ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.
6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Нақты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға және бағдарламаға (есептерге), оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізгені үшін сыйақыны, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары сараптамасының әкімшілендіру бірыңғайлығын, тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады.
2. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыретіне:
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалау;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру және оның қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;
6) қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады;
7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының деректер банктерін қалыптастыру;
9) өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асыру кіреді.
3. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының:
1) мемлекеттік органдардан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінен функцияларды жүзеге асыруға және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
3) 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ғылыми зерттеулерге сараптама жасау және оларға мониторинг жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен өзге де ұйымдарды, қазақстандық және (немесе) шетелдік ғалымдарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен шетелдік ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші органдар құруға;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша іс-шаралар өткізуге;
8) баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсізділігі, объективтілігі, біліктілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді, олардың негізгі міндеттері ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жаңалығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін және сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау болып табылады.
Қазақстандық және шетелдік сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге сарапшыларды тарту үшін шетел сарапшыларының дерекқоры құрылады, олардың кандидатураларын шетелдік жетекші университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бағалауға тартылған ғалымдар, сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер сараптамаға ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтауға және коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
22-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу
1. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті серпініне мониторинг жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуға міндетті.
3. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердің мемлекеттік есепке алуға ұсынылуын бақылауды уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
23-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді уәкілетті орган олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аккредиттеу оларға қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілей отырып, хабарландыру сипатында болады.
6-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру
24-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) базалық қаржыландыру;
2) гранттық қаржыландыру;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
25-бап. Базалық қаржыландыру
1. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.
2. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.
3. Базалық қаржыландыру субьектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
26-бап. Гранттық қаржыландыру
2015.31.10. № 382-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бөлінеді.
2. Гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдары негізінде Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес бекітеді және олар белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жатады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субьектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тең шарттармен қатысады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Берілген өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдер тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
6. Гранттық қаржыландыру туралы шешімдерді ұлттық ғылыми кеңес шығарады және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Гранттық қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
27-бап. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субьектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары, оның ішінде қоса атқарушы ретінде қатысады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
Берілген өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдер тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
5. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға өтінімдерді ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға жолдайды.
6. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға өтінімдер белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жатады.
7. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурс жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі негізінде айқындалады және оларды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
9. Конкурс нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды айқындай алады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жекеше әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
7-тарау. Ғылымды дамытуды экономикалық ынталандыру және халықаралық ынтымақтастық
28-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
1. Мемлекет ұлттық ғылыми инновациялық жүйені дамытуды экономикалық ынталандыруға, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға, экономиканың басым секторларында технологияларды коммерцияландыруды қаржыландыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдік береді.
2. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, оның ішінде өзге де тұлғалармен бірлесіп, қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдану (коммерцияландыру) болып табылатын ұйымдар құруға рұқсат етіледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде мемлекеттік органдардың келісімінсіз зияткерлік меншік құқығын ғана енгізе алады.
Мемлекеттік ғылыми ұйымдар, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары зияткерлік меншікке мүліктік құқықтарға билік етуді уәкілетті мемлекеттік органның - олардың мүліктері иесінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Ұйым жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудан түскен кірістің бір бөлігін ғылыми зерттеу жүргізуді не оны коммерцияландыруды қаржыландыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорына бөлуге жол беріледі.
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымды құру туралы хабарламаны оның құрылтайшылары мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей, тиісті салалық уәкілетті органға жолдайды.