16. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куəлігі не сəйкестендіру картасы жоқ адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) өз ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын жазбаша түрде баяндауға жəне оларды тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беруге;
3) бассейндік су инспекциясының жəне олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
17. Мемлекеттік бақылау субъектісінің су қорын қорғау жəне пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуының анықталған фактілері бойынша бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде, анықталған бұзушылықтарды жою жəне бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
18. Бассейндік су инспекциясы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды жүргізілген мемлекеттік бақылау нəтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен хабардар етеді.
53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін жəне шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Осы мемлекеттік бақылау тексеру басталғанға дейін тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей объектілерді тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануды жəне (немесе) тыйым салынған шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген су қатынастары объектілері, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектілерінің меншік құқығында немесе оларда өзге де заңды негізде болатын, пайдаланылуы су қатынастары объектілеріне байланысты мүлік мемлекеттік бақылау объектілері (бұдан əрі - бақылау объектілері) болып табылады.
3. Бассейндік су инспекциялары тексеруді жүргізу үшін су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдаланудың жəне шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталмауының ықтимал жоғары тəуекелдері бар су объектілеріне болжамды бағалауды алдын ала жүргізеді, ол үшін:
1) жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпаратты талдау;
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
3) Жерді қашықтан зондтау негізге алынады.
4. Бассейндік су инспекциясы осы баптың 3-тармағында көзделген, су объектілеріне жүргізілген болжамды бағалау негізінде тексеру үшін су объектілерінің тізбесін қалыптастырады, сондай-ақ оларды жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын айқындайды.
Бұл ретте тексеру барысында арнаулы су пайдалануға рұқсаты жəне (немесе) бассейндік су инспекциясымен келісілген, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде қызметті жүзеге асыруға арналған құжаттары бар мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты бақылау жүргізуге тыйым салынады.
5. Тексеру үшін бақылау объектісіне келген бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеруді жүзеге асыру үшін қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын ұсынады.
6. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы тексеру нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы акт жасайды, онда:
1) тексеруді жүргізу жəне актіні жасау орны, күні жəне уақыты;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;
6) мемлекеттік бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нəтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы қамтылады.
Тексеру нəтижелері туралы акт екі данада жасалады. Бір данасы мемлекеттік бақылау субъектісіне беріледі, екіншісі бассейндік су инспекциясында қалады.
Уəкілетті орган тексеру нəтижелері туралы актінің нысанын бекітеді.
7. Мемлекеттік бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуының анықталған фактілері бойынша бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде, анықталған бұзушылықтарды жою жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
8. Бассейндік су инспекциясы лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу кезінде:
1) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсеткен кезде мемлекеттік бақылау объектісінің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мəліметтердің) көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамдары тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексеруді жүргізу нəтижесінде алынған құжаттардың (мəліметтердің) сақталуын қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік бақылау субъектісіне тексеру нəтижелері туралы актіні табыс етуге міндетті.
10. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куəліктерін не сəйкестендіру карталарын көрсеткен бассейндік су инспекциясы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының осы баптың 8-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге міндетті.
11. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куəлігі не сəйкестендіру қартасы жоқ адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) өз ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын жазбаша түрде баяндауға жəне оларды тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беруге;
3) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе сотқа тексеру нəтижелеріне шағым жасауға құқылы.
54-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Мыналар су қорын қорғау жəне пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады:
1) су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы;
2) су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;
3) су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары;
4) су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары;
5) су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары;
6) су шаруашылығы бассейндері бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары;
7) су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары;
8) су шаруашылығы бассейндерінің мемлекеттік инспекторлары.
2. Уəкілетті органның бірінші басшысының орынбасары су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Уəкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
Осы баптың 1-тармағының 3) - 8) тармақшаларында аталған лауазымды адамдарды уəкілетті орган тағайындайды.
Уəкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарға жатқызу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
Уəкілетті органның табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті су ағынын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.
55-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Осы бапта түрлері көзделген, тексеруді жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында жəне (немесе) соның нəтижелері бойынша қолданылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту;
2) арнаулы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру;
3) арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру.
3. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жедел ден қою шаралары бассейндік су инспекцияларының немесе олардың лауазымды адамдарының профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде анықталған мынадай:
1) осы Кодекстің 66-бабының 2-тармағына сəйкес бассейндік келісімдерде көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындамау;
2) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуына алып келетін су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асыру;
3) осы Кодекстің 45-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген суды алу жəне ысырап ету көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындамау не бұзу;
4) су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне əсер ететін техникалық құрылғыларды ақаулы күйде ұстау;
5) су тарту жəне су ағызу құрылысжайларында өлшеу құралдарының немесе су өлшеу аспаптарының болмауы;
6) су пайдаланғаны үшін төлемақыны уақтылы жүзеге асырмау негіздерінің бірі бойынша су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту құқығын көздейді.
5. Бассейндік су инспекциясы осы баптың 4-тармағының 1), 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуды осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жедел лимиттерді жыл сайын айқындаған кезде жүзеге асырады.
Осы баптың 4-тармағының 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, бассейндік су инспекцияларының лауазымды адамдарының су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуға құқығы бар.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағының 2) жəне 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда (егер бұл жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддесіне нұқсан келтіру, қоршаған ортаға залал келтіру қаупін төндірсе), бассейндік су инспекцияларының лауазымды адамдары берген су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту түріндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулыны мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісіне қаулы табыс етілген кезден бастап мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі дереу орындауға тиіс.
6. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту мөлшерлері уəкілетті орган айқындаған су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту тəртібіне сəйкес қабылданады.
7. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы тексеруді жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс еткен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
9. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
10. Тексеруді жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзушылықтар тексеру жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаулыда көрсетіледі.
11. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
12. Тексеру жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткен соң жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Мемлекеттік су инспекторы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылуын растаған жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының күші тоқтатылады.
13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтары жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту шаралары қабылданады.
14. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
15. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексерудің жəне (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нəтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздердің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) бассейндік су инспекциясының өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Кəсіпкерлік кодекстің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу жəне қабылдау тəртібін сақтамау негіз болып табылады.
17. Жедел ден қою шарасының қолданылуы туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
56-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласында мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау (бұдан əрі - бармай профилактикалық бақылау) ескертпе-профилактикалық сипатта болады жəне қызмет саласы тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жүргізіледі.
2. Бармай профилактикалық бақылау:
1) Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар беретін ақпарат пен есептілікті;
2) мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін, Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтау мəселелеріне қатысты ақпаратты;
3) Жерді қашықтан зондтау деректерін талдау арқылы жүргізіледі.
3. Бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) əрекеттерінен (əрекетсіздігінен) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бассейндік су инспекциясы бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді жəне жібереді.
4. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген, бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылып;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатты жіберу арқылы;
3) электрондық тəсілмен - бассейндік су инспекциясының мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) бұрын уəкілетті органға жəне (немесе) уəкілетті органның ведомствосына жəне (немесе) бассейндік су инспекциясына ұсынған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына не пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберуі арқылы тиісінше табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
5. Бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
6. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған жəне бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік органға ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
7. Бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге арналған жартыжылдық тізімге мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) енгізуге алып келеді.
8. Бармай профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі қажеттілігіне қарай айқындалады, бірақ ол Қазақстан Республикасының су заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілікті беру кезеңділігінен жиі болмауы керек.
9. Бармай профилактикалық бақылаудың нəтижелері су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде есепке алынуға тиіс.
7-тарау. СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ СҰРАНЫСТЫ БАСҚАРУ
57-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты басқару жөніндегі жалпы ережелер
1. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты басқару мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың су пайдаланушылар мен су тұтынушыларды су ресурстарын тиімді жəне үнемді пайдалануға, су тапшылығын болғызбауға жəне болашақ ұрпақ үшін су объектілерін үнемдеуге ынталандыруға бағытталған қызметі болып табылады.
2. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты басқару су пайдалану лимиттерін белгілеуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің өтемділігіне, жерүсті жəне жерасты су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салық салуға, су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын жоспарлы түрде төмендетуге жəне су үнемдеуге экономикалық ынталандыру шараларын қолдануға негізделген.
3. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты басқаруды су шаруашылығы ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар жəне су пайдаланушылар осы Кодекстің 40-бабына сəйкес белгіленген су пайдаланудың лимиттері мен рұқсат етілген көлемдері шеңберінде жүзеге асырады.
58-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы экономикалық реттеу нысандары
1. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) жерүсті жəне жерасты су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салық салу;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің өтемділігі;
3) су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы экономикалық реттеу нысандары су пайдаланушыларды су үнемдеуге ынталандыруға тиіс.
3. Мемлекет қолда бар ең үздік технологияларды сатып алуға жəне ендіруге жұмсалатын шығындарды субсидиялау арқылы су қорын қорғау жəне пайдалану саласында қолда бар ең үздік технологияларды ендіруді қолдайды.
59-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жəне салық
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жəне жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығы арнаулы су пайдалану кезінде алынады.
2. Ортақ су пайдалану өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
3. Бас жоспар мен бассейндік жоспарларда бюджет қаражатының шығындарын бағалау, сондай-ақ əлеуметтік-экономикалық жəне климаттық жағдайлардың ерекшеліктерін талдау көзделеді, оның қорытындысы бойынша жерүсті жəне жерасты су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер мен салықтардың мөлшерлерін айқындау жөнінде ұсыныстар əзірленеді.
4. Бюджетке төленетін төлемдер мен салықтарды есептеу, төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
60-бап. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің өтемділігі
1. Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сəйкес бекітілген үлгілік шарт негізінде, су пайдаланушы мен су тұтынушы арасында жасалатын шартқа сəйкес көрсетіледі.
Су беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта су пайдалану жоспарларын əзірлеу бойынша су тұтынушыға қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Су тұтынушы су ресурстарының мөлшерін (көлемін) объективті есепке алу мақсатында су бөлу орнында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен өлшеу құралдарының типін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су ресурстарын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті.
3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес көрсетілетін қызметтерді беруші əзірлейді.
61-бап. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдау, су қорын қорғау жəне пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы инновациялық, инвестициялық қызметті жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестікті мемлекеттік қолдау
1. Су қорын қорғау жəне пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы инновациялық, инвестициялық қызмет жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес іске асырылады жəне:
1) құқықтық жəне ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастырумен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.
2. Су қорын қорғау жəне пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы инвестициялық саясаттың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) орталықтандырылған инвестициялар есебінен, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамытуды мемлекеттік қолдау;
2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік арқылы инвестициялар тартуды ынталандыру;
3) қарыздарды, оның ішінде мемлекеттік кепілдіктермен тарту практикасын кеңейту;
4) инвестицияларға жіберілетін бюджет қаражатының жұмсалуын мемлекеттік бақылау.
3. Су қорын қорғау жəне пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері мыналар болып табылады: