2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.
Салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті тұжырымдамада немесе ұлттық жобада айқындалады.
8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
2. Мыналар:
1) меншiк түрi бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiнде;
2) пайда алушылар бойынша, егер пайда алушылар екi және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық ретінде және егер пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi ретiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергiлiктi жобаларын айқындау өлшемшарттары болып табылады.
9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:
1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;
3) мемлекеттік бюджет қаражаты;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;
5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;
6) қолжетімділік үшін төлемақы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, осындай жобалар әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары болып табылса, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау және су бұру, қалдықтарды басқару объектілерін қоса алғанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілердің кешендері әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2-тармақтың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды
2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындарды өтеу көзделмейді.
3. Жобалық қаржыландыруды пайдалана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне шығындарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 46-бабы 1-1-тармағының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды)
10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік бастаманың немесе жекеше бастаманың негізінде мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы іске асырылуы мүмкін:
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) мыналарды:
мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде - инвестициялық ұсынысты және конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеуді; немесе
жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде - осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган қалыптастырған және жариялаған тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеуді; немесе
жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің жекеше бастамасы шеңберінде - бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, жоспарлау;
2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы.
1-1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы
1. Жекеше әріптес қажет болған кезде мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды.
3. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптес алдында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы операторының әрекеттері үшін заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалар сақтаған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына берілуге жататын жағдайларда, олар жекеше әріптестің мүлкінен оқшауландырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепте көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылатын жағдайда, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады. Бұл ретте мұндай мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.
2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.
3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.
Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.
13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті:
1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу;
2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.
14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ олардың туындау ықтималдығын азайту және орын алған тәуекелдердің салдарларын жою жөніндегі қажетті шаралар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бекітіледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу тәуекелдерді барынша аз шығынмен озық түрде басқара алатын тарапқа оларды жүктеген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды.
2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері
1. Жекеше әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген жағдайларда және тәртіппен төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалауы бойынша пайдалануға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты құқықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген талаптарда жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жекеше әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің бейінін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін тиісті техникалық жай-күйде мемлекеттік әріптеске беруді қамтамасыз етуге;
2) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік әріптес:
1) жекеше әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тараптарымен оның талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өзі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы болған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының басқару органдарына қатысуға;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша жекеше әріптестің кінәсінен туындаған залалды өтеуді талап етуге;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын жекеше әріптес не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тарапы бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне құқықтарды жекеше әріптеске беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген құқықтары бар.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) оларға қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің тізбесін бекітеді;
3) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) тармақшаның күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды
4-1) жекеше әріптесті айқындау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізе отырып, жекеше бастама негізінде технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы шешім қабылдайды;
5) Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
20-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылық етуді жүзеге асырады;
3) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін келіседі;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;