8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
9. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес пайыздан асатын субъектілерден ақпарат болған кезде мүмкін болады.
10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге міндетті.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Нарық субъектісінің (субъектілерінің) үстем үлесін (үлестерін) айқындау мақсатында экономикалық шоғырлануды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне осы баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді қамтымайтын талдау жүргізіледі.
Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нарық субъектісінің үлесі отыз бес пайыздан асатынын, бірақ елуден кем құрайтынын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі орын алғанын көрсеткен жағдайда, тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы баптың 3-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақталып жүргізіледі.
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында талдау осы баптың 3-тармағында көзделген кезеңдердің негізінде жүргізіледі, сондай-ақ тауар нарығына мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың, мұндай құру осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысуының орындылығын бағалауды қамтиды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері беретін ақпараттың, сондай-ақ осы баптың 9-тармағына сәйкес берілетін ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Нарық субъектісі монополияға қарсы органға өзінде бар маркетингтік зерттеулер нәтижелерін ұсынуға құқылы, оларды да монополияға қарсы орган талдау жүргізу барысында пайдалануы мүмкін.
197-бап. 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
198-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.
2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
4. Алдын ала ескертуде:
1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жосықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, нарық субъектілерінің осы Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері, келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.
Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол бір нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін анықтаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 200-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
200-бап. Экономикалық шоғырлану
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына монополияға қарсы органның алдын ала келісімі не оның осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы қажет.
2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.
3. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері осы Кодексте көзделген тәртіппен алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурстық рәсiм басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, нарық субъектiлерiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсуiмен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының монополиялық жағдайын орнықтыруға және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге алып келген экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 201-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу
1. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылады:
1) нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелік етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелік ету құқығына ие болады.
Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;
3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасын құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды иемденуі;
5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы.
2. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылмайды:
1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржы ұйымдары мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін кіріс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында басқа нарық субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржы ұйымдарының сатып алуы немесе меншігіне алуы;
2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;
3) егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауарлар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнге белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (әрекеттерді) жүзеге асыруға келiсiмi не оның осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы талап етiледi.
4. Мәмілелерді жасау осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерден асып кетсе, қаржы ұйымының қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржы ұйымы және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асырса, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
6. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде осы нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерлерiн және тауарлар өткiзу көлемдерiн белгiлеуге құқылы.
7. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен кірістің сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Егер нарық субъектiсi қызметiн жүзеге асырғанына бiр жыл болмаса, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
8. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
202-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат беретiн тұлғалар
1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларды), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi сатып алатын немесе тиiстi құқықтарды иемденетін тұлға монополияға қарсы органға бередi.
3. Егер осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттiк берілген тұлға көрсетiледi.
203-бап. Өтінішхат беру тәртібі
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өтінішхат осы Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жасалады.
2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса берілген құжаттар анық және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған адам өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын және толықтығын жазбаша растауға тиіс.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлға ұсынатын өтінішхат және оған қосымшалар жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолтаңбасымен расталады.
4. Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 204-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып ұсынылады. Тармақ пен тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.
Толық ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалаушы немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалаушы немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ оның алынған көздері және пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен ұсынылады.
6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін беріледі.
Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін беріледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі.
7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру, өткізу көлемдері, тауарлар экспорты мен импортының көлемдері туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін беріледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам беріледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген кезге қарай қызметін екі жылдан аз уақыт жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі.
8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді, бұл туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
204-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттама
1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада:
1) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капитал мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
6) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңесінiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі қамтылады.
9) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капитал мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;