мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
322) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
323) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
324) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
325) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудитті жүргізу;
326) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындауға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
327) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
328) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
329) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштерді қарау;
330) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
331) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
332) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптар жіберу;
333) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
334) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыру, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
335) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақталын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу;
336) Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде құқықтық актілер қабылдайды;
337) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына шағымдану кезінде туындайтын дауларды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларын қарау;
338) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
339) мынадай:
бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында;
міндеттемелер тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюды беру;
340) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі, бағалау қызметі салаларындағы бағалаушылар палаталарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
341) аудиторлық ұйымдардың «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау жүзеге асыру және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану;
342) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
343) аудиторлық қызметті лицензиялау;
344) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу;
345) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарына, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасау;
346) аудиторлар тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
347) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
348) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жіберу;
349) бағалаушылар палатасын «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
350) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;
351) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын, кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі куәлiгінен айыру туралы шешiм қабылдау;
352) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тiзбесiн, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айыру, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануын қамтамасыз ету;
353) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бiлiктiлiк комиссияларының құрамына қатысу;
354) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
355) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
356) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізу;
357) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
358) интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
359) табиғи монополия субъектiлерi немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ өздері үшін осыған ұқсас тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар мүліктік массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
360) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;
361) борышкерді банкрот деп тану туралы және банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүліктің (активтердің) жоқ екендігі туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі туралы уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, банкроттық рәсімін қозғамай, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және оны таратуды келісу;
362) сот шешімі бойынша:
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу;
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай банкроттықтың таратуын жүргізу;
363) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
364) жалған және әдейі банкроттық белгiлерiн анықтау;
365) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолдану;
366) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
367) борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын әзірлеу және ұйымдастырушыны айқындау;
368) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын әзірлеу;
369) әкімшінің ағымдағы және сұратылған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
370) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу;
371) интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялау;
372) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын әзірлеу;
373) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін әзірлеу;
374) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын әзірлеу;
375) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын әзірлеу;
376) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлеу;
377) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
378) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келісу;
379) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың іс-әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
380) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
381) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
382) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
383) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
384) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме мен түсіндірулер беру;
385) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
386) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурсқа:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы істі қозғау туралы хабарландыруды;
борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
387) сотқа уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні тіркеуден алып тастау туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалтуды не банкроттықты басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламалар жіберу;
388) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
389) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
390) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруін жүзеге асыру;
391) тиiстi саланың уәкiлеттi органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келiсу;
392) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу және мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн пайдаланушыларға ақпарат ұсыну;
393) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты кемiнде үш жылда бiр рет жүзеге асыру;
394) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қабылдау;
395) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
396) «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарына бақылауды жүзеге асыру;
397) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгiленген мәселелер тiзбесi бойынша мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) акционерлерiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын келiсу;
398) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
399) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
400) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;
401) республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
402) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
403) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
404) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
405) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
406) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;
407) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды айқындау;
408) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
409) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
410) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылау жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
411) кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;
412) қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелердi келiсу;
413) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;
414) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
415) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
416) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
417) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;
418) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
419) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
420) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
421) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, сондай-ақ республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу;
422) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеу мониторингiн және оларды басқару тиiмдiлiгiн ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
423) акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретiнде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жүзеге асыру;
424) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiнiң) мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оларды пайдалану құқықтарын тиiстi саланың уәкiлеттi органына беру;
425) Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;
426) акционерлiк қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеудi және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны енгiзу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлiктi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерiн енгiзудi жүзеге асыру;
427) өңiрлердiң және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететiн факторларды анықтау мақсатында мемлекеттiк меншiк мониторингiнiң мәнi жөнiндегi ақпаратқа талдауды жүзеге асыру;
428) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтардың қорғауын жүзеге асыру;
429) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;
430) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
431) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша дәйекті және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
432) меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;
433) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;
434) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;