Сирия 36 24
Сомали 48 36
Судан 48 36
Суринам 48 36
Сьерра-Леоне 48 36
Таиланд 48 36
Танзания 48 36
Тунис 36 24
Түркия (Ыстамбұл қаласы) 30 24
Түркия (Анкара қаласы) 36 24
Уганда 48 36
Уругвай 30 24
Филиппин 48 36
Орталық Африка Республикасы 48 36
Чад 48 36
Чили 30 24
Шпицберген (арал) 54 30
Шри-Ланка 48 36
Эквадор 42 30
Экваториалды Гвинея 48 36
Эфиопия 48 36
ОАР 36 24
Ямайка 42 30
Жапония 36 24
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
№ 5 қосымша
Шетелдегi Қазақстан Республикасының
мекемелерiне Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң
отбасы мүшелерiнен сол жерде қабылданған
Штаттан тыс қызметкерлерiнiң
еңбек жағдайлары
1. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң штаттан тыс қызметкерлерi - бұлар мекеменiң штаттық есебiне алынбай жұмыс iстейтiн адамдар.
Штаттан тыс қызметкерлер белгiлi бiр мерзiмге жасалған жазбаша еңбек шарттары (еңбек келісімдерi) бойынша жұмысқа қабылданады да кейiннен шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесi бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
Еңбек шартында жұмыс атауы (түрi, сипаты), оның орындалу мерзiмi мен еңбекке ақы төлеу жағдайлары көрсетiледi.
Штаттан тыс қызметкерлерге шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiнде енгiзiлген iшкi еңбек тәртібінiң ережелерi қолданылады.
2. Штаттан тыс қызметкерлерге ақы еңбек еткен уақытына немесе атқарған жұмысына пара-пар төленедi, бiрақ бұл шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесіндегі дәл осындай лауазымға көзделген шетел валютасымен берiлетiн еңбек ақысының 50 процентiнен артық болмауға, еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде болуға тиiс.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне толық емес жұмыс күнiне немесе толық емес жұмыс аптасына штаттан тыс қызметкерлер ретiнде жұмысқа тартылуы мүмкiн.
Штаттан тыс қызметкерлердiң шетелдегi жұмыс уақытына теңгемен жалақы төленбейдi.
3. Штаттан тыс қызметкерлер нормалы жұмыс күнi болатын Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн ұзақтығы сол барған елiнде белгiленген жыл сайынғы демалысын алу құқығын пайдаланады.
Штаттан тыс қызметкерлердiң демалыс уақыты үшiн мына тәртiппен:
а) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған демалыс уақыты үшiн штаттан тыс қызметкер атқарған жұмысқа сәйкес келетiн тиiстi министрлiк (ведомство) жүйесіндегі лауазым бойынша белгiленген лауазымдық ақыға қарай жалақысы теңгемен ғана төленедi;
б) барған елiнде пайдаланылған демалыс уақыты үшiн жалақысы Қазақстан Республикасына оралған соң осы тармақтың "а" тармақшасында белгiленген тәртiп бойынша теңгемен ғана төленедi.
Жұмыстан босаған кезде пайдаланылмаған демалысы үшiн ақшалай өтемақы осындай тәртiппен төленедi.
Демалысын Қазақстан Республикасында өткізу үшiн жылына бiр рет жол жүру құны төленедi; бұл ретте демалысын өткізу үшiн жолға шыққанда жүк тасымалына төленбейдi.
4. Штаттан тыс қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Барған елiнде уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда, штаттан тыс қызметкерлерге ауырған барлық уақыты үшiн, бiрақ төрт айдан аспайтын уақытқа, шетел валютасымен жалақы төленедi.
Егер уақытша еңбекке жарамсыздық Қазақстан Республикасына келген кезеңiнде болса, онда оларға осы қосымшаның 3-тармағының "а" тармақшасында көзделген лауазымдық ақысының (тарифтiк ставкасының) есебiнен теңгемен жәрдемақы төленедi.
Жүктiлiгi мен босануы жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ұзақтықта демалыс берiледi.
Жүктiлiгi мен босануы жөніндегі демалысты сол барған елiнде пайдаланылған уақыты үшiн жалақысы шетел валютасымен сақталады. Егер демалыс Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылса, онда жүктiлiгi мен босануы жөніндегі жәрдем ақы осы қосымшаның 3-тармағының "а" тармақшасында көзделген лауазымдық ақысының (тарифтiк ставкасының) есебiнен теңгемен төленедi.
5. Штаттан тыс жұмыс уақыты жалпы еңбек стажына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелерге сәйкес үздiксiз еңбек стажына да қосылады.
6. Қызметкер Қазақстан Республикасына қайта оралғанда өзi шетелде осы жүйеде жұмыс iстеген министрлiкте (ведомствода) шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң тиiстi анықтамасының негiзiнде жұмысы туралы оның еңбек кiтапшасына жазба түсiрiледi.
7. Штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек даулары шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен қаралады.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
№ 6 қосымша
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
мекемелерiнiң қызметкерлерiн жиhазы бар
пәтерлермен және коммуналдық қызмет көрсетумен
қамтамасыз ету тәртібі туралы
Ереже
1. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi тұрғын үй алаңы нормаларының шегiнде тиiстi мекемелердiң сметалары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен төленетiн жиhазы бар пәтерлермен (коммуналдық қызмет көрсетусiз) қамтамасыз етiледi.
2. Шетелдегi Қазақстан Республикасының қызметкерлерi тұрғын үй алаңымен бiр адамға 12 шаршы метрден келетiн есеппен қамтамасыз етiледi.
Тұрғын алаңға жататын бөлмелер, залдар, ас iшетiн бөлмелер, холлдар кiредi. Ас iстейтiн және басқа қосалқы бөлмелер алаңы тұрғын үй алаңына кiрмейдi. Қызметкерлерге уақытша пайдалану үшiн берiлген жиhаз үшiн ақы алынбайды.
Ескерту. Техникалық және басқа да көмек көрсету үшiн шетелге жiберiлген мамандардың коммуналдық жағынан қамтылуымен қоса тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген нормалар бойынша төленедi.
3. Тұрғын үй алаңы шетелдегi мекеменiң сметалық есебiнен отбасы мүшелерiнен жұмыс iстейтiн бiреуiне ғана берiледi.
4. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң нақты иемденген тұрғын үй алаңы осы Ереженiң 2-тармағында көзделген нормадан артық болған жағдайда нормадан үстеме шығындар олардың жалақысы есебiнен нақтылы шығындар бойынша төленуi тиiс.
5. Шетелдегi Қазақстан Республикасының қызметкерлерiн осы қосымшаның 2-тармағында көзделген нормалар шегiнде Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң үйлерiнен, мекеменiң жалға алған үйлерiнен (жалпы үйлердегi жеке пәтерлерден) жиhазы бар тұрғын алаңдармен қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң басшыларына жүктеледi.
6. Қызметкерлерге берiлген тұрғын үй алаңы бойынша және соған байланысты коммуналдық қызмет көрсетулердiң (электр энергиясы, газ, жылу, сумен жабдықтау, ортақ пайдаланудағы орындарды тазалау) нақтылы шығындары лауазымдық ақысының 10 процентiнен аспайтын мөлшерде қызметкерлердiң шетел валютасымен алатын жалақысының есебiнен төленедi. Шетел валютасымен алатын лауазымдық ақысының 10 процентiнен асатын коммуналдық қызмет көрсету шығындары тиiстi мекемелердiң сметалары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен төленедi.
Қызметкерлердiң коммуналдық қызмет көрсетуге байланысты нақтылы шығындарының сомасын анықтағанда жоғарыда аталған қызмет көрсетулер ғана есепке алынады.