32-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
32-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 4-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапа паспорты нысанын (үлгісін), сондай-ақ мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауы;»;
3) 5-бапта:
32-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау;»;
32-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру;»;
32-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 6-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
5) 7-бапта:
32-тармақтың 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
32-тармақтың 5) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау қағидаларын;»;
32-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
21-2) тармақша алып тасталсын;
6) 8-бапта:
32-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша алып тасталсын;
32-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мақта қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;»;
7) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «(орталықтары)» деген сөзден кейін «осы Заңның 7-бабы 6) тармақшасының екінші абзацына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «тиісті» деген сөзден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын;
32-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
32-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау
Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) осы Заңның 7-бабы 18) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жүзеге асырады.
Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) шарт негізінде жүзеге асырады.».
33. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
22-1) тармақша алып тасталсын;
27) тармақшадағы «органикалық тамақ өнімі,» деген сөздер алып тасталсын;
48) және 49) тармақшалар алып тасталсын;
3) 6-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының» деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-баптың 8) және 8-1) тармақшалары алып тасталсын;
5) 13-баптың 3-тармағындағы «агрохимикаттар» деген сөз «тыңайтқыштар» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 16-баптың 2-тармағында:
«13-бабының 3-тармағында және 26-1-бабында көзделген жағдайларды» деген сөздер «13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«агрохимикаттарды» деген сөз «тыңайтқыштарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 26 және 26-1-баптар алып тасталсын.
34. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат):
47-баптың 17-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.».
35. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 2) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биоотын - биологиялық туынды шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған отын, оның ішінде биоэтанол;»;
«10) биоэтанол - биологиялық туынды шикізаттан өндірілген, міндетті түрде мұнай өнімдерімен араластыруға немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді, сондай-ақ биоотынның басқа түрін өндіру мақсатында пайдалануға арналған дегидратталған этил спирті;»;
2) 6-бапта:
13-2) тармақшадағы «есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-3) тармақша алып тасталсын;
3) 7-1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «өндірісін жүзеге асыратын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы бар» деген сөздер «өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өндірілген биоотынның әрбір партиясының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды қамтамасыз етуге;»;
3) тармақшадағы «биоотынды техникалық регламенттерде белгіленген құрамға» деген сөздер «биоотын құрамына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-бапта:
1-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құрамына сәйкес келмейтін биоотынды өткізуді жүзеге асыруға;
4) денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді өндіретін кәсіпорынға жеткізу үшін немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығаруға;»;
9) тармақшадағы «жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ» деген сөздер «және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді жүзеге асырмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ» деген сөздер «және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді жүзеге асырмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-баптағы «техникалық регламенттерде айқындалған» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Биоотынға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
Биоотын және оның өмірлік циклінің процестері адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіз болуға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.»;
9) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Биоотынды сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекелдерге қарай Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
10) 18-баптағы «техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 119-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 26-баптың 8-тармағындағы «мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 27-бапта:
10-тармақтағы «мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы зерттеулерді қоспағанда, жекеше әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларында айқындалады.».
37. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 134-бапта:
2-тармақта:
8) тармақша «мемлекеттік жер кадастры үшін» деген сөздердің алдынан «топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «фитосанитариялық сараптамасы» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшаның он сегізінші абзацындағы «қызмет көрсетуді жүзеге асыру» деген сөздер «қызметтер көрсетуді» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
«микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларын диагностикалауды жүзеге асыру;»;
3-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.»;
2) 161-баптың 2-тармағындағы «ветеринария» деген сөз «суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау, ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат):
11-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерге, аймақтарға, орындарға, өндіріс учаскелеріне инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;
3-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;».
39. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-қосымшада:
39-жолдағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
39-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
63 және 63-1-жолдардың 3-бағанындағы «6. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-қосымшада:
39-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 102-1-жолмен толықтырылсын:
«
102-1. | Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді және (немесе) ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру | Есепке алу нөмірін беру туралы растау | |
»;
154, 170 және 236-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
154. | Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беруі | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсат | |
»;
«
170. | Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге уәкілетті мемлекеттік орган беретін келісу | Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат | |
»;
«
39-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
236. | Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беруі | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсат | |
»;
265 және 266-жолдар алып тасталсын;
39-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 316-1-жолмен толықтырылсын:
«
316-1. | Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу | Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік; Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік | |
»;
389-жолдағы «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттарға)» деген сөздер алып тасталсын;
3) 3-қосымшада:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама»;
39-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 58-тармақпен толықтырылсын:
«58. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.».
40. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-І, 109-құжат):
10-баптағы «гербицидтермен, пестицидтермен (улы химикаттармен)» деген сөздер «пестицидтермен» деген сөзбен ауыстырылсын.
41. «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 160-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы «(балық өсіру шаруашылығы)» деген сөздер «және балық аулау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптағы «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «міндетті талаптар» деген сөздер «талаптар» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны басуға қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді.».
42. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):