«Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегi агенттігін құрылымдық
қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 Қаулысы
(1999.29.04. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 1999.29.04. № 510 қаулысымен тақырыбындағы, қосымшасындағы және қаулының мәтініндегі сөздер өзгертілді
Халықаралық стандарт талаптарын және ұлттық есеп жүргiзу жүйесiн ескере отырып, статистиканы реформалауды жеделдету, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің басқару аппаратының адам санын ұстауға бөлiнген қаражаттың ұтымды және үнемдi жұмсалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен статистикалық ақпарат жинау, әзiрлеу, қорыту мен талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1995.12.19. № 1817 қаулысымен, 1-7, 10-тармақтардың күшi жойылған 8,9, 11-тармақтар тиiсiнше 1,2,3-тармақтар болып саналсын
1. Статистикалық және экономикалық ақпаратты жинауға, әзiрлеуге, құруға және оларды шығаруға кететiн шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекiтетiн Статистика және ұйымдастыру жұмыстарының регламентiне сәйкес республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 1999.04.29. № 510 қаулысымен 2-тармақ 5 абзацпен толықтырылды
2. Статистика және ұйымдастыру жұмыстарының регламентiне сәйкес дайындалып, ұсынылатын статистикалық және экономикалық ақпарат үшiн ақы төлеу республикалық бюджет есебiнен:
Қазақстан Республикасының Парламенті, Президентi мен Үкіметі Аппараттарына, сондай-ақ ТМД мүше-мемлекеттерiнiң статистикалық органдары мен халықаралық ұйымдарына қабылданған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне осы мақсатқа бөлiнген қаражат шегiнде;
бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, ведомстволарға, облыстық, қалалық, аудандық әкiмдерге және басқа да заңды тұлғаларға оларды ұстауға жұмсалатын шығыс сметасы шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгіне статистикалық ақпаратты басқа заңды және жеке тұлғаларға келісім шарттар жағдайында таратуды жүзеге асыруға және одан түскен қаражатты есепайыру шотына қосып, ал шетелдiк пайдаланушылардан түскен қаражатты - валюта шотына қосуға рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткен ай үшін келесі айдың үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей тұтыну бағаларының индексі жөніндегі ақпараттарды беруді, сондай-ақ өткен ай үшін тұтыну бағаларының индексі жөніндегі ақпараттарды ресми басылымдарда жариялауды қамтамасыз етеді.
Түскен қаражатты жұмсау тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі және оның аумақтық органдары өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Бас прокуратурасына, Әдiлет министрлігіне және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде сұрау салуы бойынша статистикалық және талдау ақпараттарын тегiн бередi .
3. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 1996.09.26. № 1177 қаулысымен 9-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 1995.12.19. № 1817 қаулысымен 10-тармақ күшiн жойды
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысына
1-Қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Әлеуметтiк-экономикалық талдау, есеп және статистикалық
ұйымдастыру бас басқармасы
Ұлттық шоттар жүйесiнiң бас басқармасы
Өндiрiс және инвестициялар статистикасының жетекшi басқармасы
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы статистикасының жетекшi
басқармасы
Сыртқы экономикалық байланыс пен қызмет көрсету статистикасының
жетекшi басқармасы
Әлеуметтiк және демографиялық статистиканың жетекшi басқармасы
Баға статистикасының жетекшi басқармасы
Төлем балансы статистикасының жетекшi басқармасы
Ақпаратпен қамтамасыз ету бас басқармасы
Жоспар-қаржы жұмыс бөлiмi
Бухгалтерлiк есепке алу және есеп беру бөлiмi
Iс басқармасы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысына
2-Қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
жүйесiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
Статистика жөніндегі облыстық және Алматы қалалық басқармалары мен статистика жөніндегі Ленинск қалалық бөлiмi
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінiң Статистикалық зерттеулер институты
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі және Еңбек министрлігінiң Есепке алу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн көтеру жөніндегі республикалық салааралық институт
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысына
3-Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшiн жойған
шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақ ССР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi, облыстық және Алматы қалалық статистика және талдау жөніндегі басқармаларының мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 28 ақпандағы № 141 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi қызметiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 15 қазандағы № 864 қаулысының 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 40, 593-бап).
3. "Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 желтоқсандағы № 1073 қаулысының 18-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 наурыздағы № 242 қаулысының 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 121-бап).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Тiл комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 мамырдағы № 374 қаулысының тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 16, 194-бап).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегi № 977 қаулысының 7-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қарашадағы № 1136 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 526-бап).
8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қаңтардағы № 56 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 4, 34-бап).
9. "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 қыркүйектегi № 983 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қазандағы № 1124 қаулысының 10-тармағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 457-бап).
11. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 желтоқсандағы № 1470 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 49, 552-бап).
12. "Қазақстанның Мемлекеттік даму банкi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 59 қаулысының 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 3, 37-бап).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 5, 62-бап).
14. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитет туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 мамырдағы № 633 қаулысының 7-тармағы.