ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Коллекторлық қызмет туралы
(2024.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы
2-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
3-бап. Коллекторлық агенттік
4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері
5-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидалары
6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері
6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері
7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу
8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi
9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері
10-бап. Коллекторлық агенттіктің құжаттама жүргізу тәртібі
11-бап. Коллекторлық қызмет құпиясы
12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
13-бап. Құжаттарды сақтау
3-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ, БОРЫШКЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары
15-бап. Коллекторлық агенттіктің мiндеттерi
16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттері
4-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
17-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
18-бап. Ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері
19-бап. Коллекторлық агенттіктің қызметін мемлекеттік бақылау
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
21-бап. Өтпелі ережелер
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек (бұдан әрі - берешек) - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша борышкердің кредитор алдындағы негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу жөніндегі міндеттемелері;
2) борышкер - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол берген жеке немесе заңды тұлға;
3) есептік тіркеу - коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу;
4) коллекторлық агенттік - коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
5) коллекторлық агенттіктер тізілімі - коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;
6) коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кредитор - берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) сервистік компания - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі - сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;
2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде коллекторлық агенттіктерге «Шаруашылық серіктестіктері туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
3-бап. Коллекторлық агенттік
1. Коллекторлық агенттік шаруашылық серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коллекторлық агенттіктің атауында мiндеттi түрде «коллекторлық агенттік» деген сөздер қамтылуға тиiс. Коллекторлық агенттіктің атауын қысқартуға жол берілмейді. Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлға коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз ата- уында «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туын- дайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп бол- жататын сөздерді пайдалануға құқылы емес.
Коллекторлық агенттіктің атауында «ұлттық» немесе «республикалық» немесе «орталық» деген сөздер кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде болмауға тиіс.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Коллекторлық агенттік «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес басқа коллекторлық агенттікке үлестес болып табылмауға тиіс.
3. Бірде-бір тұлға, егер ол:
1) уәкілетті органға өзі туралы және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлғалар, сол сияқты көрсетілген тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашпаса;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы жұмыскері бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде осы коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелсе, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде толық төлеуге міндетті.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана қалыптастырылады.
Ескертпелер.
1. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларын жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету деп басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның шешімдерін, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаның немесе бірлесіп осындай тұлғалар болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі.
2. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаны бақылау (бақылау) деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі.
4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Коллекторлық қызмет өзінің нысанасы кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай- ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылатын кредиторлармен коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына тыйым салынады.
Коллекторлық агенттіктің «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сəйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуына тыйым салынады.
Коллекторлық агенттіктің «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сəйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық іс-əрекеттер жасау үшін жүгінуіне тыйым салынады.
2. Коллекторлық қызмет берешек туындаған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Коллекторлық агенттік пен кредитор арасында берешекті өндіріп алу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және онда, оның ішінде мынадай талаптар:
1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
2) тараптардың жауапкершілігі;
3) борышкердің - жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректері;
4) заңды тұлғаға қатысты атауы, тұрған жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) берешектің мөлшері;
6) берешектің құрылымы (негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы);
7) бар болған жағдайда, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепілгер немесе кепілдік етуші туралы мәліметтер;
8) бар болған жағдайда, егер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепіл құқығы тіркелуге жатса, кепіл нысанасы туралы мәліметтер;
9) шарт бойынша сыйақы мөлшері;
10) шарттың қолданылу мерзімі;
11) кредитордың коллекторлық агенттікті борышкердің бұдан бұрын жүргізген төлемдері және (немесе) берешек сомаларының өзгеруі туралы хабардар ету (хабарлау) тәртібі мен мерзімдері;
12) коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беру тәртібі;
13) осы Заңның 9-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы шартты бұзу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері;
14) борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен талаптары қамтылуға тиіс. Берешекті өндіріп алу туралы шарт осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс борышкерлер тізілімін (тізілімдерін) қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бере отырып, бір немесе бірнеше борышкерге қатысты жасалуы мүмкін. Берешекті өндіріп алу туралы шартқа сондай-ақ берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалуына байланысты берілетін құжаттар мен борышкер жөніндегі мәліметтер тізбесі, мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпарат қоса беріледі. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі. Берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызметтерді көрсету мерзімі алты айдан кем болмауға және бес жылдан аспауға тиіс.
Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі. Берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде коллекторлық агенттікке берілген берешек басқа коллекторлық агенттікке беріле алмайды. Берешекті өндіріп алу туралы шартқа осы Заңда реттелмеген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тапсыру және қызметтерді өтеулі көрсету туралы ережелері қолданылады.
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1. Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен:
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлерінен телефон арқылы сөйлесулер;
2) жеке кездесулер;
3) жеке тұлғаға - борышкерге тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, заңды тұлғаға - борышкерге тұрған жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дыбыстық және өзге де хабарлар жіберу тәсілімен;
5) Интернет желісі арқылы өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.
2. Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы:
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) əрбір байланыс кезінде:
коллекторлық агенттіктің атауы;
коллекторлық агенттіктің тұрған жері;
борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
кредитордың атауы туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақшада көзделмеген жəне коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпия болып табылмайтын өзге де ақпарат борышкерге оның талап етуі бойынша хабарланады;
2) егер борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде осы тармақшада көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде;
3) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай;
4) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) борышкердің талап етуі бойынша, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, берешек мөлшерін растайтын құжатты және коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін бере отырып;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өзара іс-қимыл процесін аудио- немесе аудиотіркеуі бар бейнетехника құралдарының көмегімен тіркей отырып;
7) кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокре- дит беру құпиясының, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын (бұзған) борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимылына қолданылмайды.
Ескертпе.
Осы тармақтың мақсаттары үшін жұмыс күндері деп демалыс немесе мереке күндері (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) болып табылмайтын, дүйсенбі мен жұма аралығындағы апта күндері түсініледі.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Борышкердің жəне (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша коллекторлық агенттік борышкерді жəне (немесе) оның өкілін осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен жəне міндеттерімен таныстыруға міндетті.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Борышкермен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында борышкердің орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін анықтау шарты болған кезде осындай мақсатта коллекторлық агенттіктің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған тұлға болып табылмайтын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауына жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік мынадай ақпаратты:
коллекторлық агенттіктің атауын;
коллекторлық агенттік жұмыскерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) хабарлайды.
Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғамен өзара іс-қимылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар сақталған жағдайда, сондай-ақ, егер осы тұлға коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға келісім білдірген, оның ішінде ауызша келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануға;
2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) - 6-1) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
8) берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық не- месе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Коллекторлық агенттік жұмыскерінің борышкермен жəне (немесе) оның өкілімен, жəне (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:
1) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына жəне пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруына;
2) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін жəне (немесе) атын, жəне (немесе) əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны жəне (немесе) лауазымы туралы шындыққа сай келмейтін мəліметтерді хабарлауына;
3) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуына не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мəліметтерді жария етуіне;
4) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік жəне өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы əрекеттер жасауына;
5) борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне, жəне (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мəжбүрлейтін қысым көрсетуіне тыйым салынады.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың нормалары бұзылған жағдайда, коллекторлық агенттік өзі дербес немесе уәкілетті органның талабы бойынша жұмыскердің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1) жəне 9) тармақшаларының, 5-1 жəне 6-тармақтарының талаптары коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған жəне оның жұмыскерлеріне, сондай-ақ сервистік компанияларға қолданылады.