Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 121 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын»;
2) 2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі