2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімдерде міндетті түрде уәкілетті органға ұсына отырып жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының және өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ аталған кірістерді тәркілеу саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық сауал салу және ақпарат алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттің құзыретті органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру, егер олар адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер пен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісімдер жасасуға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) егер уәкілетті орган сұрау салуда келтірілген ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру қажеттілігінің фактілері мен мән-жайлары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға күдік тудыруға жеткіліксіз деп есептесе;
2) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына ықпал ететін болса, шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Уәкілетті орган бас тартуы туралы негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің сауал салушы құзыретті органын бас тартуы туралы хабардар етеді.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелері халықаралық ынтымақтастыққа қатысты қолданылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға орай қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар, оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Уәкілетті органның өз функцияларын орындауына байланысты уәкілетті органның немесе оның қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінен жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 28-і.
№ 191-ІV ҚРЗ