59. Сол бiр елдiң iшіндегі iссапарлардың уақыты үшiн тәулiктiк ақы болған елдiң iшкi iссапарларына белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi.
60. Шетелде бiр елден екiншi елге iссапарларға шыққан уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы Қазақстан Республикасынан шетелге iссапармен баратын қызметкерлер үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарына осы Ережелердiң № 1 қосымшасына сәйкес шетел валютасымен белгiленген тәулiктiк ақы нормаларына үстемелер төленедi.
61. Қызметкерлер сол бiр елдiң iшiнде немесе бiр елден екiншi елге iссапарларға жiберiлген жағдайларда, тегiн тамақпен және тұрғын үймен қамтамасыз етiледi, оларға осы Ережелердiң 54-тармағында белгiленген қағидалар қолданылады.
62. Тәулiктiк ақыны төлегенде осы Ережелердiң 9-тармағында көзделген тиiстi қағидалар қолданылады.
IV. Қорытынды Ережелер
63. Жұмысқа немесе шетелге iссапарға жiберiлген не шетелден Қазақстан Республикасына қайтарылған барлық адамдарға, бiр елден екiншi елге ауыстырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден қызмет бабындағы iссапармен немесе еңбек демалысына баратын қызметкерлерге нысаналы жерiне жеткен соң есеп айырысу үшiн негiз болатын ақшалық аттестаттар берiледi.
Аттестатта төлемдердiң нормасы, маршруттары, қызметкердiң баратын жерi және оның алған барлық ақшалай төлемдерi, iссапарға шыққан кезде - сондай-ақ iссапардың мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Тиiстi министрлiктер (ведомстволар) аталған қызметкерлердi оларға шетел валютасымен берiлген аванстың есептесу анықтамасымен, ол қызметкерлер жұмысқа немесе iссапарға жiберiлген елдердегi жергiлiктi валютаны апару мен әкетуге қатысы бар валюталық шектеулермен және алған авансына есеп беретiндiгi туралы, сондай-ақ шетел валютасының кем болып шыққаны үшiн жауапкершiлiгi туралы қолданылып жүрген ережелермен таныстыруға мiндеттi.
64. Аяқталмаған есеп айырысу бойынша қызметкерге тиесiлi шетел валютасындағы сома Қазақстан Республикасында төленуге тиiс болған жағдайда, бұл сома қызметкердiң қалауы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша не шетел валютасымен, не теңгемен төленедi.
65. Шетелге жұмысқа немесе iссапарға жiберiлген және өз есебiне шетел валютасын алған қызметкерлер қабылданылған есеп бойынша сомадан артық жұмсалған валютаның қалғанын дәлелсiз себептермен 15 күн iшiнде өткiзбеген жағдайда, мойнындағы қарызды төлем күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiсiнiң бағамы бойынша теңгемен өтеуге мiндеттi.
66. Қызметкердiң Қазақстан Республикасынан бұрын өзi жұмыс iстеген елге қайтадан жiберiлетiндiгiне немесе басқа елге жiберiлетiндiгiне қарамастан, қызметкердiң шетелге кеткен күнiнен бастап есептегенде, жылға толмаса жаңа көтерме жәрдемақы берiлмейдi. Бұл ретте бiр елден екiншi елге ауысқан кезiнде төленген көтерме жәрдемақы есепке алынбайды.
Қызметкердi Қазақстан Республикасына қайтарған кезде көтерме жәрдемақы төленбейдi.
Өзiне қатыссыз себептерге байланысты (науқастану, мерзiмiнен бұрын қайтару және т.б.) қызметкер шетелден Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын оралған жағдайда алған көтерме жәрдемақысы қайтарылмайды.
67. Қазақстан Республикасының шетелдегi қызметкерлерi жиhазы бар пәтерлермен осы Ережелердiң № 6 қосымшасында көрсетiлген тәртiппен және нормалар бойынша қамтамасыз етiледi.
68. Шетелде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек даулары сол жердегi әкiмшiлiкпен бiрлесiп кәсiподақ комитетiнде (кәсiподақ ұйымдастырушысымен) қаралады.
Егер еңбек дауы бойынша келісімге келмесе, не еңбеккер қабылданған шешiммен келiспесе, бұл iске мүдделi қызметкер қабылданған шешiм туралы хабардар етiлген күннен бастап, 10 күн мерзiмi iшiнде дауды шешу туралы Қазақстан Республикасы кәсiподақтары Федерациясының Кеңесiне арыз беруге құқы бар.
Қазақстан Республикасының кәсiподақтары Федерациясының Кеңесi тиiстi министрлiк (ведомство) өкiлiнiң қатысуымен еңбек дауының негiзi бойынша соңғы шешiм қабылдайды.
69. Шетелдегi қызмет бабындағы iссапардан келген адамдар 5 күн мерзiм iшiнде жұмсалған сомалар туралы аванстық есеп түсiруге мiндеттi.
Аванстық есепке: тұрғын үй жалдау жөніндегі, екi жағына жол жүру (таксиден басқа) жөніндегі құжаттар, шетелдiк паспорттың көшiрмесi, валюта айырбастау жөніндегі алым үшiн банктiң түбiртектерi, өкiлдiк мақсаттарға жұмсалған шығындардың құжаттары қосылады. Өкiлдiк мақсаттарға жұмсалған шығындардың құжаттары болған елдегi Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң (өкiлдiктерiнiң, консульстволарының) өкiлi тарапынан құпталуы және елтаңбалы мөрмен расталуы немесе делегацияның үш мүшесi тарапынан жазбаша түрде құпталуы тиiс.
70. Шетелдегi қызметкердiң жалақысынан табыс салығын төлеу Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтiк актiлерге сәйкес табысы туралы Декларацияның негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң шетелдегi
еңбек ету жағдайлары туралы
ережелерге
№ 1 қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.22. № 1586 қаулысымен.
Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы
проценттік үстемеақылар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар:
Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде;
мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20 процент мөлшерінде;
Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 15 процент мөлшерінде төленеді.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң
қызметкерлерi үшiн олардың теңгемен алатын
лауазымдық еңбекақыларына 50 проценттiк үстеме
белгiленген климаттық жағдайлары ауыр елдердiң
Тiзбесi
Ангола
Бангладеш
Бахрейн
Бенин
Бирма
Боливия
Ботсвана
Буркина-Фасо
Бурунди
Вьетнам
Габон
Гайана
Гана
Гвинея
Гвинея-Бисау
Джибути
Заир
Замбия
Зимбабве
Үндiстан
Йемен Республикасы
Кабо-Верде
Камерун
Кампучия
Кения
ҚХР
Комор аралдары
Конго
КХДР
Кот-Д'ивуар
Куба
Кувейт
Лаос
Либерия
Лесото
Маврикий
Мавритания
Малагасий Республикасы
Мали
Мозамбик
Нигер
Нигерия
Бiрiккен Араб Эмираттары
Папуа-Жаңа Гвинея
Руанда
Сан-Томе және Принсипи
Сауд Аравиясы
Сейшель аралдары
Сенегал
Сингапур
Сьерра-Леоне
Сомали
Судан
Суринам
Танзания
Того
Уганда
Орталық-Африка Республикасы
Чад
Экваториалды Гвинея
Эфиопия
ҚХР-да үстемақы 40 процент мөлшерiнде белгiленген.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
№ 3 қосымша
Ауа райы ыстық және ылғалды елдердегi
Жұмыс уақытының ұзақтығы туралы
Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң ауа райы ыстық және
ылғалды елдердегi қызметкерлерi үшiн мына төмендегi айларға 36 сағаттық
жұмыс аптасы белгiленедi:
Алжир - маусым-қыркүйек
Аргентина - желтоқсан-наурыз
Ауғанстан - мамыр-тамыз
Бангладеш - жыл бойы
Бахрейн - жыл бойы
Бенин - жыл бойы
Бирма - жыл бойы
Боливия - жыл бойы
Бразилия - жыл бойы
Буркина-Фасо - жыл бойы
Бурунди - жыл бойы
Венесуэла - мамыр-қыркүйек
Вьетнам - наурыз-қараша
Габон - жыл бойы
Гайана - жыл бойы
Гана - жыл бойы
Гвинея - жыл бойы
Гвинея-Бисау - жыл бойы
Греция - маусым-қыркүйек
Египет - маусым-қыркүйек
Заир - жыл бойы
Замбия - жыл бойы
Израиль - маусым-тамыз
Үндiстан - жыл бойы
Индонезия - жыл бойы
Иордания - маусым-тамыз
Ирак - сәуiр-қазан
Иран - маусым-тамыз
Йемен Республикасы - жыл бойы
Камбоджа - жыл бойы
Камерун - жыл бойы
Кения - жыл бойы
Кипр - маусым-тамыз
Кытай - маусым-тамыз
Конго - жыл бойы
КХДР - шiлде-тамыз
Кот-Д'ивуар - жыл бойы
Куба - маусым-қыркүйек
Кувейт - жыл бойы
Лаос - жыл бойы
Либерия - жыл бойы
Ливан - маусым-тамыз
Ливия - маусым-тамыз
Маврикий - жыл бойы
Мавритания - жыл бойы
Мадагаскар - жыл бойы
Малайзия - жыл бойы
Мали - жыл бойы
Марокко - маусым-қыркүйек
Нигер - жыл бойы
Нигерия - жыл бойы
Бiрiккен Араб Эмираттары - жыл бойы
Пәкстан - жыл бойы
Перу - желтоқсан-наурыз
Руанда - жыл бойы
Сенегал - жыл бойы
Сингапур - жыл бойы
Сирия - маусым-тамыз
Сомали - жыл бойы
Судан - жыл бойы
Сьерра-Леоне - жыл бойы
Таиланд - жыл бойы
Танзания - жыл бойы
Того - жыл бойы
Тунис - маусым-тамыз
Туркия - 15-шi маусымнан - 31-шi тамызға дейiн
Уганда - жыл бойы
Уругвай - желтоқсан-наурыз
Орталық Африка Республикасы - жыл бойы
Чад - жыл бойы
Шри Ланка - жыл бойы
Эквадор - жыл бойы
Экваториалды Гвинея - жыл бойы
Эфиопия - жыл бойы
Ямайка - мамыр-қазан
Жапония - маусым-тамыз
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
№ 4 қосымша
Климат жағдайлары ауыр елдердегi Қазақстан Республикасы
мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген Жыл
сайынғы кезектi Демалыстарының ұзақтығы
-----------------------------------------------------------
Елдердiң атауы ! Демалыстардың ұзақтығы
!---------------------------
!нормаланбаған!нормаланған
!жұмыс күнiмен!жұмыс күнiмен
-----------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
-----------------------------------------------------------
Австралия 30 24
Алжир 36 24
Ангола 48 36
Аргентина 30 24
Ауғанстан 36 24
Бангладеш 48 36
Бахрейн 48 36
Бенин 48 36
Бирма 48 36
Боливия 48 36
Ботсвана 48 36
Бразилия 36 24
Буркина-Фасо 48 36
Бурундия 48 36
Венесуэла 36 24
Вьетнам 48 36
Габон 48 36
Гайана 48 36
Гана 48 36
Гвинея 48 36
Гвинея-Бисау 48 36
Гренада 36 24
Джибути 48 36
Египет 36 24
Заир 48 36
Замбия 48 36
Зимбабве 48 36
Израиль 36 24