Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 Қаулысы
(2008.19.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысымен күші жойылды
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға импортталатын тауарлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді
1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын:
1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы;
2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы;
3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттары болмаса, республика аумағында сатуға тиым салынсын.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай болуы тиіс.
Тауар туралы жоғарыда көрсетілген ақпараттың болуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға шығару үшін тауар өндіретін немесе оны әкелуді жүзеге асыратын тұлға жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына тауар жеткізіліміне арналып жасалған келісімшарттар (шарттар) осы тармақтың талаптарын қамтамасыз етілуді көздейтін ережелерді қамтуы тиіс.
2. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен алып тасталды
3. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 760 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 760 Қаулысымен 4- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне:
1) тауарларды сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін;
2) тауарларды сатудың белгіленген тәртібінің бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын;
3) осы қаулының талаптарына сай келмейтін және сертификаттауға ұсынылған тауарларды есепке алу жөніндегі деректердің банкін жасасын және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар сұраған кезде аталған банктегі ақпараттармен қамтамасыз етсін;
4) өз құзыретінің шегінде осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 523 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 170-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 31 тамыздағы
№ 1274 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 11.01.00 ж. № 44 қаулысымен Қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 760 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)* мемлекеттік
және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар
қойылатын импортталатын тауарлардың тізбесі
_______________________________________________________________________
СЭҚ ! Өнімнің атауы
ТН коды
_______________________________________________________________________
0207 0105 тауарлық позициясында көрсетілген жаңа сойылған,
суытылған немесе мұздатылғанҮй құсының еті және
тамақтық қосымша өнімдері
04 Сүт өнімі; құс жұмыртқасы; табиғи бал; малдан
(0401 10 900 0, алынған тамақ өнімдері, нетто-көлемі 2 л. артық орам.
0401 20 190 0, дағыдан басқа
0401 20 990 0,
0401 30 190 0,
0401 30 390 0,
0401 30 990 0,
040210990,
040291190,
040291390,
040291590,
040291990,
040299190,
040299390,
040299990,
0404,
0407 00 110 0,
0407 00 190 0,
0408,
-нан басқа)
0711 Қысқа мерзімді сақтау үшін қалбырланған, кептірілген,
бүтін және басқа көкөністер
0902, Шай
0902
110100-1103, Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері; крахмал; инулин
1108
150100, Тоңмайлар және жануар немесе өсімдік майлары және олардан
150200, алынған өнімдер; дайын тағамдық майлар;
1507, 1508, 1509 жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған
1512, балауыздар, өнеркәсіптік қолданудан басқа
151610100,
151620910
(1501 00 110 0,
1502 00 100 0,
1507 10 100 0,
1507 90 100 0,
1508 10 100 0,
1508 90 100 0,
1512 11 100 0,
1512 19 100 0,
151221,
151229 - дан
басқа)
16 Еттен, балықтан немесе шаян тәрізділерден,
(160300, моллюскалардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан
-тен басқа) жасалған дайын өнімдер, олардың экстракттары мен
соктарынан басқа
170199100, Қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер
1704
1806 Какао қосылған шоколад және өзге де дайын тамақ
(180620950- өнімдері
ден басқа)
19 Астық дақылдарының дәнінен, ұннан, крахмалдан
(1903 00 000 0, немесе сүттен алынған өнімдер; ұн-кондитерлік
1901 90 110 0, өнімдер, крахмалдан жасалған тапиоктен және оны
1901 90 190 0, алмастырғыштардан басқа
190190910,-
ден басқа)
20 Көкөністердің, жемістердің (жидектердің),
(2008 99 990 0- жаңғақтардың немесе өзге де өсімдік бөліктерінің
нан басқа) өңделген өнімдері
21 Әртүрлі тамақ өнімдері, экстракттардан, эссенциялар
(2101, мән концентраттардан басқа
2102 10 100 0,
2103 90 300 0,
2106 10 800 0,
210690980
-нен басқа)
2201-2203, Алкогольді және алкогольсіз сусындар
220860
230910 Жануарларды қоректендіруге пайдаланылатын өнімдер
24 Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар,
(2401-ден темекі шикізаты мен темекі қалдықтарынан басқа
басқа)
2501 00 91 Тамаққа қолдануға жарамды тұз
3208, 3209 Бояулар мен сырлар
3305 10 000 0, Шашқа арналған бұйымдар (шампуньдар) және тіс
3306 10 000 0 тазалауға арналған заттар (тіс пастасы және тіс ұнтағы
340220 Бөлшек сауда үшін бөлектеп өлшенген сырттан
қолданылатын органикалық заттар
360410000 Отшашақтар
57 Кілемдер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері
61 Машинамен немесе қолмен тоқылымнан, тоқымадан
тігілген киімдер және киімдердің керек-жарақтары
62 Тоқыма киімдер және киімдердің керек-жарақтары
(матадан, машинамен немесе қолмен тоқылымнан
басқа)
8418 10 800 1, Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар
841821-
8418 40 800 9
845011, Тұрмыстық кір жуатын машиналар
8450 12 000 0
8508 Шаңсорғыштар
8519 30 000 0 Электрлі ойнайтын құрылғылар (декалар)
8528 71, Теледидарлық байланыс үшін түсті, қара-ақ және
8528 71 басқа да монохромды бейнелік қабылдағыш аппаратура
9503 00 Ағаш, пластмасса, электрлендірілген және металл,
өзге ойыншықтар
_____________________________________________________________________
- ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 760 Қаулысымен алынып тасталды(бұр. ред. қара)