32-3) астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
32-4) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) астық қабылдау кәсіпорындарын:
бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
11) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;
12) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
13) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
14) тендерлік негізде:
ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
15) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
16) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
17) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылды
17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
17-2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
17-3) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
17-4) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
17-5) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
17-6) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
17-7) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
17-8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
17-9) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
17-10) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
17-11) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
17-12) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
17-13) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
17-14) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
1) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
2) тендерлік негізде:
ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
3) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
4) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
5) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-2-бап өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 6-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-2-бап. Агенттің функциялары
Агент мынадай:
1) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, ауыстыру және пайдалану;
2) ақша резервін қалыптастыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін ұсыну;
4) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік тұқым ресурстарынан және мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-3-баппен толықтырылды
6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ( бұр. ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) астық қабылдау кәсiпорындарына қабылдау және тиеп жiберу кезiнде астық сапасының көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Облыстың жергілікті атқарушы органы отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) агенттен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін сұратады;
2) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындамаған отандық астық өндірушілерге осы міндетті орындағанын растау қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
3) отандық астық өндіруші мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағанын растамаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде ұйғарым береді;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 7-2-баппен толықтырылды
7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Агент ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығы нысаналы пайдаланылуға жатады.
2. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының өткізілетін астықты нысаналы пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарынан агент өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын олардың пайдаланғаны туралы мәліметтерді растау құжаттарымен қоса сұратады;
2) астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдаланғаны туралы мәліметтерді бермеген жағдайда, астықты қайта өңдеу ұйымына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде нұсқама береді;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Заңымен
8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Астық тасу
1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (, ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары және көрсетілген астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік астық ресурстарын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланған кезде астықты тиеп жөнелту, тасымалдау және сертификаттау жөніндегі қызметтер агенттің астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауын қамтамасыз ететін басым (бірінші кезектегі) тәртіппен көрсетіледі.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1- тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестікті растау
Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.
2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және агрохимикаттардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.
9-5-бап. Астықты өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушылары астық өндірісін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осындай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жоятын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға міндетті.
9-6-бап. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты сақтау оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетін астық қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекел түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.
9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты тасымалдау оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.
9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен одан әрі пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны одан әрі пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңдегі астық оның партиясының көлемі көрсетіле және астыққа қол жеткізуді болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесі өтейді.
3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгерді
10-бап. Мемлекеттік қолдаудың нысандары
Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен арзандату;
2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) отандық астық өндірушілерден мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 4-1)-4-3) тармақшалармен толықтырылды
4-1) астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын өткізу;
4-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сатып алу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарына кредит беру;
4-3) ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарының астығын өткізу кезіндегі шығыстарын өтеу;
5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;
8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге жәрдемдесу;
9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу;
10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;
11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөнінде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;
15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.
4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгерді (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік астық ресурстары
1. Мемлекеттік астық ресурстары:
1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервінен;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан;
3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;
4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан;
5) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан тұрады.
2. Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру мұқтажын;
2) Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
3. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жемге қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.