8. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші жəне бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларының, 5-1-тармағының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттіктің жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттар жасасуына тыйым салынады.
6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер - жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.
Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабар берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) коллекторлық агенттікке «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы жүгінеді, онда берешектің пайда болу себептері мен мəн-жайлары, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, борышкердің өтінішін қарау жəне оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті өзге де мəліметтер көрсетіледі.
2. Коллекторлық агенттік жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды жəне коллекторлық агенттік пен борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне:
1) банктік қарыз шартына немесе микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлайды.
4. Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде кредитор:
сотқа оның берешегін өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңдегі сыйақыны, қарыз немесе микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
6. Борышкер және (немесе) оның өкілі осы бапта көзделген берешекті сотқа дейін реттеу тәртібі мәселесі бойынша кредитордың не коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға шағым жасай алады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері
1-тармақтың бірінші бөлігінің күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.
«Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 Қаулысын қараңыз
1-тармақтың екінші бөлігі 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың үшінші бөлігінің күші күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мəн-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде:
1) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге;
2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тəртіппен өтеуге;
3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге;
4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;
5) комиссияларды жəне банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға;
6) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге;
7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне;
8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мəліметтер көрсетіледі.
2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды жəне борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар;
3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды.
2-тармақтың 2 - 4 бөліктерінің күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Коллекторлық агенттік мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінге 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы, банктік қарызының жəне (немесе) микрокредитінің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен коллекторлық агенттіктердің ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2-тармақтың алтыншы бөлігінің күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады
Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі.
3. 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай ішінде есептік тіркелуге жатады.
2. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды уəкілетті органға ұсынады.
4. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өту туралы өтінішті құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізуге және оны осы шешім мен тіркеу нөмірі туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша нысанда жауап беруге міндетті.
7. Есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi
1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту мынадай:
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мəліметтер мен ақпарат берілген;
2) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жұмыскерлері осы Заңның 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлға осы Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінген;
5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда жүргізіледі.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сəйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рəсімін жүргізуге міндетті.
Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.
Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлі түрде таратылуға жатады.
9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері
1. Мынадай:
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) коллекторлық агенттік жəне (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз əрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет жасаған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттар анықталған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптар сақталмаған;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған;
3) коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат берген не сұралатын өзге ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не анық емес ақпарат берген, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған;
4) коллекторлық агенттік өзі қабылдаған және (немесе) өзіне уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамаған, уақтылы орындамаған, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмаған;
6) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
7) коллекторлық агенттік күнтізбелік соңғы он екі айда тексеру жүргізуге үш және одан да көп рет кедергі келтірген;
8) коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда, коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын алынған құқықтардың (талап етулердің) жоқ екені туралы хат қоса беріледі.
2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап оның берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жасасуына және (немесе) банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талап етулердің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасуына тыйым салынады.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:
өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге;
өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге;
өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын бұзуға міндетті.
Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы:
берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды;
сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен;
өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті.
10-бап. Коллекторлық агенттіктің құжаттама жүргізу тәртібі
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Коллекторлық агенттік шарттарды тіркеу журналында берешекті өндіріп алу туралы барлық шарттарды, құқықты (талапты) басқаға беру шарттарын, сенімгерлік басқару шарттарын тіркейді және кредиторлардан қабылданатын құжаттарды:
1) берешекті өндіріп алу туралы шарттарды;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарттарын, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды (бар болған жағдайда);
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сенімгерлік басқару шарттарын;
3) кепіл нысанасына арналған құжаттарды (егер негізгі міндеттеме кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
4) кепілгерлік және кепілдік шарттарын (егер негізгі міндеттеме кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
5) борышкердің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерін;
6) мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпаратты қамтитын құжаттарды есепке алуды жүргізеді. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі;
7) борышкердің құрылтай құжаттарының көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін);
8) борышкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);
9) борышкердің берешекті өтегенін растайтын құжаттарды (немесе олардың көшірмелерін);
10) кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) берешекті өндіріп алу туралы шартта, құқықты (талапты) басқаға беру шартында, сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.