он төртінші абзац алып тасталсын;
он алтыншы абзац алып тасталсын;
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;»;
мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
29-тармақтың 3) тармақшасының отыз үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«облигациялар бойынша купондық сыйақыны;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 41-8), 41-9), 41-10), 41-11) және 41-12) тармақшалармен толықтырылсын:
29-тармақтың 3) тармақшасының отыз алтыншы абзацы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«41-8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторды айқындау;
41-9) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-10) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындау;
41-11) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;
41-12) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі мен орналастырылуын бекіту;»;
4) 7-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;»;
11) тармақшадағы «, улы химикаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
12-2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-9), 12-10), 12-11), 12-12), 12-13), 12-14) және 12-15) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-9) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
29-тармақтың 4) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
12-10) шитті мақта сапасының сараптамасына шығындардың құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
12-11) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
12-12) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
12-13) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
12-14) тиісті жергілікті өкілді органның бекітуіне ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын ұсыну;
12-15) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;»;
29-тармақтың 4) тармақшасының он бесінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылсын:
29-тармақтың 4) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«17-12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
29-тармақтың 4) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-14) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;»;
4-тармақта:
5) тармақшадағы «малын ұстау мен жаюдың ережелерін» деген сөздер «жануарларын асырау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу;»;
6) тармақша алып тасталсын;
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысу;»;
4) тармақшадағы «, улы химикаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
5) 9-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы «қолдану арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжау және технологиялар трансфертін ұйымдастыру;
14) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қоса қаржыландыруға тарту арқылы жүзеге асырылады.»;
29-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау
1. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі - сақтандырушылар):
1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор бекіткен сақтандыру өнімдерінің шеңберінде;
2) сақтандырудың ақпараттық жүйесі арқылы жасасқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.
3. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражаты бөлінеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шартқа сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган шарт негізінде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кірістер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды қамтиды.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражаттың қаржы жылының соңына есептелетін қалдықтары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылы сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға жұмсалады.
5. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың функцияларына:
1) сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оны қолдап отыру;
2) бюджет қаражатын сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидиялар түрінде бөлу процесін әкімшілендіру;
3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптама жүргізу және бекіту кіреді. Сақтандыру өнімдерін агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру кіреді.
6. Сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар:
1) құқықтық және жер кадастрларының деректерімен, сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқормен, рұқсаттар және хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік салаларындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректерімен интеграциялану;
2) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау түсірілімдерін алу және өңдеу мүмкіндігі.
Сақтандырудың ақпараттық жүйесінің функционалы:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне сақтандыру өнімдері және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар жөнінде толық ақпарат орналастырылатын бірыңғай ақпараттық ресурсты ұсыну;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сақтандыру өнімін сатып алуға өтінімдер беруі;
3) егер сақтандырудың ақпараттық жүйесінің иесі мен сақтандырушы арасында тиісті келісім жасалған болса, сақтандырушы мен сақтанушы арасында агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттарын жасасу;
4) сақтандыру сыйлықақысының субсидияланатын бөлігіне ақы төлеу үшін жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) қалыптастыру;
5) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) беру;
6) сақтандырушылардың жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидияны алуға өтінімдер беруі;
7) электрондық алаңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өздері сақтандыруды қалайтын тәуекелдері туралы ақпаратты орналастыру;
8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу.»;
7) 11-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;»;
1-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
29-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-4) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;»;
29-тармақтың 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту;»;
5) және 5-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін дамыту;»;
«5-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату;»;
29-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-4) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-9) және 8-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-9) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
8-10) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау;»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «тиісті жылы» деген сөздер «тиісті тоқсанда не жылы» деген сөздермен ауыстырылып, 27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүнін, терісін, иленбеген былғарысын өткізуден түскен кірісі өнімді өткізуден түскен кірісінің кемінде 90 пайызын құраған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға қаржы жылының әрбір тоқсанының қорытындысы бойынша не күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша беріледі.»;
8) 13-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «қадағалауды және» деген сөздер «қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;»;
3) тармақшадағы «, улы химикаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «малдың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін малды, малдан», «өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.» деген сөздер тиісінше «жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан», «өтеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.»;
9) 13-1-бапта:
2-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
3-тармақта:
үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «, агрохимикаттарға» деген сөз алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету
1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
2. Республикалық мемлекеттік мекемелердің функциялары мыналар болып табылады:
1) суармалы жерлерді агромелиорациялық зерттеп-қарау, олардың бар-жоғы мен пайдаланылуын мониторингтеу;
2) суармалы жерлердегі жерасты суларының деңгейлік-тұздылық режиміне гидрогеологиялық байқаулар ұйымдастыру және жүргізу;
3) суармалы жерлерде топырақ-мелиорациялық ізденістер мен зерттеп-қараулар жүргізу;
4) коллекторлық-дренаждық сулардың ағысын айқындау және суару, жер астындағы және коллекторлық-дренаждық сулардың химизмін байқау;
5) мемлекеттік байқау ұңғымаларының желісін бұрғылау мен жабдықтауды, топографиялық-геодезиялық, зертханалық және басқа да зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттама әзірлеу.
3. Республикалық мемлекеттік мекемелер:
1) суармалы жерлердің топырақ-мелиорациялық және тұздылық түсірілімін жүргізу;
2) жерасты суларының деңгейіне гидрорежимдік байқаулар жүргізу;
3) топырақ пен суға олардағы тұздың мөлшеріне талдаулар жүргізу;
4) жер бетіндегі және жер астындағы суларға ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) байқау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымаларды бұрғылау бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.»;
11) 14-бапта:
тақырыптағы «техникалық» деген сөз «техникалық және технологиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «техникалық» деген сөз «техникалық және технологиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «инспекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «инспекцияны жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) технологиялар трансферті жөніндегі мамандандырылған ұйымның озық отандық және шетелдік технологияларды іздеуі, трансферті және ендіруі арқылы жүзеге асырылады.»;
12) 14-1-бап алып тасталсын;
13) 17-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) агроөнеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, олардың инфрақұрылымын жаңғырту, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды, аттестаттауды;»;
5) тармақшадағы «жаңартуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «жаңартып отыруды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.».
30-тармақ 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
2) 13-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндетті сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.».
31. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;»;
9) тармақшадағы «бақылау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2) тармақшасындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тараудың тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 2) тармақшасындағы «республикалық», «аумақтар мен» деген сөздер тиісінше «заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық», «аумақтарды және республикалық маңызы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-баптың бірінші бөлігінде:
5-3) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшаның екінші абзацы «заңды» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарамағындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1) тармақшада:
жетінші абзац алып тасталсын;
он екінші абзацтағы «және рұқсат беру» деген сөздер алып тасталсын;
14-3) тармақша алып тасталсын;
15) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 10-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бапта:
тақырыптағы «бақылау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«бақылау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «табиғат ескерткіштерін» деген сөздер «табиғат ескерткіштерін және ботаникалық бақтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
«шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген туризм объектілерін,» деген сөздер «ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде» деген сөздер «және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оларды салу, жайғастыру және күтіп-ұстау» деген сөздер «қорғаныс мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 32-баптың 2-тармағында:
«Мемлекеттік табиғат» деген сөздер «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік табиғат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы, мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды бекітіп беру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының шешімімен жүргізіледі.»;
11) 32-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу және (немесе) оның шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес берілген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
12) 33-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «бақылау» деген сөз «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «киіп жүруге құқығы бар.» деген сөздер «киіп жүруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.»;
13) 38-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «өткізу», «жинау» деген сөздер тиісінше «өткізуден», «жинау, бақ шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 40-баптың 4-тармағындағы «мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігі» деген сөздер «мемлекеттік табиғи қорық» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 41-баптың 4-тармағындағы «мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігімен» деген сөздер «мемлекеттік табиғи қорықпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 43-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер» деген сөздер «пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 46-1-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік ұлттық табиғи парктің әкімшілігімен» деген сөздер «мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 47-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «жинау» деген сөзден кейін «, бақ шаруашылығы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
19) 56-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
32. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):