Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29
сәуірдегі № 510 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша міндеттемелерді уақытында орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетін құрылымдық қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
қаулының атауындағы, қосымшасындағы және қаулының мәтiнiндегi «Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетінің», «Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетіне», «Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің», «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне», «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жоғары Кеңесінің» деген сөздер «Парламентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Министрлер Кабинеті», «Министрлер Кабинетінің» деген сөздер тиісінше «Үкіметі», «Үкіметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткен ай үшін келесі айдың үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей тұтыну бағаларының индексі жөніндегі ақпараттарды беруді, сондай-ақ өткен ай үшін тұтыну бағаларының индексі жөніндегі ақпараттарды ресми басылымдарда жариялауды қамтамасыз етеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі