1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) инвестициялық кіріс - қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қордың активтері - қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;»;
15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
2) 2-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады.»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.
2. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеу міндетінен босатпайды.
3. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуге міндетті, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.
Егер төленбеген кезеңді есептеу кезінде мұндай кезең 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған кезді қамтыса, онда ол есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.
4. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.»;
4) 7-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда):
ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйым жолдамасының болу-болмауына қарамастан - шұғыл көрсетілімдер бойынша;»;
3) тармақшадағы «қоспағанда);» деген сөз «қоспағанда) ұсынылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:
белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес - амбулаториялық-емханалық көмек;
денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес - стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.»;
5) 10-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды;»;
6) 11-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін әзірлейді және айқындайды;»;
3) тармақшадағы «резервтерінің мөлшерін» деген сөздер «резервінің мөлшерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін әзірлейді;»;
7) 12-баптың 1) тармақшасындағы «азаматтардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жарналарды төлеушілер:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жекеше нотариустар;
5) жеке сот орындаушылары;
6) адвокаттар;
7) кәсіби медиаторлар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
9) мыналарды:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 8) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) - 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де адамдар (бұдан әрі - өзге де төлеушілер), оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
3. Жұмыскерлердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.
Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың және өзге де төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.»;
9) 17-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартып отырады;
9) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде олардың қарамағындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.»;
10) 18-баптың 5-тармағының бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарда орналастырылады және олар тек қана мынадай:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;»;
11) 19-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады.
3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді;
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 20-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «жабу үшін резервтер» деген сөздер «жабуға арналған резервті» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 25-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;»;
14) 26-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 4 пайызы, бірақ 5 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.»;
«4. Осы баптың 1-тармағының 2), 8) және 14) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.»;
15) 27-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
«3. Жұмыс берушілер:
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.»;
16) 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары
1. Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жарналары:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
5. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
7. Қорға жарналар төлеуден мыналар:
1) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алушыларды қоспағанда, осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер
1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
Кәсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.
2. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша барлық есепке жазылған кірістер аталған шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.
3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшеріне тең, жұмыскердің кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа табысынан жарналар төлеу осындай жарналар төлеуді растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.
Салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Егер күнтізбелік ай үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, осы Заңның 28-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, аударымдар және (немесе) жарналар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабы 1-тармағының 8-2), 10), 12), 13), 13-2) тармақшаларында белгіленген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 357-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістер.»;
17) 30-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.
3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.»;
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік корпорация арқылы» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 17) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар - кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «көзделген мерзімде аударады.» деген сөздер «көзделген мерзімде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге де төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген төлеушілердің жарналарды төлеуін қоспағанда, аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
18) 34-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды, оның тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.»;
19) 36-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «бақылау» деген сөз «мониторингтеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 40 және 41-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Өтпелі ережелер
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық барлық адамдарға, оның ішінде өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген адамдарға қолданылады деп белгіленсін.
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
2018 жылғы 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 1-тармағын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 2 - 4-тармақтарын, 6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.