24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қарулы Күштердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.».
12-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді сақтандырушы осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.».
13. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):
43-баптың 3-тармағында:
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;».
14-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-І, 111-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат):
70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз ету
1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
2. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ зейнеткерлерінің ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.
6. Ішкі істер органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.».
15-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 161-баптың 2-тармағында:
«Білім беру,» деген сөздерден кейін «дене шынықтыру және спорт,» деген сөздермен толықтырылсын;
«спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері» деген сөздер «спорт саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар» деген сөздер «мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 164-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер кіріс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен кіріс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы.
Арнаулы мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабына сәйкес кіріс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы.».
16-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 75-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде (бұдан әрі − әскери-медициналық бөлімшелер), сондай-ақ өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қызметкерлердің қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
2) 78-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың әскери-медициналық бөлімшелерде медициналық көмекке құқығы бар.
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алынбайтын жағдайларды қоспағанда, амбулаториялық емделу кезінде отбасы мүшелеріне дәрі-дәрмек ақысы төленіп беріледі.
3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтары арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне), сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
«5. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған немесе мүгедек болған қызметкердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес медициналық көмек алу құқығы сақталады.»;
3) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне), сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерге әскери-медициналық бөлімшелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етілу және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.
Олардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақта көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Көрсетілген адамдарды санаториялық-курорттық емдеу және оларды дәрілік қамтамасыз ету арнаулы мемлекеттік органдарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
4) 83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық бөлімшелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
5) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.».
17-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 44-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға әскери қызметшілердің жұмсаған меншікті қаражатын, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.»;
2) 50-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мөлшерінің шегінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде емделуге жұмсалған жеке қаражатты көрсетілген адамдарға, құрылымында олар әскери қызметті өткерген уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.»;
3) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық көмек алуға құқығы бар.
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.».
18. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат):