1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты);
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi);
3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi;
4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер;
5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны;
6) кепiл мәнi болып табылатын мүлiктiң тiзбесi мен сипаттамасы;
7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi.
2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн.
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi.
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөніндегі куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);
3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
5) кепiл мәнi туралы мәлiметтер;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;
7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда сот тәртібімен жарамсыз болып танылуы мүмкiн.
14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу
1. Тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қателердi түзеу жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгізу арқылы мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша жасалады.
2. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртібі
1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
Өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу тәртібі заңдармен белгiленедi.
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде - жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.
Үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтардың, тыйым салулардың, мүлікке иелік етуге өзге де шектеулердің болуы, жаңа кепіл ұстаушы бұл жөнінде хабардар етілген жағдайда, мәміле бойынша талаптарды басқаға беруді мемлекеттік тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.
18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кез келген адамның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:
1) кепiл туралы мәлiметтер көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның немесе Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.
3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс.
4. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
5. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртібінiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк
20-бап. Дауларды шешу тәртібі
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпараттың берiлуiне байланысты дауларды сот шешедi.
21-бап. Тiркеу тәртібін бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгізу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртібін бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.
23-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөніндегі басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының